Первый слайд презентации: Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті Тақырып: 1.Топырақтану және оның құрылымы. 2.Топырақтану ғылымының дамуы. 3.В.В.Докучаев
Орындаған: Жаппар Ақсәуле Қабылдаған: Медеуова Ғалия
Слайд 2: Жоспар:
Кіріспе Топырақ және оның түзілуі Негігі бөлім Топырақтың түрлері. Топырақтың механикалық құрамы Топырақтану ілімінің дамуы В.В. Докучаев Топырақ түзуші жыныстар Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Слайд 3: Топырақ
Топырақтың негізгі қасиеті – құнарлылығы, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен және ылғалмен қамтамасыз етуін айтады. Табиғаттың жоғарғы туындысы адам топырақ құнарын өсімдіктер мен жануарлар дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланады. Өсімдіктер құнарлы топырақ қабатынан тамыр жүйесі арқылы қоректік заттарды алып, бойына сіңіріп, жапырақтарына түскен күн сәулесімен ауадағы көмір қышқыл газы арқылы жүретін фотосинтез нәтижесінде денесіне өте мол органикалық және минералдық зататрды жинап, едәуір энергия шоғырландырады. Осы энергиялар, яғни органикалық және органоминералдық қосылыстар бүкіл жан – жануарлар, адамзат тіршілігі үшін өмір өзегі болып табылады. Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз үлкен геологиялық және кіші биологиялық айналымы өтеді. Суда еритін, сөйтіп өсімдіктерге қорек болатын минералдық заттар физикалық және химиялық айналымға түседі. Ал осы қопсыған, ұнтақталған жыныстарға тірі организмдер қоныстаған уақыттан бастап тірі организмдерге қоректі заттар өсімдіктер мен микроорганизмдердің таңдамалы сіңірулерінің нәтижесінде үлкен геологиялық айналымнан кіші биологиялық айналымға көшеді. Органикалық заттар суда ерімейтін болғандықтан, бұл заттардың қоры жылдан жылға көбейе береді. Сонымен қоректік заттарға кедей тау жынысы, тірі организмдер мекендегеннен кейін қоректік минералдық және органикалық азотты заттарға байды, яғни құнарсыз тау жынысының орнына құнарлы топырақ пайда болады.
Слайд 4: Топырақтың түзілуі
Топырақты зерттеудің негізін салушы В.В.Докучаев минералдар, өсімдіктер мен жануарлар патшалықтарымен қатар, топырақты да «табиғат патшалықтарының » бірі деп атады. Топырақтың түзілуі – бүкіл табиғат элементтерінің өзара әрекеттерінің нәтижесі. Топырақ – табиғат компоненттерінің бірі. Топырақ жердің ең беткі өте жұқа қыртысындағы тау жыныстарының, өлі ағзаларының әсерінен пайда болады. Топырақ – тірі (органикалық) және өлі (бейорганикалық) табиғаттың әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болатын ерекше табиғи дене. Топырақтың ең негізгі қасиеті – табиғи құндылығы, яғни, құрамында өсімдіктің тез әрі жақсы өсуіне жағдай жасайтын қоректі заттардың мол болуы. Сондықтан топырақ литосфераның жоғарғы ауа қабатымен байланысатын қабаты әрі бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі деп аталады
Слайд 6: Топырақ түрлері
Органикалық қалдықтардың ыдырауы нәтижесінде топырақтың қарашірік қабаты түзіледі. Қарашірік дегеніміз – микроағзалардың, өсімдіктердің, жәндіктердің органикалық қалдықтары. Топырақ түрлері. Топырақ жер бедерінің пішініне, географиялық орнына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, қара топырақты зона, қара қоңыр топырақты зона, қоңыр, сұр қоңыр топырақты зоналар. Жер бетінде топырақ түрлерінің таралуы климат жағдайларымен тығыз байланысты. Өсімдік сияқты топырақ жамылғысы да экватордан полюстерге қарай зоналар бойынша өзгереді. Тауларда биіктік белдеулерге сәйкес таралады.
Слайд 7: Топырақтың механикалық құрамы
Топырақтың түрлі қаиеттері оның байлығы мен құнарлылығы, көбіне оның бөлшектерінің құрамы мен ірілілігіне тығыз байланысты болады. Сондықтан да топырақ қандай бөлшектерден құралғандығын білудің маңызы өте зор. Топырақтың механикалық құрамына талдау жасағанда оның түрлі бөлшектерін ірілігіне қарай былай ажыратуға болады. Көлденеңі 0,01 миллиметрден 3 миллиметрге дейінгі бөлшектерді “ физикалық ” құм, ал 0,001 әртүрлі топырақтар олардың пайда болған жеріндегі тау жыныстарының құрамына, түрлі климат жағдайларына, жан – жануарлар әсері және тағы да басқа табиғат ерекшеліктерінің әсеріне қарай әртүрлі механикалық құрамда болып келеді. Топырақтардың механикалық құрамын жете білудің маңызы зор.Механикалық құрамына қарай бөлудің еліміздің атақты топырақ зерттеуші ғалымы Н.А. Качинский жасаған классификациясын келтіріп отырмыз.
Слайд 8: Топырақтың механикалық құрамына қарай топқа бөлу
Саз 0,01 миллиметрден ұсақ бөлшектер (процент есебімен) Топырақтардың механикалықҚұрамы бойынша аты 80 процент көп Ауыр саз 80-60% Орташа және жеңіл саз 60-45% Ауыр саздық 45-30% Орташа саздық 30-20% Жеңіл саздық 20-10% Құмдақ 10-55% Байланысты құм 5- проценттен аз Борпылдақ құм
Слайд 9: Ауыр және жеңіл топырақ
Түрлі топырақтар өз бөлшектерінің ірілігі жөнінен ғана емес, сонымен бірге құрамы жағынан да бір – бірінен айырмашылығы үлкен болып келеді. Мысалы : саз және саздақ топырақтарда түрлі минералдар көп болады. Олар дала шпаты, слюда, каолин, фосфорит, темірдің, алюминидің, марганецтің судағы тотық қоспалары тағы басқалар. Бұл минералдарда өсімдіктерге қажетті заттар, атап айтқанда фосфор, калий, кальций, темір және басқа да заттар кездеседі. Механикалық құрамы ауыр болып келетін топырақтарда көбінесе өсімдіктер жақсы өсіп, өнім берген жерде жыл сайын олардың қалдықтары да көптеп жиналады. Бұл қалдықтар топырақтағы түрлі микробиологиялық процесстердің және климат әрекеттерінің әсерінен бұзылып шіріндіге айналып, оның біршамасы өсімдіктерге аса қажетті топырақтың беткі қабатының негізгі қоректік заты – қарашірігін түзеді. Механикалық құрамы – жеңіл топырақтардың ауыр топырақтарға қарағанда, бұдан басқа кемшілігі – су және жел эрозиясына төзімсіздігі болып табылады. Мұндай жерлерде өсімдіктер нашар өсетіндіктен, оның беткі қабаты желдің (ал суарлармалы жерлерде - судың ) әрекетінен үгіліп ( жуылып ) кетеді.
Слайд 11: Топырақтану ілімінің дамуы
Топырақ туралы алғашқы білімнің дами бастауы өте ерте заманнан, жер бетінде адамдардың егіншілікпен шұғылдана бастаған уақытымен сәйкес басталып, одан кейін егіншілік туралы білімнің әрі қарай дами түсуімен байланысты болып отырды. Бірақ ертеде көптеген уақыт бойы адамдар топырақ туралы тек қана жекелеген мағлұматтар жинап, оның қасиеттеріне бақылау ғана жүргізіп отырды Алғашқы топырақ туралы білімнің жүйеге келтіріліп сипатталуы біздің дәуірге дейінгі VIII ғасырымен біздің дәуірдің III ғасыры аралығында Грек–Рим цивилизациясы кезінде басталды. Осы кезеңде топырақ туралы көптеген мағлұматтар жиналып гректің, Римнің ғұлама, ойшыл философтарының трактаттарында баяндалды. Әр жер ауданында дамыған топырақтардың ерекшеліктері туралы, оларды түрлі егіншілік жүйесінде пайдалану жөнінде ой толғап, топырақты топтарға жіктеудің алғашқы талпынысы жасалды. Әсірісе Рим ойшылдары Катонның, Варронның, Вергилийдің және Колумелланың еңбектері –кең қауымға белгілі болды. Солардың ішінде Колумелланың жазған дүние жүзіндегі бірінші ауыл шаруашылық энциклопедиясы –«Ауыл шаруашылығы туралы трактат» атты еңбегінде ол топырақтың құнарлылығы жөнінде, оны топтарға жіктеу, топырақты өңдеп-баптау, тыңайту мәселелері хақында мол мағлұмат берді.
Слайд 12
Топырақтанудың XVIII ғасырда дамуына неміс ғалымы Н.А.Кюльбельдің «Топырақтың құнарлылығы туралы кітабы » (1740ж.), француз оқымыстысы А.Тюргоның топырақтың құнарлығының кемуі туралы ілімі (1766ж.), швед ғалымы Н.Валериустың топырақтың қарашіріндісін зерттеп, өсімдіктердің қарашіріндімен қоректену ілімін (1761ж.) жазуы және Германияда Ф.Ахардттың шымтезектен сілтілермен шайуы арқылы қарашірінді ерітіндісін алып, оны күкірт қышқылымен тұндырып алуы (1786ж.) еңбектері үлкен үлес қосты.\ Еуропа егіншілігінде XIX ғасырда капиталистік өндірістік қатынастардың дамуы кезінде топырақтанудың агрогеологиялық және агромєдени -химиялық бағыттары қалыптасып дамыған кезеңі болды. Осы кезеңде М.Г.Вольнидің., А.Д.Теердің., Г.Дэвидтің., М.Г.Павловтың., Я. Берцелиустың., Ю. Либихтың., Ж.Б. Буссенгоның агрохимия ғылымының негізін қалаған еңбектері жарық көрді.
Слайд 13: Топырақ - ө сімдіктердің, жануарлардың климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ- литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі
Слайд 14: Топырақ түзуші жыныстар
Топырақ түзуші жыныстар топырақтың қалыптасуы жүретін субстрат болып келеді. Бұл жыныстар топырақ сияқты күрделі табиғи құрылымның іргетасы және каркасы тәріздес. Бірақ та топырақтүзуші жыныстар топырақта жүріп жатқан үрдістерге инертті болып келетін жай ғана қаңқа емес. Ол топырақүзілу үрдісіне түрлі кейіпте араласатын түрлі минералдардық компоненттерден тұрады. Олардың ішінде химиялық үрдістерге инертті, бірақ та топырақтың физикалық қасиеттерін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын бөлшектер бар. Топырақтүзуші жыныстардың басқа құрамдас бөліктері оңай ыдырап, топырақты белгілі бір химиялық элементтермен байытады, солайша топырақтүзуші жыныстардың құрамы мен құрылымы топырақтүзілу үрдісіне өте зор ықпал етеді. Топырақтүзуші жыныстардың маңызының үлкендігіне қарамастан топырақтүзілуде жетекші рөлді биологиялық әрекет атқарады. Тіршіліксіз топырақ та болмас еді. Жер бетінде топырақтүзілу тіршілік пайда болғалы бері басталды. Кез келген тау жынысы қанша терең ыдырап, үгілгеніне қарамастан әлі топырақ болмайды. Тек аналық жыныстардың өсімдік және жануар организмдерімен белгілі бір климат жағдайында ұзақ әрекеттесуі ғана топырақтың оны тау жынысынан ерекшелендіретін өзіндік қасиеттерін жасайды.
Слайд 15: Топырақ түзуге өсімдіктер мен жануарлардың әсері
Өсімдіктер өзінің тіршілік әрекеті барысында органикалық затты синтездеп топыраққа тамыр массасы түрінде, ал беткі бөлігі өлгеннен кейін өсімдік қалдықтары түрінде таратады. Өсімдіктер топырақтүзуші жыныстарда аздаған мөлшерде болатын, бірақ өсімдіктердің қалыпты тіршілігіне сондай қажетті жекелеген химиялық элементтерді бойына жинайды ( аккумуляциялайды ).. Топырақтың қалыптасу үрдісі үшін микроорганизмдердің де маңызы зор. Олардың әрекетінің арқасында органикалық қалдықтар ыдырап, ондағы бар элементтерді өсімдік сіңіре алатын қосылыстарға біріктіру (синтез) жүреді. Жоғарғы өсімдіктер мен микроорганизмдер белгілі бір кешен құрайды. Олардың ықпалымен әртүрлі топырақ типтері түзіледі. Әрбір өсімдік формациясына белгілі бір топырақ типі сәйкес келеді. Мысалы, қылқанды омандардың өсімдік формациясының астында тек шабынды-далалық шөптесін формацияның әсерінен қалыптасатын қаратопырақ ешқашан түзілмейді. Топырақтүзілісі үшін топырақта өте көп кездесетін жануар организмдер де маңызды. Топырақ үңгігіштері топырақты көп рет қопарыстырады да, оның араласуына, аэрациясының жақсы болып, топырақтүзілу үрдісінің жылдамырақ жүруіне септігін тигізеді және өзінің тіршілік қалдықтарымен топырақтың органикалық массасын молайтады
Слайд 16: Топырақ түзуге уақыттың да әсері бар
Топырақ түзілуге топырақ-грунт ( еспе ) суы да белгілі мөлшерде ықпал етеді. Су топырақтағы көптеген химиялық және биологиялық үрдістер жүретін орта болып табылады. Өзенаралық кеңістіктегі топырақтың көп бөлігі үшін судың негізгі көзі атмосфералық жауын-шашын болып келеді Топырақ түзілудің мүлдем ерекше факторы – уақыт. Топырақта өтетін барлық үрдістер уақыт ішінде өтеді. Сыртқы жағдайлардың ықпалы байқалып, топырақтүзілу факторларына сәйкес топырақ қалыптасуы үшін белгілі бір уақыт қажет. Географиялық жағдайлар тұрақты болып қалмай, өзгеріп тұратындықтан, топырақтың уақыт ішіндегі эволюциясы жүреді.
Слайд 17: Қорытынды
Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі. Топырақ - бұл Жердің өсімдік өсетін үстіңгі қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Топырақ – бұл құрлық бетіндегі химиялық элементтердің циклдік миграциясы, ландшафт компоненттерінің арасындағы зат алмасуы үрдістері жоғары кернеу дәрежесіне жететін ерекше табиғи түзілім. Топырақта заттың жіті таралуымен бір мезгілде күн энергиясы трансформацияланады ( күйін өзгертеді ) және жиналады ( аккумуляцияланады ).
Слайд 18: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Толеубаев Ж.С., Мирзадинов, Қ.И. Оразбаев Қолданблы биология. Алматы, 2014. Тазабеков Т.Т. Жалпы топырақтану. Оқулық. Алматы, 2014