Слайд 2: Сабақтың мақсаты:
7.2.3.1. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау;
Слайд 3: Тақырып жоспары:
Шортанбай шығармаларының құрылысы Өлең-жырлардың көркемдік ерекшеліктері Ақын мұрасының әдебиет тарихынан алатын орны
Слайд 4
Шығармаларының маңызы • Шортанбай шығармалары ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көркемдік-эстетикалық деңгейін көрсете алатын биікте тұр. • Ақын өлеңге қойылатын талапты терең сезінген, оның шарттарын саналы түрде сақтаған. • Ол – кәсіби ақындыққа, жазба әдебиетке мейлінше жақын тұрған ақын. • Шортанбай өз өлеңдерінің көркемдігіне, тілі мен мазмұнының бір-бірімен байланыстылығына үлкен жауапкершілікпен қарап, ақындық шеберлік тізгінін мығым ұстай білген.
Слайд 5
Құрылысы • Шығармалары, негізінен, дәстүрлі жыр үлгісінде келеді. • Жырдың жанрлық ерекшеліктері (ұйқас, екпін, ырғақ, буын, бунақ, шумақ) Шортанбай өлеңдерінде белгілі бір тәртіппен қолданылып, жүйемен өріліп отырады. • Оның өлеңдері дәстүрлі шумақтардан емес, шумақтан кең түйдектерден құрылады.
Слайд 6
Түйдек • Түйдек (тирада) – қазақ поэзиясында жырда қолданылатын тармақтарды топтастырудың еркін түрі. Егер шумақты өлеңдерде тармақтар белгілі тәртіппен, өзіндік ретімен топтасатын болса, жырда олар еркін, әр мөлшерде алына береді. Мұнда тармақтар түйдек-түйдегімен түсіп, әр көлемде топтасып, ұзынды-қысқалы синтаксистік оралымдардың ыңғайымен әрқалай топтаса береді. Кейде жырды шұбыртпалы деп атайтыны сондықтан. Алайда, жыр әйтеуір созылып, шұбатыла бермейді. Әр жерден бір қайырылып, тармақтар тобы синтаксистік оралым (период) көлемінде тиянақталып, одан әрі басқаша топтасып отырады. Түйдек көлемінде көптеген тармақтарды біркелкі үйлестіретін желілі ұйқас қолданылады. Ал қатар тұрған, жақын тармақтар қосымша, жанама ұйқас арқылы өзара үйлеседі.
Слайд 7
Түйдектердің ерекшелігі • Шортанбай өлеңдерінде бір түйдектегі ойды келесі түйдекте ретімен сатылай дамытып айтудың үлгісі жасалған. • Ақын түйдектерінде ой желісінің түйінді-түйінді тұсына белгілі бір сөздердің қайталанып келіп отыруы – жырдың көркемдік тәсілі ретінде көрінеді.
Слайд 8
Түйдектер мәні • Әр түйдекте бір мән бар. • «Зар заман» толғауы 14 түйдектен тұрады. • Олардың әрқайсысында заманның әрбір сипаты суреттеледі. • Мысалы, 1-түйдекте ар-ұят, адамгершілікті жоқтай келе – кесірлік көбейіп, жігіттің бағасы кеткені туралы айтылады. • 3-түйдек заманның экономикалық ахуалының тозғанын көз алдымызға көркем түрде елестетеді. • 7-түйдекте заман келбетін аса әсерлі эпитеттермен бейнелейді.
Слайд 9
Өлең-толғаулардың көркемдік ерекшеліктері • Шортанбай шығармаларында көне түркі әдебиетінен келе жатқан дыбыс қуалау (аллитерация, ассонанс) тәсілі көп ұшырасады: Бір пара жанды малды қып, Бір пара жанды малсыз қып, Бір пара жанды дінді қып, Бір пара жанды дінсіз қып... немесе ...Зар, зар заман, зар заман, Зарлап өткен бір заман, – деген тармақтарда дыбыстардың үндестігі және ішкі ұйқас арқылы ақын, біріншіден, өлеңнің көркемдігіне әр берсе, екіншіден, қайғылы хал-ахуалды күшейте алған. • Осы шағын үзінділерде аллитерация мен ассонанстан бөлек, сөз қайталаудың анафора, эпифора дейтін түрлері де көрінеді.
Слайд 10: Метонимия
( гр. ' metonym і a' – ауыстыру, қайтадан атау ) – троптың ( құбылтудың ) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Метафорада ауыспалы, астарлы мағына екі нәрсенің ұқсастығы негізінде туындаса, метонимияда олардың жалғастығы, айрықша белгісі арқылы пайда болады. Мысалы, әйелді – “ ақ жаулық ”, әскерді – “ қол ”, бүркітті – “ ақиық, мұзбалақ ”, қылышты – “ наркескен ” деп айту метонимияға жатады. 1) бір табақ ет жеді ( тамақ ), сұйықтың орнына ыдыс атауының : табақ ( бір табақ жеді ); 2 ) тұрғындардың орнына қоныс атауы : ауыл ( бүкіл ауыл жиналды - бүкіл ауыл тұрғындары жиналды ); 3 ) қимылдың орнына қимыл нәтижесінің атауы : аялдама ( автобус аялдамаға келді - автобус аялдайтын жерге келді );
Слайд 11: Синекдоха
Бұл метонимияға жақын, өйткені синекдоха да екі ұғымның іргелестігі арқылы жасалады. Мұның метонимиядан айырмасы мынада : метонимияда сандық айырмашылық болмайды ; ал синекдохада сандық айырмашылық болады. Егер сан жағынан айырма болмаса, синекдоха болмайды. Синекдохада бір ұғымды екінші ұғымға ауыстырғанда : бірі — үлкен, екіншісі — кіші ; бірі — жалпы, екіншісі — жалқы ; бірі — бүтін, екіншісі — бөлшек болуы қажет. Әрине, үлкені — кішінің орнына қолданылғанда, мағынасы тараяды да, кішісі — үлкенінің, орнына қолданылса, мағынасы зораяды, кеңиді. Мысалы, Жүз бас қой, Жиырма тұяқ мал, Көп қол жұмысты өндіріп жібереді т. б. Осы сөйлемдердегі бас, тұяқ, қол деген сөздер бір бүтін дененің бір-бір ғана бөлшегі болып тұрған жоқ, сол кішкене бөлшекті білдіретін сөздің мағынасы зорайып, белгілі бір бүтін дененің орнына ауысып қолданылып тұр. Шынында, жәндіктердің, оның ішінде осы тіркесте қойдың басы деген бір мүшенің атын білдірмей, бүтін қойдың өзін түгел қамтып, бір бүтін мал деген, яғни қой деген ұғымды білдіріп тұр. Ал, тұяқ деген сөз бүтіндей бір мал деген мәнде ; қол деген сөз жұмысшының бір мүшесі емес, жұмысшы адам мағынасында айтылып тұр.
Слайд 12
Анафора – өлең тармақтарында белгілі бір сөздің немесе сөз тіркесінің жол басында қайталануы. Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы ! Эпифора – өлең тармақтарында бір сөздің немесе сөз тіркесінің жол аяғында қайталануы. Атадан туған мен бір шоқ, Садаққа байлар сайман жоқ. Балталыдай көлім жоқ, Бақалыдай көлім жоқ, Алдымда менің ағам жоқ, Артымда менің інім жоқ.
Слайд 13
Риторикалық сұрақ – риторикалық сұраққа, әдетте, жауап күтілмейді, айтылған ойға тыңдаушының назарын аударып, екпін түсіру үшін қолданылады. Айналайын ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда ? Еңсесі биік ақ орда, Еміне кірер күн қайда ? (Махамбет)
Слайд 14
Синекдохалық қолданыстары бар тармақтар Те ңеу Эпитет Қайталаудың түрлеріне қатысты мысалдар (анафора, эпифора) Ассонанс Аллитерация Риторикалық сұрақтар
Слайд 15: Дескриптор:
Ақынның қолданған көркемдік қолданыстарына қарай символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ сияқты тәсілдердің қолданысты анықтайды; 7 б
Слайд 16
Теңеулер: Кәпірді көрдің піріңдей, Тілмашты көрдің биіңдей, Дуанды көрдің үйіңдей, Абақты тұр қасыңда Қазылған қара көріңдей! ...Билер жейді параны Сақтап қойған сүріндей. Заманның түрі бұзылды Текеметтің түріндей
Слайд 17
Эпитеттер: Бір ғана замана ұғымы Шортанбай қолданысында «зар заман», «тар заман», «бар заман», «асылық асқан заман», «ақыр заман», «текеметтің түріндей құбылған заман», «арғымақ ат тосырқап, тағалы болған заман», т.б. көркем сөздермен көмкерілген, түрліше сипатталған бейнелерге толы.
Слайд 18
Мысалдар Көркемдегіш құрал түрлері Қолданылу ерекшелігі Орыс - бүркіт, біз - түлкі Аламын деп талпынды. Қайсыбірін айтайын, Қазақтың ұлы қамалды. Қамалмай енді неғып тұр? Азулыға бар заман, Азусызға тар заман. Билер жейді параны Сақтап қойған сүріңдей. Заманның түрі бұзылды Текеметтің түріндей.