Первый слайд презентации: Тақырыбы: Денсаулық сақтау және медицинаның аспектілері
Орындаған : Жанболат Аяулым. Тексерген : Карпикбаева Жазира. Астана 2014 “ Астана Медицина Университеті ” АҚ
Слайд 2: Жоспар :
Кіріспе Негізгі бөлім ҚР - ның денсаулық сақтау жүйесі Демографиялық жағдай Халық денсаулығының жағдайы Медицинаның аспектілері Қорытынды.
Слайд 3: Кіріспе
Адамзат баласының тіршілік өмірінде ең бір бағалы нәрсе,оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап,үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп,оған пассивті түрде емес активті түрде қарау керек.Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті.Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік,әлеуметтік,экономикалық,жә-не медициналық,биологиялық,физиологиялық мәселе.Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарта беру,аурулардың алдын алу. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу,халыққа тегін,жалпыға бірдей,жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қам-тамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі. Өткен 2002 жылы-денсаулық жылы деп атаудың өзі осыны аңғартады.
Слайд 4: ҚР-НЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ
Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан республикамыздың конституциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, Қазақстан Республикасының «Адам және азамат» бөлімінің 29 бабында адам денсаулығы жайында толық мағлұмат келтірілген. Ел басымыздың жолдауындағы бағыттардың бірі-денсаулықты нығайту,медициналық қызмет көрсету,сапасын жақсарту және денсаулықты сақтаудың жоғарғы технологиялық жүйесін дамытуда біріншіден денсаулықты сақтау саласындағы басқару қаржыландыру,үйлестіру мен бақылау тетіктерін қайта саралау арқылы медициналық қызметтің нәтижелігі мен сапасын арттыру қажет болып табылады. Елімізде денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министрлігі айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіліп отырады.
Слайд 6: ХАЛЫҚТЫҢ ДАМУЫ, НЫҒАЮЫ МЕН ӨСІП-ӨРКЕНДЕУІНІҢ ҰЗАҚ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒЫТ-БАҒДАРЫ 1997 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫМЕН БЕКІТІЛДІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2004 ЖЫЛҒЫ 19 НАУРЫЗДАҒЫ «БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН, БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА ҮШІН, БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ХАЛЫҚ ҮШІН» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ОРЫНДАУ МАҚСАТЫНДА 2004 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІН РЕФОРМАЛАУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ 2005-2010 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ (БҰДАН ӘРІ – МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА) ҚАБЫЛДАНДЫ. ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ШЕҢБЕРІНДЕ 2008 ЖЫЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМГЕ АРНАЛҒАН ҮЛГІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КӨЗДЕЛДІ. ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДІ КӨЛЕМІНІҢ (ТМККК) МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ТӨЛЕУШІНІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНЕ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЕНГІЗУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 23 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1213 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2009-2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫНДА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН БОЛАТЫН. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ МЕН ДӘРІГЕРДІ ЕРІКТІ ТҮРДЕ ТАҢДАУ, СОНДАЙ-АҚ САПАЛЫ ЖӘНЕ УАҚТЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК АЛУҒА ҚҰҚЫҒЫ «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІНДЕ АЙҚЫНДАЛҒАН
Слайд 7: Халық денсаулығының жағдайы
Халықтың денсаулығы мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы жауапкершілігінің деңгейін көрсететін әлеуметтік бағдарының интегралды көрсеткіші болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша адам денсаулығының 50%-ы оның өмір сүру салтынан, созылмалы жұқпалы емес аурулардың (жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары, қант диабеті және т.б.) кеңінен таралуына, сондай-ақ адамның өмір сүру дағдысына байланысты. Мінез-құлықтық қауіп-қатердің факторларының кең таралуы: темекі шегу (22,8%), дене салмағының шамадан тыс артуы (36,9%), ішімдікті шектен тыс пайдалану (18,1%) жоғары деңгейде қалып отыр. Бұдан әрі «өркениет ауруларымен» сырқаттанушылықтың өсуі шамамен болжанып отыр (100 мың адамға шаққанда): - қанайналым жүйелерінің аурулары 2007 ж. – 1906,6; 2012 ж. – 2274,9; - онкологиялық ауру 2007 ж. – 496,9; 2012 ж. – 516,4; - қант диабеті 2007 ж. – 129,2; 2012 ж. – 162,1
Слайд 8: Азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік саясаттың принциптері
Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты: Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын сақтау; Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кепілді көлем шеңберінде көрсететін медициналық-санитариялық, медициналық-әлеуметтік және дәрі-дәрмектік көмектің қолайлығы, сабақтастығы мен тегіндігі және оларды жүзеге асырудағы жауапкершілік; Денсаулығынан айырылған жағдайда азаматтардың әлеуметтік қорғалуы; Медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде медициналық көмек алудағы әлеуметтік әділеттілік және теңдік; Міндетті және ерікті медициналық сақтандыру мен сан салалы медицинаны дамыту.
Слайд 9: Халыққа медициналық көмек ұйымдастыру
1. Азаматтарға ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемінің қолайлығын және оны алуын қамтамасыз ететін мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің негізін: - фельдшерлік-акушерлік пункт (дәрігерлерге дейінгі көмек); - Аудандық орталық аурухана, диспансерлер (білікті дәрігерлік көмек); - Облыстық аурухана, қалалық аурухана, диспансерлер, жедел медициналық жәрдем ауруханалары мен станциялары, республикалық орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының клиникалары 2. Лицензиясы болған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың медициналық ұйымдардың басқа да түрлерін ашуына рұқсат етіледі.
Слайд 10
Демография ( demos- халық, grafo- жазамын) деген екі грек сөзінен құралған – халық туралы және оның қоғамдық дамуы туралы ғылым. Халық туралы мәліметтердің маңызы өте зор. Біріншіден, қоғамның әлеуметттік-экономикалық дамуын жоспарлау, емдеу, санитарлық, т.б. медициналық мекемелердің жұмысын тиімді ұйымдастыруға және сауықтыру шараларын жүргізуге, дәрігерлер мен орта білімді мамандарды дайындау мақсатында пайдаланылады. Екіншіден, демографиялық көрсеткіштер халық денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштерге жатады. Үшіншіден, емдеу-профилактикалық мекемелердің жұмысын талдауда пайдаланылады.
Слайд 12: Демографиялық жағдай
Соңғы жылдары Қазақстанда халықтың туу көрсеткішінің 18,42-ден (2005 ж.) 22,75-ге дейін (2008 ж.) өсуі, өлім-жітім көрсеткішінің тұрақтағаны – 9,74 (2005 ж. - 10,37), тұрғындардың табиғи өсу коэффициентінің 1000 адамға шаққанда 13,01-ге дейін (2005 ж. - 8,05) артқаны байқалып отыр. Демографиялық жағдайдың оң өзгеріспен алға жылжуына қарамастан, әйелдер мен балалар денсаулығының төмен деңгейі сақталып отыр. Ұрпақты болу денсаулығы мәселесі өзекті күйде қалып отыр, неке құрған 16%-ы бедеу болып табылады. Ана өлімінің негізгі себептері (2008 ж. тірі туған 100 мың нәрестеге шаққанда. - 31,2) акушершік қан кету, гестоздар, экстрагениталдық патология, жоғары көлемде түсік жасатудың салдары және аурушаңдық (жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалар, қаназдық) болып қала береді. Бұл жағдай медициналық қызметтер сапасының жеткіліксіздігінен және оның тиісті стандартталуының болмауынан де күшейе түсуде. Нәресте өлім-жітімі көрсеткішінің тірі туылған 1000 балаға шаққанда 15,15-ден (2005 ж.) 20,76-ға (2008 ж.) дейін өсу үрдісі орын алып отыр. Бұл көрсеткіш дамыған елдер мен ТМД-ның кейбір елдерінің осыған ұқсас индикаторларынан асып отыр. Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінде (БҚЖИ) Қазақстан нәресте өлім-жітімі деңгейі бойынша жетекші орынға ие, сонымен қатар статистикалық мәліметтер айырмашылығы тірі және өлі туылғандардың халықаралық өлшемдерінің негізгі есебінен айқындалған.
Слайд 13: Медицинаның аспектілері
Ел басымыздың жолдауындағы бағыттардың бірі-денсаулықты нығайту,медициналық қызмет көрсету,сапасын жақсарту және денсаулықты сақтаудың жоғарғы технологиялық жүйесін дамытуда біріншіден денсаулықты сақтау саласындағы басқару қаржыландыру,үйлестіру мен бақылау тетіктерін қайта саралау арқылы медициналық қызметтің нәтижелігі мен сапасын арттыру қажет болып табылады. Елімізде денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министрлігі айналысады.Облыстарда,аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіліп отырады.Кейінгі кезде халықтың денсаулығы Сонымен қатар медицина мекемелерінің қоғам алдындағы ашық есептілігі жүйесінде,әрі ішкі бақылау мен сыртқы аудит жүйесінде енгізген жөн.Орташ өмір жасының ұзақтығы деңгейін арттыру, ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету АҚТЖ\ЖКТБ дертіне шалдығудың етек алуын тежеуге бағытталған бағдарламалар әзірлеу керектігі басты назарда екендігі айтылады.
Последний слайд презентации: Тақырыбы: Денсаулық сақтау және медицинаның аспектілері: Қорытынды
Осы тұжырымдаманы іске асыру Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құруға және ұлттық денсаулық сақтаудың беделін көтеруге мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған шаралардың басты идеясы денсаулық сақтау қызметтерінің профилактикалық бағытын нақты басымдыққа көшіру болуы тиіс, жүйе пациентке және түпкі нәтижеге бағдарланған қызмет көрсету сапасына қауіпсіздік кепілдігі мен жаңа деңгейі арқылы денсаулық сақтау саласына сенімділікті арттыру, мемлекет ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру, Өз денсаулығының мәдениетін қалыптастыру, кадрлардың жаңа нысанын және еңбек уәжділігін қалыптастыру. Пациентің дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдауына жағдай жасау бәселекестіктің дамуына, медициналық қызмет көрсету үдерісінің айқындылығын көтеруге мүмкіндік береді. Денсаулық үшін ортақ жауапкершілікке негізделген жаңа қаржылық модельді енгізу медициналық қызметті ұсынушыларды, медицина қызметкерлерін нақты экономикалық ынталандыруға және осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың азаюына әкеледі. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуді қаржыландыру жүйесінде түпкілікті қайта құру медициналық қызметтің сапасын және оның деңгейін мемлекеттік стандарттарға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан азаматтарының қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек алу құқығын іске асыру мүмкін болады.