Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы — презентация
logo
Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Қазақтың ұлттық қолөнері Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер
  • Сондықтан да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек. Бір кезде тасқа, ағашқа, сүйекке түсірілген
  • Ою - өрнек элементтері Негізгі өрнек түрлерінен бөлек қазақ шеберлері көп қолданатын ою-өрнек элементтерінің мынадай атаулары бар: аспан әлеміндегі
  • Қазақ оюларының мазмұны мал өсірумен аңшылықты, жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін аңғартады және
  • Мұндай мүйіз тектес ою-өрнектер тізбегін Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы үйінің ішкі тіреулерінің төбесімен жалғасқан жерінен көруге болады. Мүйіз
  • Ою-өрнек арқылы халық шеберлері өз ойларын, көңіл күйін жеткізіп отырған. Жаңа ғана атап өткен элементтер ою-өрнектің көркем тілін құрайды. Оның көркем тілі
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Құрақ көрпелер көрмесі Құрақ құрау қолөнердің ерекше бір түрі. Бұрынғы кезден-ақ қазақтар тілім-тілім маталарды құрап киім, көрпе, тұрмысқа қажетті түрлі
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Жыл өткен сайын жаңа технологиялар дамып, құрақ құрау өнері әлем бойынша танылып келеді. Бүгінгі күні Ресей, Жапония, АҚШ, Германия сынды Еуропаның көптеген
  • Қазақстандағы құрақшылардың басын біріктіру, халықаралық байқауларға шығуға мүмкіндік жасау,  қазақтың ертеден келе жатқан ерекше қолөнеріне жастардың назарын
  • Кривец Н. "Қазақ жәдігерлері"
  • Портала Н., Чеснова О. "Шаңырақ"
  • Портала Н., Чеснова О. " Керуен "
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Портала Н. "Дүние жасау "
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Радуга Т. "Қарияның әндері"
  • Кәрімова Ә. "Түсті бастаулар "
  • Узбекова Ә. "Сахаралық себептер "
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Портала Н., Чеснова О. "Алтын ою "
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Кап Бұлбұл " Гүлдер " Төлебаева А. "Құрақ көрпе"
  • Павлова Татьяна " Алма "
  • Максим Белов " Алма "
  • Кищенко София " Алма "
  • Бородулина Л. "Ас үйлік " Муханова Людмила " Алма "
  • Янченко Людмила " Алма "
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Сабитова Софья " Алма " Кищенко Софья " Алма "
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Фусс И. "Гүл дала"
  • Майиндурова Г. "Нәзіктік"
  • Евротекстиль "Египет"
  • Фусс И. "Джинс қиял "
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Кап Бұлбұл " Қазақ стиліндегі панно"
  • Балдығұлова Б. "Баян"
  • Янченко Н. "Жазғы таң"
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Большакова М. "Сакураның гүлдеуі"
  • Кищенко С. ( Квилт-студия " Душегреечка ") Түйме жұмыстары топтамасы
  • Янченко Л. ( Квилт-студия " Душегреечка ") Түйме жұмыстары топтамасы
  • Мұқанова Л. ( Квилт-студия " Душегреечка ") Алма-Ата
  • Большакова М. "Өмірдің бұраң жолдары "
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Балдығұлова Б. "Калейдоскоп"
  • Смышляева И. "Тәңірі ұмай"
  • Кап Б. "Өмір ағашы"
  • Терлікбаева Г. "Қыш кітап "
  • Балдығұлова Б. " Жаз "
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Ою-өрнек - тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек. Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әртүрлі тәсілді қолданады. Олар :
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Қазақ қолөнері
  • Ағаш ұсталары сан алуан сүйектен ою-өрнек салынған үй жиhазын, ыдыс-аяқ әзірлеуде асқан шеберлік көрсетіп, ол үшін көгеріс геом. өрнек түрлерін пайдаланған. Ер
  • Қ. қ-нің бұл түрінен талантты ісмерлер Л.Қ.Қожықова, З.Ахметжанова, Г.Зәуірбекова, К.Ыстыбаева, Н.Тайманова, М.Есілбаева, т.б. жасаған бұйымдар ерекше көзге
  • мазмұнымен, кең құлашты идеялылығымен, жеткізбек ойының күрделілігімен айшықталды. Тыныбековпен бірге Б.Е. Зәуірбекова, Е.П. Николаева және И.З.Ярема жасаған “
  • Н.И. Павленко мен Ф. Письманның жасаған қыш бұйымдары нәзіктігімен, композициясының тапқыр шешімімен ерекшеленеді. В.Г. Попов, Ю.Г. Попов, Е.Мхитарян,
  • Сондай-ақ, Үмбетов пен Шоқпаров пішіні және дыбысталу деңгейі өте жоғары, ерекше құнды муз. аспаптар топтамасын жасады. Қ. қ. шығарм. бағыттарының әр
  • Ұстаз ұлттық қолөнерді жастарға үйретуде
  • Ақтөбелік ұстаз Гауһар Жалашева ұлттық қолөнерді дамытуға үлес қосып жүр. Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі аталған білім шаңырағында үйірме ашты. Шебер
  • Шахсанам Сексенбай, үйірмеге қатысушы: - Маған киіз үйірмесі өте қатты ұнайды, өйткені сабақтан кейін шаршағанымды басамын және өзімнің сүйікті ісіммен
  • Ә.Қастееев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы
  • Ә.Қастееев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы еліміздің ұлттық құндылығы болып табылатын   22 000 - нан астам бірінші дәрежелі эскпонаттарды сақтайды. Ұлттық
  • Кестеші жігіт
  • Кестешілік – халқымызда ежелден бар ескі өнердің бірі. Деректерге жүгінсек, байырғы сақ, ғұн, үйсін заманында кестені зерлеп, маржандап, торлап, түктеп тігу
  • Бейсенбай Болатбайұлы, кестеші жігіт : Бір көрпені үш күнде, ары кетсе төрт күнде тігемін. Басы бүтін айналысуға уақытым жоқ, сондықтан қыста, бос уақытымды
  • Біз білмейтін « біз кестенің» шеберлері
  • Кестелі сурет жасайтын шебер Зейнелхан Мұхамеджанұлы. Алматы, 7 сәуір 2013 жыл.
  • Ою-өрнек, кесте десе, ойымызға ең бірінші оралатыны – түскиіз. Бірақ қазіргі заманауи интерьерде түскиіздің орнын басқа да бейнелеу өнерінің туындылары басып
  • КЕСТЕДЕН КАРТИНА ЖАСАУ – Жоғары оқу орнында оқып жүргенімде қаны қызу жас ұстаздарым болды. Олар бейнелеу өнеріне келген адам ұлттық құндылықты заман талабына
  • Көнеден келе жатқан дәстүрлі өнерді қазіргі заманғы кәсіби деңгейге шығаруды арман еткен суретші кестенің әлі де ашылмаған мүмкіндіктері көп деп есептейді. –
  • Шебердің сөзінше, кесте өнерімен айналысатын адамдар аз болғанымен қызығатын адам көбейген. Бірақ біз кестені кәсіби деңгейге көтеру үшін бейнелеу өнерінің
  • «КЕСТЕЛЕУ ӨНЕРІ ТӨЗІМДІ ТАЛАП ЕТЕДІ» Ал « Дарын » мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, суретші Гүлназым Өмірзаққызы Астана қаласындағы Менеджмент және бизнес
  • Суретші Гүлназым Өмірзаққызы өз шеберханасында. Жеке мұрағаттағы фото.
  • – Ұлттық бренд болатындай құндылықтарымыз басқа елдердің еншісінде кетіп жатқанын көріп жүрміз. Енді кестеден айырылып қалмайық деп барымды салып жұмыс
  • ОТБАСЫЛЫҚ ЖОБА Белгілі өнертанушылар «қазақ бейнелеу өнерінің жаңа ағымын қалыптастырушы» деп бағалаған суретші Өмірзақ  Рыстанұлы «дәстүрлі өнер – жаһандану
  • Қылқалам шебері Өмірзақ Рыстанұлы. Алматы, 6 сәуір 2013 жыл.
  • – Өнерде әркімнің өз үні болады.  Өң таңдаудағы стиль деген бар. Мысалға, біреуіміз жұмсақ түсті ұнатсақ, екіншіміз ашық түстерді жақсы көреміз. Сызу стилі,
  • «БЕЙНЕЛЕУ ӘН МЕН БИДІҢ ТАСАСЫНДА ҚАЛДЫ» Азаттық тілшісі өнертанушы жастардың пікірін білмек мақсатпен Қастеев атындағы мұражайға барған еді. Дәстүрлі қол өнері
  • Өнертанушы Гүлнәр Жұманиязова. Алматы, 9 сәуір 2013 жыл.
  • – Қолөнер жәрмеңкесінен осы кестеленген суреттің дәптердей пішіндегісін көрдім. Бағасын қызығып сұрағанымда 10-15 мың теңге аралығында болған. Ал осындай үлкен
  • Жалғыз қолды тігінші
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Күлән апа тігіншілік өнерді алғаш әжесінен үйреніпті. Кейін анасы да қызын осы іске бейімдесе керек. Қазір Күлән апа 88 жастағы анасы екеуінің басы қосылса,
  • Қиындық құрсауына шырмалған шақта Күлән апаға туыстары қолдау көрсетіпті. Кейін балалары үй тірлігіне үйреніп, қолғабыс танытқан. «Қолымнан айырылған кезде
  • Артиндустрия артта қалмақ емес....
  • Мәдениеттің түп негізі, мәйегі – халықтың қолданбалы сәндік қолөнер туындылары. Көрер көзге әсем туындылар адамның еңбек қабілетін, ой-санасын жетілдіріп,
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Көрмеге қойылған қолөнер жұмыстары жоғары сапасымен, өзіндік орындалу шеберлігімен және төлтумалығымен ерекшеленеді. Сондықтан да олар көпшілік арасында
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • – Мен кәсіби фотограф емеспін, фотоға түсіру менің хоббиім. Мен әлемнің әр түкпірінде түсірген суреттерімді осы көрмеге қойып отырмын. Камчатка, Африка, Чили,
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Көрме барысында фотограф Александр Ерғазиннің фото-форумдарына, «ВТ» театрның жетекшісі Айгүл Сұлтанбекованың авторлық трренингтеріне, суретшілер мен
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • Ирина СҰЛТАНОВА, қолөнерші: – Менің негізігі мамандығым тігінші. 1996 жылдан бастап арнайы курстар оқып,  сәндік бұйымдар жасаумен айналыса батсадым. Мен
  • Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы
  • « Артиндустрия » көрмесінің ерекшелігі мұнда қазіргі заманға лайықталған көлөнер тундыларын көруге, оларды жасап үйренуге, сатып алуға болады. Қазіргі таңда
  • Назар аудар ғандарыңызға рахмет !
1/106

Первый слайд презентации: Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы

Қазақтың ұлттық қолөнері Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы

Изображение слайда

Слайд 2: Қазақтың ұлттық қолөнері Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман - ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері. Қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі

Изображение слайда

Слайд 3: Сондықтан да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек. Бір кезде тасқа, ағашқа, сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғартып, біліп отырған. Бұдан ою-өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады. Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрп салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен. Сәлемдемеде жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт болған. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ою-өрнек тарихына ой жіберсек, көп мағлұмат аламыз, даму кезеңдерін байқаймыз, уақыт өткен сайын жетіле бергенін көреміз. Сонымен, ою-өрнек дегеніміз геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді құрылуы

Изображение слайда

Слайд 5: Қазақ оюларының мазмұны мал өсірумен аңшылықты, жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін аңғартады және бәріндеде мүйіз оюы үнемі араласып отырады. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, ең көп түрі және әр түрлі мәндер жасауда жиі қолданылатын мүйіз тектес оюлар. Ғалымдардың анықтауынша, ол ежелгі өрнек, сондықтан онда көбінесе мал шаруашылығы мен көшпелі өмір салты бейнеленген. Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсақ зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау, қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады. Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, толықтырады да құлпырған әдемі де мазмұнды композиция жасайды

Изображение слайда

Слайд 6: Мұндай мүйіз тектес ою-өрнектер тізбегін Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы үйінің ішкі тіреулерінің төбесімен жалғасқан жерінен көруге болады. Мүйіз тектес ою-өрнектерді бұрын-сонды зерттеуші ғалымдардың барлығы бұл өрнектердің негізі қойдың, арқардың, ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін бейнелеуден шыққан деп түйеді. Шеберлер жаңа ою-өрнектерін тұрмыс-тіршілігіне, өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап отырған. Мысалы, халқымыздың көне бұйымдарындағы ою-өрнектер сәнділігімен қатар сол бұйымдардың жеңіл, әрі берік болу жағын қарастырған. Оның үстіне әрбір жануар мен заттың өз бойында қасиеттеріне қарай тақырыптық мағынасы композициясы, симметриясымен асимметриясы, колоритімен ритмі, сондай-ақ оған арналған философиялық мәні де байқалады. Композиция дегеніміз латынның ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру деген сөзі. Мысалы ою-өрнек кесеге салынатын болса, ол үлкен де, кіші де болмай, асқан дәлдікпен жарасым табу керек. Жалпы қазақ халқының оюлары Орта өрнектерімен салыстырғанда композиция қарапайымдылығымен, бояу түсінің ұстамдылығымен, формаларымен ерекшеленеді

Изображение слайда

Слайд 7: Ою-өрнек арқылы халық шеберлері өз ойларын, көңіл күйін жеткізіп отырған. Жаңа ғана атап өткен элементтер ою-өрнектің көркем тілін құрайды. Оның көркем тілі бейнелеу өнеріндегідей бояу түсіне, олардың үндестігіне, сызықтар ырғағына, жарық қатынасына байланысты. Сол секілді ою-өрнектер басты элементтерінің бірі-бояу түсінің де орналасу реті бар. Бояу түстері ырғақты үндестігімен әуенді үйлесіміне байланысты бейнелеу өнеріне жақындайды деп айтуымызға болады. Әр бояу түстерінің үйлесімді шешімдерінен көшпелілердің өмір туралы түсінігі әлеуметтік және ұлттық ерекшеліктері, олардың қуаныштары мен күйініштері көрінеді. Халық шеберлері ырғақты сызықтар үйлесімді бояу түсі айқын формалары арқылы ешқандай перспектива мен жарық қатынастарынсыз-ақ көз қуантарлықтай тамаша өнер шығармаларын тудырған. Осыған орай ою-өрнектердің көркем шешімі оны поэзияға жақындатады дейміз. Ою-өрнектердің бояу түсі шын дүниенің көшірмесі емес,оның шартты ұғымын ғана білдіреді. Қай жағдайда да ою-өрнектегі тұтастық сақталып отырған. Композициядағы тепе-теңдікті, тұтастықпен жинақылықты қайта өрлеу дәуіріндегі классикалық шығармалармен салыстыруға болады

Изображение слайда

Слайд 8

Изображение слайда

Слайд 9: Құрақ көрпелер көрмесі Құрақ құрау қолөнердің ерекше бір түрі. Бұрынғы кезден-ақ қазақтар тілім-тілім маталарды құрап киім, көрпе, тұрмысқа қажетті түрлі дүниелерді жасайтын. Құрақ жабдықтар тек әдемілік үшін ғана жасалған емес. Ертеден сиқырлы күштерге сенетін қазақтар құрақтан тігілген заттар да оның   иесін тіл-көзден сақтап, үйіне бақыт алып келетіндігіне сенген. Ал ең бастысы, құрақ-құрақ бұйымдар отбасының татулығын сақтап, ру мен ру, тайпа мен тайпа арасындағы адамдардың бірлігін нығайтатындығына нанған

Изображение слайда

Слайд 10

Көрменің өткізілетін уақыты : 4-19 тамыз 2012 жыл Адресі : Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы, Сәтбаев көшесі, 30а.

Изображение слайда

Слайд 11: Жыл өткен сайын жаңа технологиялар дамып, құрақ құрау өнері әлем бойынша танылып келеді. Бүгінгі күні Ресей, Жапония, АҚШ, Германия сынды Еуропаның көптеген елдерінде құрақ құрау ассоциациялары белсенді жұмыс істеуде

Изображение слайда

Слайд 12: Қазақстандағы құрақшылардың басын біріктіру, халықаралық байқауларға шығуға мүмкіндік жасау,  қазақтың ертеден келе жатқан ерекше қолөнеріне жастардың назарын аударту мақсатында Қазақстан құрақ құрау шеберлерінің ассоциациясы «Бастауларға саяхат » деп аталатын Республикалық 3-ші байқау ұйымдастырған болатын. Бұл байқауда еліміздегі құрақ құраудың нағыз шеберлері мен өнердің осы түрін өзіне серік еткен құрақшылар туындыларын көрермендер назарына паш етті. Байқаудан өтті, он саусағынан өнері тамған шеберлер өз еншілерін алды. Ал олардың   ғажап туындыларын Ә. Қастеев атындағы мұражайдан тамыз айының 19-шы жұлдызына дейін тамашалай аласыздар. Төменде көрмеге ұсынылған туындылар

Изображение слайда

Слайд 13: Кривец Н. "Қазақ жәдігерлері"

Изображение слайда

Слайд 14: Портала Н., Чеснова О. "Шаңырақ"

Изображение слайда

Слайд 15: Портала Н., Чеснова О. " Керуен "

Изображение слайда

Слайд 16

Изображение слайда

Слайд 17: Портала Н. "Дүние жасау "

Изображение слайда

Слайд 18

Изображение слайда

Слайд 19: Радуга Т. "Қарияның әндері"

Изображение слайда

Слайд 20: Кәрімова Ә. "Түсті бастаулар "

Изображение слайда

Слайд 21: Узбекова Ә. "Сахаралық себептер "

Изображение слайда

Слайд 22

Изображение слайда

Слайд 23: Портала Н., Чеснова О. "Алтын ою "

Изображение слайда

Слайд 24

Изображение слайда

Слайд 25: Кап Бұлбұл " Гүлдер " Төлебаева А. "Құрақ көрпе"

Изображение слайда

Слайд 26: Павлова Татьяна " Алма "

Изображение слайда

Слайд 27: Максим Белов " Алма "

Изображение слайда

Слайд 28: Кищенко София " Алма "

Изображение слайда

Слайд 29: Бородулина Л. "Ас үйлік " Муханова Людмила " Алма "

Изображение слайда

Слайд 30: Янченко Людмила " Алма "

Изображение слайда

Слайд 31

Изображение слайда

Слайд 32: Сабитова Софья " Алма " Кищенко Софья " Алма "

Изображение слайда

Слайд 33

Изображение слайда

Слайд 34: Фусс И. "Гүл дала"

Изображение слайда

Слайд 35: Майиндурова Г. "Нәзіктік"

Изображение слайда

Слайд 36: Евротекстиль "Египет"

Изображение слайда

Слайд 37: Фусс И. "Джинс қиял "

Изображение слайда

Слайд 38

Изображение слайда

Слайд 39: Кап Бұлбұл " Қазақ стиліндегі панно"

Изображение слайда

Слайд 40: Балдығұлова Б. "Баян"

Изображение слайда

Слайд 41: Янченко Н. "Жазғы таң"

Изображение слайда

Слайд 42

Изображение слайда

Слайд 43: Большакова М. "Сакураның гүлдеуі"

Изображение слайда

Слайд 44: Кищенко С. ( Квилт-студия " Душегреечка ") Түйме жұмыстары топтамасы

Изображение слайда

Слайд 45: Янченко Л. ( Квилт-студия " Душегреечка ") Түйме жұмыстары топтамасы

Изображение слайда

Слайд 46: Мұқанова Л. ( Квилт-студия " Душегреечка ") Алма-Ата

Изображение слайда

Слайд 47: Большакова М. "Өмірдің бұраң жолдары "

Изображение слайда

Слайд 48

Изображение слайда

Слайд 49: Балдығұлова Б. "Калейдоскоп"

Изображение слайда

Слайд 50: Смышляева И. "Тәңірі ұмай"

Изображение слайда

Слайд 51: Кап Б. "Өмір ағашы"

Изображение слайда

Слайд 52: Терлікбаева Г. "Қыш кітап "

Изображение слайда

Слайд 53: Балдығұлова Б. " Жаз "

Изображение слайда

Слайд 54

Изображение слайда

Слайд 55

Изображение слайда

Слайд 56

Изображение слайда

Слайд 57

Изображение слайда

Слайд 58

Изображение слайда

Слайд 59: Ою-өрнек - тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек. Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әртүрлі тәсілді қолданады. Олар : оймыштау, бедерлеу, шеку, қашау, тісеу, құрау тәрізді әрекеттер арқылы жүзеге асады. Әр өрнек белгілі бір бөлшектен ( элемент) құралады. Ғалымдар ою-өрнектердің 200-дей түрін анықтады. Біз халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою өрнектерді сөз етпекпіз. Ою-өрнектердің бұл тобын қазақ халқының ою-өрнектерінің төркіні десекте болады. Өйткені, барлық жаңа буындар осының негізінде жасалып, тек атаулары өзгеріп отырған. Мысалы : қошқар мүйіз, арқар мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз, төрт құлақ, түйе табан, сыңар өкше, қос алқа, құс қанаты, қаз табан, т.б. ою-өрнектердің негізгі арқауы. Осы элементтерден ою-өрнек композициясы жасалады

Изображение слайда

Слайд 60

Изображение слайда

Слайд 61: Қазақ қолөнері

Қазақ қолөнері – қолданбалы-безендіру өнерінің дәстүрлі ұлттық саласы. Тарихын тереңнен алған Қ. қ. дәстүр сабақтастығын үзбеген, рухани мәні мен мәдени құндылығын жоймаған. Қазақстан жерінде асыл тастан, сүйектен, жүннен, ағаштан, қыштан, құнды металдан, былғарыдан, саздан – қару-жарақ, құрал-сайман, үй жиhазы, т.б. тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын, түрлі сәндік қолөнер туындыларын жасаумен қатар, оларды өздерінің дүниетанымына, эстет. талғамына сай әшекейлеп, безендіру ерте замандардан дамыған. Қарағанды обл-нда Беғазы бейітінен табылған қыш сауыттар (б.з.б. 10 – 8 ғ.), атақты Қарғалы алтын тәтісі (диадема) мен сырғалар (б.з.б. 2 ғ. мен б.з. 2 ғ.), т.б. көне дүниелер – шебер мүсінделген өнер туындылары. Айша-Бибі, Ахмет Иасауи кесенелерінен, Бабажы қатын күмбезінен қазақ халқының атадан балаға мұра боп келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін ұшыратуға болады.

Изображение слайда

Слайд 62: Ағаш ұсталары сан алуан сүйектен ою-өрнек салынған үй жиhазын, ыдыс-аяқ әзірлеуде асқан шеберлік көрсетіп, ол үшін көгеріс геом. өрнек түрлерін пайдаланған. Ер адамдардың жорыққа, аңшылыққа, әйелдердің салтанатқа киетін киімдері аң-құстың бейнелері өрнектелген (күміс, алтын, металл құймалар) оюлармен безендірілген. Әшекейлер салу, кесте тігу, қалың мата (барқыт, шұға) жапсыру арқылы да жасалады. Алматы обл-ның Есік обасынан табылған (б.з.б. 6 – 5 ғ.) сак жауынгері киімі (“Алтын адам”) алтын қаптырмалармен және хайуандардың құйма бейнесімен безендірілді. Қ. қ. өзінің ғасырлар бойғы мұраларын жан-жақты игеріп, көршілес халықтар мәдениетінің озық үлгілерін бойына сіңіріп, үнемі жаңарып, үздіксіз дамытылып отырды. Сауда-саттықтың дамуына, қалалардың өркендеуіне, қала мен ауылдың айырмашылығының азаюына байланысты қолөнердің кейбір дәстүрлі түрлері (теріні, сүйекті, ағашты, кейбір металдың түрлерін көркем өңдеу) қолданудан шығып қалды. Алайда матадан, киізден жасалған тұс кілемдер, басқұрлар, тұскиіздер, т.б. киіз үйдің сәндік жасаулары бұрынғыша дами берді. 20 ғ-дың басында Қ. қ-не деген сұраныстың артуы (көркемдік кәсіпкерліктің құрылуы, Қазақстан қолөнерінің респ. мұражайының ашылуы, қолданбалы өнер бұйымдарын жинау мен насихаттаудың жақсаруы) оның дамуына зор ықпал етті

Изображение слайда

Слайд 63: Қ. қ-нің бұл түрінен талантты ісмерлер Л.Қ.Қожықова, З.Ахметжанова, Г.Зәуірбекова, К.Ыстыбаева, Н.Тайманова, М.Есілбаева, т.б. жасаған бұйымдар ерекше көзге түседі. Сүлгі, перде, төсек жапқыштарды кестелеуде қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерімен бірге сюжетті суреттерді пайдалану қатар қолданылды. Сондай-ақ, ою өнерінің дәстүрлі түрі де (Л.Қожықова, Ж.Арыстанова, А.Бәсенова, М.Керейбаев, К.Қодаров, Р.Сәрсенбин, Ғ.Иляев, т.б.) одан әрі жетілдірілді. Тоқыма, киіз басу істерімен қатар бірқатар облыстарда (Алматы, Көкшетау, Шымкент, т.б.) зергерлік бұйымдар жасау кеңінен дами бастады. 70-жылдары Қ. қ. саласының кәсіби деңгейі артты. 1973 ж. Алматы көркемсурет уч-щесінен қолөнер бөлімі ашылды, 1978 ж. Алматы театр-көркемсурет ин-тынан сән және қолданбалы өнер кафедрасы құрылды. Сондай-ақ, “Өнер” комб-ның жанынан сән және қолөнер бұйымдарын шығаратын цехтар ұйымдастырылды. Кәсіптік қолданбалы өнер саласында ұлттық дәстүр мен соңғы тех., стильдік жаңалықтар бірдей тоғысатын гобелен жетекші рөл атқарды. Қазақстанда гобеленнің қалыптасуына Қ.Тыныбеков үлкен ықпал етті. Оның сюжетті гобелендері (“Шопан”, 1969; “Дала әуендері”, 1970; “Отбасы”, 1972) айқын бейнеленген ірі суреттерімен, әр түрлі бояулардың өзара берік үйлесуімен және ішкі қуатымен ерекшеленеді. “Дала хикаясы” (1970), “Өмір ағашы” (1976), “Байқоңыр ырғақтары” (1977), “Аққу әні” (1980) гобелендері терең филос

Изображение слайда

Слайд 64: мазмұнымен, кең құлашты идеялылығымен, жеткізбек ойының күрделілігімен айшықталды. Тыныбековпен бірге Б.Е. Зәуірбекова, Е.П. Николаева және И.З.Ярема жасаған “ Қазақстан ” (1978) гобелені Қазақстанның Мемл. сыйл-на ие болды (1980). 70-жылдардағы көптеген зергерлік бұйымдар бұрынғы халық қолөнерінің тікелей көшірмесі іспеттес болды. 80-жылдары зергерлік өнерге келіп қосылған шеберлердің жас буыны Қ. қ-н еркін игеріп, ілгері жалғастырды. Халықтың дәстүрлі өнерімен арадағы нақтылы пішіндік байланыс енді құрылымдық сипатқа көшті. Республиканың байырғы зергерлерінің бірі И.К. Брякиннің еңбектеріне пішін, түстерді дәл қолдана білу, бейнелерді ырғаққа негіздеу тән. Шебер ашық қызыл түсті маржан тастарды күміспен күптеп, оған түрлі өрнектер қоса отырып ғажайып көркем зергерлік бұйымдар тудырды. Ғ.И. Жалмұқановтың қолынан шыққан әшекейлік заттар ою-өрнегінің бейнелілігімен, сыртқы беттерінің әсем өңделуімен ерекшеленді. Л.В. Шкляевтың, Т.Л. Савченконың, Г.П. Ивановтың, т.б. әшекейлік бұйымдары нәзіктігімен, пішіндерінің сонылығымен көзге түседі. Ал, К.Бекдайыровтың, Т.Қаратаевтың, Д.Сейдуалиевтің еңбектерінен ұлттық дәстүр мен нақыш айқын аңғарылады. Күйдірілген қыштан бұйым жасаушы шеберлер материалдардың сапасына баса назар аударып, оған түрлі тәсілдік тәжірибелер жасау арқылы сән өнеріне жаңалықтар енгізуге ұмтылды

Изображение слайда

Слайд 65: Н.И. Павленко мен Ф. Письманның жасаған қыш бұйымдары нәзіктігімен, композициясының тапқыр шешімімен ерекшеленеді. В.Г. Попов, Ю.Г. Попов, Е.Мхитарян, А.Ключинскийдің туындыларына дәстүр аясын кеңейтуге ұмтылу, әр түрлі көркемдік-тех. тәсілдерді қолдана отырып, соны пішін іздеу секілді қасиеттер тән. Қыштан мүсін жасау шеберлерінің бірі К.Сабдыкеевтің жасаған дүниелері – кескіндеме мен графиканы, бедер мен сол үлгіге тән сымбатты шебер ұштастыруымен, бейнелі бай мазмұнымен, шұрайлы өнер “ тілімен ” (“Дала қызы ”, “ Әуен ”, “ Күз ”, “ Сәндік композиция”, “ Аруана ”, 1987) құнды. Ағаш пен теріні көркем өңдеумен Н. Нәлібаев, Ж. Үмбетов, Д. Шоқпарұлы, Қ. Малаев, Т.Нұрғожаев, т.б. шұғылданды. Олардың қолынан шыққан топтама еңбектер (қымыз ішуге арналған ыдыстар, кеселер, табақтар мен тостағандар ) ұлттық колоритті сақтауымен, әсем сәндік келбетімен ерекшеленеді

Изображение слайда

Слайд 66: Сондай-ақ, Үмбетов пен Шоқпаров пішіні және дыбысталу деңгейі өте жоғары, ерекше құнды муз. аспаптар топтамасын жасады. Қ. қ. шығарм. бағыттарының әр түрлілігімен, эстет. келбетінің ауқымдылығымен, терең мазмұнымен, бай тілімен, кең тынысты сюжеттілігімен, көркемдік дәрежесінің биіктігімен сипатталады. Қазақстан шеберлерінің шығармалары тек ұлтқа ғана тән қазына емес, жалпы дүниежүз. мәдениетке қосылған үлкен рухани үлес болып табылады. Соңғы онжылдық ішінде Қ. қ. шеберлерінің “Үкілі домбыра ”, “Дизайн – кеше, бүгін, ертең ”, “Зергер-99”, декоративті-қолданбалы өнер мен дизайн көрмелері ұйымдастырылды. С. Бекқұлова, Д. Шоқпаров Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы ", 1998 ж. 5-том

Изображение слайда

Слайд 67: Ұстаз ұлттық қолөнерді жастарға үйретуде

Изображение слайда

Слайд 68: Ақтөбелік ұстаз Гауһар Жалашева ұлттық қолөнерді дамытуға үлес қосып жүр. Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі аталған білім шаңырағында үйірме ашты. Шебер жетекшілік ететін үйірмеге біраз оқушы қатысады. Барлығын қызықтыратыны – киіз басу өнері және киізден түрлі бұйымдар жасау тәсілдері. Түрлі-түсті жүндерден киіз басып, одан сәндік бұйым жасауда. Үйірмедегі қыз балалардың ынтасы өте жоғары. Киізден жасалған сөмкелер, күртелер мен аяқ киімдер кез келген адамды қызықтырады. Тіпті картина да жасауға болады. Гүлдердің киізден жасалғанын бірден байқамайсыз. Шебер киізді ескі технологиямен басады. Тек шикізатты Ресейден, Германиядан алдыртады. Гауһар Жалашева, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі : - Өзімізде шикізат көп, бірақ олар өңделмей жатыр, сондықтан біз өңделген, тазартылған түрлі-түсті заттарды көбінесе сатып аламыз. Технологиясы өте қиын емес, уақытты көп талап етпейді. Тек сәндік жағынан уақыт көп кетеді, алайда астарын бір түсті жасау күрделі емес. Гауһардың үйірмесіне ер балалар да қатысады. Олардың арасында жас өнертапқыштар бар. Оқушылар болашақта жергілікті қойдың жүнін өңдеп, тазарту жобасын іске асыруды көздеуде. Қыз балалар киізден киім тігу өнкәсібін қолға алуды қалайды. Балалардың бұл армандары бүгін орындала қоймас. Алайда осы үйірмеге келгенде бір тынығып қалатындарын айтады

Изображение слайда

Слайд 69: Шахсанам Сексенбай, үйірмеге қатысушы: - Маған киіз үйірмесі өте қатты ұнайды, өйткені сабақтан кейін шаршағанымды басамын және өзімнің сүйікті ісіммен айналысқанды жақсы көремін. Өткен заманнан келе жатқан ата-бабамыздың дәстүрін жалғастырып келеміз. Гауһар жасаған бұйымдар талай көрменің сәнін келтірді. Небәрі 4 жыл бұрын қолға алған кәсібі қазір табыс та әкелуде. Жақын-жуық, көршілердің тапсырысын орындайды. Бұл өнерді үйренгісі келетін адам да көп. Тіпті әріптестеріне де шеберлік сағаттарын өткізеді. Ильсияр Казакова, ҚР Суретшілер одағының мүшесі : - Гауһар – кәсіби суретші. Сондықтан ол жасаған киіз бұйымдар өте әдемі шығады. Шығармашылық қиялы мен талғамы аса жоғары. Түстерді де үйлестіруі керемет. Шебер болашақта үлкен шеберхана ашуды жоспарлауда. Сол кезде бұйымдардың түрін де көбейтпек. Авторлар : Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Изображение слайда

Слайд 70: Ә.Қастееев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы

Изображение слайда

Слайд 71: Ә.Қастееев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы еліміздің ұлттық құндылығы болып табылатын   22 000 - нан астам бірінші дәрежелі эскпонаттарды сақтайды. Ұлттық және әлемдік мәдениет маржандары мұражайдың 14 залында ұсынылған.   Қазақстандық бейнелеу және қолданбалы өнер туындылар топтамасы жүйелі жоспарланған жұмыстың нәтижесі ретінде әртүрлілігімен және толықтығымен ерекшеленеді.           Қолданбалы өнердің заттары қазақтардың барлық кезеңдердегі өмір сүру  тұрмыс - тіршілігін көрсетеді. Жоғары көркемдік талғам мен асқан шеберлік көркемдік қолөнердің барлық түрлерінде көрінеді :     тоқымашылық, кесте тігу, кигізден жасалған бұйымдар, тас және ағаштан жасалған нақыштар, ат әбзелдері, зергерлердің өнерлері

Изображение слайда

Слайд 72: Кестеші жігіт

Изображение слайда

Слайд 73: Кестешілік – халқымызда ежелден бар ескі өнердің бірі. Деректерге жүгінсек, байырғы сақ, ғұн, үйсін заманында кестені зерлеп, маржандап, торлап, түктеп тігу тәсілдері қолданылған. Бүгінде бұл өнердің орнын өгейсітпей, қазақы қалпын бұзбай жалғастырып келе жатқан санаулы кестешілер бар. « Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды ». Көздің жауын алатын көркем кесте тігу үшін көңілде көп ой, өнерге деген құрмет пен ықылас керек. Кесте тігетін ісмер арулар азайып бара жатқан ғасырда осы өнерді бос уақытында серік етіп жүрген азаматтар да кездеседі. Кестеші жігіт Бейсенбай Болатбайұлы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қызылшарық ауылында тұрады

Изображение слайда

Слайд 74: Бейсенбай Болатбайұлы, кестеші жігіт : Бір көрпені үш күнде, ары кетсе төрт күнде тігемін. Басы бүтін айналысуға уақытым жоқ, сондықтан қыста, бос уақытымды тиімді пайдаланып, кестеге отырамын. 3-4 жылдан бері тіккен сырмақ, түскиіз, төркөрпелерімнің біразы   Қостанай,  Қарағанды облыстарына таралды. Менің бар мақсатым – уақытты ұта отырып, ұлттық өнерді ұмыт қалдырмай, ұрпақтарға дәріптеу. Бейсенбай кесте тігуді шешесінен үйренген, отбасы мүшелері шетінен өнерлі. Ал әкесі Болатбай Нәсілбекұлы да анасынан үйренген өнерді ұмытпай ұлықтаумен келеді. Басты жетістігі, қазақ ою-өрнектерінің ғылыми жүйесін жасап, бірізділікке түсіріп, алғашқы кітабын шығарды, енді оның көлемін кеңітіп, түрін көбейтіп, мазмұнын байытып сүбелі еңбек сыйлауға бел шешіп кірісті. Болатбай Нәсілбекұлы, өнертанушы: Қолдаушылар табылып жатса, ғылыми кітапты жарыққа шығарып, қазақ ою-өрнегінің әлемін айшықты түрде аша түсуді жалғастырғым келеді, яғни Алматы не Астананың ең көрікті жерінде, бір гектар шамасындағы аумақты қазақы сырмақ немесе текемет үлгісінде гүлмен көмкеріп, ұлттық болмысымызды одан ары әйгілегім келеді. Жарқын СӘЛЕНҰЛЫ

Изображение слайда

Слайд 75: Біз білмейтін « біз кестенің» шеберлері

Қазақстанда кестеден картина жасайтын шеберлер мен зерттеушілер бұл өнердің жаңа кәсіби деңгейге көтерілгенін айтады. Азаттық тілшісі сирек өнер иелерімен және олардың тұтынушыларымен танысып қайтты.

Изображение слайда

Слайд 76: Кестелі сурет жасайтын шебер Зейнелхан Мұхамеджанұлы. Алматы, 7 сәуір 2013 жыл

Изображение слайда

Слайд 77: Ою-өрнек, кесте десе, ойымызға ең бірінші оралатыны – түскиіз. Бірақ қазіргі заманауи интерьерде түскиіздің орнын басқа да бейнелеу өнерінің туындылары басып жатыр. Алайда бұл ою-өрнектің көнеріп, кестелеу өнерінің артта қалғанын білдірмесе керек. Зейнелхан Мұхамеджанұлының қазақ халқының дәстүрлі кестелеу өнерімен айналысқанына 30 жылдан астам уақыт болған. Ол ер адам үшін біз ұстап кесте үйренудің оңай болмағанын айтады

Изображение слайда

Слайд 78: КЕСТЕДЕН КАРТИНА ЖАСАУ – Жоғары оқу орнында оқып жүргенімде қаны қызу жас ұстаздарым болды. Олар бейнелеу өнеріне келген адам ұлттық құндылықты заман талабына сай етіп өз қолтаңбасын қалдыру керектігін құлағымызға құйып оқытты. Сол кезден үнемі ізденісте жүретінмін. Бір кеш келіншегімнің кесте тігіп отырғанын көріп, бір ой санама сап етті. Неге кестені картинаға айналдырмасқа ! Қыл қаламды қармақ біз, майлы бояуды түрлі түсті жіп алмастырды. Бірақ кестені үйрену оңай болмады. Қолымның икемі келмей біраз қинады, - дейді ол. Зейнелхан Мұхамеджанұлының бірқатар еңбектері АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея, Ресей мен Моңғолия елдерінің жеке коллекцияларында сақталған. Оның сөзінше, дүние жүзіне таралып келе жатқан кестені өнер ретінде таныстыру оңай болмаған

Изображение слайда

Слайд 79: Көнеден келе жатқан дәстүрлі өнерді қазіргі заманғы кәсіби деңгейге шығаруды арман еткен суретші кестенің әлі де ашылмаған мүмкіндіктері көп деп есептейді. – Бір қарысқа жетпейтін қармақ бізбен кестелегенде, қазіргі заман талаптарына сай бейнелеу өнерінің қай түрімен де иық тіресіп тең тұратындай туынды жасауға болатынын мойындаттым. Бұл – мен ойлап тапқан дүние емес. Тек кестенің ашылмаған қырларын, оның бейнелеу мүмкіндіктерін көрсеттім, - дейді Зейнелхан Мұхамеджанұлы

Изображение слайда

Слайд 80: Шебердің сөзінше, кесте өнерімен айналысатын адамдар аз болғанымен қызығатын адам көбейген. Бірақ біз кестені кәсіби деңгейге көтеру үшін бейнелеу өнерінің теориясын меңгеру қажет. Моңғолияда туып-өскен Зейнелхан Мұхмеджанұлы 1992 жылы атамекенге оралғаннан бері кесте өнерімен 20-ға жуық жеке көрме ұйымдастырған. Қазір оның кейбір туындылары 5-6 мың   АҚШ доллары көлемінде бағаланады. Шебер қазір Орал Таңсықбаев атындағы Алматы қалалық сәнді қолданбалы өнер колледжінде ұстаздық етеді

Изображение слайда

Слайд 81: КЕСТЕЛЕУ ӨНЕРІ ТӨЗІМДІ ТАЛАП ЕТЕДІ» Ал « Дарын » мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, суретші Гүлназым Өмірзаққызы Астана қаласындағы Менеджмент және бизнес колледжінің дизайн факультетінде біз кесте өнерінен сабақ береді. – Жұмыстарыма қарап студенттерім қатты қызығады. Үйренуге талпынады. Бірақ ары қарай алып кетуге көп жастарымыздың шыдамдылығы жетпей жатады. Бұл таланттың сыртында төзімді қатты қажет ететін өнер ғой.   Бірақ талантты да төзімді, республикалық денгейде өтетін байқауларда гран-при алып, жеңіспен оралатын студенттерім де бар. Оларды мақтан тұтамын, - дейді ол. Біз кестені анасынан үйренген Гүлназым Өмірзаққызы «ұлттық бренд жат елдің қолында кете ме » деп қауіптенеді

Изображение слайда

Слайд 82: Суретші Гүлназым Өмірзаққызы өз шеберханасында. Жеке мұрағаттағы фото

Изображение слайда

Слайд 83: Ұлттық бренд болатындай құндылықтарымыз басқа елдердің еншісінде кетіп жатқанын көріп жүрміз. Енді кестеден айырылып қалмайық деп барымды салып жұмыс жасаймын. Оны заман талабына қарай абстракция мен ою-өрнекті ұштастырып картина етіп кестелеймін. Кесте өнері мен үшін теңдесі жоқ керемет өнер. Сондықтан да қолым қалт етсе ішкі дүниемді кестеге түсіруге тырысамын, - дейді ол

Изображение слайда

Слайд 84: ОТБАСЫЛЫҚ ЖОБА Белгілі өнертанушылар «қазақ бейнелеу өнерінің жаңа ағымын қалыптастырушы» деп бағалаған суретші Өмірзақ  Рыстанұлы «дәстүрлі өнер – жаһандану заманында ұлттық ерекшелікті сақтап қалудың кепілі » деп ойлайды. – « Ата-бабамыздан қалған өнерді қазіргі заманға лайықтап, қазақ бейнелеу өнерінің жаңа ағымын қалыптастыру керек » деген ойға келдім. Сондықтан өз өнерімде қазақ ою-өрнектерін пайдаландым. Өрнектерді қаз қалпында емес оларды классикалық-реалистік өнердің саласына кіргізіп туындылар жасадым. Қылқалам шебері Өмірзақ Рыстанұлы. Алматы, 6 сәуір 2013 жыл. Өзім кесте тіге алмаймын ғой. Сондықтан суретін салып беріп, жұбайым кестелей бастады. Бұны екеуіміздің біріккен шығармамыз деуге болады. Ал әйелім екі қызыма үйретті. Осылай отбасымызбен кестелеп сурет салатын болдық, - дейді ол. Өмірзақ Рыстанұлы кесте өнерін меңгерген адамның аздығынан өнердің шарықтап кете алмай тұрғанын айтады

Изображение слайда

Слайд 85: Қылқалам шебері Өмірзақ Рыстанұлы. Алматы, 6 сәуір 2013 жыл

Изображение слайда

Слайд 86: Өнерде әркімнің өз үні болады.  Өң таңдаудағы стиль деген бар. Мысалға, біреуіміз жұмсақ түсті ұнатсақ, екіншіміз ашық түстерді жақсы көреміз. Сызу стилі, оны тігу стилі әр түрлі. Бұл өнермен айналысатын адам аз болғандықтан түрлі стильмен көріне алмай жатыр. Сондықтан да кесте өнерінің дамуы әлі биік деңгейге көтеріле қойған жоқ. Мемлекеттің қолдауымен шәкірт тәрбиелеу ісін қолға алатын болсақ, әлі бағындырар шыңымыз биік, - дейді суретші. Кесте өнеріне өзіндік үлесін қосып жүрген Рыстанұлы әулеті 10-ға жуық жеке көрме ұйымдастырған. Сонымен бірге отбасы коммерциялық мақсатта халыққа қол жетімді бағадағы суреттерді жәрмеңкелерге шығарып сатып тұрады

Изображение слайда

Слайд 87: БЕЙНЕЛЕУ ӘН МЕН БИДІҢ ТАСАСЫНДА ҚАЛДЫ» Азаттық тілшісі өнертанушы жастардың пікірін білмек мақсатпен Қастеев атындағы мұражайға барған еді. Дәстүрлі қол өнері көркем өнер деңгейіне көтерілуге талпынып, шетелдерге танылып жатса да, қазақ жастарының ішінде бұл өнерді алғаш көріп тұрғандар да кездесті. Алматы индустриалдық колледжінің студенті Ертуған: – Кестемен салған суретті алғаш көріп тұрмын. Біз бен жіпті осындай өнер туындысына айналдыру деген мүмкін емес сияқты боп таңырқап тұрмын. Егер бұл өнерді мемлекет жақсылап қолдаса, ұлттық бренд боларына сенімдімін, - дейді. Ал Ақмоншақ есімді студент қыз қолөнер жәрмеңкелерінен кестеленген суретті көргенін айтады

Изображение слайда

Слайд 88: Өнертанушы Гүлнәр Жұманиязова. Алматы, 9 сәуір 2013 жыл

Изображение слайда

Слайд 89: Қолөнер жәрмеңкесінен осы кестеленген суреттің дәптердей пішіндегісін көрдім. Бағасын қызығып сұрағанымда 10-15 мың теңге аралығында болған. Ал осындай үлкен көлемдегі кәсіби өнер туындысын көріп тұрғаным осы. Өнертанушы Гүлнәр Жұманиязова. Алматы, 9 сәуір 2013 жыл. Апа-әжелеріміздің тігіп жүрген түскиіздің осындай өнерге айналғанына қарап аң-таң боп тұрмын, - деді ол. Өнертанушы Гүлнәр Жұманиязова кестеленген сурет арқылы қазақ бейнелеу өнерінің жаңа ағымы, жаңа мектебі қалыптасты деп санайды. – Қазір негізі қазақ дәстүрлі қолөнерінің халық өнерінен көркем шығармашылық дәрежеге дейін көтерілетін уақыт жетті деп айтсақ болады.  Соның ішінде кестелеу өнерінің өзіндік жеке мектебі қалыптасты деуге толық негіз бар. Біздің Қастеев атындағы мұражайға келушілердің ішінде « Кестеден картина салған ба?» деп таң қалатындар көп болады.  Бұл әлі де болса кесте өнердің насихатының аздығын көрсетсе керек. Жалпы бейнелеу өнері ән-би өнерінің тасасында қалып бара жатыр. Сондықтан өнертанушылар ізденуіміз керек. Жас таланттар мен жаңа қалыптасып жатқан мектептерді көре білуіміз керек,- деді өнертанушы

Изображение слайда

Слайд 90: Жалғыз қолды тігінші

Құрақ құрап, көрпе тігетін, ұршық иіріп, тоқыма, шәлі тоқитын әйел-аналар арамызда баршылық. Ал біз әңгімелегі отырған Күлән Шәудірбаева жолдасынан ерте айырылып, өмірдің қиындығын көп көрсе де жалғыз қолымен еңбек етіп, іс тігіп, балаларына жетімдік тауқыметін тартқызбай жүрген жан. Ақтөбенің Байғанин ауданында тұратын Күлән Шәудірбаеваны ауылдастары мақтан етеді. 1986 жылы жолдасы бақилық болғанда балаларын жетілдірем деп жүріп, өзі оң қолынан айырылыпты. Отбасындағы бар тірлік бір өзіне қарап тұрған соң, ол тағдыр сынына мойымай жалғыз қолымен еңбек етіп, тігін тігіп, құрақ құрап, ою ояды. Өмір қыңыр мінез танытып, сүріндірсе қайта тұрып, жылатса жұбанған кейіпкеріміз бүгінде аяулы ана, асыл әже атанып отыр.

Изображение слайда

Слайд 91

Изображение слайда

Слайд 92: Күлән апа тігіншілік өнерді алғаш әжесінен үйреніпті. Кейін анасы да қызын осы іске бейімдесе керек. Қазір Күлән апа 88 жастағы анасы екеуінің басы қосылса, тігіншілік турасында, қолөнер жайында сыр шертіседі екен. Кейіпкеріміздің анасы Ару әлі күнге тоқыма тоқып, ізінен ерген немере-шөберелеріне іс тігуді үйрететін көрінеді. – Мен аудандық балабақшада ұзақ жыл еңбек еттім. Балаларым оң-солын енді тани бастаған кезде жолдасым өмірден озды. Жылдық садақасын берер кезде азық-түлік алу үшін облыс орталығындағы базарға барғанмын. Ол кезде ауылдың дүкендерінде қазіргідей молшылық жоқ еді. Түн ішінде теміржол стансасында үш пойыз қатар тұрды. Жүк сөмкемді арқалап, сол пойыздардың астынан өтемін деп асығып келе жатқанда үлгере алмай қалдым… Ауруханада есімді жиғанда оң қолымның жоқ екенін көрдім. Балаларымды қалай өсіремін, ендігі тұрмысым қалай болады деп қатты қиналдым алғашында. Тіпті, он екі мүшемнің бірін алғанша, неге бірден өзімді өлтіріп тастамады деп хақ Тағалаға тіл тигіздім. «Адам үш күннен соң көрге де үйренеді » деген емес пе ? Рас, әуелгіде сол қолыммен еңбек етпек түгілі, тамақ іше алмадым. Шүкір, кейін қиындықтардың бәрін жеңіп, жалғыз қолмен де өмір тіршілігіне бейімделдім, – дейді Күлән апа

Изображение слайда

Слайд 93: Қиындық құрсауына шырмалған шақта Күлән апаға туыстары қолдау көрсетіпті. Кейін балалары үй тірлігіне үйреніп, қолғабыс танытқан. «Қолымнан айырылған кезде енді іс тіге алмайтын шығармын – деп қиналдым. Бірақ жаның қалаған істі қалайда жасауға талпынады екенсің. Екі жылдан соң анам аяқ тігін машинасын алып берді. Сол жақ қолыммен киім пішіп, құрақ құрауды, кесте тігуді қайта жалғастырдым. Балаларыма, туыстарыма әлі күнге киім тігіп, қажетті дүниелерін жаңартып беремін », – дейді кейіпкеріміз. – Күлән апа қонақжай адам. Үйіне әр кез қонақ келгенді жақсы көреді. Өзі жалғыз қолымен ас дайындап, бауырсақ пісіріп, түрлі дәмді тағамдар әзірлейді. Егер тігіншілік кейіпкерімізге әжесінен дарыған десек, онда Күлән ананың осы қасиетін отбасында қазір немересі Әйгерім жалғастырып келеді. Күлән әжесі іс тіге бастаған кезде Әйгерім жанына келіп, көмектеседі екен. « Ана көрген тон пішер …» дегеніміз осы емес пе ?!

Изображение слайда

Слайд 94: Артиндустрия артта қалмақ емес

Изображение слайда

Слайд 95: Мәдениеттің түп негізі, мәйегі – халықтың қолданбалы сәндік қолөнер туындылары. Көрер көзге әсем туындылар адамның еңбек қабілетін, ой-санасын жетілдіріп, жанын ләззатқа бөлейді. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары халықтың қолдан жасалған дүниелерге, сыйлықтарға, кәдесыйларға, әшекейлерге қызығушылығы арта түскен. Бұған дәлел жыл сайын елімізде ұйымдастырылатын « Артиндустрия » көрме-жәрмеңкесіне қатысушылардың да, келушілердің де қатары көбейе түскені. Биыл да жылдағы дәстүрмен Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық музейінде 3-6 сәуір аралығында аталмыш көрме « Шығармашылық маусым » компаниясының ұйымдастырылуымен өтіп жатыр. Көремеге « Алаш айнасы » тілшілері де барып, көздің жауын алатын әсемдікті көріп қайтты. « Ариндустрия » көрмесі – Орталық Азиядағы Халықаралық көркемсурет және дизайнерлік жұмыстар, бейнелеу өнері саласындағы ең ірі көрме-жәрмеңке. « Жыл сайынғы дәстүрлі жобаға қатысушылар, шеберлер, шығармашылық адамдар мен ұйымдар көбейіп келеді. Осы орайда « Артиндустрия » жобасының тақырыбы да кеңейе түсуде » дейді ұйымдастырушылар

Изображение слайда

Слайд 96

Изображение слайда

Слайд 97: Көрмеге қойылған қолөнер жұмыстары жоғары сапасымен, өзіндік орындалу шеберлігімен және төлтумалығымен ерекшеленеді. Сондықтан да олар көпшілік арасында бүгінде кеңінен танымал және сұранысқа ие. Арт-көрмеде қазақстан қолөнер шеберлерімен қатар Ресей, Сербия және Орта Азия елдерінің қолөнер саласындағы 300-ден астам шебер, суретші және фотосуретші, басқа да шығармашылық иелерінің туындыларын тамашалауға болады. Көрмеде сәндік-қолданбалы өнердің әртүрлі жанрлары қамтылған. Айталық, көрмеге суретші-қуыршақ жасаушылардың интерьерлік және коллекциялық қуыршақтары, пластиктен, киізден, әйнектен әзірленген авторлық жұмыстар, бейнелеу өнерінің туындылары, графика, кескіндеме, сурет, мүсін, сәндік өрнектер: фотосуреттер мен сандық өнер, авторлық қыш, арт-текстиль, тауарлар, декораторлар мен дизайнерлердің жұмыстары, бейне-арт, боди-арт секілді бағыттардың бұйымдары қойылған. Көрме күндері қазақстандық және ресейлік суретшілердің және шығармашылық пен қолөнерге қажетті материалдар мен құралдар шығаратын фирмалардың оқу форумдары, тұсаукесерлері, шеберлік кластары жұмыс істеуде

Изображение слайда

Слайд 98

Изображение слайда

Слайд 99: Мен кәсіби фотограф емеспін, фотоға түсіру менің хоббиім. Мен әлемнің әр түкпірінде түсірген суреттерімді осы көрмеге қойып отырмын. Камчатка, Африка, Чили, Бразилия, Аравия алқабы, Аргентина, Исландия, Гренландия, Қытай, Италия және басқа да жерлердің суреттері бар. Бұл өте қымбатқа түсетін қызығушылық әрі өте күрделі жұмыс. Болашақта кәсіби көрмеге қатысу ойымда бар. Кәсіби көрмемеде мен қазақстанның өте сұлу табиғатын түсірген суреттерімді көпшілік назарына ұсынбақпын

Изображение слайда

Слайд 100

Изображение слайда

Слайд 101: Көрме барысында фотограф Александр Ерғазиннің фото-форумдарына, «ВТ» театрның жетекшісі Айгүл Сұлтанбекованың авторлық трренингтеріне, суретшілер мен шеберлердің шеберлік-кластарына қатсысуға болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, болашақта артиндустрияның дамуы барынша қарқын алмақ. Өйткені болашақта бұл сала сауданың жүруіне ықпал етеді. Қазірдің өзінде көрмеге келген көрермен өзіне немесе жақындарына сыйлық алмай кетпейді екен. Аталған көрмеде байқағанымыз шеберлердің көпшілігі осы өздері жасаған өнер туындыларыментабыс табатын көрінеді

Изображение слайда

Слайд 102

Изображение слайда

Слайд 103: Ирина СҰЛТАНОВА, қолөнерші: – Менің негізігі мамандығым тігінші. 1996 жылдан бастап арнайы курстар оқып,  сәндік бұйымдар жасаумен айналыса батсадым. Мен кәсібім жаныма өте жақын және бұл менің ең басты табыс көзім. Жылдан жылға сатуып алушылардың саны артып келе жатқандығы мені қуантады. Лариса СТАРЧИКОВА, қолөнерші: – Мен норвегиялық Тильда қуыршақтарын жасаймын. Олар отбасының қорғаушысы деп саналады. Кейбір қуыршақтар адамдар көп жиналатын бөлмелерге ілінеді. Олар үйге келетін қонақтардың жақсы энергиясын өзіне қабылдап алады. Кейбір қуыршақтар ұйқының тыныштығын қорғайды, енді бірі саяхатқа шыққанда қорғаушы болады деген сенім бар. Бұлар негізінен интерьерлік қуыршақтар. Дегенмен балаларға да ойыншық ретінде қолдануға болады. Олар табиғи  материалдардан тігіледі. Жылына екі арнайы каталогтары шығып тұрады. Өз басым Норвегиядан арнайы мата алдырып тігемін

Изображение слайда

Слайд 104

Изображение слайда

Слайд 105: Артиндустрия » көрмесінің ерекшелігі мұнда қазіргі заманға лайықталған көлөнер тундыларын көруге, оларды жасап үйренуге, сатып алуға болады. Қазіргі таңда адамдардың жоғарғы талғамына сай әсем заттардың барлығын, аксесуарлар, интерьерге қажетті заттар,әшекей бұйымдарды осындай көрмелерден кездестіруге болады. Бүгінде көптеген талғамы жоғары жандар үйлерін арнайы дизайнердің көмегімен жабдықтауды әдетке айналдырған. Демек, артиндустрия артта қалмақ емес. Сондықтан болашақта қолөнерге икемі бар балаларымыздың қабілетін жетілдіргеніміз жөн-ау деген ой түйдік көрмеден

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қазақтың кәсіби қолөнерінің дамуы: Назар аудар ғандарыңызға рахмет !

Изображение слайда

Похожие презентации