Первый слайд презентации: Саяси идеология
“ Идеология ” деген ұғым гректің идея - бейне және логос – білім деген сөздерінен шыққан. Идеология терминін ғылыми айналымға А.Дестют де Траси XVII ғасырда еңгізді. Идеология – саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Саяси идеологияның ерекшелігі – саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс-әрекетті бағыттайды. Саяси идеология Ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Бұл кезде адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылады.
Слайд 6: Либерализм
“ Либерализм ” латын. либералис – еркін деген мағынаны білдіреді. Негізін салушылар: Дж. Локк, Ш.Л.Монтескье, А.Смит, И.Кант, Т.Джефферсон, А.Токвиль, Дж.Милль. Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либералдық идеологияның негізгі принципі – адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы.
Слайд 7: Консерватизм
Консерватизм ( французша со nservatisme, латынша conservativus - сақтаймын, қорғаймын ) - бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы. Консерватизмнің негізін қалаушыларға Эдмунд Берк, Жозеф де Местр, Фридрих фон Савиньи, Меттерних жатады. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге және феодалдық-аристократиялық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта түлетуге тырысты.Олардың ойынша, ортағасырлық тәртіп, қауымдастық қатынастар, отбасы, мектеп, шіркеу қоғамды біріктіреді, оның бірлігін және дамудағы сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өмірде әдет-ғұрып, дәстүр негізгі рөл атқарады.
Слайд 9: Коммунистік
Коммунистік (латын. к оммунис – жалпы) идеялар XIX ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар Карл Маркс пен Ф.Энгельс. Олардың ойынша, социализмді орнататын бірден-бір күш – жұмысшы табы. Социалистік революция нәтижесінде ескі мемлекет түбірімен қиратылады да, оның орнына жаңа мемлекет – пролетариат диктатурасы орнайды. Жеке меншікті жойып, қоғамдық меншікті орнатқысы келді. Коммунистік қоғамда мемлекет, саясат болмайды деп санады.
Слайд 11: Социал-демократия
Социал-демократия идеологиясы “ демократиялық социализм ” идеясын алға тартты. Басты құндылықтары – еркіндік, теңдік, әділеттілік және ынтымақтастық. Саяси демократияға мынадай негізгі принциптер кіруге тиіс: адам құқықтары, сөз, ой-пшкшр, баспасөз, білім алу, ұйымдар құру, дінге сену бостандығы, өзін-өзі басқару және т.б. Қазір социал-демократтар экологиялық қауіпсіздікке, адамды қоршаған ортаны жаңартуға, жандандыруға көп көңіл бөлуде. “ Демократиялық социализм ” тұжырымдамасы Швеция, Австрия, Швейцария, Норвегия және т.б. Еуропа елдерінде табысты іске асуда.