Первый слайд презентации: ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУҒА КІРІСПЕ
Оқытушы Айтманбетова Ақмарал Аршабаевна
Слайд 2: Дәріс жоспары:
1. Қоғамдық денсаулық сақтау ғылымының анықтамасы және мақсаттары 2. Денсаулықтың деңгейлері. 3. Денсаулықтың компонентері. 4. Пәннің негізгі әдістері. Дәріс жоспары:
Слайд 3
Адамзат тарихында денсаулықты қорғау туралы қоғамдық шаралар мемлекет қалыптасуымен байланысты жүргізіле бастады. Олар қоғамдық-экономикалық формацияның, өндірістік тәсілдер мен өндірістік қатынастардың, мемлекеттік құрылыстардың ауысуына байланысты өзгеріп отырды.
Слайд 4
Қоғамдық денсаулық сақтау (Public Health system) – тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту концепциясын, ауру мен жарақаттардың алдын алу, белсенді өмір сүру ұзақтығын және еңбекке қабілеттілікті қоғамның күшін біріктіру арқылы арттыруды жүзеге асыруға бағытталған, іс әрекеті медициналық және медициналық емес сипаттағы құрылымдарды қамтамасыз ететін ғылыми және практикалық шаралар жүйесі.
Слайд 5
Денсаулық анықтамасы және оны бағалау денсаулық сақтау тарихында өзгеріп отырғандығын айта кеткен жөн. Қазіргі кезде денсаулық ұғымының жалпы қабылданған бірегей анықтамасы жоқ.
Слайд 6
Денсаулық (Health) – ДДҰ Уставы бойынша, тек қана аурудың немесе дене ақауларының болмауы ғана емес, бұл физикалық, психикалық және әлеуметтік толық аман есендік (ДДҰ Устав, 1948).
Слайд 7
Анықтамада келтірілгендей, денсаулық сипаттамасында үш компонент біріктірілген: физикалық (биологиялық), психикалық (рухани) және әлеуметтік денсаулық.
Слайд 8
Физикалық денсаулық (Physical health) – бұл өмір сапасына қол жеткізуді, қоғамның салауаттылығы мен қоғамдық денсаулықты сақтау және нығайтуды қамтамасыз ететін жеке индивидуумның, адамдар тобы немесе жалпы қоғамның физикалық даму деңгейімен, физикалық мүмкіндіктермен және бейімделу қабілетімен сипатталатын жағдай.
Слайд 9
Психикалық денсаулық (Mental health) – бұл психикалық құбылыстардың детерминациялығы, нақты жағдайларды бейнелеу мен индивидуумның оған көзқарасы арасындағы үйлесімді байланыс, ағзаның әлеуметтік, психологиялық және физикалық (биологиялық) өмір сүру жағдайларына адекватты реакциясымен, жеке тұлғаның өз іс-әрекетін басқара білуі, микро- және макроәлеуметтік ортада өзінің өмір жолын жоспарлап, жүзеге асыра білу қасиеттері тән психикалық іс-әрекеттің қозғалмалық үрдісімен сипатталатын жағдай.
Слайд 10
Әлеуметтік денсаулық (social health) – қоғамдағы адамның орны мен ролі бойынша анықталатын әлеуметтік бейімделу өлшемі.
Слайд 11
А уру (illness) – бұл сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен ағза құрылымы мен қызметінің зақымдалуымен жүретін өмір. Ауру ағзаның бейімделу-компенсаторлық (адаптациялық) мүмкіндігінен артатын ішкі және сыртқы орта факторлары әсерінің нәтижесінде туындайды.
Слайд 12
Денсаулықтың 4 деңгейін ажыратады : жеке денсаулық – жеке адамның денсаулығы; топтық денсаулық – қандай да бір белгі бойынша біріктірілген адамдардың денсаулық сиппаттамасының жиынтығы: жанұя, еңбек ұжымдары, студенттер және тағы басқалар; аймақтық денсаулық – белгілі бір территорияда өмір сүретін адамдар денсаулығы сипаттамасының жиынтығы қоғамдық денсаулық - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін медициналық-әлеуметтік ресурс және қоғамдық потенциал.
Слайд 13
Қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі міндеттерінің біріне халық денсаулығына қоршаған орта (әлеуметтік және табиғи) факторларының кешенді әсерінің сипатын анықтау, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып халық денсаулығының қалыптасуы тенденциясы мен заңдылықтарын зерттеу жатады.
Слайд 14
Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару ғылымының негізгі зерттеу әдістері : Тарихи; Статистикалық; Сараптау; Экономикалық; Тәжірибелік; Медициналық - әлеуметтік.
Слайд 15
Қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы факторлардың кешенді әсер етуімен байланысты, оларды келесідей 4 негізгі топтарға бөлінеді:
Слайд 16
1. Саяси (мемлекеттік әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау саласындағы саясат, денсаулық сақтауды мемлекеттік реттеу, денсаулық сақтау саласындағы құқықтық актілер және т.б.); 3. Табиғи-климаттық, экологиялық (қоршаған орта жағдайы және ластануы); 2. Әлеуметтік-экономикалық (бір тұрғынға шаққандағы ІЖӨ, денсаулық сақтау жүйесінің қаржыландырылуы, еңбек және тұрмыс жағдайы, тамақтану, денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырылуы, өмір сүру салты және т.б.); 4. Биологиялық (жас, жыныс, тұқым қуалаушылық, ұлты, дене бітімі, жүйке жүйесі типі және т.б.б).
Слайд 17
Түрлі аурулар кезіндегі әлеуметтік және биологиялық факторлардың ара қатынасы біртекті емес, дегенмен негізгі роль әлеуметтік компонентке: жағдайлар мен фактоларға беріледі. Әлеуметтік жағдайлар - бұл өндірістік қатынастардың көріну түрі, әлеуметтік-экономикалық құрылыс және қоғамның саяси құрылымы.
Слайд 18
Әлеуметтік факторлар - әр адам үшін әлеуметтік жағдайлардың көрінісі: еңбек және демалыс жағдайы, үй тұрмысы, тамақтануы, білімі, тәрбиесі және т.б.
Слайд 19
Қоғамдық денсаулық сақтаудың қол жеткізген жетістіктерінің ішінде медициналық-әлеуметтік және зпидемиологиялық зерттеулерді айта кету керек, осы зерттеулер нәтижесінде халық денсаулығына әсер ететін факторлар (қатер факторлары) тобы және олардың үлесі анықталды.
Слайд 20
Халық денсаулығына әсер ететін факторлар (қатер факторлары): 1. Ө мір сүру салты және жағдайлары – 49-53%, барлық әсердің орташа 50% (темекі тарту, ішімдікті шамадан тыс қолдану, үйлесімсіз тамақтану, стресстік жағдайлар, зиянды еңбек жағдайлары, гиподинамия, нашар материальдық-тұрмыстық жағдайлар, наркотик қолдану, дәрі-дәрмектерді артық қолдану, семьяның тұрақсыздығы, жалғыздық, төмен мәдени және білім деңгейі, урбанизация және т.б.)
Слайд 21
2. Генетикалық факторлар - 18-22%, орташа 20% (тұқым қуалаушылық ауруларға бейімділік) 3. Қоршаған орта - 17-20%, орташа 20% (климат, ауа, су, топырақтың зиянды заттармен ластануы, жоғары гелиокосмостық, радиациялық, магниттік және т.б.б сәулеленулер) 4. Денсаулық сақтау - 8-10%, орташа 10% (профилактикалық шаралардың тиімсіздігі, медициналық көмек сапасының төмендігі, медициналық көмектің дер кезінде көрсетілмеуі).
Слайд 22
ДДҰ тарихындағы ең ірі зерттеу проектісінің нәтижесінде (2002 ж) жалпы деңгейде халық аурулығы мен өлім көрсеткішінің деңгейін анықтайтын 10 негізгі қатер факторы белгіленді: тамақтану жеткіліксіздігі, темекі тарту, артериялық гипертензия, сумен қамтамасыз ету, санитария,
Слайд 23
жеке және тұрмыстық гигиенаның қанағаттанарлықсыз жағдайы, гиподинамия, кәсіби зияндылықтар, қауіпті жыныстық қатынас, ішімдікті артық қолдану, атмосфералық ауаның ластануы.
Слайд 24
Қазіргі таңда зерттеушілер денсаулықтың қалыптасуы ғылыми түсінігінде медициналық-әлеуметтік жағдайлармен шектеліп қоймай, өмір салтын философиялық және әлеуметтік түсіндірулерді қолдана отырып кең түрде қоғамдық бағытта қарастыруда.
Слайд 25
Өмір салты – тарихи нақты әлеуметтік қатынастарға тән жеке немесе топтық өмір сүру формасы, немесе белгілі бір қоғамдық-экономикалық формациямен анықталатын адамның күнделікті өмір сүруі ерекшелігін сипаттайтын түсінік.
Слайд 26
Өмір салты 4 категориядан тұрады: өмір деңгейі – адамдарның материальдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесін сипаттайтын және сандық бейнеленетін экономикалық категория (жалпы ұлттық өнім мөлшері, халықтың нақты табысы, медициналық көмектің қол жетімділігі және қамтамасыз етілуі, жұмыс күнінің ұзақтығы және т.б.)
Слайд 27
өмір сапасы - адамдарның материальдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылуын өмір стандарты немесе деңгейімен салыстыра отырып сапалық сипаттайтын әлеуметтік категория (еңбекпен, тамақтану сапасымен, медициналық көмек деңгейімен қанағаттандырылу және т.б.)
Слайд 28
өмір стилі – жеке тұлғаның немесе адамдар тобының белгілі бір мінез-құлық типін сипаттайтын, ұдайы өндірілетін ерекшелік, манера, дағдылар, ұнатушылық, әуестілікпен бейнеленетін әлеуметтік-психологиялық категроия. өмір тәртібі – қоғамдық-саяси формацияда өндірістік қатынастардың жүйесін сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық категория.
Слайд 29
Өмір салты бойынша әр түрлі ауруларға бейім келетін әлеуметтік топтар ажыратылады, олар қатер топтары деп атайды. Осы қатер топтарының 5 түрін ажыратады.
Слайд 30
1) Демографиялық: балалар, қарттар, жалғыз бастылар, жесірлер, мигранттар; 2) Кәсіби қатер: денсаулыққа зиян келтіретін өндірістерде жұмыс жасайтын жұмысшылар (ауыр машина жасау, химиялық, металлургиялық өнеркәсіп, транспорт және т.б.);
Слайд 31
3) Функциональдық, патологиялық жағдайлар : жүкті әйелдер, дене салмағы аз шала туылған балалар, генетикалық қатері бар, туа пайда болған ақаулары бар адамдар, бала жастан мүгедектер ;
Слайд 32
4) Т өмен материалдық деңгей: кедейлер, аз қамтылғандар, жұмыссыздар, жартылай жұмыс күнімен еңбек ететіндер, «тұрақты орны жоқтар» : 5) Девианттық мінез-құлқы бар, психопаттық, әлеуметтік-психологиялық адамдар : алкаголиктер, нашақорлар, токсикомандар, жезөкшелер, сексуальдық ауытқулары бар адамдар, психикалық денсаулығы және тәртібінде ақаулары бар адамдар; психикалық және физикалық ақаулары бар діни және т.б. сектанттар ;
Слайд 33
Дәрісімізді қорытындылай келе, д енсаулықты сақтау және нығайту мемлекеттің, жұмысберуші және әр азаматтың ынтымақтастық жауапкершілігі болып табылады, ол халықтың тікелей белсенді араласуы арқасында сектораралық қарым –қатынас жолымен жүзеге асырылады.
Слайд 36
Жоспар: Медициналық статистиканың мақсаты мен міндеттері. Медициналық статистиканың бөлімдері мен әдістері.
Слайд 37
Медициналық статистиканың мақсаттары: 1. Халық денсаулығының өзгерушілігінің ерекшеліктерін анықтау және оған әсер ететін факторларды табу; 2. ЕПМ санын, жұмысының нәтижелерін, қызметінің тиімділігін, дәрігерлердің және басқа да медициналық қызметкерлердің жұмысын зерттеу; 3. Тәжірибелік, клиникалық, гигиеналық және лабораториялық жұмыстардың нәтижелерін зерттеу
Слайд 38
Медициналық статистиканың міндеттері 1) халық денсаулығын толығымен және оның бөлек топтарын зерттеу; 2) халық арасындағы аурушылдық пен өлім-жітімнің қоршаған ортаның әр түрлі факторларымен байланысын табу; 3) медициналық ұйымдардың қызметі және кадрлары туралы мәліметтерді зерттеу;
Слайд 39
4) жаңа дәрі-дәрмектердің биологиялық ағзаға және әлеуметтік ұжымға әсерінің тиімділігін бағалау; 5) халық денсаулығын жақсарту жолдарын іздеу үшін қолданатын емдеу-сауықтыру шараларының қорытындысы туралы мәліметтерді зерттеу; 6) медициналық ұйымдардың жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және бағалауға жәрдем ету.
Слайд 40
Статисти калық әдіс медициналық-әлеуметтік талдаудың негізгі әдісі болып табылады. Статистика – қоғамдық массалық құбылыстардың сандық жағын олардың сапалық ерекшеліктерімен байланыстыра отырып зерттейтін қоғамдық ғылым.
Слайд 41
М едицин а, гигие на және денсаулық сақтаумен байланысты сұрақтарды зерттейтін с татистика медицин алық немесе санитар лық статистика деп аталады.
Слайд 42
Медициналық статистиканың бөлімдері : 1) қоғамдық денсаулық статистика сы ; 2 ) денсаулық сақтау статистика сы ; 3 ) ғылыми зерттеулер статистика сы, немесе теор иялық медицин алық статистика.
Слайд 43
Құбылыстардың сандық жағын сипаттайтын статистикалық шамалардың көптігі дәл сол сапалық ерекшеліктерінің әртүрлілігімен түсіндіріледі. Статистика идеал ды әлем мен реалды әлем жөнідегі түсінік арасында сәйкестік орнатады.
Слайд 44
Абсолюттік шамалар жалпы жиынтықты сипаттауда (халық саны, елдегі дәрігерлердің жалпы саны және т.б..), сонымен қатар сирек кездесетін құбылыстарды бағалауда (аса ауыр жұқпалы аурулар саны, даму ақаулары бар адамдар саны) қолданылады.
Слайд 45
Қорытынды шамалар қатыстық және орта болып бөлінеді. Қатыстық шамалар альтернативті белгілерді талдауда қолданылады.
Слайд 46
Қатыстық шамалардаң түрлері: 1) экстенсивті коэффициенттер; 2) интенсивті коэффициенттер; 3) арақатынас коэффициенттері; 4) көрнекілік коэффициенттер.
Слайд 47
Экстенсивті коэффициенттер бөліктің бүтінге қатынасын сипаттайды, яғни 100% деп қабылданған бүтіндегі бөліктің үлесін (үлес мөлшерін), пайызын анықтайды. Статистикалық жиынтықтың құрамын сипаттауға қолданылады. Мысалы: барлық аурулардың арасындағы тұмау аурушылдығының үлес мөлшері (үлесі); жұмысшылардағы жалпы жарақаттанулар арасындағы өндірістік жарақаттанудың үлесі (өндірістік жарақаттанулар санының жалпы жарақаттанулар санына қатынасын 100%-ға көбейту).
Слайд 48
Интенсивті коэффициенттер құбылыстардың өздері тараған ортадағы жиілігін көрсетеді (таралу деңгейін). Практикада оларды халық денсаулығын, медициналық-демографиялық процестерді бағалау үшін қолданады. Мысалы: 100 жұмысшыға шаққанда уақытша еңбекке жарамсыздықпен аурушылдық жағдайларының саны; 100 тұрғынға шаққанда гипертониялық аурумен аурушылдық саны; 1000 адамға шаққанда туылғандар саны).
Слайд 49
Арақатынас коэффициенттері екі дербес жиынтықтардың қатынасын сипаттайды. Медициналық көмекпен қамтуды (деңгейін және сапасын) сипаттау үшін қолданылады: 10000 адамға шаққанда ауруханалық төсектер саны; 10000 адамға шаққанда дәрігерлер саны; 1000 адамға шаққанда егулер саны (егумен қамтылғандар санының әкімшілік территориядағы халық санына қатынасын 1000-ға көбейту).
Слайд 50
Көрнекілік коэффициенті 100% деп қабылданған шамамен салыстырғанда қанша пайызға немесе неше есеге артатынын немесе кемитінін анықтайды. Құбылыс динамикасын сипаттауға қолданылады. Мысалы, 100% деп қабылданған 1994 ж. дәрігерлер санымен салыстырғанда 1995 ж. дәрігерлер саны (берілген жылғы мамандар санының алдыңғы жылғы мамандар санына қатынасын 100%-ға көбейтеміз).
Слайд 51
Орта шамалар - бұл өзгермелі вариабельді белгілерімен біртекті жиынтықтың сандық жалпылама сипаты. Олар физиологиялық көрсеткіштерді ( пульстің, тыныстың, АҚ орташа жиілігі ), физикалық даму параметрлерін ( 18 жастағылардың орташа бой ұзындығы, дене салмағы), санитарлық-гигиеналық сипаттамаларда ( бір адамға келетін орташа тұрғын алаңы, 1 мл-гі бактериялардың орташа саны ), медициналық қызметтің сандық сипатын ( сағатына келушілердің орташа саны, жыл бойғы орташа төсекті пайдалану ) сипаттауда қолданылады.
Слайд 52
Орта шамаларды есептеу үшін вариациялық қатар құру қажет. Вариациялық қатарлар былай бөлінеді: 1) жай және өлшемді; 2 ) топтастырылған және топтастырылмаған ; 3 ) ашық және жабық; 4 ) бірмодальды және мультимодальды; 5 ) симметриялық және симметриялық емес; 6 ) дискреттік және үздіксіз; 7 ) жұп және тақ.
Слайд 53
Орта шаманың негізгі қасиеттері : 1 ) жалпыландыратын шама болғандықтан абстракт ілі сипатты болады ; 2 ) қатардың ортасында орналасады ( қатаң симметри ялы қатарда ); 3 ) барлық вариант алардың орта шамадан ауытқуларының сомасы нөлге тең. Орта шаманың бұл қасиеті ортаны есептеу дұрыстығын тексеруге қолданылады.
Слайд 54
Динами калық қатар – бұл құбылыстың уақыт бойынша өзгеруін көрсететін біртекті статисти калық шамалар қатары. Динами калық қатар абсолют тік сандардан ( науқастар санының өзгеруі ), орта шамалардан ( аптадағы лаборатор лық талдаулардың орта саны ) және қатыстық шамалардан ( туушылдықтың, аурушылдықтың, жарақаттанудың, дәрігермен қамтамасыз етілудің өзгеруі ) тұруы мүмкін. Д инам икалық қатарды құрайтын сандар қатардың деңгейлері деп аталады.
Слайд 55: СТАТИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ
Зерттеу жоспары мен бағдарламасын құрастыру (дайындық жұмысы) Статистикалық байқау (материал дайындау) ) Материалды статистикалық өңдеу Талдау, қорытынды, ұсыныстар жасау
Слайд 56
Статистикалық зерттеудің І кезеңі - зерттеу объектісін, бақылау бірлігін анықтау; - жұмысты жүргізу мерзімін белгілеу; - бақылау тәсілін және материалды таңдау әдісін анықтау; - кадрларды, техникалық, материалдық қамтылуларды анықтау; - материалды өндеу бағдарламасын құру.
Слайд 57
II кезең – статистикалық материалдарды жинау - арнайы дайындалған құжаттарды тіркеу, толтыру (талондар, анкеталар, карталар және т.б.). материалды жинау алдын ала құрастырылған зерттеу бағдарламасы және жоспарына байланысты жүргізіледі
Слайд 58
III кезең - алынған мәліметтерді өңдеу 1 ) жиналған мәліметтерді бақылау; 2) топтастыру; 3 ) белгілеу; 4 ) статистикалық кестеге мәліметтерді енгізу; 5 ) статистикалық көрсеткіштерді есептеу және материалдарды статистикалық өңдеу.
Слайд 59
IV кезең – алынған материалдарды талдау, зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды және ұсыныс беру
Слайд 60
Статистикалық жиынтық – бұл белгілі бір кеңістікте және уақыт аралығында алынған, сапасы жағынан салыстырмалы түрде біркелкі элементтердің тобы
Слайд 62
Статистикалық жиынтық бақылау бірліктерінен тұрады. Әрбір бақылау бірлігінің сипаттайтын белгілері болады. Барлық тіркелінетін белгілер 2 бөлінеді: Атрибутивтік (сөзбен анықталынатын) – мысалы, жынысы, аурудың түрі, кәсібі, емдеу нәтижесі, тұратын жері және т.б. Сандық (сан арқылы анықталатын) – мысалы, бойдың ұзындығы, салмағы, емделу ұзақтығы, түрлі зерттеулердің сандық нәтижелері.
Слайд 63
Зерттеу жүргізгенде дәрігер зерттелінетін құбылысқа әртүрлі белгілердің әсерін анықтау қажет. Сондықтан белгілерді факторлық және нәтижелік деп бөледі. Факторлық белгілерге басқа бір белгінің нәтижесіне әсер ететін белгілер жатады. Мысалы: баланың жасына сәйкес бойы өседі (жасы – факторлық, ал бойы – нәтижелік белгі).
Слайд 64
Статистикалық жиынтықты сипаттайтын нышандар: таралуы; о рта деңгейі; айырмашылығы (өзгерушілігі); репрезентативтілігі (тұлғалық маңызы); ө зара байланысы.
Слайд 65
Мәліметтерді өңдеу ережесін жасағанда статистикалық кестелердің нұсқаларын дайындалады.
Слайд 66
Статистикалық кестелердің мынадай негізгі құрамы болады: Кестелердің аталуы оның толық мазмұнын қамтиды. Статистикалық бастауыш – ол талданатын негізгі белгі. Кестенің жоғарғы сол жағынан бірінші орын алады. Статистикалық баяндауыш – зерттеудегі статистикалық жиынтықты толық сипаттау үшін қолданады. Барлық көлденеңінен және тік жазылған мәліметтердің қосындысы, кестенің дұрыс толтырылуын тексереді.
Слайд 67
Статистикалық кестелердің 3 түрі бар: 1. Жай статистикалық кесте: бір статистикалық бастауыш болады, барлық мәліметтер бір белгімен алынады. 2. Топтастырылған статистикалық кесте: оның бір статистикалық бастауышы және бір – бірімен байыланысы жоқ белгілер статистикалық баяндауыштың құрамында болады. 3. Қисындастырылған статистикалық кесте: оның бір статистикалық бастауышы және бір – бірімен байланысты бірнеше белгілер статистикалық баяндауыштың құрамында болады.
Слайд 68: Жай статистикалық кесте
а Аурудың түрі Науқастардың саны Ісіктер 220800 Асқорыту ағзаларының аурулары 891122 Тыныс ағзаларының аурулары 202414 Барлығы 1314336
Слайд 69: Топтастырылған статистикалық кесте
Емдеудің нәтижесі Жасы Жынысы Жинағы 40 жасқа дейін 41-59 жас 60 жастан жоғары Ерлер Әйел дер Жазылу Тузелу Өліммен аяқталу Барлығы
Слайд 70: Қисындастырылған статистикалық кесте
Емдеудің нәтижесі Жасы Жинағы 30 ға дейін 31-59 ға дейін 60 тан жоғары Ерлер Әйелдер Ерлер Әйелдер Ерлер Әйелдер Жазылу Өзгерусіз Өліммен аяқталу Барлығы