Первый слайд презентации
Тақырыбы: “ Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде жаңа әдістердің рөлі» Мақсаты:Қазіргі заманғы ақпараттық технологияның ауқымды даму кезеңінде заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыруда талмай іздену
Слайд 2
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер оқушыларға сапалы білім бере отырып, жетістікке жету жолдарынанықтайды және жолға қояды.
Слайд 3
І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды ахуал қалыптастыру « Шеңбер бойынша сөз тізбегі ” ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді. Ойынның ережесі : Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “ Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз ”. Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан шығарылады. Басқа адамның интоннациясын қайталауғаболмайды.
Слайд 4
Топқа бөлу « Бес құндылық »: 1.Ақиқат 2.Дұрыс әрекет, 3.Тыныштық, 4.Сүйіспеншілік 5. Қиянат жасамау
Слайд 5
Үлгерімі төмен оқушыларды болдырмаудың жолдары бар ма ?- Мектеп өміріндегі педагогтардың негізгі қиындық тудыратын мәселесі – бұл үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. Әрине, қанша біз тырыссақ та, бес саусақ бірдей емес деген ұғым бар. Ол шындық. Әр сыныпта үлгерімі төмен оқушылар болады. Ал, үлгерімі төмен оқушылар дегеніміз кімдер?Оларға қандай оқушыларды жатқызуға болады ? Үлгерімі төмен оқушыларға – ой қабілеті әлсіз дамыған, есте сақтау қабілеті төмен,өз ойын толық жеткізе алмайтын, үй тапсырмасын жиі орындамай келетін,сабаққа деген ынта - жігері төмен, жаңа материалды тез меңгере алмайтын жәнесабақтан себепсіз көп қалатын оқушылар жатқызуға болады. Оқушылардың сабақ үлгерімінің нашарлауы- бүгінгі күрделі мәселенің бірі. Жалпы ғылыми тұрғыдан алғанда оқушылардың сабаққа үлгермеушілік мәселесі әлі толық зерттелген жоқ. Педагог үшін ең алдымен оқушылардың сабаққа Үлгермеушілік себебін анықтап алу керек. ЕНДЕШЕ, баланың тағдырында соңғы орын алмайтын мұғалім ретінде, осындай үлгерімі төмен оқушыларды болдырмаудың қандай жолдары бар деп ойлайсыздар ? Ұрпақтың болашағына негізгі үлесқосатын ұстаз ретінде оларға қандай көмек көрсете аламыз деп ойлайсыздар ?
Слайд 6
Тапсырма : Сіздердің мақсаттарыңыз топпен ақылдаса отырып үлгерімі төмен оқушылардыболдырмау жолдарын қарастыру және әр топ мәселені шешудің неғұрлым көбірек жолдарын ұсыну керек.
Слайд 7
Ұстаздардың сезіміне психологиялық бақылау Үлестірмелі суреттер салынған парақтар әр топқа таратылады және ұстаздар сол суреттерге қарап, суретті сөйлету керек. 1-тапсырма. Ақ қағазға сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан. 2-тапсырма. Оның болашағы да соншалықты жарқын шуағын төккен күн астына әр ұлттың балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген. 3- тапсырма. Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.
Слайд 9
Кілті : 1-тапсырма бойынша : « Ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк, сол қағазға ата-анасымен бірге біздер, яғни ұстаздардың салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады ». 2-тапсырма бойынша : « ұлты басқа болғанымен, бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаз оларға күн сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді ». 3-тапсырма бойынша : « Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған ж ұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ ояу бір кісі бар. Бұл мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді...»