Первый слайд презентации
Қазақ тілін оқытуға арналған базалық-нормативтік құжаттар
Слайд 2
Дәріс жоспары Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері. Жоспардың түрлері және олардың маңызы. Қазақ тілі бағдарламасы. Қазақ тілі бойынша жұмыстарды жоспарлау.
Слайд 3
Білім беру мазмұны арнайы түрде, білім беру министрлігінде бекітілген, төмендегідей құжаттарда нақтыланады: Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы 1999 жылы 7 маусымда қабылданған. «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік білім беру саясатын анықтайды. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптері: - үздіксіз білім беру; - барлық адамдардың білім алуға тең құқықтығы; - жалпы орта білімнің тегіндігі; - орта білімнің міндеттілігі.
1) оқыту – мақсатты процесс; 2) оқыту – таным процесі; 3) оқыту - даму негізі 4) оқыту – екі жақты процесс; 5) оқыту - жоспарлы процесс; 6) оқыту – бұл күрделі процесс.
Слайд 5
Оқытудың белсенді формалары Жұптық Жеке Топтық Ұжымдық Өзара оқыту сабағы
Слайд 6: ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Оқу бағдарламасы – білім беру деңгейі бойынша пән тұжырымдамасын, сағат санын, бағалау жүйесін және т.б. сипаттайтын құжат. Оқу бағдарламасы әдетте нормативті-құқықтық құжат ретінде бекітіледі. Оқу бағдарламасында кодтау арқылы оқу мақсаттары айқын көрсетіледі. Осы оқу бағдарламасының негізінде пәннің ұзақ мерзімді жоспары жүзеге асырылады. Білім стандарты - п ə н бойынша оқушылардың барлығы қол жеткізуі тиіс білім мазмұнының минималды көлемін, оқу жүктемесі көлемін ж ə не білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптарды құзіреттілік тұрғысынан анықтайтын базалық-нормативтік құжат.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) Оқу бағдарламасы Оқу жоспары Бастауыш/Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Жиынтық бағалауға арналған ұсыныстар
Слайд 8
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ І Жалпы мәлімет 1. Пәннің маңыздылығы 2. Оқу бағдарламасының мақсаты 3. Үштілділік саясатын жүзеге асыру 4. Оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар 5. Педагогикалық әдіс-тәсілдер 6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру 7. АКТ қолдану құзыреттілігі 8. Коммуникативті дағдыларды дамыту 9. Оқу жетістігін бағалау ІІ Оқу мақсаттарының жүйесі 1. Пәннің мазмұны 2. Оқу мақсаттарының жүйесі 3. Ұзақ мерзімді жоспар
Слайд 9: ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
Бағдарламада оқыту мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін кодтау енгізілді. Кодта: бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімшенің, төртінші сан – оқыту мақсатының реттік санын білдіреді. Мысалы, 7.2.1.4. кодында «7» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқыту мақсатының реттік саны.
Слайд 10: ОҚУ ЖОСПАРЫ
Ұзақ мерзімді жоспар Орта мерзімді жоспар Қысқа мерзімді жоспар үлгісі
Слайд 11
Ұзақ мерзімді жоспарда шартты белгілер туралы түсініктемелер қамтылған. Математика Ұ = ұжымдық (сыныппен) жұмыс; Т = топтық жұмыс; Ө = өздік жұмыс; Ж = жұптық жұмыс; М = мұғалімнің көрсетуімен; Ү = үй тапсырмасы. Тарих Б – бүкілсыныптық жұмыс Т – топтық жұмыс Ж – жұптық жұмыс Д - дербес жұмыс Э – оқушы эксперименті М - мұғалімнің түсіндірмесі КН – күтілетін нәтиже З - зерттеу Ф - қалыптастырушы бағалаудың мүмкіндіктері БЫМ – бастапқы ынталандырушы материал Қазақ тілі ТЖ – топтық жұмыс ЖЖ – жұптық жұмыс; С – сыныппен жұмыс Ж – жеке жұмыс; ҚБ – қалыптастырушы бағалау ЖК – жетістік критерийлері.
Слайд 12
белгілі бір уақыттағы, айталық, бір жыл ішіндегі білім беру бағдарламасының мазмұны мен ауқымы туралы жалпы түсінік береді; бірнеше жылға арналған кезең ішіндегі жалпы, келісілген бағытты бейнелейді; білім беру бағдарламасының «жол картасы» болып табылады; білім беру бағдарламасының салалары арасындағы байланысты анықтайды; кезеңдер мен жылдар арасындағы алға ілгерілеуді көрсетеді; орта мерзімді жоспарға негіз болады. Ұзақ мерзімді жоспарлау
Слайд 13: ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Орта мерзімді жоспар мұғалімге нұсқау ретінде беріледі. Орта мерзімді жоспарда осыған дейін меңгерілген білім, осы бөлімнің тілдік мақсаттары, бөлімге қысқаша шолу жасалады. Сонымен қатар оқу мақсаттары көрсетіліп, нақты сабақты қалай өтуге болатынына түсініктеме беріліп, пайдалануға ұсынылған ресурстардың сілтемелері берілген.
Слайд 14
мұғалімдердің сабақ сайын, күн сайын не оқытатыны анықталады; оқушылардың нені үйренетіні және оларға қалай қолдау көрсетілетіні белгіленеді; білім беру бағдарламасы тұрғысынан назарға алынған оқу мақсаты белгіленеді. Бұл бағамдау мен бағалау арқылы алдыңғы сабақтан кейін қанша алға ілгерілегенін көрсетеді; саралаудың қаншалықты тиімді болғаны туралы мәлімет береді; жаттығуларды, шаралар мен ресурстарды анықтайды; оқытылатын мәселені қамтиды; бағалау мүмкіндіктері туралы толық мәлімет ұсынады. Қысқа мерзімді жоспарлау
Слайд 15: ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға болатын белгі. Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама. Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру. Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі
Слайд 16
Оқытудың білім беру функциясы Бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезеңде білімді толық игеру үшін негізгі талаптарды іске асырылады. Оқытудың тәрбиелік функциясы Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландыра отырып, жеке тұлғалық қасиеттер қалыптастырып, дамыту Оқытудың дамыту функциясы Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл – ойы, сана –сеземі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамына, іскерліктері шыңдалып, қабілеттерінің дамуына ықпал етеді.
Последний слайд презентации: Қазақ тілін оқытуға арналған базалық-нормативтік құжаттар
Жалпы қазақ тілінде сөйлеп, жазуды үйрету - қоғамда қазақ тілінің мәртебесін жоғары дәрежеге көтерудің алғы шарты. Сондықтан қазақ тілі катынас құралы ретінде мектепте жүйелі білім беру арқылы ғана оқушыларды дұрыс сөйлеуге, адамдармен әдепті түрде қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелейді. Бұл тұрғыда қазақ тілін оқыту әдістемесінің атқаратын міндетінің аса зор екенін айта кетуіміз қажет. Оқыту әдістемесі оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда, сондай-ақ жас жеткіншектің дүние-танымын жетілдіруде өте қажетті практикалық міндеттерді іске асырады. Оның басты мақсаты оқыту нәтижесінде оқушыларға қазақ тілінің негізін тиянақты меңгерту болып табылады. Сабаққа қажетті оқыту әдістері мен тәсілдерін, дидактикалық оқу материалдарын және жаттығу түрлерін дұрыс таңдап, сабақта бейімділікпен қолдана білу ұшін ұстаз оқушылардың, ең алдымен, психологиялық, үғымдылық, яғни сабақты қабылдау ерекшеліктерімен тікелей санасуы керек. Сонымен қоса, логикалық талаптарға да баса көңіл бөлуі қажет.