Слайд 2: Үйлену Тойы
Үйлену Тойы — жігіттің некелесуіне байланысты өз үйінде ұйымдастыратын той-думаны. “ Үйлену ” деген атау еркектің әйел алып үйлі болуына, жеке түтін түтетіп, отау тігуіне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келе жатқан өзіндік салт-дәстүрлері бар. Үйлену тойы алдында құда түсіп, жаушы жіберген. Құда түсу, ұрын тойын өткізген. Қалың малын алып, жасауын берген. Қыз ұзату тойынан кейін Үйлену тойы, яғни келін түсіру тойы өткізілген. Ауыл адамдары жүкті түсіріп, ақ отауды әке үйінің оң жағына тігеді. Мұнда жас отау шаңырағын көтеруге балалы-шағалы, төңірекке жақсы атағы жайылған салиқалы ана таңдалады. Отау дайын болған соң, ауыл шетінде хабар күтіп тұрған келінді шымылдықпен бүркемелеп, ана-енесінің үйіне түсіреді. Келінді қарсы алған қыз-келіншектерге түрлі сыйлықтар ( жүзік, білезік, т.б.) үлестіріледі. Қонақтарға табақ тартылып, ақсақалдар бата бергенде ақ отауға сыбаға жіберіледі. Жас келін оны сәлем етіп қабылдайды. Беташардан соң сауық-сайран басталады. Тойдан соң құдаларға киіт кигізіп, ат мінгізіп құрметпен шығарып салады.
Слайд 3
Ұл бала ер жетіп, қыз баласы бойжеткен шақта әрбір ата-ана « ұлын ұяға, қызын қияға қондыруды » ниет етеді. Қадым замандарда қазақ қыз баланы 13-14 жасында, ұл баланы 14-15 жасында үйлендіретін болған. Үйлену салтының осы аталған дәстүрлі бітімі негізінен ХХ ғасырдың орта шеніне дейін некен-саяқ сақталып келді. ХХ ғасырдың соңғы ширегіне дейін жастар 20-25 жас аралығында үйленіп тұрмыс құратын болып келсе, соңғы ондаған жылдар ішінде некелесу 28-30 жасқа дейін ұзарып келе жатқаны байқалуда
Слайд 4
Қазақ халқында құда түсу, келін түсіру салты өте маңызды саналып, асқан жауапкершілікпен атқарылады. Сондықтан, ақылдаса отырып, қазақтың салт-дәстүрі бойынша "қыз көру" немесе "жар таңдау " ғұрпы жасалады. Кейбір жерлерде " жаушы жіберу " деген ертеден келе жатқан дәстүр бар. Жаушы қыздың әке-шешесімен сөйлесіп, бойжеткенге құда түсіп, "қыз айттыру " дәстүрін орындайды. "Құда түсу" дәстүрі осы кезде белгіленеді. Осыдан кейін, жігіт жағы "құда түсуге", ал қыз жағы " қыз ұзатуға " дайындық жасайды.
Слайд 5: Құдалықтың да бірнеше түрі бар
Мәслен, екі кісінің достықтары артып, туыс болғысы келсе, балалы болмай жатып, құда болысады. Бұл құдалықтың түрі - "бел құда " деп аталады. Құдалықтың тағы бір түрі - " бесік құда". Екі нәрестені бесікте жатқан кезінен айттырып қояды. Бесікте жатқан қызға сырға салу дәстүрі қалыптасқан. Қыз бойжеткенде, ұл жағы аттастырып қойған қызға құда түсіп келеді. Бұндай құдалықтың бір түрі - қыз бойжеткенде ұл жақ сырға тағып, құда түседіҚұдалар саны мен алып баратын қалың малы әр жердің өз салтына байланысты.
Слайд 6
Жігіттің ата-анасы болашақ келіндерінің ата-анасының алдынан өткеннен кейін қалыңдығын алып кетуге күйеу жігіт келеді. Сол кезде екі жасқа арналып ақ отау тігіледі. Ақ отауды тігу үстінде мынандай дәстүрлі рәсімдер жүзеге асырылады : 1. Құдай жолы ; 2. Кереге керер ; 3. Шаңырақ көтерер; 4. Уық шаншар ; 5. Туырлық жабар ; 6. Түндік жабар ; 7. Үзік жабар ; 8. Бау-шу байлар ; 9. Отау байғазысы; 10. Мойын ұсынар.
Слайд 7: Отауға түсу
Түн ортасы ауған кезде күйеу жігіт пен қалыңдық отауда оңаша кездеседі. Мұны «Отауға түсу» деп атайды. Қыз жеңешелері қалыңдық пен күйеуге арнап төсек дайындайды, көрпе үстіне ақ шүберек ( неке жаулық ) салады, тілеуін тілеп екі жасты бөлек қалдырады.
Слайд 8: Қыз жасауы
Қазақта ұзатылатын қызға жасау беріледі. Қыз жасауы тоғыз түрлі. Олар мынандай : Ақ отау. Екі үзік, екі туырлық, бір түндік. Көрпе-төсек. Ағаш төсек, құс төсек, көрпе-жастық, төсеніш көрпе, құрақ көрпе, жүкаяқ, сандық, жағлан. егеу, ине, біз, үскі, талыс және т.б. Төсеніш. Бірнеше текемет, сырмақ, откиіз, 4-5 алаша, 2-3 кілем. Киім-кешек. Әрқайсысы тоғыздан тон, ішік, көйлек-көншек, шапан, қамзол, бешпент. Ыдыс-аяқ. Қазан-ошақ, құман, саба, торсық, шара, шөміш, ожау, қасық, тос-таған, күбі, келі, кебеже, асадал, саптыаяқ, тегене. Қару-жарақ. Ер-тұрман, садақ, берік сауыт, қалқан, берен қылыш. Көлік және сауын малы. Әр түлік бойынша бір-бір мал. Сойыс малы. Сойыс малы бір, бір жарым жылға мөлшерлеп беріледі. Құрал-жабдықтар. Балта, шот, балға, ара,
Слайд 9
Құдаларды арнайы дайындаған дасарқанға жайғастырып отырғызады. Дастарқан басында орындалатын кезекті кәделер бар. "Сыбаға беру" кәдесін жасап, табақ тартылады. Оны да құдалар ақысын беріп, сатып алады. Сыбағаны тарту еткен әйелдер алған ақыларын өзара бөлісіп жатады. Кей жерлерде " Есік ашар " кәдесін құдалар орындайды. Жекжат болып жатқандарының құрметіне сыйлағандарын білдіріп, түрлі сыйлықтарымен келеді. "Малға бата жасау " кәдесін құдалар алдына әкелген соң, " табақ саларын " береді. Оны табақ әкелгендер өзара бөлісіп алады. Құдалар жағына той бастау ұсынылады. Сыйлықтар мен жыртыстары бар табақты той бастайтын құдаға немесе құдағиға ұсынады. "Той бастар " кәдесі осы жерде жасалады. Оны өздерінің тілектерімен немесе өлеңмен бастайды. Құдаларға арнап өлеңдер айтып, тілектер тілейді. Кейбір жерлерде тойды ауыл әйелдері бастайды. Әр түрлі той әндері айтылады.
Слайд 10
Той үстінде құдалардың осы тойын қызықты өткізетін бір дәстүр - " құйрық-бауыр асату ". Құйрық бауыр асатудың мағынасы: "Құйрықтай тәтті, бауырдай жақын болайық" дегенді білдіреді. Бұл дәстүр құда болудың белгісі. "Құйрық бауыр " асатқан келіншектер алған кәделерін бөліседі. Той кезінде құдаларға сыйлы табақтар тартылады. Асықты жілік, жамбас, сияқты сыйлы мүшелер салынған табақтарды ұсынғанда, " сый табақ" кәдесін алады. Сондай-ақ, «көпшік қыстырар», « шашу », « киім ілу », «табалдырық кәдесі», «суға тотығу» сынды салт-дәстүрлер де орындалатын болған.
Слайд 11
. «Той десе, қу бас та домалайды » демекші, ертесіне ат жалын тартып мінген жастан еңкейген кәріге дейін тойлы ауылға жиналады. Қымыз ішіліп, сыбағалы табақтар тартылған соң, кезек балуандар күресіне беріледі. Күрес арты көкпарға ұласып, кешке таман түрлі өнердің тиегі ағытылады. Жастар таң атқанша ойын-сауық құрады. « Балтам тап», «Хан», « Көрші », « Мыршым » секілді ойындар ойналады.
Қызды алуға құда жақтан бес не жеті ( тақ санмен ), кейде одан да көп адам келеді. Мұның ішінде бас құда, құдалар және күйеу жігіт пен күйеу жолдас болады. Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанда тек ер адамдар барады. Құдалар, әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын сауық, құдалық рәсімдер мен кәде-жоралар жаслады. Жақын адамдар (ағайын-туыс, көрші-қолаң ) құдаларды үйіне шақырады. Ұзатылған қызды, дәстүр бойынша, таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында «Қоштасу жырын », «Жар-жар», « Ау-жар », « Аушадияр » айтылады. «Алтыбақан» тебіліп, «ақсүйек», «айгөлек» ойындары ойналады.
Слайд 13
Соңғы күні ұзатылар қыз үй-үйді аралап жүріп, ел-жұртымен қоштасады. Бұған қыз туыстары дайындалып,әрқайсысы өз дастарқанынан дәм татқызады. Әрбір үй қызға көзіндей көріп жүру үшін « танысу » деп аталатын сыйлықтар ұсынады. Ұзату тойынан соң қыздың жасауы көрсетіледі. Қыз аттанарда қимас ата-анасы, туған-туыстары, қасиетті ел-жұрты, атамекен, құрбы-құрдастарымен қоштасып, «сыңсу» айтады. Аттанар алдында қызға күштеп сәуеле кигізеді. Қалыңдық пен күйеуге күміс ер тұрманды, үкіленіп қызыл шұғамен жабуланған жорғалар, қыз шешесіне жайлы көлік дайындалады. Қалыңдық көшіне қыз шешесімен бірге, екі жеңгесі және қосшы жігіт ереді.