Первый слайд презентации: АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ БАР НАУҚАСТАРДАН ШАҒЫМДАРЫН, АУРУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫН, ӨМІР ТАРИХЫН СҰРАСТЫРУ. БАЛАЛАРДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІГІ
Лектор: доцент Л.Т.Алимбекова АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ БАР НАУҚАСТАРДАН ШАҒЫМДАРЫН, АУРУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫН, ӨМІР ТАРИХЫН СҰРАСТЫРУ. БАЛАЛАРДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІГІ.
Слайд 2
Дәріс жоспары ( 1- ші сағаты) Сұрастыру: негізгі шағымдары аурудың даму тарихы аурудың өмір тарихы балалардағы ерекшелігі
Слайд 3: Ас қорыту жүйесі
Слайд 4
Негізгі шағымдары жұтынудың бұзылуы – д исфагия ауырсыну лоқсу құсу Кекіру қыжыл тәбеттің бұзылуы: жоғарылауы, төмендеуі, болмауы ауызда жағымсыз дәм сезіну, сілекей бөлінуінің көбеюі қан құсу қан кету метеоризм, іштің ш ұ рылдап-қ ұ рылдауы іш өту іш қату тері қышуы сарғаю Іштің ұлғаюы (асцит)
Слайд 5
Ж ұтынудың бұзылуы – д исфагия Басты себебі: өңештің тарылуы, ол органикалық тарылу және функциональды тарылу түрінде болады. Дисфагия сипатының ерекшеліктері: Органикалық тарылуда әуелі құғақ немесе қою тағамның өтуі қиындайды, кейін сұйық тағам өтуі қиындайды (тұрақты). Ф ункциональды тарылуда керісінше, сұйық (әсіресе салқын) тағамның өтуі қиын, ал қою тағамның өтуі жеңіл болады ( тұрақсыз).
Слайд 7
Ауырсыну Орны: ауырсынған жері; Таралуы: берілетін аймағы; Сипаты: кесіп, күйдіріп, сыздап, түйіліп, бүріп немесе толғақ қысқандай және т.б.; Пайда болуы: кенеттен, біртіндеп, алғаш рет немесе бұрын болғандығы; Тұрақтылығы: тұрақты немесе ұстамалы; Ұзақтығы: неше уақытқа созылады; Тамақ қабылдаумен байланысы: тамақ қабылдағаннан кейін неше уақыттан соң п/б; Жеңілдік әкелетін немесе керісінше күшейтетін факторлар
Слайд 8
Лоқсу Лоқсу – (жүрек айну, жүрек көтерілуі) құсқысы келгендей сезім. Лоқсыған кезде науқастың беті бозарып, басы айналып, сілекейі көбейіп, өзі әлсірейді. Лоқсу тек ас қорыту жүйесі ауруларына ғана тән шағым емес, ол қан қысымы көтерілгенде де, жүйке күйзелісінде де, т.б. көптеген жағдайларда да байқалады.
Слайд 9
Құсу Гастрит, ас қазанның жара, рак ауруларында жиі байқалатын белгі. Құсудың болатын уақытына (аш немесе тоқ кезде, тамақ іше салысымен немесе біраз уақыт өткен соң, қатты ауырсынғанда пайда болуына көңіл аудару керек). Лоқсумен, сілекей бөлінуімен байланысына, құсықтың мөлшеріне (аз, көп), құрамына - тамақ, өт, қан, т.б., түсіне - сүт қосқан кофе түстес, алқызыл, т.б.) зер салу керек.
Слайд 10
Кекіру Ауамен кекіру (аэрофагия), қышқылтым дәммен кекіру, шіріген жұмыртқа иісімен кекіру түрлері де болуы мүмкін. Бауыры мен өт жолдары ауыратын науқастар кекіргенде аузына ащы дәм келеді. Ал ас қазан қалтқысының тесігі тарылғанда немесе ас қазан бұлшық еттері әлсіреп, тамақ әрі қарай ішекке өтпей ас қазанда тұрып қалуынан шіриді, соның нәтижесінде түзілген күкіртсутегі кекіргенде шіріген жұмыртқа иісін береді. Ас қазан мен тоқ ішек арасында жыланкөз қалыптасқанда кекіріктен нәжістің иісі шығады.
Слайд 11
Қыжыл Себебі өңеш пен ас қазан арасындағы сфинктердің әлсіреуінен гастроэзофагальды рефлюкс дамиды, ас қазан сөлінің өңешке өтуіне байланысты төссүйегінің төменгі жағында немесе семсер тәрізді өсіндінің артқы жағында қыжыл сезімі пайда болады, ол гиперацидті гастритке, ас қазанның жара ауруына тән белгі. Нәтижесінде ө ңештің кілегейлі қабаты қышқылдардың әсерінен күйіп, қабынып – эзофагиттің дамиды.
Слайд 12
Т әбеттің бұзылуы Асқа тәбетінің төмендеуі – ас қазаны, ішегі немесе бауыры ауыратын науқастарда жиі болады, тіпті асқа тәбеті жойылуы мүмкін – анорексия деп аталады, әсіресе қатерлі ісіктерде жиі кездеседі, науқас арықтап-жүдеп, кахексияға ұшырауы мүмкін. Ас қазан рагімен ауырған науқастардың етке тәбеті тартпауы мүмкін, ал жара ауруында науқастың тәбеті бұзылмайды, тек тамақты көп ішсе ас қазаны ауыратындығынан, ол асты аяншықтап, аз-аздан ішуге мәжбүр болады.
Слайд 13
Тәбеттің шектен тыс жоғарылауы – булемия деп аталады. Тез тойыну - ас қазанның сөлі төмендегенде (гипоацидті гастритте), бауыр-өт жолдарының ауруларында, ас қазан рагімен сырқаттарда, аз тамаққа тез арада тойынғандай, ішін кернегендей сезім пайда болады.
Слайд 14
Ауызда жағымсыз дәм сезіну Ауыз қуысында тістің, кілегей қабатының тікелей өздерінің зақымдануымен қатар басқа ағзалар мен жүйелердің ауруларымен байланысты өзгерістер де байқалады. Мысалы, қаназдықтың бір түрі - Аддисон-Бирмер ауруында ауызда күйдіріп тұрғандай сезім пайда болса, бауыр, ас қазан, ішек ауруларының кейбіреуінде ауыздан жағымсыз иіс шығып немесе қышқылтым дәм сезінеді, ал қантты диабетпен сырқат адамдардың аузы құрғай береді.
Слайд 15
Қан құсу Қан құсу (өңештен, асқазаннан қан кеткенде). Құсық түсі қан кеткен жеріне, құсу уақыты мен қан кету уақытына байланысты. Өңештен қан кеткенде түсі алқызыл, асқазаннан қан кеткенде, егер де қан кете салысымен құсса түсі алқызыл немес қанық қызыл болады; егер қан кеткеннен уақыт өткен соң, құсса қан асқазан сөлінің әсерінен өзгеріп, түсі кофе қойыртпағына ұқсайды («кофе қойыртпағы» құсығы).
Слайд 16
Қан кету Қан кету — melaena (қара түсті нәжіс). Мұндай нәжіс аш ішектің жоғарғы бөліктерінен, және де асқазаннан, өңештен қан кеткенде, тек қана құсықпен шығып қоймай, жұтуына байланысты ішекке де түседі. Қан аз кеткен жағдайда қара түсті нәжіс бомайды, қалыпты түс болады. Мұндай жағдайларда, нәжісті жасырын қан кетуге тексеру қажет.
Слайд 17
Метеоризм Іш кебуі — желденуі. Ішектердегі газ түзілуі күшейіп, сіңірілуінің төмендеуінен, іш жүрмей қалуынан, өсімдік тектес тағамдарды көп қолданудан, ауаны көп жұту себебінен дамиды. Анықтайтын жағдайлар: бүкіл ішке тарала ма, белгілі бір бөлігіне беріле ме, үнемі бір аймағында болады ма, құрыл - шұрыл (ішек перистальтикасы күшеюінен) сезіне ме, осыларды анықтау керек?
Слайд 18
Іш өту — диарея Үлкен дәреттің сұйық болуы. Ішек перистальтикасының күшеюінен, тамақ қорытылмай және сіңірілмей сыртқа шығады. Ішектің қабынуы, зақымдануы, сіңірілудің реттелуі бұзылысынан су алмасудың бұзылысы мен іш өту дамиды. Үлкен дәреттің жиілігіне, ауырсынумен, тамақ ішумен байланысына т.б. көңіл аудару керек. Іш өткенде нәжістің құрамына қан, кілегей, ірің, басқа заттар араласса, оның түсі өзгереді. Өт шықпай қалғанда нәжістің түсі ақ болады, ас қазаннан немесе он екі елі ішектен қан кетсе, оның түсі көмірдей қара болады.
Слайд 19
Іш қату – обстипация Іш қатуы — нәжістің ішекте ұзақ уақыт ( 48 сағаттан көп ) тұрып қалуы, соның салдарынан нәжіс «қой құмалағы» тәрізді болады. Іштің қатуы органикалық (тарылуы, ісік) және функциональды (алиментарлық, неврогенді, қабыну, улану, эндокриндік, гиподинамия, іш бұлшық еті тонусының төмендігі) себептерден болады. Анықтайтын жағдайлар: жоғарыда келтірілген себепші болуы мүмкін факторларды анықтау керек?
Слайд 20
Тері қышуы : жиі бауырлық және бауыр астылық сарғаю кезінде болады, бірақ кейде онсыз да кездесуі мүмкін, кейде ол бауыр ауруларының ерте белгісі болуы да мүмкін. Сарғаю - терінің және көрінетін кілегей қабаттардың сарғыш түске боялуы, өт пигменттерінің қанда және тіндерде жиналуынан болады. Іштің ұлғаюы (кейде тез ұлғаюы) - ішектерден қанның қақпақты вена арқылы өтуі қиындағанда асцитке байланысты болады, метеоризм күшейгенде немесе бауыр, көк бауыр кенеттен үлкейгенде байқалады.
Слайд 21
Аурудың даму тарихы Ас қорыту жүйесі ауруларының даму тарихын сұрастырғанда мына мәселелерге: аурудың басталған кезіне, алғашқы байқалған белгілеріне, ауруының ағымына, дәрі-дәрмектің, улы заттардың әсеріне, тістің өзгерістеріне және жыл мезгілімен, бактериялық, вирусты немесе созылмалы ағымды аурулармен байланысына, б ауыр ауруларына қатысты бұрын-соңды сарғаю болған-болмағанын, бауырдың және өт қабының жедел қабынуы (вирусты гепатит, жедел холецистит, холангит), бауыр коликасының ұстамасы, бауырдың, көк бауырдың ұлғаюы болған-болмағанын сұрастыру керек. Тексеру нәтижелеріне, б ұрын қолданылған емнің түріне (хирургиялық, терапиялық), оның нәтижесіне көңіл аударған жөн.
Слайд 22
Өмір тарихы Е ңбек, тұрмыс және жұмыс жағдайы, тамақтану ерекшеліктері (ретсіз немесе үнемі ыстық, суық, ащы, майлы, қуырған, құрғақ тамақ пайдалану), Б ұрын ауырған аурулары, анамнезінде жүқпалы аурулардың болуы (вирусты гепатит, лямблиоз, іш сүзегі, безгек, мерез және т.б.), ас қазан ішек жолдарының аурулары (гастрит, колит), қанттық диабет. А уыр жарақаттар, осы ауруға себепші болатын факторлар: майлы етті тағамдарға әуестік, химиялық, дәрілік және өсімдік уларының әсері (ауыр металл тұздары және т.б., жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар). Тұқым қуалаушылық аурулары, зиянды әдеттер ( спиртті ішімдік, темекі).
Лектор: доцент Л.Т.Алимбекова АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОЛОГИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДЫ ҚАРАУ. ІШТІҢ БЕТКЕЙ ЖӘНЕ ТЕРЕҢ ПАЛЬПАЦИЯСЫ. БАЛАЛАРДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІГІ.
Слайд 24
Дәріс жоспары ( 2- ші сағаты) ішті қарап сипаттау іштің беткей пальпациясы іштің терең пальпациясы балалардағы ерекшелігі
Слайд 25
Қарау Науқасты жатқызып, жағдайы келсе тұрғызып қараған жөн. Бірінші ауыз қуысының кілегей қабатын, тілін, тістерін қарау керек. Ішті қарағанда іш жарығы (грыжа), іштің алдыңғы іргесі веналарының кеңейгені, асцит болуы түрегеп тұрғанда айқын көрініс береді: іштің бітіміне, терісінің түсіне, шығыңқы жерлеріне, метеоризмге, кіндіктің өзгерістеріне, көзге көрінетін қозғалыс (перистальтика) бар-жоғына, тыныс алуға қатысуына зер салу керек. Ас қазан және он екі елі ішек ауруларында науқастардың дене бітімі жиі астениялық типте болады.
Слайд 26
а б Ауыз қуысынының кілегей қабатын қарау: қызыл иегінің жағдайын қарау (а), ұртын қарау (б).
Слайд 27: а б
в г Тілді қарау: а) қалыпты; б) “географиялық” тіл в) тілдің түбірінде жабынды; г) тіл қоңыр жабындымен жабылған
Слайд 28
Бауыр және өт жолдарының ауруларында н ауқастардың көбі гиперстеник болып келеді (өтке тас пайда болу ауруында). Науқастың өте жүдеуі, кахексияға үшырауы бауыр циррозында, бауыр мен өт жолдарының қатерлі ісіктерінде болады. Теріге қан қ ұ йылу, петехиялық (нүктелі) бөртпе бауыр жетіспеушілігіне тән. Теріде қасыған тырнақ іздері болуы, тері сары түске өзгеруі мүмкін.
Слайд 33: Қышынудан теріде тырнақ іздері
Слайд 34
Ішті қарағанда (тікесінен және шалқасынан) - асцитті анықтауға болады (цирроз және портальды гипертензияда). Асцит кезінде тікесінен тұрғызып қарағанда іш төмен қарай салбырап кетеді, өйткені жиналған сұйықтық төмен қарай кетеді. Шалқасынан жатқанда іштің екі бүйірі жайылып кетеді. Мүндай пішіндегі ішті «бақа іші» деп атайды.
Слайд 38
Бауыр ауруларының ұ сақ белгілері: Ксантоматоз - (ксантелазма) - қабақтың, (ксантома) алақанның, шынтақтың, тізенің және табан терісінің ішіне (ксантома) сары түсті холестерин кристалдарының түйме болып жиналуы зат алмасуда холестерин алмасуының бұзылуынан болады. Ксантоматоз қантты диабетте және атеросклерозда да кездеседі.
Слайд 43
«Тамыр жұлдызшалары» - тері бетінен аздап көтеріліп пульсация беріп тұратын ангиомалар. Олардан айналасында күн сәулесі сияқты тамыр тармақтары кетеді. «Тамыр жүлдызшалары» көбіне мойында, бетте, иықта, алақан сыртында, арқада, сирегірек м ұ рын, ауыз, ж ұ тқыншақтың кілегей қабықтарында болады. Бауыр қызметі жақсарғанда олар жойылып кетеді, не азаяды.
Слайд 46
«Бауыр алақаны» (пальмар эритемасы) екі алақан мен екі табанның, әсіресе тенар мен гипотенардың қызаруы. Алқызыл түсті «т аңқурай түсті» тіл, беті тегіс болады, ангулярлық стоматит және ауыздық пайда болады (В тобы гиповитаминозынан).
Слайд 50
Соңғы үш симптом бауыр тіні ауыр зақымданғанда байқалады. З ақымданғанған гепатоциттер қандағы эстрогендерді толық ыдырата алмайды. Ал, қанда концентрациясы көбейген эстрогендер тері тамырларын кеңейтеді.
Слайд 51
Эстрогендердің шектен тыс көбеюі басқа да белгілердің пайда болуына себеп болады. Мыс: ерлерде сүт бездері үлкейеді (гинекомастия), сақал шығуы, ерлерге тән түктенуі нашарлайды. Әйелдерде түктің қалыңдауы (қолтықта, қасағада) байқалады, сақал-м ұ рт шығады. Бауыр қызметі д ұ рысталғанда, ол белгілер де жойылады
Слайд 52
Цирроздан, ісіктен немесе ұлғайған лимфа түйіндері қысып қалғанда, тағы басқа себептерден бауырдың қақпақты венасы жүйесінде қан айналымы бұзылса, іштің алдыңғы жағындағы вена тармақтары кеңейіп, білеуленіп кетеді. Сол кезде іште медуза басына ұқсайтын бейнені көруге болады. Бауырдың созылмалы ауруларында саусақтардың дабыл таяқшаларына ұқсауы, кейде тырнақтардың ақ түсті болуы байқалады.
Слайд 53: Іштің алдыңғы іргесіндегі веналардың портальды гипертензияға байланысты кеңеюі
Слайд 57
Іштің пальпациясы В.П.Образцов және Н.Д.Стражеско әдісі бойынша іштің беткей болжамды және терең әдістемелік сырғымалы пальпациясы арқылы жасалады. Беткей болжамды пальпация ауырсыну бар-жоғын, іш құрсағының алдыңғы іргесінің бұлшық еті кернеулігін, іш жарығын және іштің тік бұлшық етінің ыдырауын анықтауға негізделген. Бұл кезде саусақтарды терең батырмай жәй ғана сағат тілінің бағытымен немесе оған қарсы немесе сол жақ мықын маңайынан бастап екі жағына симметриялы түрде беткей пальпация жасалады.
Слайд 58: Іш аймақтары және құрсақ қуысы ағзаларының іштің алдыңғы іргесіне проекциясы (схема). 1 — оң жақ қабырға асты; 2 — эпигастральды аймақ; 3 — сол жақ қабырға асты; 4 — оң жақ бүйір аймағы; 5 — кіндік аймағы; 6 — сол жақ бүйір аймағы; 7 — оң жақ мықын аймағы; 8 — қасаға үсті аймағы; 9 — сол жақ мықын аймағы;
Слайд 59: Іштің беткей пальпациясы (схема). С ол жақ мықын маңайынан бастап екі жағына симметриялы түрде беткей пальпация жасау
Слайд 60: Іштің терең әдістемелік сырғымалы пальпациясы
Соқыр ішектің пальпациясы Іштің терең әдістемелік сырғымалы пальпациясы
Слайд 61: Іштің терең әдістемелік сырғымалы пальпациясы
Өрлеме ішектің пальпациясы
Слайд 62: Іштің терең әдістемелік сырғымалы пальпациясы
Көлденең ішектің пальпациясы
Слайд 63: Іштегі ауырсыну нүктелерінің схемасы: 1 - Кер нүктесі (өт қапшығы); 2- Дежарден нүктесі ( 12 елі ішектің пиязшығы, ұйқы безінің басы); 3-Мейо - Робсон нүктесі ( ұйқы безінің денесі және құйрығы); 4-Поргес нүктесі ( 12 елі ішектің аш ішекке өтер жері)
Слайд 65
Кер нүктесін тексеру (өт қапшығының проекциясына бір саусақпен басқанда тыныс алу шыңында ауырсыну сезінсе – Кер симптомы оң мәнді болады )
Слайд 66
Ортнер симптомын тексеру (қолдың қырымен оң жақ қабырға доғасын соққылау)
Слайд 67
Мерфи симптомын тексеру (қолды өт қапшығы проекциясына енгізгенде тыныс алу кезінде кенеттен ауырсынып, дем ала алмай қалуы)
Слайд 68
Георгиевский - Мюсси (френикус) симптомын тексеру ( m.sternocleidomastoideus бұлшық етінің аяқшаларының арасына бір саусақпен басқанда, оң жақ көк еттік нервтің нүктесінде ауырсыну сезіну )
Слайд 69
Мейо - Робсон нүктесін тексеру ( ұйқы безінің денесі және құйрығының проекциясына бір саусақпен басу)
Слайд 73: АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІН ЛАБОРАТОРЛЫҚ - АСПАПТЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ. БАЛАЛАРДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІГІ
Лектор: доцент Л.Т.Алимбекова АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІН ЛАБОРАТОРЛЫҚ - АСПАПТЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ. БАЛАЛАРДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІГІ.
Слайд 74
Дәріс жоспары ( 3- ші сағаты) лабортаторлық зерттеу әдістері диагностикалық маңызы аспаптық зерттеу әдістері диагностикалық маңызы
Слайд 75
Лабораторлық зерттеу әдістері 1. Ас қазан сөлін зерттеу: Зондты: а) жіңішке зондпен фракциялық зерттеу; б) ерекше конструкциялы зондпен ас қазанның рН анықтаудың электрометрлік әдісі (рН-метрия). Зондсыз: а) иондық-алмасушы шайырын (смола) қолданып зерттеу (ацидотест, гастротест); б) уропепсинді анықтау; в) радиотелеметрия әдісі.
Слайд 76
2. Дуоденальды зондтау 3. Нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеру 4. Нәжісті капрологиялық зерттеу 5. Қанды биохимиялық зерттеу (бауыр сынамалары, ферменттер, көмірсу, ақуыз, майлар)
Слайд 77
Аспаптық зерттеу әдістері Эндоскопиялық зерттеу (ЭФГДС) Ультрадыбыстық зерттеу Рентгенологиялық зерттеу (холецистография, эндоскопиялық (ретроградты) холангиопанкреато - графия, компьютерлік томография) Радиоизотоптық зерттеу Биопсия
Слайд 78: Эндоскопиялық зерттеу
12 елі ішектің жара ауруы (жара фибринмен қапталған және айналасы қабынған) Эндоскопиялық зерттеу
Слайд 79: Эзофагоскопияда өңештің төменгі үштен бірінде шамалы қабыну (терминальды эзофагит)
Слайд 80
Ас қазан жарасының жиі, қауіпті асқынуларының бірі қан кету. Гастроскопия: асқазанның зақымданған тамырынан қан атқылап тұр
Слайд 83
Гастроскопия: ас қазан жарасынан қан кетудің тоқтау кезі және тамырларда көрінеді
Слайд 84
Гастроскопия: ұзақ уақыт бойы жара ауруымен ауырған науқастың қалтқысының тарылуы
Слайд 85
Гастроскопия: асқазан жара ауруы кезіндегі асқазанның пилорикалық бөлімінің деформациясы және тарылуы
Слайд 91
Эндоскопиялық ультрасонограмма Ұйқы безі паренхимасында кальцинат анықталады
Слайд 92
Жалпы шолу рентгенограммасы Ұйқы безінде көптеген кальцификаттар кездеседі
Слайд 95
Компьютерлік томограммада созылмалы панкреатитте атрофияланған паренхимасы және кеңейген өзегі көрінеді