Слайд 2
Қан кету дегеніміз – қан тамыры қабырғасының бүтіндігі немесе өткізгіштігі бұзылған кездегі тамырдан қанның ағуы. Кейбір жағдайлар кезіндегі қан кету мөлшері белгілі деңгейлерден аспаса – ол қалыпты немесе физиологиялық қан кету деп есептеледі. Ал патологиялық қан кетулердің себебі алуан түрлі.
Слайд 3: Қан кетудің жіктелуі:
Пайда болу себептеріне қарай: Механикалық зақымдалуы Тамыр жарылуы Аррозивті қан кету Диапедездік қан кету Қанның химиялық құрамының өзгеруі Қанның ұю және ұюға қарсы қасиеттерінің өзгеруі.
Слайд 4: ҚАН КЕТІП ЖАТҚАН ТАМЫР ТҮРІНЕ ҚАРАЙ:
Артериалды Көк тамырлық ( венозды ) Артериовенозды Капиллярлы Паренхиматозды
Слайд 5: Қан кету түрлері
Слайд 6: Клиникалық көрінісіне қарай:
Сыртқы (қан тамырдан сыртқы ортаға ағып шығады). Ішкі (қан тамырынан кеткен қан, тіндерде, қуысты ағзаларда, табиғи қуыстарда жиналады). Жасырын (айқын клиникалық белгілерінсіз).
Слайд 7: Ішкі қан кетулердің қосымша жіктемесі:
1. Қанның тіндерге ағуы: Тінге қанның құйылуы немесе сіңуі (кровоизлияния); Теріастылық (кровоподтек); Шырышастылық; Субарахноидалды; Субсерозды; 2. Гематомалар (Қан ұйындылары) (қанның тіндерге көп мөлшерде ағуы).
Слайд 8: Қуысішілік қан кетулер:
1. Табиғи қуыстарға қанның кетуі: Құрсақ қуысына (гемоперитонеум); Жүрек қабы қуысына (гемоперикард); Плевра қуысына (гемоторакс); Буындар қуысына (гемартроз). 2. Қанның қуысты ағзаларға кетуі: асқазан-ішек жолдары, несепшығару жолдары және т.б.
Слайд 9: Қан кетудің қарқынына қарай:
Өте қарқынды (шапшаң, үлкен қан тамырларынан бір минуттың өзінде көп мөлшерде қан жоғалтады). Қарқынды (жедел бір сағат шамасында). Баяу (бір тәулік бойы). Созылмалы (апта, айлар, жыл бойына). - Пайда болған уақытына қарай: Біріншілік Екіншілік
Слайд 10: Қан кетудің нәтижесі мен жоғалған қан мөлшерін анықтайтын факторлар:
Жоғалған қан көлемі мен қан кету жылдамдығы (қандай тамыр зақымдалуына және қан ұюына байланысты) Организмнің жалпы жағдайына (денсаулығына, жарақат, ашығу, операция, ЖҚТЖ, жынысы, жасы, қоршаған орта жағдайы)
Слайд 11: Клиникалық көрінісі:
Субъективті белгілері: Бас айналу Әлсіздік Ауыздың құрғауы, шөлдеу Жүрек айнуы Көздің қарауытуы
Слайд 12: Объективтік белгілері:
Терінің бозаруы және ылғалдануы Тамыр соғысының жиілеуі және әлсіреуі АҚҚ және веналық қысымның төмендеу Бет әлпетінің салғырттануы Тыныс алудың жиілеуі
Слайд 13: Қуысты ағзаларға қан кету кезіндегі зерттеу әдістері
Шағымдары (қан құсу, қанмен қақыру, мелена, гематурия және т.б.) Объективті зерттеу (асқазанға сүңгіме зонд салу, тік ішекті саусақпен қарау) Аспаптық зерттеулер (бронхоскопия, ЭФГДС, ректороманоскопия, колоноскопия, цистоскопия, УДЗ, Р-графия, радиоизотоптық зерттеулер)
Слайд 14: Гемоперитонеум себептері:
Құрсақ қуысының ашық және жабық жарақаттары Паренхиматозды ағзалардың зақымдалуы (бауыр, көкбауыр) Шажырқай қан тамырларының зақымдалуы Жатырдан тыс жүктілік, аналық без жарылуы Операция кезінде қан тамырларына салынған тігістердің қиылып немесе сырғып кетуі
Слайд 15: Гемоперикард себептері және белгілері
Себептері: жүректің және перикардтың жарақаты, жабық зақымдалуы, жүрек аневризмасының жарылуы, сепсис және т.б. Клиникалық белгілері: Жүрек тұсындағы ауру сезімі, науқастың мазасыздануы, бет әлпетінде қорқыныш-үрейдің байқалуы, ентігу, тамыр соғысының әлсіреуі және жиілеуі, тахикардия, АҚҚ төмендеуі, жүрек шекарасының ұлғаюы, жүрек ұшы соғысының жоғалуы немесе ығысуы, жүрек тондарының бәсеңдеуі. Жүрек қалтасы қуысында 400-500 мл артық қан жиналса – жүрек тампонадасына алып келуі және науқас өміріне қауіп төнуі мүмкін.
Слайд 16: Қан кетудің ауырлық дәрежесі (Горбашко, 1982ж.)
көрсеткіштер Қан жоғалту дәрежесі жеңіл орташа ауыр эритроциттер саны >3,5 Х10/л 3,5 Х10/л-2,5х10/л < 2,5х10/л Гемоглобин г/л > 100 83-100 < 83 Тамыр соғысы 80 дейін 80-100 100-жоғары Систол. АҚҚ (мм. сын. бағ.) > 110 90-100 < 90 Гематокриттік көрсеткіш % > 30 25-30 < 25
Слайд 17: Қан тоқтату әдістері:
- Уақытша қан тоқтату Жгут салу Қан тамырын саусақпен жарада немесе ұзынабойынан басу Аяқ пен қолды буында бүгу Жараны дәке тампонымен тығындап, таңғыш салу Қан тамырына уақытша шунт салу
Слайд 18: Қан кетуді толық тоқтату әдістері:
Механикалық (қан тамырын жарада байлау, ұзына бойына байлау, қан тамырына жасанды эмбол салу, қан тамырына тігіс салу, протез салу) Физикалық (диатермокоагуляция, лазер және т.б.) Химиялық және биологиялық (қан препараттарын құю, контрикал, викасол, тахокомб) Қосарланған (кобинирленген)
Слайд 25: Қан құю, тарихи кезеңдері:
Бірінші кезең- ежелгі уақыттан 1628 ж. дейін Екінші кезең – Гарвейдің қанайналу шеңберлерін ашқаннан 1901 ж. дейінгі уақыт Үшінші кезең - Ландштейнердің изогемагглютинация заңын ашқаннан бүгінгі күнге дейінгі кезең.
Слайд 27: Құйылған қан әсері:
Гемостатикалық Дезинтоксикациялық Иммундық жүйені реттегіштік
Слайд 28: Қан құюға көрсеткіштер:
Әртүрлі себептерден болған анемиялар Қан аурулары Ауыр уланулар Іріңді-қабыну аурулары
Слайд 29: Қан құюға қарсы көрсеткіштер:
Миокардит, миокардиосклероз және жүрек ақаулары кезіндегі декомпенсацияланған жүрек жетіспеушілігі Гипертониялық ауру 3 дәрежесі Септикалық эндокардит Мидағы қан айналудың бұзылуы; тромбоэмболикалық аурулар; Өкпе ісінуі, жедел гломерулонефрит, ауыр бауыр жетіспеушілігі; Бронхиалды астма, жалпы амилоидоз, аллергиялық жағдайлар
Слайд 30: Қан құю тәсілдері:
Тікелей емес қан құю Тікелей құю Қан алмастыру аутогемотрансфузия
Слайд 31: Қан құюдың негізгі әдістері (жолдары)
Көк тамыр арқылы Артерияға Қолқа тамырға Сүйек ішілік
Слайд 32: Негізгі қан компонеттері және препараттары:
Консервацияланған қан Эритрцитарлық масса Жуылған эритроциттер Тромбоцитарлық масса Лейкоцитарлық масса Қан плазмасы Альбумин және протеин