Тақырып: Қазіргі заман мәдениеттегі дін философиясы — презентация
logo
Тақырып: Қазіргі заман мәдениеттегі дін философиясы
  • Тақырып: Қазіргі заман мәдениеттегі дін философиясы
  • Тақырып: Қазіргі заман мәдениеттегі дін философиясы
  • Әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи,саяси-әлеуметтік,дүниетанымдық және психологиялық құбылыс.Ол ықылым замандардан бері адамзатпен
  • Тақырып: Қазіргі заман мәдениеттегі дін философиясы
  • Тақырып: Қазіргі заман мәдениеттегі дін философиясы
  • Тақырып: Қазіргі заман мәдениеттегі дін философиясы
  • Тақырып: Қазіргі заман мәдениеттегі дін философиясы
  • Тақырып: Қазіргі заман мәдениеттегі дін философиясы
  • Тақырып: Қазіргі заман мәдениеттегі дін философиясы
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010
1/10

Орындаған: Қозтай Аян Тексерген:Толеуова М.О Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғарғы Білім министрлігі Қарағанды техникалық факультеті Қарағанды 2023 5B073100- Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау Тау- кен факультеті

Изображение слайда

Слайд 2

Жоспар : 1. Дін анықтамалары 2. Дін ұғымы және мазмұны 3. Дін философиясы және теология 4. Әлемдік және ұлттық діндер 5. Қорытынды 6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Изображение слайда

Слайд 4

Дін ( ағылш. Religion) дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен ойлауын, моралы мен сенімін белгілеуді және шектеуді көздейтін, табиғаттан тысқары, яғни тылсым, трансцендентті құдіретке, рухани нышан-түсініктерге нанатын және сиынатын, бақи, періште, шайтан секілді тылсым құбылыстарды шын деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі, әлеуметтік-мәдени құбылыс болып, оның көбінесе тауап ететін қасиетті заты, не орыны, киелі кітабы, пайғамбары, діни наным жүйесі, сиыну ережелері мен культтары, саяси-мәдени ұйымдары болуы мүмкін.

Изображение слайда

Слайд 5

Әртүрлі діндерде түрлі мазмұндағы құдырет ( divine), киелі зат,сенім, табиғаттан тысқары болмыс / болмыстарсондай-ақ " өмірді ережелермен және күшпен қамтамасыз ететін мәңгілік және трансцендент " қатарлылар болуы мүмкін. Діни практикалар әдетте әртүрлі дінде әртүрлі деңгейде ритуалдарды, уағызды, еске алуды, немесе табынуды ( құдайларға, немесе әулиелерге ), құрбандықты, мерекелерді, мейрамдарды, транстарды, бастамаларды, жерлеу рәсімдерін, үйлену тойларын, медитацияны, дұғаны, музыканы, өнерді, биді, қоғамдық сервистерді және адамзат мәдениетінің тағы басқа аспектілерін қамтиды. Діндердің қасиеттендірілген тарихы және ертегі-әңгімелері болады, олар өмірге мәлім түрдегі мән беруді, өмірді мәлім түрде түсіндіруді мақсат еткен қасиетті жазбаларда, рәміздер мен қасиетті орындарда сақталуы мүмкін. Діндерде сенушілері қашанда " дұрыс " деп есептейтін символды ертегі-әңгімелері болады, ол өмірдің, ғаламның және заттардың пайда болуын, немесе қалыптасуын түсіндіруге бағытталады. Дәстүр бойынша, сенім, ақылды айтпағанда, діни нанымның қайнар көзі болып саналды.Дегенмен, дін бір нәрсені өзінше түсіндірумен шектелмейді, ол дәстүрге айналып, наным қалыптастырып, табыну және құлшылық секілді нақты жосындар арқылы ұлт және жеке адам болмысы мен тұрмысына ықпал етіп отырады.Әлемде 10 000 түрден астам дін бары белгілі. Жер шары тұрғындарының 84 пайызы ең үлкен делінген 5 дінге сенеді. олар : Христиан, Ислам, Индуизм, Буддизм, және мәлім түрдегі Халықтық діндер ( folk religion ).

Изображение слайда

Слайд 6

Иудаизм Иудаизм ең көне Ибраһимдік дін болып, ежелгі израиль және иудей халқының - еврейлердің діни сенімін көрсетеді. Тәурат бұл діннің фундаменталды кітабы, сондай-ақ Танах немесе Еврей Інжілін де қамтиды. Ол алғашында ауызша сақталып, кейін жазбаша Мідраш және Талмұд болып та жазылған. Иудаизм бойынша Құдай өзінің заңын Мұсаға Синей тауында берді, он өсиет формасында, сол он өсиет Құдайға сенімнің негізі деп есептейді. Он өсиет Құдай мен адамның жасасқан алғашқы келісім болып, көне келісім деп аталады, мұндағы алғашқы күнә деген адам атаның алманы жеуінен туған күнәдан арылу жолы - он ережені ұстану болып табылады. Тарихта еврей халқы Иерусалим қаласы құлатылған соң жыл санаудың 70 жылынан бастап тарыдай тозып кетеді. Бірақ олар көбінесе осы иудаизмді ұстанады. Қазір 13 миллиондай еврей халқы, оның 40 пайызы Изарильде, тағы 40 пайызы АҚШта, осы Иудаизмді негізгі дін етіп сиынады. Христиан Христиан діні Назареттік Ғайсаның өмірі мен тәлімін негіз етіп, 1 ғасыр айналасында пайда болған, Жаңа келісім деп аталатын Ибраимдік сенім жүйесі. Жаңа келісім деген сөз Исаның өз қаны арқылы Құдайдан алғашқы күнәдан арылу келісім деген мағынада айтылады. Бұл сенім жүйесі бойынша Ғайса жартылай адам, жартылай Құдай, өйткені оның анасы Мәриям осы дін бойынша Құдай жағынан жүкті болған делінеді. Сөйтіп Ғайса Құдайдың ұлы ретінде осы дүниеге адамзатты алғашқы күнәдан арылту үшін келеді. Бірақ адамзаттың түсінбестігінен крестке шегеленеді. Негізінен Христиандар Үштікке - яғни Құдай әке, Киелі рух және Құдайдың ұлы сынды үштің бірлігіне сенеді. Христиан дінің тармақтары :

Изображение слайда

Слайд 7

Ислам діні Құранды негіз еткен Ибраһимдік бір сенім жүйесі, ол 7 ғасырда Араб түбегінде Мұхамед пайғамбар жағынан пайда болды. Ол өзіне дейінгі Иудаизм және Христиан дініндегі пайғамбарларды мойындай отырып, Мұхамедті ең негізгі пайғамбар деп есептейді. Бұл дін Шығыс Оңтүстік Азияға, Солтүстік Африкаға, Батыс азияға, Орталық азияға кең таралған. - сүнниттік ислам - Ислам дінінің ең үлкен тармағы болып, Құранды негіз етеді, Суннамен жүреді, Сахабалардың хадистерін де басшылыққа алады. - шииттік ислам екінші үлкен тармақ болып, олар Әлиді Мұхаметтің мұрагері деп дәріпейді. Ахмадия ағымы Имам Мәһдиді негізгі тұлға етіп, оның күндердің күні жерге келетінін дәріптеді. Бұдан басқа қазір Ислам дінінде Уаһһабизм, Сәләфизм, Сопылық, Құраншылдық, Мағдавия, Ибади, Мұсылман ұлты секілді көптеген ағымдар бар Дін атаулы адам мен әлемді Құдіретті күшпен тұтастыруға тырысады. Ислам дінінде бұл құдіретті күш Алла деп аталады. Ислам діні бойынша, адам дегеніміз Алланың алдындағы құл, Алла қаласа оны жойып жібере алады, оның тағдыры, бақыты мен соры Алладан. Сондықтан ол құлшылық жасап, осы дүниеге әкелгеніне ризалық білдірге міндетті. Адам Алладан қорқуы керек, әйтпесе Алланың ғазабына ұшырауы мүмкін. Исламда шын діндар бұл дүниелік нәрселерді емес, о дүниелік жұмақты көздейді. Егер оның ісі дінге сай болса, Алла оны шарап өзені ағып жатқан, сансыз хор қыздары бар жұмаққа апарады. Ал, ісі дінге қайшы болса, Алла оны тозақ отында өртейді, әр рет адам қайта тіріледі, тағы өртейді, тағы тіріледі, осылай шексіз жаза күтіп тұр. Ислам діні бойынша Алланы бір деп есептеу және Мұхаммед пайғмбарды мойындау мұсылмандық есептеледі. Ал, ондай болмаса ол кәпір деп қараланады. Ары қарай адам 5 парызды өтеуі керек, өзін бүкілдей Құдайдың о дүниедегі сыйына арнауы керек. Ислам діні бұл дүниені бес күндік, аса маңызды емес деп есептеп, адамға әрқашан ажал мен Алланы еске алып өмір сүруді талап етеді.

Изображение слайда

Слайд 8

Адамзаттың тұтас тарихына және ұлттардың жеке тарихына зер салсақ, діннің адамзат тарихында түрлі деңгейде сақталып келгенін көреміз. Ұлттардың өз жеке діни сенімінен тартып, кейінгі бірлікке клеген мәлім халықаралық дінге сенуіне дейін дін мен мәдениет қатар жүреді. Орта ғасырда діннің мәдениетке ықпалы тіке болды, тек кейінгі ғасырларда ғана дін біртіндеп әлеуметтік үстем орыннан түсіп, қатардағы құндылықтардың бірі бола бастады. Демократия мен адам құқықтарының, сенім бостандығының қорғалуы діннді бәрін белгілеу мүмкіндігінен айырды. Дегенмен діннің халықтар өміріндегі рөлі әлі де айтарлықтай екені белгілі. Дін арқылы кей халықтар біріккені мәлім, дін себебінен кей халықтар ыдарағаны да шындық. Әр халықтың ішінде белгілі бір дінге сенетіндердің басым болуына орай сол діннің ерекшеліктері сол халықтың мәдениетінде көбірек көрініс табады. Әрине, мәдениет дінмен шектелмейді, мәдениетке әсер ететін факторлар әртүрлі, сан алуан, ал ұқсас діндегі халықтардың мәдениеті де әртүрлі. Медениет - ортақ бірлікке келген құндылықтар жүйесі. Құндылықтар этика мен эстетикадан тартып заң мен тәртіпке дейін сол халықтың ұлттық болмысын паш етеді. Ал, сол халық сенетін дін осы құндылықтардың бір мазмұны.

Изображение слайда

Слайд 9

Қорытынды Дін — адамды туралық пен әдемілікке жетелейтін жол. Адамды өз жаратылысына сай жетілдіретін ілім. Дін адам өмірін тәртіпке келтіретін жүйе. Адамды шындыққа жеткізетін жарық. Дүние мен ақыретте бақытты болу жолдарын көрсететін ереже мен қағидалар жинағы болып табылады. Дін — илаһи ережелер және соларға сүйенген әдеттердің жиынтығы.Бұл анықтамалар дінді жалпы түсіндіріп, илагш діндер мен адам шығарған діндер арасындағы айырмашылықты көрсетпейді. Алайда, илаһи діндерге тән көптеген анықтама бар. Бұлардың көзқарасы бойынша дін-пайғамбарлардың Алладан әкелген илаһи уахилер жинағы, Алланың пайғамбар арқылы білдіретін ақиқаттары. Құрушысы Алла, негізі адам болған қағидалар жинағы болып табылады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Тақырып: Қазіргі заман мәдениеттегі дін философиясы: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1 Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7 Geertz, Clifford (1993). "Religion as a cultural system". The interpretation of cultures: selected essays, Geertz, Clifford. London: Fontana Press. pp. 87–125. Lloyd, G. E. R. (1996). Causes and correlations. Adversaries and Authorities: Investigations into ancient Greek and Chinese science. Cambridge University Press. ISBN 978-0-521-55695-8. Hankinson, R.J. (1998). Cause and Explanation in Ancient Greek Thought. Oxford University Press. doi:10.1093/0199246564.001.0001. ISBN 978-0-19-823745-7. Pegg Mark Gregory The Corruption of Angels: The Great Inquisition of 1245–1246 — Princeton, NJ: Princeton University Press, 2001. — P. 126. — ISBN 0-691-00656-

Изображение слайда

Похожие презентации