Первый слайд презентации: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен құралымдардың Ішкі қызмет Жарғысы
Слайд 2
1. Сабақтың мақсаты : Білімгерлерге ә скери қызметшілер және олардың өзара қарым-қатынастары н ұғындыру. 2. Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Взвод командирі білімгерлерді сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, білімгерлердің сырт көрінісін тексеру. ә ) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі : 1. ҚР ҚК, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары дегеніміз не? 2. ҚР ҚК жалпыәскери жарғыларының талаптары қандай қағидаттарға құрылған? 3. ҚР ҚК Ішкі қызмет жарғысының жалпы мазмұнын сипаттаңдар. 4. Тәртіптік жарғы ҚР ҚК әскери қызметшілеріне қандай талаптар қояды? 5. Гарнизондық және қарауылдық қызметтерін ұйымдастыру мен атқару мәселелері қандай жарғыда белгіленген? 6. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай? Әскери қызметшілер және олардың өзара қарым-қатынастары
Слайд 3
Командирлер ( бастықтар ) мен бағыныстылар, аға және кіші шенділер, олардың құқығы мен міндеттері Дара басшылық Қарулы күштерді құрудың оны басқарудың және әскери қызметкерлер арасындағы қарым - қатынастың негізгі қағи дасы болып табылады. Ол командирдің бағы ныстыларға қарағанда белгілі бір құқық тарға ие болуымен және әскери бөлімнің бөлімшенің, әрбір әскери қызметшінің қызметі мен өмірі үшін мемлекет тарапынан арнайы жауапкершілік жүктелуімен белгіленеді. Дара басшылық командир ( бастық ) құқығындағы оқиғаның жан - жақты талқылауынан кейін жеке шешім шығару, заңнама, жалпыәскери жарғы талаптары негізінде бүйрық беру және оның орындалуын қадағалау барысында көрінеді. Бұйрықты талқылауға жол берілмейді, ал бұйрыққа бағынбау немесе басқа да себеп термен бұйрықтың жүзеге аспауы әскери қыл мыс болып есептеледі. Қарулы Күштерде бағыныстылық қыз меттік жағдаймен айқындалады. Әскери қызметшілер және олардың өзара қарым-қатынастары
Слайд 4
Бастықтың бағыныстыға бұйрық беруге және оның орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Командир бағынысты үшін әдептілік пен ұстамдылықтың үлгісі болуға тиіс. Адамдық қадір - қасиетін қорлайтын іс - әрекеті үшін бастық жауапкершілікте болады. Бағынысты бастықтың бұйрықтарын сөзсіз орындауға міндетті. Өзінің қызметтік жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғарғы Бас қолбасшысы), азаматтық қызметкер қатарынан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басшылары, атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне сәйкес бағыныстыларға басшылық жасауды жүзеге асыратын әскери қызмет шілер бастықтар болып табылады. Бағыныстыға жақын тура бастық тікелей бастық деп аталады. Командир қызметі жөнінен өзіне бағынысты әскери қызметшілер үшін бастық болып табылады. Қызметі жөнінен уақытша болса да әскери қызметшілер бағынатын бастықтар да тікелей бастықтар болып табылады. Әскери қызметшілер және олардың өзара қарым-қатынастары
Слайд 5
Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша басқа әскери қызметшілерге қатысты олардың бастықтары немесе бағыныстылары болып табылмайтын әскери қызметшілер аға немесе кіші шенділер болып табылады. Аға шенділік әскери қызметшілердің әскери атақтарымен айқын далады. Әскери атағы бойынша аға шенділердің кіші шенділерден әскери тәртіпті, қоғамдық реттілікті, мінез - құлық қағидаларын, әскери киім киіп жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды бұзғаны үшін олардан осы жолсыздықтарды жоюды етуі тиіс. Атағы бойынша кіші шенділер аға шенділердің осы талаптарын сөзсіз орындауға міндетті. Қызметі жөнінен бағыныстылық тәртібіне байланыссыз мынадай әскери қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады: Армия генералдары – барлық әскери қызметкерлер үшін; Генерал - полковниктер, адмиралдар – барлық аға және кіші офицерлер сержанттар (старшиналар), солдаттар (матростар) үшін; генерал - лейтенанттар, вице - адмиралдар, генерал - майорлар, контр - адмиралдар, полковниктер, І дәрежелі капитандар – барлық кіші офицерлер, сержанттар (старшиналар) солдаттар (матростар) үшін; офицерлер – сержанттар (старшиналар), солдаттар (матростар) үшін; сержанттар (старшиналар) - сол әскери бөлімдегі солдаттар мен матростар үшін. Әскери қызметшілер және олардың өзара қарым-қатынастары
Слайд 6
Бір - біріне бағынбайтын әскери қызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған кезде, олардың қызметтік өзара қарым - қатынасын командир (бастық) айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады. Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез – құлқы. Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылық пен ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір - қасиетін қорғауға және басқалардың қадір - қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез - құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда, Қарулы Күштердің ар - абыройы туралы пікір айтылатынын есте ұстауы тиіс. Әскери қызметшілердің арасындағы қарым - қатынас өзара сыйластық негізінде құрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір - біріне «сіз» деп тіл қатуға тиіс. Өзара жеке қатысу кезінде әскери атақ, әскерлердің түрі немесе қызметі көрсетілмей аталады. Бастықтар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныстылар мен кіші шенділерге тіл қатқанда, оларды әскери атағы мен әскер түрі бо йынша немесе атағы бойынша ғана айтады. Мысалы: «Қатардағы Омаров (Омарова)», «Қатардағы сарбаз», «Сержант Қалиев (Қалиева)», «Сержант» т.б. Бағыныштылар мен кіші шендегілер қызмет бабымен бастықтар мен аға шендiге тіл қатқан кезде оларды атағының соңына мырза» деген сөзді қосып, әскери атағы бойынша атайды. Мысалы: «Бірінші сыныпты сержант мырза». Әскери қызметшілер және олардың өзара қарым-қатынастары
Слайд 7
Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ сержанттық құрамын, курсанттарын (тыңдаушыларын), сондай - ақ оқу - әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) курсанттарын, оларға тіл қатқан кезде тегін қосып, «курсант» деп немесе «курсант мырза» деп атау керек. Бастықтар мен старшиналарға жүгіну Өздеріне бастық немесе аға шенді тіл қатқан кезде, әскери қыз метшілер, сырқаттарды қоспағанда, саптағыдай тіктеліп, өздерін таныс тырады: лауазымын, әскери атағы мен тегін атайды. Қол алысқан кезде аға шендегісі қолын бірінші болып береді. Егер аға шенді қолғапсыз болса, кіші шенді қол алысу алдында оң қолынан қолғабын шешеді. Баскиімсіз әскери қызметшілер қол алысумен қоса басын жеңіл иеді. Әскери қызметшілер саптан тыс бір - біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойынша да тіл қатыса алады. Жоғары шенді командир (бастық) жанында тұрғанда жауынгерлер бір бірімен тек рұқсат сұрау арқылы сөйлеседі. Мысалы: «Лейтенант мырза, қатардағы жауынгер Абдуллинмен сөйлесуге рұқсат етіңіз». Әскери қызметшілер бейбіт тұрғындармен, әсіресе қарт адамдар, әйелдер және балалармен сөйлескенде мейлінше сыпайы болғаны аб зал. Сондай - ақ ол табиғи және техногенді апаттар, өрт т.б. қайғылы оқиғалар кезінде бейбіт тұрғындарға көмек беруге міндетті. Әскери қызметшілер және олардың өзара қарым-қатынастары
Слайд 8
Әскери атақтарды бұрмалау, әдепсіз сөздерді, лақап және мазақ аттарды, дөрекі және жүрдім - бардым сөйлесу әскери ар - намыс пен әскери қызметшілердің қадір - қасиеті ұғымына сай келмейді. Бұйрық, оны беру және орындау тәртібі. Бұйрық – бұл командирдің ( бастықтың ) қызмет бойынша қандай да бір іс - әрекетті орындау немесе тоқтату туралы талабы. Бұйрық жазбаша, ауызша немесе байланыстың техникалық құрал дары арқылы бір әскери қызметшіге, әскери қызметшілер тобына не месе әскери бөлімге берілуі мүмкін. Жазбаша бұйрық әскери бөлімдер командирлерінің дара басшылық құқығы кезінде шығарылатын әскери басқарманың негізгі өкімдік қызметтік құжат (құқықтық акт) болып табылады. Жазбаша бұйрықтар беру құқығына әскери бөлімнің және одан жоғары тұрған командирлер ие. Ауызша бұйрықтарды барлық командирлер ( бастықтар ) береді. Әскери қызметшілер және олардың өзара қарым-қатынастары
Слайд 9
Бұйрық қысқа және түсінікті тұжырымдалуы, екіұдай түсіндірілмеуі, бағыныстыда күмән туындатпауы тиіс. Командир берілген бұйрық және оның салдарлары үшін, сондай - ақ берілетін бұйрықта билігін асыра және теріс мақсатқа пайдаланғаны және оның орындалуы бойынша іс - шаралар қабылдамағандығы үшін жауапты болады. Әскери қызмет міндеттерін орындауға қатысы жоқ немесе Қазақстан Республикасы Заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар беруге жол берілмейді. Бұйрықтар бағыныстылық тәртібімен беріледі. Қажет болған кезде шені үлкен бастық бағыныстыға оның тікелей бастығын айналып өтіп, бұйрық беруі мүмкін. Мұндай жағдайда бағынысты бұл туралы өзінің тікелей бастығына баянат жасайды, ал тікелей бастық шені үлкен бастық талаптарының орындалу тәртібін бақылауға қажет болған кезде бағыныстыға бұйрықтың орындалуына көмек көрсетуге міндетті. Командирдің (бастықтың ) бұйрығы мүлтіксіз, дәл және мерзімінде орындалуы тиіс. Әскери қызметші бұйрықты алған кезде: «Құп болады!» деп жауап береді, бұдан кейін оны орындайды. Әскери қызметшілер және олардың өзара қарым-қатынастары
Слайд 10
Командир (бастық) бұйрық берердің алдында мән - жайды жан - жақты бағалауға және оның орындалуын қамтамасыз ету бойынша іс - шаралар қабылдауға міндетті. Бұдан кейін командир (бастық) бұйрықтың орын далуына бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Бұйрық қысқа және түсінікті тұжырымдалуы, екіұдай түсіндірілмеуі, бағыныстыда күмән туындатпауы тиіс. Командир берілген бұйрық және оның салдарлары үшін, сондай - ақ берілетін бұйрықта билігін асыра және теріс мақсатқа пайдаланғаны және оның орындалуы бойынша іс - шаралар қабылдамағандығы үшін жауапты болады. Әскери қызмет міндеттерін орындауға қатысы жоқ немесе Қазақстан Республикасы Заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар беруге жол берілмейді. Бұйрықтар бағыныстылық тәртібімен беріледі. Қажет болған кезде шені үлкен бастық бағыныстыға оның тікелей бастығын айналып өтіп, бұйрық беруі мүмкін. Мұндай жағдайда бағынысты бұл туралы өзінің тікелей бастығына баянат жасайды, ал тікелей бастық шені үлкен бастық талаптарының орындалу тәртібін бақылауға қажет болған кезде бағыныстыға бұйрықтың орындалуына көмек көрсетуге міндетті. Командирдің (бастықтың) бұйрығы мүлтіксіз, дәл және мерзімінде орындалуы тиіс. Әскери қызметші бұйрықты алған кезде: «Құп болады!» деп жауап береді, бұдан кейін оны орындайды. Әскери қызметшілер және олардың өзара қарым-қатынастары
Слайд 11
Командир (бастық) өзі берген бұйрықтың дұрыс түсінікті болуы на көз жеткізу мақсатында оны қысқаша қайталауды талап етуі, ал бұйрық алған әскери қызметші командирден (бастықтан) бұйрықты қайталауды өтінуі мүмкін. Әскери қызметші алған бұйрықтың орындалуы туралы бұйрықты берген бастыққа және өзінің тікелей бастығына баяндауға міндетті. Командирдің (бастықтың) әдейі берген заңсыз бұйрығын алған бағынысты егер ол заңнамаға айқын қарама - қайшы болса, бұйрық берген командирдің (бастықтың) жоғары тұрған командиріне (бастығына) бұл туралы баяндауға және нақтыланған бұйрықты орындауға міндетті. Заңсыз бұйрықты немесе екімді орындау кезінде қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған әскери қызметші жалпы негіздерде қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындамау қылмыстық жауапкершіліктен босатады. Әскери қызметшілер және олардың өзара қарым-қатынастары
Слайд 12
Егер бұйрықты орындаушы әскери қызметші қызмет жағдайы бойынша шені жоғары бастықтан бірінші бұйрықты орындауға бөгет келтіретін жаңа бұйрық алса, ол бұл туралы екінші бұйрықты берген бастыққа баяндайды және оның мақұлдауы жағдайында, соңғы бұй рықты орындайды. Жаңа бұйрық беруші бұл туралы бірінші бұйрықты берген бастыққа хабарлауға міндетті. Әскери қызметші өзіне қойылған міндетті ойдағыдай орындау мақсатында өз бетінше ақылға қонымды шешім қабылдауға міндетті. Мән - жайға байланысты әскери қызметші шұғыл әрекет етуге мәжбүр болған жағдайда ғана өздігінен шешім қабылдауға болады. Әскери қызметшілер және олардың өзара қарым-қатынастары
Слайд 13
в) Қорытынды бөлім : Сұрақтар: 1. Әскери қызметшілердің және мінез - құлқы туралы әңгімелеңдер. 2. Кімдерді бастық және бағынысты, үлкен шенді, кіші шенді деп атайды? 3. Бастықтар қандай құқықтарға. 4. Бастықтардың бұйрықтарын орындау бойынша бағыныстылардың міндеттері қандай? 5. Бұйрықтар қалай беріледі? 6. Бұйрықты орындау тәртібі туралы баяндаңдар. 7. Қандай жағдайларда өздігінен ақылға қонымды әрекет ету қажет? Әскери қызметшілер және олардың өзара қарым-қатынастары
Слайд 14
Тапсырма: 1. Үлкендерге және кішілерге жүгінудің мынадай нұсқаларын іс - тәжірибеде қарастыруды ұсынамыз. 1 - мысал. Сіз қатардағы жауынгерсіз, сержант Омаровқа жүгiнiңіз. 2 - мысал. Сіз қатардағы жауынгерсіз, сержант Омаровқа ол лейтенантпен сөйлесіп тұрған сәтте жүгініңіз. 3 - мысал. Сіз сержантсыз, қатардағы жауынгер Омаровқа жүгiнiңіз. 2. Әскери қызметшілердің әскери бойынша бағыныстылық тәртібін көрсетіп, сызбаны дәптерде толтырыңдар. Бастықтар (үлкендер) Бағыныстылар (кішілер ) Армия генералы Генерал полковниктер, адмиралдар Әскери қызметшілер және олардың өзара қарым-қатынастары
Последний слайд презентации: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен құралымдардың
Генерал - лейтенаттар, вице - адмиралдар, генерал - майорлар, контр - адмиралдар, полковниктер, 1 дәрежелі капитандар Офицерлер Сержанттар Әскери қызметшілер және олардың өзара қарым-қатынастары