Шығындар — презентация
logo
Шығындар
  • Шығындар
  • Жоспар:
  • Өндіріс шығындары
  • Шығындар
  • Шығындар
  • Шығындар
  • Шығындар
  • Шығындар
  • Шығындар
  • Шығындар
  • Шығындар
  • Шығындар
  • Шығындар
  • Шығындар
  • Шығындар
  • Шығындар
  • Назарларыңызға рахмет!!!
1/17

Первый слайд презентации: Шығындар

Орындаған: 3 топ Қабылдаған: Жұматай Ж.

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспар:

Өндіріс шығындары түсінігі Экономикалық және бухгалтерлік шығындар Шығын түрлері Шығындар жіктелуі

Изображение слайда

Қоғамдық өндіріс шығындары – ол өнім өндіргендегі қоғамдық қажетті еңбек ( тірі және затталған ) шығынының жиынтығы.

Изображение слайда

Слайд 4

Өндіріс шығыны кәсіпорында өндірістің және өнімді өткізудің қаншаға түсетінін көрсетеді. Тауардың ең төмен бағасы осы шығынның мөлшерімен, ал тауардың ең жоғары бағасы сұраныспен айқындалады. Ақшалай тұлғада ол өнімнің өзіндік құны, кәсіпорынның ағымдағы жұмсаған шығындары.

Изображение слайда

Слайд 5

К. Маркс өндіріс шығындарын нақты өндіріс процесінде қарады. Ол бағаның тауар құнының айналасында ауытқуын, сұраныс пен ұсыныс заңының әсер етуін есепке алмай талдады. Әрине өндірістік шығынды қалыптастырғанда аталған факторларын есепке алу қажет. Экономикадағы осы талаптарды есептей отырып, қазіргі кезеңдегі концепцияны зерттеп дайындағандар А. Маршалл, Д. Миллен, Дж.Робинсон. Олар көп жағдайда К. Маркс ілімін есепке ала отырып, өндіріс шығындарын кәсіпорын өнімдерінің санына тәуелді және тәуелсіз деп бөлді. Осының салдарынан тұрақты және өзгермелі өндіріс шығындары ұғымы пайда болды.

Изображение слайда

Слайд 6

Шығындар Тұрақты Өзгермелі Тұрақты шығын ( үстеме шығын ) өзгермеген күйінде қалады және өндірістің көлеміне тәуелсіз жүзеге асырылады. Өзгермелі шығын өндірістің көлеміне тікелей тәуелді.

Изображение слайда

Слайд 7

Тұрақты шығындарға жататындар: кәсіпорынның қызмет жасауын қамтамасыз ету шығындары, қарыз пайыздарын төлеу, салық, аммортизациялық аударым, қорғау ақысы, қамсыздандыру шығыны, өндіріс тоқтаған кездегі құрал-жабдықтарға қызмет жасау шығындары, басқару аппаратының жалақысы т.б. Тұрақты шығындарды кәсіпорын ұзақ мерзім кезеңінде дамуды да бақылай алады. Олар қысқа мерзім кезеңінде де өнім шығару көлеміне байланысты өзгермейді.

Изображение слайда

Слайд 8

Өзгермелі шығындар шығарылған өнім көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Өзгермелі шығынға жататындар : шикізат, материалдар, жұмысшылардың жалақысы, энергия, тасымалдау шығыны, т.б. Кәсіпорын өнім өндіруді көбейту үшін, алдымен сол өнім өсіміне қанша өзгермелі шығын жұмсалатынын есептей білуі қажет. Сол үшін шығындарды өлшеуге ( есептеуге ) ерекше тәсілдермен ерекше өлшеу белгілерін зерттеп дайындау қажет.

Изображение слайда

Слайд 9

Өндіріс пен сату ( өткізу ) өзгергендегі өзгермелі шығындар динамикасымен танысайық. Бұнда үш жағдай болуы мүмкін : 1. Өзгермелі шығындар пропорционалды болады, егер олардың салыстырмалы өзгеруі, өндірістің көлемі мен жүктемесінің салыстырмалы өзгеруіне тең болса 2. Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болса, онда дегрессивтік өзгермелі шығындардың болғаны 3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады, егер өзгермелі шығындардың өсуі өндірістің көлемінен артық болса

Изображение слайда

Слайд 10

Кәсіпорын бірлік өнімге жұмсалған шығынды білуі қажет. Сондықтан орта өндіріс шығыны есептеледі. Оның үш түрі бар: 1) Орта тұрақты шығын. Оны тұрақты шығынды шығарылған өнім көлеміне бөлу арқылы анықтайды. 2) Орта өзгермелі шығын. Оны өзгермелі шығынды шығарылған өнім көлеміне бөлу арқылы анықтайды. 3) Орта жалпы шығын. Оны жалпы шығынды шығарылған өнім көлеміне бөлу арқылы анықтайды. Осы орта жалпы шығын бірлік өнім өндіріс шығыны болып есептеледі.

Изображение слайда

Слайд 11

Шекті шығындар қосымша бір бірлік өнімді шығарғанға жұмсалған шығын өсімі. Жоғарыда айтылғандай, тұрақты шығын шығарған өнім көлеміне байланысты өзгермейді. Сондықтан, шекті шығындарды қосымша бірлік өнім шығарғанда жұмсалған шығын өсуі тек өзгермелі шығынмен анықталады. Себебі, ол, өнім шығарудың көлемін бір бірлікке көбейткенде кәсіпорынға қанша шығын жұмсалғанын көрсетеді. Шекті шығындар

Изображение слайда

Слайд 12

MС = ΔTC / ΔQ Егер өнімнің қосымша бірлігі оның сату бағасынан арзан түссе, онда   шекті шығында р өнімнің бағасымен тендескенше, фирма өндірісті кеңейте береді. Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисық сызығы — U тәрізді форма алады, бұл қысқармалы табыстылық заңымен байланысты — еселеп өсіп отыратын қосымша күш шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларына қолданылады. Шекті шығындар

Изображение слайда

Слайд 13

Сыртқы шығындар өнімін шығару үшін өзі өндірмей сырттан алған өнімдерге ақшалай бөлінген шығын. Мысалы : жабдықтаушыларға көрсеткен еңбек қызметі, шикізат, отын, транспорт қызметі, энергия т.с.с. Ішкі шығындар - кәсіпорынның меншігіндегі және өз еркімен пайдаланылған ресурстар шығыны.Кәсіпорын экономикалық талдау процесінде басқа да өндіріс шығындарының түрін қолданады. Олар : алмастыру шығыны, қайтарылмаған шығындар, трансакциялық шығындар т.б. Кәсіпорын өз іс-әрекетінде шығындарды сыртқы және ішкі деп бөледі.

Изображение слайда

Слайд 14

Айқын шығындар  ( explicit costs ) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын   ақша   формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуыресурстарды   тыстан алумен байланысты. Мысалы,  жұмысшыларға,  менеджерлерге   жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б. Айқын емес шығындар  ( implicit costs ) деп   өндірісте   пайдаланылған   фирманың   өз иелігіндегі ( сырттан сатып алынбаған )  ресурстардың   құнын ( шығынын ) атайды. Мысалы,ғимараттарды   жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік   статистикада   айқын емес шығындар көрсетілмейді.

Изображение слайда

Слайд 15

Орташа шығындар  АТС — бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар : АТС = TC / Q Осыған сәйкес орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындар есептеледі. Ұзақ мерзімде кәсіпорнының масштабының және оның өндіріс   көлемінің орташа шығындар динамикасына ықпалы оң шамада немесе теріс шамада болуы мүмкін. Әдетте, ұзақ мерзім кезеңінде шығындар,  кәсіпорнының   кеңеюіне сәйкес, алғашында төмендеп минимумға жетеді, осыдан кейін қайтадан өседі. Бұл жағдай қайтарымның кему заңымен емес, өндіріс масштабының өсуінің оң немесе теріс эффектісімен дәлелденеді.

Изображение слайда

Слайд 16

Бухгалтерлік шығындар – ол есепті кезеңде орын алған өндірістің нақты шығындары. Дәл осы шығындар фирманың бухгалтерлік есеінде көрсетіледі. Көзге көрінетін және көзге көрінбейтін шығындар экономикалық шығындарды құрады. Бухгалтерлік (көзге көрінетін) + көзге көрінбейтін = экономикалық

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Шығындар: Назарларыңызға рахмет!!!

Изображение слайда

Похожие презентации