9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы — презентация
logo
9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
  • 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
  • 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
  • 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
  • 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
  • Асан қайғы
  • Асан Қайғының мұрасын жинаумен Ш.Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, М.Ж.Көпеев т.б. айналысқан. Барша қазақ ру-тайпаларының бірігуі идеясын қолдаған тарихи тұлға бола
  • 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
  • Бұқар Жырау. Бұқар жырау Қалқаманұлы
  • Бұқар Жырау.
  • 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
  • 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
  • Қорқыт ата
  • 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
  • Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би.
  • 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
  • 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
  • 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
  • Қазақ халқының музыкалық шығармашылығы
  • 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
  • 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
  • 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
  • 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
1/22

Первый слайд презентации: 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы

Изображение слайда

Слайд 2

Изображение слайда

Слайд 3

1. Қазақ халқының мифтері мен аңыздары. 2. Халықтық поэзия формалары. Ақын-жыраулардың музыкалық шығармашылығы. 3. Ұлы қазақ билері. Қазақ даласының шешендері.

Изображение слайда

Слайд 4

Асан қайғы Қазақ халқының ұлттық сана-сезімі мен рухани мәдениетінің қалыптасуына елеулі әсер еткен алғашқы қазақ ойшылдарының бірі ұлы жырау Асан қайғы деп есептеледі (XIV ғ. II жарт. - XV ғ. 60-жылд.). Оның өмір сүрген кезеңі қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу үдерісіне сәйкес келеді. Асан Қайғы Алтын Орда ханының беделді төресі, 1465 жылы Жетісудың батысында Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек сұлтандардың кеңесшісі болған. Жәнібек ханның сарайында тұрса да, ол өзін әрдайым халық мүддесін жеткізуші ретінде таныта білді. Ол ханға жеке бастың қамы мен мүддесін былай қойып, ең алдымен «ханның халық алдындағы борышын», ел егемендігін, көршілес елдермен қарым-қатынасты назарда ұстауға кеңес береді. «Асан көшпелі мал шаруашылығына көгендеулі тұрмыстың тұрақсыздығын, оның ауа райына тәуелділігін, жұт, аяз кезінде азықсыз қырылып қалуы мүмкіндігін жақсы түсінді» [10]. Оның шығармашылығында философиялық, дидактикалық жанр жетекші мәнге ие. Өз толғау, терме, нақыл сөздері мен афоризмдерінде тұрмыс-тіршіліктің түйінді мәселелерін ой талқысына салады.

Изображение слайда

Слайд 5: Асан қайғы

Изображение слайда

Слайд 6: Асан Қайғының мұрасын жинаумен Ш.Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, М.Ж.Көпеев т.б. айналысқан. Барша қазақ ру-тайпаларының бірігуі идеясын қолдаған тарихи тұлға бола тұра, ол аңыз, кейде тіпті ертегі-миф кейіпкері ретінде халық жадында сақталып қалған. Ол халық санасында өмір бойы бақ қонған Жерұйықты іздеуші ретінде есте қалды [11]. Асан Қайғының пайымында, «Жерұйық» адамдарды тегіс бақытқа бөлейтін жер болуы тиіс. Өмір жағдайына қарамастан, адам шынайы әрі әділетті болуы тиіс. Ол «ғайбат сөзден» қорқуы керек, себебі «зұлымдық» атаулы содан шығады. Зерттеушілер атап өткендей, оның дүниетанымының трагизмі – өмірде толып жатқан қайғы атаулыны, соның ішінде адам қасіретін айрықша терең сезінуінде. Махаббат пен қайғыға ортақтастық идеясы да осыдан келіп туындайды. Сондықтан Ш.Уәлихановтың оны «көшпенді философ» деп атауы әбден орынды [10]. Кейбір нұсқалар бойынша, Асан Қайғы Қытай, Қашқария, Қоқан, Хиуа, Бұхар жерлерін кезіп жүріп, орыстарға ат басын тіреген екен. Тіпті ол өз сапарының жоспарына Каспий теңізі мен Орал өзенінің жағалауларын да қосқан көрінеді. Асан Шу өзеніне табан тірегенде былай деген екен: «Бұл өзеннің жағасы саздақ, қамысты екен, оның арғы жағында жолбарыс (бой жасырады). Балалар мұнда (жаман) судан науқастанатын болады. Бұл жерде пышақ ешқашан қынына салынбас, ал әйелдер (жау қолында) бөтен болып күнелтетін болады»

Изображение слайда

Слайд 7

Қаратау жайында Асан келесіні айтады: «Мына жер де көкектен басқа құс мекен етпеген, шөп сасыған нашар жер... Бұл жерде арғымақ беске келіп, жігіт жиырма беске келіп қартаяр. Қаратау жаз жайлауға ғана жайлы. Ал қыста Сыр бойына қоныс аударған жөн. Мұнда жыл он екі ай тұрақтауға болмайды». Сырдарияны көргенде Асан: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. Екі ауыл әрең сыяды», - деп шешіпті. Сонымен Асан Жиделібайсынға да жеткен екен. Бұл – Иран жанындағы ел мекен етпейтін, қауіпсіз, жайылымы мол жер, Бұхардан 15 күндік жерде орналасқан (Потанинның айтуы бойынша). Одан оралған соң Асан ағайындарын жиып, былай депті: «Мен бір ұрыс-төбелессіз ат мініп жүруге болатын, малың қолды болмайтын, қасқырға жем болмайтын құтты қоныс іздеп таптым. Сол жерге көшейік. Ол жерге жету үшін үш жыл бойында қойға қошқарды, түйеге атады, сиырға бұқаны жолатпаңдар (буаз мал алыс жолға шыдамайды). Ол жақ жылы. Сол жерде бөлініп-жарылмай тіршілік кешеміз. Жиделібайсында «әлдекімдерден қауіп-қатер күтпей», үрейсіз қоныс тебуге болады – бейбіт, соғыссыз, шапқыншылықсыз өмір орнайды [10].

Изображение слайда

Слайд 8: Бұқар Жырау. Бұқар жырау Қалқаманұлы

Бұқар Жырау. Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693-1787) – Тәуке, Абылай хандар тұсында өмір сүрген беделді саясаткер тұлғалардың бірі. Абылай ханның ақылшысы ретінде ол Қазақ хандығының сол дәуірдегі басты идеологы болды. Абылай хан билік құрған кез – жоңғар шапқыншыларына қарсы күрес, қазақ жүздерінің басын қосуға ұмтылыс, Ресей, Қытай, Бұхара, Хиуа хандықтары сынды алпауыт көрші мемлекеттердің тілін таба білуге итермелеген заман. Бұқар – ел бірлігі мен Отанды сыртқы жаудан қорғау тақырыбындағы көптеген жырлардың авторы. Өз шығармаларында ол елді бірлік пен бейбітшілікке шақырып, атамекен мен өз халқыңа деген сүйіспеншілікті насихаттайды. Оның толғаулары өмірдің мәні, дүниенің жарастығы туралы философиялық толғаныстарға толы. Ақын шығармаларының көпшілігі Абылай ханға арналған. Ол ел билеушінің дүшпандармен шайқастағы ержүрек әрекеттерін жырлай отырып, оны жасампаз қоғам қайраткері ретінде бейнелейді. Абылай ханның шын мәніндегі данагөй ақылшысы бола білген Бұқар жырау қазақтардың басын біріктіру арқылы мемлекетті нығайту, геосаяси жағдайға байланысты Ресеймен арада бейбіт саясат ұстану идеяларын тұрақты түрде өрбітумен болды. Береке-бірлікке шақыратын жырау тұлғасы патриот-ақын ретінде танылады.

Изображение слайда

Слайд 9: Бұқар Жырау

Изображение слайда

Слайд 10

Өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтерген Бұқар жырау өзінің парасатты да қанатты жырларымен қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің өсуіне айтарлықтай ықпал ете білді. Береке-бірлік бір жылдық, я болмаса, қатерден азат болғанша ғана емес, мәңгілік болуы тиіс. Бұқардың осы ұстанымы бүгінгі күнде де зор маңызға ие [12]. Қазақ халқының тарихында алтын әріптермен жазылатын тұс – Бұқар жыраудың Абылай ханмен жүздесуі. Бұқар қазақ мемлекеті әлсіреп, жік-жікке бөлініп жатқан дәуірде өмір сүрді. Осы кездегі қазақ хандарының ішінде ең қуатты да шебер ел басшысы Абылай хан еді. Ол қазақтың үш жүзінің басын біріктіріп, қуатты орталықтандырылған мемлекет құруды көкседі. Абылайдың ой-арманын асқан сұңғылалықпен түсіне білген Бұқар оған бар болмысымен сенді. Абылай өз кезегінде жырау тұлғасынан халық ой-арманын арқалаған терең ойшыл, шыншыл ақын бейнесін тани алды. Абылай жүргізген сарабдал саясат пен дипломатияның қыр-сыры осындай шығармашылық серіктестік арқылы түсіндіріледі. Абылай хан Бұқардың билерге тән сөзге шешендігі мен «әдепкі құқты» білгендігін ғана бағалаған жоқ. Әсіресе Бұқардың адамдардың келешегін болжап, жырлайтын көрегендік қасиетінің алдында Абылайдың бойын үрей билеп, жырауға бас иетін. Бұқар Абылай сәтті жорықтарының бағыт-бағдарын болжап, хан түстерін жоритын. Данышпан ақылшысының шешендігі мен ділмарлығын, дипломатиялық қабілеттерін бағалай білген Абылай өз билігіне көнгісі келген ру-тайпаларды жөнге салу үшін үнемі Бұқардың қызметіне жүгінетін.

Изображение слайда

Слайд 11

Бұқар көмекей-әулие атына ие болған. Бұған дейін де және бұдан кейін де, Бұқардан өзге адамды бұлайша атамаған. Оның суырып-салмалық ақындық қасиетін халық көрегендіктің белгісіне балайтын. Ержүректігімен көзге түсіп, алғы сапқа шыққан, сөйтіп Абылайдың сенімді серіктеріне айналған батырлар Бұқарды идеялық рух беруші ұлы адам ретінде жоғары бағалаған. Бөгенбай батыр өзінің Бұқар жыраумен достығын аса құрмет тұтқан [13]. ХV-XVII ғғ. қазақ ақын-жыраулары шығармаларында көрініс берген адамгершілік, білімді және адал азаматты тәрбиелеу мұраттары қазақ халқының ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға сөзсіз әсер етті. Академик А.Жұбанов былай деп жазды: «Көптеген жыршылар өз тарапынан жылнамашылар болды. Олар бүкіл қазақ жүздерінің шежіресін, қазақ кедейлерінің өмір сүру жолындағы күрес тарихының көптеген оқиғаларын білді. Олар өз шығармаларын билік иелерінің дүниеқоңыздылығын әшкерелеген Жиренше шешен, Аязби және т.б. сияқты халық даналарының пікірлерімен айшықтады, еңбекші халық арасынан шыққан өз кейіпкерлерін озық адами қасиеттермен сипаттады».

Изображение слайда

Слайд 12: Қорқыт ата

Қорқыт ата. Атақты жыраулардың бірі Қорқыт ата болды. Қорқыт ата – ІХ ғасырда Сырдария бойында өмір сүрген тарихи тұлға ақын және композитор. Қобызды ойлап тапқан, жырау, жыршылар мен күйшілердің атасы, абыз, бақсы. Қорқыт ата туралы аңыздар көп, бірақ олардың барлығында Қорқыттың ислам дініндегі «Тағдыр» (жазмыш) қағидасына қарсы шыққандығы туралы айтылады. Ол адам өмірінің алдын ала белгіленетіндігіне көне алмай, өлімнен құтылу үшін күресуге бел буады. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер оғыз тармағындағы түркі халықтарының барлығында – қазақ, түркмен, әзербайжан, түрік, сондай-ақ қарақалпақ, башқұрт және т.б. кездеседі. Бұлардың барлығына дерлік ортақ «Оғыз-нама» халық эпосы бар. Кемеңгер ойшыл әрі халық ақылшысы Қорқыт оғыз эпосында сонымен қатар оғыз батырларының ерліктері туралы жырлайтын жыршы ретінде де көрініс тапқан. Ол оғыз циклындағы көптеген жырларда хан мен оның баһадүрлерінің кеңесшісі немесе көмекшісі болып суреттеледі. Қорқыт туралы аңызда оның жас күнінде-ақ адам өмірінің келтелігіне көндіге алмай, өлімнен құтылуға тырысқандығы жөнінде айтылады. Өз ойынан азап шеккен әрі мәңгілік өмірді аңсаған Қорқытқа барлық жерден өлім кейпі елес береді: ормандағы шіріп құлаған ағаш оған өз өлімінен сыр шерте отырып, Қорқыттың да өлім алдындағы шарасыздығын әйгілейді; күннің көзіне күйген селеу де соны айтады; тіпті алып таулар да күйрейтін күні алыс еместігінен хабар беріп, Қорқыт өмірінің ақыры да сондай болатындығын қайталайды. Осының Қорқыт ( tarihi-tulgalar.kz) 135 барлығын көзімен көріп, жалғыздықтан қиналған Қорқыт шырғай ағашынан ең алғашқы қобызды ойып шығарады да, оған қылдан ішек тартып, азапқа толы ой-сезімін төге жөнеледі. Оның жан тебіренісіне толы әуендер мен сарындар күллі әлемнің құлағына жетіп, баршасы қыл қобыз үнінің ғажайып әсеріне бөленеді. Содан бері Қорқыт әуендері мен оның қолынан шыққан қобыз жер бетін кезіп кетеді де, Қорқыт есімі қыл қобыз үні арқылы адамдардың жүрегінде мәңгілікке орын алады.

Изображение слайда

Слайд 13

Өзі жасаған қобыздың көмегімен Қорқыт өлімді аластаған. Халық Қорқытты мәңгілік өмірдің жыршысы, абыз, бақсы және ұлы күйші ретінде аса құрметтейді. Рим Папасының кітапханасынан XV-XVI ғасырларға тиесілі «Қорқыт ата кітабы» атты басылым табылған. Ол уақыты жағынан оғыздардың Византия империясын күйретіп, Түркияның негізін қалаған дәуірге сай келеді. Кітапта Қорқыт есімді шынайы кейіпкер суреттеледі. Ол тақуа өмір кешіп, опасыздармен күрескен хандарды шайқасқа шақырумен болған. Ұзақ жасаған қария өз өмірінде көптеген адамдарға бата берген (Бек Ыбыраев). Оғыз тайпаларының тілінде жазылған «Қорқыт ата кітабы» ортағасырлық түркі тілді эпостардан сақталып қалған жалғыз жазба ескерткіш болып табылады. Кемеңгер ойшыл әрі халық данагөйі ретінде Қорқытқа бірқатар халық нақылдары телінеді. Мақалдар халық тұрмысы мен дүниетанымының түрлі аяларын қамтып, бір- бірімен егіздестік ұстанымы бойынша сабақтасады. Кәрі де, жас та, бақытты да, сорлы да Қорқыттың ақылына жүгініп, одан өмір тауқыметінен азат етер жауап алып, жандары жай табатын болған. Қорқыт нақылдары бүгінгі таңда да халық даналығын бойына жиған мақал-мәтелдер ретінде қабылданады: «Қанша байлық жисаң да – бұйырғаннан артық жей алмайсың», «Көп қорқытады, терең батырады», «Тәкәппарлықты тәңірі де сүймес» және т.б. Аңыздардың бірінде Қорқыттың ерекше дүниеге келуі туралы айтылады. Қорқытқа жүкті болған анасы құланның етіне жерік болады. Ол жыл сайын толғатқанмен, баласы құрсағында үш жыл тоғыз күн бойы жүріпті. Қорқыттың анасын толғақ қысқан кезде көкте найзағай жарқылдап, күн күркіреп, дауыл көтеріледі. Жер бетін көзге түртсе көргісіз тұман басып, адамдардың бойын үрей билейді. Қорқытқа туа сала тіл бітеді. Ұлы қазақ оқымыстысы Ш.Уәлихановтың ойынша, Қорқыт тұңғыш бақсы (шаман) ғана емес, сонымен қоса ол ең алғашқы Дузелханов. Қорқыт аңызы (1998). “Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары” кітабынан иллюстрация, «Атамұра» баспасы, 2010 ж. 136 жырау. Қазақ аңыздарының бірінде былай делінеді: «...бағзы замандарда, адамдар ән сала білмеген кезде жер бетінде ән қалықтап ұшып жүреді екен. Ол қай халықтың үстінен неғұрлым төмен құлдилап ұшса, сол халық соғұрлым көбірек ән әуендері мен саздарына ие болған. Қазақ даласына жеткенде ән тіпті жер бауырлап ұшқандықтан, қазақтар әлемдегі ең үздік әнші халық болып табылады». Ал осы өнердің негізін қалаған Қорқыт болыпты

Изображение слайда

Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би. Қазақ халқы бірлігінің, әділдік пен даналықтың, биік абырой мен адамгершіліктің қайталанбас нышаны ретінде Х V ІІ-Х V ІІІ ғғ. Үш ұлы би – Төле би, Қазыбек би мен Әйтеке билердің ерлікке толы өмірі мен қызметі болып табылады. Олардың өмірі, қызметі өсіп келе жатқан ұрпақ үшін үлгі. Би қарапайым тілмен айтқанда сот деп аударылады. Алайда Х V ІІІ ғ. қазақтарда би – бұл шексіз өкілеттілігі бар адам, бұл тәлімгер, әдет пен халықаралық құқықтың асқан білігі, хан кеңесшісі. Олар үшін ең маңыздысы хан, сұлтандардың құқық нормаларын білу болды. Өз тұжырымдарын би фольклормен бекіту керек болды, ал екі жақ келіспеген жағдайда – өткір де мәнді сөздерімен, шешендігімен және қисынды ойларымен өз шешімдерінің дұрыстығына сендіре алатын нағыз бітімгер болуы қажет болды.

Изображение слайда

Слайд 15

Төле би, Қазыбек би мен Әйтеке би халықты тарихтың тік асуларында бірліктен айрылған адам өмірден де айрылады деген ұлы ақиқатқа сендіре білді. Үш ұлы би үш жүздің көп көне бермейтін асқақ мінезді батырларын ақылға келтіріп, халықты мәмілеге келтіріп, біріктіре білді. 1726 жылы көктем соңында Қаратаудың оңтүстік беткейіндегі Ордабасы биігінде үш жүздің өкілдері – хандар, билер, бектер, батырлар мен рубасылары жиналды. Ұлы үш бабамыз тарихтың сол қиын кезеңінде Ордабасыға жиналып, төбе үстіне көтеріліп, солтүстіктегі Арыс пен Бөген жаққа, шығыста Қазығұртқа, Қаратау тауына қарап, бірінен кейін бірі халық бірлігінің қажеттілігі, олардың тәуелсіздік жолындағы күресі туралы сөз қозғады. Бұл үш тұлға қазақтардың бірігуі туралы алғаш айтқан болатын. Мінез ерекшеліктері жағынан әртүрлі бұл адамдарды не біріктірді екен? Үш бидің тарихи орнын, қазақ ұлтының тағдырындағы олардың рөлі мен маңызын сол уақыттағы билік мәртебесінен аңғаруға болады. Қазақ хандығы кезеңінде жүздер атынан сайланған негізгі билер ішкі саясат мәселелерін реттеу мен шешуде маңызды рөл атқарды: хан билігі билер алқасының шешімін іске асыру міндетін атқарды.

Изображение слайда

Слайд 16

Төле би – өз тәуелсіздігі үшін күресу жолында тайпаларға, руларға, жүздерге бөлінген халықты біріктіруді алғаш рет тереңнен ойлаған Тәуке ханның аңызға айналған кеңесшісі. Ол қазақ мемлекеттілігінің бірінші идеологы, асқан шешен, ағартушы, философ, саяси қайраткер, өлең түріндегі көптеген аңыз әңгімелердің авторы және «Жеті Жарғы» алғашқы заңдар жинағы авторларының бірі. Төле би есімі кеңес дәуіріндегі ресми тарих ғылымында айтылмай келді, алайда халық арасында қарапайым адамдардың әділ және дана қорғаушысы ретінде ұрпақтан ұрпаққа ауызша жетті. Төле би Әлібекұлы (1663-1756) қазіргі Жамбыл облысының Шу ауданы Жайсан жайлауында дүниеге келген. Төле би арабша және парсыша оқыды. 15 жасынан бастап ол күрделі мәселелерді шешуге қатысып, әділдігімен, шешендік өнерімен, қисынды да, тапқыр сөз орамдарымен көзге түсті. Ол өз тәуелсіздігін сақтап қалу жолында жоңғарларға қарсы жеңіс жорықтарын ұйымдастырған Абылай хан бастаған атақты батырларға ұстаз, тәрбиеші болды. Төле би Ұлы жүздің атынан әдет құқығы заңдарының жинағы – «Жеті Жарғыны» жасауға қатысты және осы «Дала конституциясын» құрастыруда үлкен рөл атқарды. Төле би халықты шыдамдылық пен табандылыққа шақырды. Ол жас кезінде алғаш елшілік міндетті атқаруға қатысқанда жоңғар билеушісіне қарата айтқан сөзін ел аңыз қып айтады: «Сен – қалмақ, ал біз – қазақ. Сен – темір, ал біз темірді балқытатын көмірміз» деген екен. Төле би Тәуке хан билігі кезінде әділдіктің жаршысы болған Әйтеке, Қазыбекпен бірге болғандығын мақтан тұтады және олардың есімдері болашақ ұрпақтарға үлкен өнеге болып қалады. «Қабанбайдан артық атақты батыр жоқ, Төле биден асып түскен би жоқ» – деп жазды М.Ж.Көпеев. Төле би өмірін оның өз сөздерімен суреттеуге болады: «Халық үшін бақыт деген байларда емес, даналарда». Қазыбек би дана және кеңесші, қаусап қартайғанша ой саралығын, сана батылдығы мен парасаттылығын жоғалтпаған, кең сахарада оның даналығы мен әділдігі туралы бұрыннан аңыздар мен өлеңдер көп айтылған адам.

Изображение слайда

Слайд 17

Қазыбек би (1665-1765) Сырдария жағасында туған. Жастық шағын Қаратау мен Ұлытау өңірлерінде өткізген. Қазақ жылнамасы бойынша ол Орта жүздің арғын ( қаракесек ) руынан шыққан. Жоңғарлармен күрестің бірден бір ұйымдастырушысы. 40-жылдары Абылай ханды тұтқыннан құтқаруға көмектескен. 60-жылдары циндер оны өз жағына қаратып алмақшы болған. Бірақ ол Қытай бодандығынан бас тартып, сонымен қатар Абылай ханға да осы тұрғыда жөн сілтеген. Қазыбек би мүрдесі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленген. Қазыбек бидің қазақ халқы тағдырындағы рөлі туралы былай айтуға болады : ол біртұтас орталықтандырылған қазақ мемлекетінің құрылуы мен бекуіне ықпал еткендердің бірі, оның егемендігі мен жер аумағының тұтастығын қорғаушы. Ол өмір бойы рулар мен хандардың арасындағы билік үшін күрестегі келіспеушілікті тоқтатуға ұмтылып, халықты бірлікке, ынтымақтастыққа, сондай-ақ көрші халықтармен өркениетті қатынастарды, әлі қатаймаған Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтаудың лайықты жолын табуға шақырды. Әйтеке би (1681-1737) – Кіші жүзден шыққан ірі шешен және би. Әйтеке би Төле би мен Қазыбек би секілді « Жеті Жарғы » заңдар жинағын құрастырушылардың бірі болған. Оның негізгі мақсаты : қазақ халқының бірігуі, жоңғарлармен тәуелсіздік үшін күрес. Әйтеке әділ, әрқашанда ымырасыз шешімдер қабылдаған қатал да әділ би болған. 20 жасында-ақ Әйтеке әйгілі би, бітімгер төреші ретінде танылды. Халық жадында оның сөздері мен шешімдерінің анық қарапайымдылығы, терең ойшылдығы сақталып қалды. Әйтеке би есімі аталғанда оның алмас қылыштай өткір кесімсөздері еске түседі. Бидің Отанына деген адал махаббатын бейнелейтін мына сөздері ел есінде қалған : « Егер сен дәулетті болсаң, халқыңа пайдаңды тигіз. Егер сен жауынгер болсаң, жауды талқан ет. Егер сен дәулетті бола тұра халқыңа пайда әкелмесең, жауынгер бола тұра жауды талқан етпесең, онда өз халқыңа өгей боласың » [15;16].

Изображение слайда

Қазақ халқының музыкалық шығармашылығы. Ән салуға құмарлық – қазақтардың ұлттық ерекшелігі. Жүздеген жылдар бойы музыка мәдениеті шығармаларының негізгі сақтаушысы және таратушысы халықтың өзі болды. Музыка өнерін мұқият сақтап үрдісті дамыта отырып, халық бұл өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізді. Көне аңыз қазақ халқының музыкалық қабілетінің шығу тегін, оның әнге қатысын, әнді терең қабылдауын былай түсіндіреді: «Тәңір әні Жер бетіне патшалық етті. Ол төмен түскен сайын халық оны естіп қабылдады, онда сол ел халқы тыңдап ән айтуға үйренбеген емес. Қазақ даласына Тәңір әні төмен түсті, қазақ халқы оны естіді, қабылдап ән айтуға үйренді». Бұл аңызды қазақтың тұңғыш демократ ғалымы Ш.Уәлихановтың аузынан орыс фольклоршы ғалымы Г.Потанин жазып алған болатын. Қазақ халқының еңбек қызметі, салт-дәстүрлері, халықтық ойындары мен мерекелері – осының бәрі музыкада өз көрінісін тапты. Вокалдық және аспапты өнердің дамуына ақындық айтыс дәстүрінің аспаптық және вокалдық шығармаларды орындауға тарала бастауы да ықпал етті. Басқа кейбір халықтар сияқты қазақтарға жеке орындау түрлері ғана белгілі болды. Өзін музыкалық аспапта сүйемелдейтін әнші-орындаушы немесе аспапшы-орындаушы халықтық музыка мәдениетінің бірден бір өкілдері болып табылды. «Әуенді түтіктер» және «Армандар пирамидасы» ескерткіші – сәулет өнерінің ескерткіштері Қызылорда облысының Қармақшы ауданында 1980 жылы тұрғызылған. ХVІ-ХVІІ ғғ. халықтық аспаптарда орындау ойыны қазақтардың тұрмысына мықтап енді. Талантты халық музыканттары эпикалық, тарихи, ертегі және тұрмыстық тақырыптарға аспаптық күй шығармаларын шығарды. Бірқатар түркі халықтарында «күй» сөзі – этномузыкалық термин. Күй (домбыраға арналған сөзі жоқ музыкалық пьеса) – аспапты музыканың ең жоғары жанрларының бірі, оның мазмұны мен түрі дами отырып, қазір жоғары жетілу деңгейіне жетті.

Изображение слайда

Слайд 19

Оның мән-маңызы психикалық-көңіл-күй басталуымен байланысты және «жағдай», «көңіл-күй» ұғымдарымен сәйкес келеді. Күй – бұл дыбысталу уақыты жағынан (2-4 мин.) шағын, бірақ мазмұны жағынан өте терең және түр жағынан ұшталған, күрделі ырғақты және әуендік жағынан дамыған аспаптық пьесалар, бұл шығармалар музыкалық ойлаудың кейбір жанрлық белгілерін де, сонымен бірге нақты қисынын да қамтиды. Күйлер негізінен үш аспапта – домбырада, қобызда және сыбызғыда орындалды. Аспаптық музыканың кеңінен тараған және сонымен бір сәтте ең дамыған, кәсіби деңгейге жеткен саласы домбыра күйлері болып табылады (Нысанбаев Ә.Н., Барлыбаева Г.Ғ.). Зерттеушілер атап көрсеткендей, домбыра өзінің түрлі даму сатысынан бүгінге дейін жеткен көне хордофон түріне жатады. Бұл аспаптар «домбыра» атауына жақын түрде татарларда, башқұрларда, өзбектерде, алтайлықтарда, қырғыздарда, түркімендерде, тәжіктерде, қалмақтарда және басқа халықтарда (думбыра, думбара, думбрак, домбр, тамбур және т.с.с.) сақталды. Атаулардың бұл ұқсастығы және дәп осы Орталық Азияда кеңінен тараған аспаптардың типологиялық ұқсастығы олардың осы аумақта шығу тегінің табиғилығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Қазақтар үйінің төрінде ең құрметті орынға қоятын қазақ домбырасы жұмсақтығымен, қоңыр дауыстылығымен және үлкен көркемдік мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Оның ауқымы 1,5-2 октаваны қамтиды, құрылымы мен түр ерекшеліктері аспаптардың аймақтық түрлерге жатқызылуымен айқындалады (Нысанбаев Ә.Н., Барлыбаева Г.Ғ.). Домбыра әр ақын мен әншінің міндетті түрдегі аспабы болып табылды. Домбыра дәстүрінің ең ірі өкілі – Байжігіт, ол аспаптық музыканың дамуына және шертпе күйдің өркендеуіне аса көрнекті үлес қосты. Абылай хан заманында өмір сүрген Байжігіт, халық аңыздары бойынша 300-ге жуық күй шығарған, осы еңбегі үшін де «күй перісі» атанған.

Изображение слайда

Слайд 20

Байжігіт күйлерін біздің заманымызға домбырашы Жүнісбай жеткізді, ал қазір ұлы күйші шығармашылығын белсенді түрде насихаттап жүрген оның ұрпағы Таласбек Әсемқұлов оның туындыларының үздік орындаушысы болып табылады. Батыс Қазақстанның домбыра мектебін құрудың басында тұрған атақты тарихи тұлға, батыр, ақын және күйші Махамбет Өтемісұлы болғанын ерекше атап өтеміз. Махамбет күйлері көне эпикалық жыраулық дәстүр үлгілерімен үндес, сонымен бірге әскери кезеңнің (ХІХ ғасырдың ортасы) және бүкіл өмірін Ішкі (Бөкей) Ордасында өткізген оның кейіпкерлері – Исатай мен Махамбеттің «музыкалық портреті» болып табылады. Домбыра дәстүрінің аса көрнекті өкілі – халық арасында «күй атасы» атанған ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы – бүкіл дүние жүзіне белгілі композитор. Құрманғазы Қазақстанның музыка мәдениетінде ерекше орын алады. Халық ара- 139 сында егер сіз қазақ жерінің бүлкілі мен тынысын естігіңіз келсе, ұшы-қиыры жоқ жазира даланың еркін желі не туралы ән салатындығын көргіңіз келсе, жүйрік арғымақтардың кең тынысты шабысын сезгіңіз келсе, қазақ халқының күш-қуаты неде екенін түсінгіңіз келсе Құрманғазы күйлерін тыңдаңыз деген тәмсіл бар. Құрманғазының талантты шәкірті Дина Нұрпейісованың қабілет-дарыны да осындай ауқымда. Дина күйші өзінің орындаушылық және композиторлық шығармашылығында Құрманғазы жетістіктерін лайықты жалғастырып қана қоймай, оның мектебінің батырлық-драмалық және азаматтық-демократиялық бағытын дамытып, ХІХ және ХХ ғасырлар дәстүрлерімен тоғыстырды. Халыққа аса көрнекті күйші Тәттімбет Қазанғапұлы есімі де кеңінен белгілі. Бар-жоғы 45 жас қана өмір сүрген Тәттімбет бай музыка мұрасын қалдырды, оның ішінде қазақ аспаптық музыкасының қазынасын байытқан күйшінің қырықтан астам күйлері бүгінгі ұрпаққа жетті (Нысанбаев Ә.Н., Барлыбаева Г.Ғ.). Дәстүрлі мәдениетті жеткізуші ақын-жыраулар мен күйшілер қызметінің арқасында қазақ халқы ұлы тұлғалар мен айтулы оқиғаларды өз жадында сақтап қалды. Ұлы ақын-жыраулар мен күйшілер – Отанға деген қалтқысыз махаббаттың, атамекенге адалдықтың, халыққа, оның оның арман-мұраты мен құндылықтары жолында қызмет етудің жарқын үлгілері болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 21

Изображение слайда

Последний слайд презентации: 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы

Назар ларыңызға рахмет!

Изображение слайда

Похожие презентации