Первый слайд презентации: Жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігіне оқыту және еңбек қорғау бойынша нұсқаунама жүргізу
Астана 2019 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Слайд 2: Кіріспе
Еңбек - адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі ; еңбек қатынастары – тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.
Слайд 3: Еңбекті қорғау
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырылады.
Слайд 4
Заң Қазақстан Республикасындағы еңбект i қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейд i және еңбек қызмет i процес i нде еңбек қау i пс i зд i г i н қамтамасыз етуге, қызметкерлерд i ң өм i р i мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қау i пс i зд i г i және еңбект i қорғау саласындағы мемлекетт i к саясаттың нег i зг i принциптер i н белг i лейд i.
Қызметкер : 1) еңбек қауiпсiздігi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормалардың, epeжeлер мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға; 2) арнаулы киімді, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өз мақсатында пайдалануға; 3) өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы, кәсіби аурудың белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайлар туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсіби аурулардың белгілері пайда болғанда жұмыс берушінің қаражаты есебінен міндетті түрде алдын ала, мерзімдік (еңбек қызметі ішінде) медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге міндетті.
Жұмыс берушінің: 1) өз өкілеттігі шегінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөнінде актілер шығаруға; 2) қызметкерлерден Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасын және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықтарды сақтауды талап етуге; 3) жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға қосқан үлесі, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін қызметкерлерді көтермелеуге; 4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзған қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқығы бар.
Слайд 7
Қауіпсіздік техникасы - еңбекті қорғаудың бір түрі, жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі. Еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі. Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен кұралдарының жүйесі Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ Қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік - техникалық құжаттаманың стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың, негізінде жүргізіледі.
Слайд 8: Еңбек қорғауды ұйымдастыру
Қауіпсіздік жеке қорғаныс бұйымдары жұмысшылардың күйуден, уланудан, өндірістік жарақаттан электр тогынан өрт шығуынан, ыстық, жарықтың тағы басқа заттардан тиетін зиянды әсерлерден сақталуға арналған болып табылады. Сондай-ақ түрлі жұқпалы мамандық ауруларынан сақтайды. Жеке қорғаныс бұйымдарының жалпы ұжымдық қорғаныс бұйымдарынан ерекшелігі әрбір адамды бөлек түрлі жағдайдан қорғайды. Әрбір жұмыстың бағытына қарай олар тыныс алу жолдарын қорғау, көру, есіту мүшелері, сондай-ақ тері және бүтін ағзаны қорғау болып бөлінеді.
Слайд 9
Өндірістік авария Қауіпті өндірістік фактор Өнеркәсіптік қауіпсіздік Техникалық құрылғы
Последний слайд презентации: Жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігіне оқыту және еңбек қорғау бойынша нұсқаунама: Қорытынды
Еңбек қорғаудың негізгі міндеті — заң актілері жүйелерін және оларға сәйкес әлеуметтік - экономикалық, техникалық, тазалық сақтау және ұйымдастыру шараларын талдап, орындау болып табылады, мұның бәрі еңбек процесі кезінде денсаулық сақтау қауіпсіздігін және еңбек қабілеттілігін қамтамасыз етеді.