Первый слайд презентации: Қазақстан Республикасы еңбек құқығы
Слайд 5: Еңбек құқығының негізгі мақсаты- жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасындағы қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу
Слайд 6: Құқықтық еңбек қатынастарының мынандай ерекше белгілері бар : Қызметкер нақты бір ұйымның еңбек ұжымына мүше болып кіреді. Қызметкерлердің еңбек ұжымына кіруі ерекше заңды фактінің көмегімен жүзеге асырылады. Қызметкер өзі жұмыс істейтін ұйымның ішкі еңбек тәртібіне бағынуға міндетті. Қызметкердің кәсібіне, мамандығына, біліктілігіне сай еңбек міндетін атқару еңбек қатынастарының мазмұны болып табылады
Слайд 7: Қызметкердің құқықтары мен міндеттері
Еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға. Жұмыс берушіден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын орындауды талап етуге. Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға. Еңбек шартының, ұжымдық еңбек шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы алуға. Бос тұрып қалу үшін заңға сәйкес ақы алуға.
Слайд 8: 6. Тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына. 7. Кәсіптік даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге және өзінің біліктілігін арттыруға. 8. Еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге. 9. Кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне. 10. Өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғацға. 11. Бірдей еңбегі үшін қандай да болмасын кемсітусіз бірдей ақы алуға. 12. Еңбек дауын шешу үшін таңдауы бойынша келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге
Слайд 9: 13. Өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшыны немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға. 14. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы іс-әрекетіне ( әрекетсіздігіне ) шағым жасауға
Слайд 10: Қызметкер: 1. Еңбек міндеттерін шартқа сәйкес орындауға. 2. Еңбек тәртібін сақтауға. 3. Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға. 4. Жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға
Слайд 11: 5. Адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай – ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға. 6.Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етпеуге. 7. Жұмыс берушіге келтірілген зиянды өтеуге міндетті
Слайд 12: Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері
Жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне. Қызметкермен еңбек шартын негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға. Өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға құқықғы бар. Қызметкерлерден еңбек шартының орындалуын талап етуге. Қызметкерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жаза қолдануға, қызметкерлерді материялдық жауапкершілікке тартуға.
Слайд 13: 6. Еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің келтірген зиянын өтетуге. 7. Еңбек саласында өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге. 8.Қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге. 9. Егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертілген болса, қызметкерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтеуге құқығы бар
Слайд 14: Жұмыс беруші
Еңбек шартының, өздері шығарған актілердің талаптарын сақтауға. Жұмысқа қабылдаған кезде қызметкерлермен еңбек шартын жасасуға. Жалақы мен өзге де төлемдерді уақытылы және толық мөлшерде төлеуге. Еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге. Егер жұмысты жалғастыру қызметкердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға міндетті.