Первый слайд презентации: 2 тақырып. ҰЛТТЫҚ ЕСЕПШОТТАР ЖҮЙЕСІ. НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
Слайд 2: Мақсаты:
макроэкономикалық талдаудағы негізгі көрсет- кіштерді жан-жақты талдау, ұлттық-есеп шоттар жүйесінің мəн мағынасын түсіну, ұлттық экономика деңгейіндегі негізгі сектор- ларды қарастыру жəне негізгі субъектілердің əрекеттеріне баға беру, ұлттық экономика шеңберіндегі табыстар мен шығындар- дың шеңберлі айналымын жəне оның үлгілерін қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін мынадай сұрақтарды талқылау қажет:
Слайд 3: Дəріс жоспары:
Ұлттық есепшоттар жүйесі жəне оның пайда болуы. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жəне олардың түрлері. Жалпы ұлттық өнімді есептеу əдістері. Баға индекстері
Слайд 4: Негізгі түсініктер:
шеңберлі айналым үлгісі; жалпы ұлттық өнім; жалпы ішкі өнім; қосылған құн; атаулы ЖҰӨ; нақты ЖҰӨ; аралық өнім; соңғы өнім; ЖҰӨ дефляторы; Ласпейрес индексі; Па- аше индексі; Фишер индексі; жеке тұтыну шығындары; жиынтық жеке инвестициялар; амортизация; мемлекеттік сатып алымдар; таза экспорт; таза ұлттық өнім; ұлттық табыс; жеке табыс; қолда бар табыс; ұлттық есепшоттар жүйесі; таза экономикалық əл- ауқат; ұлттық байлық; қуат беру; жылыстау; көлеңкелі экономика жəне т.б.
Слайд 5
Ұлттық экономиканың көрсеткіштерін статистикалық тұрғыдан есепке алмай, макроэкономикалық үрдістерді тиімді жүргізу жəне реттеу мүмкін емес. Макроэкономиканың пəні мен əдісінің ерекшелігі микроталдауда қолданылмайтын түсініктер мен кате- горияларды қолдануды талап етеді. Ұлттық экономиканы макродеңгейде сипаттау үшін қолда-нылатын негізгі стандарт – ол ұлттық есепшоттар жүйесі (ҰЕЖ) – ұлттық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу жəне соңғы пайдалану үрдістерін сипаттайтын бухгалтерлік есеп- шот нысанындағы кестелер кешені. ҰЕЖ-нің негізгі мақсаты – ұлттық өнімнің (ұлттық табыстың) қалыптасуы мен пайдалану үдерістерін кешенді əрі жан-жақты талдау үшін, экономикалық саясатты жүргізу мен үлгілерді құру жəне болжау үшін, қажетті мəліметтермен қамтамасыз ету. Қазіргі ҰЕЖ экономикалық үрдістер мен экономикалық операцияларды бейнелейтін көрсет- кіштер жиынтығын құрайды.
Слайд 6
ҰЕЖ терминін алғаш рет макроэкономикалық ғылымға гол- ланд экономисі Ван Клифф енгізген болатын жəне ол халық шар- уашылығының шеңберлі айналымы үлгісіне негізделеді. ҰЕЖ шет мемлекеттерде қолданыс тапқан жəне осы уақытқа дейін тек батыстық статистикада қолданылып келді. ҰЕЖ-ны құрудың алғашқы талпыныстары мен тəжірибелері Ұлыбританияда 1946 жылы, АҚШ-та 1947 жылы, Францияда 1949 жылы қолданылды. Ал қазіргі заманғы ҰЕЖ-нің соңғы үлгісін ағылшын экономисі, Нобель сыйлығының иегері Ричард Стоун жасады жəне осы жаңа стандарт 1993 жылы Біріккен Ұлттар ұйымында мақұлданып, жүзден астам мемлекеттерде қолданылып келеді.
Слайд 7: Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ұлттық есепшот- тар жүйесі арқылы көрсетіледі
Ұлттық есепшоттар жүйесі жиынтық өнімнің (өндіріс көлемінің ) үш негізгі көрсеткішін: жалпы ұлттық өнімді (ЖҰӨ); жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ); таза ұлттық өнімді (ТҰӨ) жəне де жиынтық табыстың үш негізгі көрсеткішін: ұлттық табысты (ҰТ); жеке табысты (ЖТ); қолда бар табысты (ҚБТ) қамтиды.
Слайд 8
ЖҰӨ – бұл кез келген азаматтардың өз елі ішінде жəне басқа елдерде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда өндірген жəне сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы. ЖІӨ – бұл сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлт- тық сипатына қарамастан бір жылда өндірген жəне сатқан тау- арлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы. Мысалы, жапондық «Тайота» фирмасы өз өнімін Қазақстан нарығында сатса, онда сатылған өнімнің құны жапон елінің ЖҰӨ-нің құрамына кіреді де, олардың ЖІӨ құнына кірмейді. Бірақ Қазақстанның ЖІӨ-не кіреді, ал ЖҰӨ құрамына кірмейді. Сол сияқты Жапонияда жұмыс істейтін қазақ азаматының та- бысы Қазақстанның ЖҰӨ көрсеткіші құрамына кіреді де, ЖІӨ құрамына кірмейді, ал Жапонияның ЖІӨ-не кіреді де, ЖҰӨ-не кірмейді.
Слайд 9
ТҰӨ – тозған құрал-жабдықтардың орнын толтырғаннан кейін тұтынуға қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің жиынтығы. Ол ЖҰӨ-нен амортизацияны (А) шегеру арқылы анықталады: ТҰӨ = ЖҰӨ – А ТҰӨ – ЖҰӨ-нің халық тұтынуына кететін бөлігін көрсете- ді. ТҰӨ-ң құрамында тұтыну саласына түспейтін əртүрлі салық- тар бар. Оларға жанама салықтың түрлері: акциздер, кедендік салықтар, қосылған құнға салынатын салық жатады. Осыларды ТҰӨ-нен шегерсек ұлттық табысты табамыз: ҰТ = ТҰӨ – жанама салықтар
Слайд 10
ҰТ – елдің барлық тұрғындарының жиынтық табыстары, ұлттық сипаттағы өндіріс факторларының (еңбек, капитал, жер жəне кəсіпкерлік қабілет) барлық иелерінің тапқан табыстары: жалақы, пайыз, рента жəне пайда. Бірақ осындай табыстардың барлығы түгел тұтыну мен жинақтауға жұмсалмайды. Сондықтан келесі макроэкономикалық көрсеткіш – жеке табысты табу үшін ҰТ-тан азаматтардың əлеуметтік сақтандыруға жарналарын, корпорациялардың бөлінбеген пайдасын, корпорациялық табыс салықтарын шегеріп, трансферттік төлемдерді қосамыз. ЖТ = ҰТ – əлеуметтік сақтандыру жарналары – бөлінбеген пайда – корпорациялық табыс салығы + трансферттік төлемдер Жеке табыстан азаматтардың жеке салықтарын: табыс са- лығын, мұра жəне мүлік салығын шегерсек қолда бар табыс қалады. Ол тұтыну мен жинақтауға жұмсалады. ҚБТ = жеке табыс – мұраға салық – мүлік салығы – табыс салығы
Слайд 11
Ұлттық есепшоттар жүйесінің көрсеткіштері жиынтық өнім мен жиынтық табысты тек сандық тұрғыдан ғана бағалайды, олар халықтың өмір сүру сапасын жəне əл-ауқаттылық деңгейін сипаттай алмайды, сонымен қатар, бұл көрсеткіштер ғылыми- техникалық прогрестің жəне экономикалық өсудің жағымды жəне жағымсыз салдарларын да есепке алмайды. Ал тұрғындардың өмір сүру сапасын жəне əл-ауқаттылық деңгейін ұлттық байлық, таза экономикалық əл-ауқат жəне жан басына шаққандағы ЖІӨ сияқты көрсеткіштер анықтайды.
Слайд 12
ЖҰӨ-ді есептеу үшін бағаның өзгеруін ғана емес, сонымен қатар, қайта есептеуді де ескеру қажет. Қайта есептеу мəселесі қалай орын алады? Көптеген өнімдер базарға түспес бұрын өнді- ріс сатыларынан өтеді. Сондықтан көптеген өнімдердің құрам- дас бөлшектері бірнеше рет сатып алынады. Қайта есептеуді бол- дырмас үшін ЖҰӨ-ді есептегенде тек соңғы өнімнің нарықтық бағасы ғана алынады. Соңғы өнім – бұл соңғы пайдалану үшін сатып алынатын өнім. Аралық өнім – өңдеуге жəне қайта қымбатқа сатуға арналған өнімдер. Мысалы, машинаның дөңгелегі.
Слайд 13
Тəжірибеде қайта есептеуді болдырмас үшін тек қосылған құнды есептейді. Қосылған құн – бұл шикізат пен материалдарға кеткен шы- ғындарды шегергендегі өнімнің нарықтық құны. Кез келген та- уардың құны шикізат бағасынан, басқару шығынан, жұмыс- шы жалақысынан тұрады. Сондықтан біз өнім құнынан барлық шикізат пен материалдарға кеткен шығындарды шегерсек, онда қалған бөлігі қосылған құнды құрайды.
Слайд 14
ЖҰӨ-нің құрамына мыналар кірмейді: мемлекеттік трансферттік төлемдер, зейнетақылар, шəкірт- ақылар, жəрдемақылар, сақтандыру төлемдері; қор нарықтарындағы бағалы қағаздарды сату; ұсталған тауарларды сату (sekond-hand). ЖҰӨ-ді есептеу үшін мынадай үш əдіс қолданылады: шығындар бойынша (соңғы пайдалану əдісі); табыстар бойынша (бөлу əдісі); қосылған құн бойынша (өндірістік əдіс).
Слайд 15
Шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономи- калық агенттердің шығындары қосылады. ЖҰӨ = C + I + G + Xn мұндағы, С – үй шаруашылықтарының тұтыну тауарларына жұм- сайтын шығындары (тамақ, киім-кешек, тұрғын үй төлемдері, демалыс шығындары, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға кететін шығындар жəне т.б.). Мұнда үй салуға немесе сатып алуға жұмсалатын шығындар есептелмейді. Олар инвестициялық шығындарға кіреді. I – фирмалардың инвестициялық шығындары (машиналар, станоктар, шикізат, құрылысқа кететін шығындар жəне т.б.). Ин- вестицияны жалпы жəне таза деп бөледі. Егер жалпы инвести- циядан өндіріс үдерісінде ескірген машиналар мен станоктарды жаңартуға жұмсалған шығындар бөлігін (амортизация) шегерсек, онда таза инвестицияны табамыз. Таза инвестиция = Жалпы инвестиция – Амортизация G – мемлекеттік шығындар, яғни тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы (мектеп, аурухана, жол құрылысы, мем- лекеттік аппарат пен əскерді ұстауға кететін шығындар, т.б.). Мұнда трансферттік төлемдер кірмейді. Xn – бұл таза экспорт деп аталады, яғни сыртқы сауда бай- ланысының сальдосы, немесе экспорт пен импорт арасындағы айырмашылық. Егер экспорт импорттан жоғары болса, онда таза экспорт оң болады, керісінше болса, онда таза экспорт теріс мəнді болады.
Слайд 16
Табыстар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономика- лық агенттердің табыстары қосылады. ЖҰӨ = W (C+S) + R + r + T + A мұндағы, W – бұл тұтынуға (С) жəне жинақтауға (S) кететін халықтың жалақы түріндегі табыстары. R – рента жəне арендалық төлемақылар түріндегі табыстар. r – жинақтаудан түсетін пайыз. T – кəсіпкерлік қызметке салынатын салық, олар фирмалар- дан алынып мемлекетке түседі. A – амортизация, фирма табысынан алынып пайдаланылған өндіріс құрал-жабдықтарын алуға жұмсалады да, қайтадан қай- тарылады.
Слайд 17
Ұлттық есепшоттар жүйесіндегі барлық негізгі макроэко- номикалық көрсеткіштер экономикалық əрекеттердің бір жыл ішіндегі жəне сол жылдың бағаларымен (ағымдық бағалармен) есепке алынған нəтижелерін сипатайды, сондықтан бұл көр- сеткіштер атаулы мəнге ие болады. ЖҰӨ көрсеткішіне баға үлкен əсер етеді. Сондықтан ЖҰӨ-ді номиналды (атаулы) жəне нақты деп бөлеміз. Атаулы ЖҰӨ – бұл осы жылғы ағымдағы бағалармен есеп- телген ЖҰӨ көлемі. Нақты ЖҰӨ – бұл бағалардың өзгерісін есепке алатын жəне базистік бағалармен есептелетін ЖҰӨ көлемі.
Слайд 18
Атаулы ЖҰӨ-ді нақты ЖҰӨ-ге келтіру үшін екі индекс қолданылады: Тұтынушылық бағалар индексі (ТБИ); ЖҰӨ дефляторы. ЖҰӨ-ді есептеудің кейбір қиыншылықтары бар. Мысалы, егер жеке адам көлік сатып алса, онда С болады, ал фирма сатып алса І болады. ТБИ-ды анықтау үшін «тұтыну қоржыны» пайда- ланылады. ТБИ = ағымдағы жылғы «тұтыну қоржынының» бағасы / базалық жылғы «тұтыну қоржынының» бағасы ТБИ – тек тұтыну тауарларына ғана есептелетін баға индексі. Бұл индекстің өзіндік кемшіліктері бар. Ал тек тұтыну емес, со- нымен бірге инвестициялық жəне басқа да тауарлар бағаларының өзгерісін ескеретін баға индексі – ЖҰӨ дефляторы деп аталады. ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ
Слайд 19
ТБИ мен ЖҰӨ дефляторының арасындағы айырмашылық: ТБИ – нақты тұтыну тауарларының құнын анықтайды. Яғни, «тұтыну қоржынының» құрылымы өзгермейді (мысалы: қант, шəй, нан жəне т.б.). Ал ЖҰӨ құрамына кіретін өнімдер көлемі алуан түрлі əрі көлемі де өзгеріп отырады. Мысалы, би- дайды көп өндірсек, онда ЖҰӨ құрамында оның үлесі жоғары болады. ЖҰӨ дефляторы экономикада өндірілетін барлық тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгерісін есепке алады (мы- салы, құрылыс объектілеріне баға өзгерісін, шикізат бағаларын жəне т.б.). ТБИ құрамына импорттың бағасы кіреді, ал дефлятор тек сол елде ғана өндірілген тауарлар бағасына байланысты анықталады. Баға индекстерінің осы түрлері Ласпейрес, Пааше жəне Фи- шер индекстеріне негізделеді. Ласпейрес индексі тауарлар мен қызметтер құрылымы өзгер- мейді жəне базалық жылғы тауарлар мен қызметтер көлемін негізгі деп алады. IL = (∑PtQ0 / ∑P0Q0) × 100% мұндағы, Q 0 – базалық (тұрақты) жылдың өндірілген тауарлар көлемі; P 0 – базалық (тұрақты) жылдың тауарлар бағасы; Pt – ағымдағы жылдың тауарлар бағасы. Пааше индексі ағымдағы жылдың тауарлар мен қызметтер бағасына негізделеді. IР = (∑РtQt/∑P0Qt) × 100% мұндағы, Qt – ағымдағы жылдың тауарлар мен қызметтер көлемі. Пааше индексінде тауарлар мен қызметтердің жиынтығы өзгереді жəне оны ЖҰӨ дефляторы деп те атайды. Фишер индексі – Ласпейрес жəне Пааше индекстерінің орта- ша геометриялық шамасы. IF = √ IL IP Баға индекстері елдегі инфляция қарқынын, өмір сүру құ- нының динамикасын анықтау үшін қолданылады.
Слайд 20
Ұлттық экономикада жасырын немесе көлеңкелі экономиканың болуы ЖІӨ-нің жəне ҰЕЖ-нің басқа да көрсеткіштерінің ақиқат шамаларын айқындауда қиыншылықтар тудырады. Экономикалық статистикада көрсетілмейтін экономикалық іс-əрекеттер жасы- рын жасалады. Көлеңкелі экономика – бұл мемлекетке салық төлеуден жал- таратын жəне заңсыз түрде пайда табуды көздейтін экономика- лық қызмет. Ғалымдар көлеңкелі экономиканың элементтеріне мыналарды жатқызады :
Слайд 21
Заңсыз жүргізілетін қызмет түрлері – есірткі бизнесі, қару-жарақ саудасы, жезөкшелікпен айналысу, т.б. Табыс табатын жұмыссыздар – жұмыссыз болып тірке- ліп, мемлекеттен жұмыссыздыққа байланысты түрлі жəрдемақы алатындар. Олардың табыс көздері болғандықтан, жəрдемақы алуға құқықтары жоқ. Қосымша жұмыс істейтіндер, мұндай əрекетке баратын- дар қосалқы қызмет орнында салық төлемейді. Қолма-қол ақша немесе затпен төлеу. Кейбір жалданып жұмыс істейтіндер жұмыс уақытында қолма-қол ақшаға жеке мəмілелер жасайды (көпшілік жағдайда олар жалгердің құрал-жабдықтарын жеке мүддесіне пайдаланады) немесе пара алу. Алдау қызметі – табысты заңсыз түрде иемдену: материалдық байлықты ұрлау, тұтынушылармен дұрыс есеп айырыс- пау, тауарды дұрыс жеткізбеу. Заңсыз іскерлік шығындар – қосымша жеке шығындардың іскерлік шығындар ретінде рəсімделуі. Сыбайлас жемқорлық пен қызмет бабын асыра пайдалану əрекеттері.
Слайд 22
Көлеңкелі экономика ауқымын жəне оның аясындағы табыс көлемін анықтау өте қиын, алайда сарапшылардың бағалауынша ЖҰӨ-гі оның үлесі шамамен АҚШ-та – 8-14%, Англияда – 6-8%, Франция мен Канадада – 5-8%, Швеция мен Норвегияда – 6-17%, Италияда – 30%-ды құрайды. Шетелдік мамандардың бағалауынша, бұрынғы КСРО-ның «жасырын экономикасы» дүниежүзіндегі дамыған 20 елдің қа- тарына кірген. Олардың есептеуінше, ЖҰӨ-нің 5-7%-ы «кө- леңкелі» секторда өндірілген. Көлеңкелі экономиканың мұндай ауқымы мемлекеттік меншіктің монополиялық үстемдігіне бай- ланысты болған. Көлеңкелі экономиканы бақылау жəне есептеу мүмкін болма- са да, оның бар екенін анықтаудың қарапайым екі əдісін бөліп көрсетуге болады: Егер ұлттық деңгейде шығындар табыстан артса, онда шы- ғындар мен табыстар арасындағы айырмашылық арқылы. Өте ірі ақша белгілеріне сұраныстың өсуі.
Слайд 23
Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың қазіргі экономикада мынадай элементтері орын алып отыр: жасырын меншік түрлері мен негізгі тəсілдері көптен бері қалыптасқан жалған экономика субъектілерінің əрекет етуі. Олармен күресу шараларын арнайы құқық сақтау органдары жүргізеді. Отан- дық ғалымдар көлеңкелі экономикамен күресудің бірден-бір тəсілі болашақта жаппай электрондық ақша жүйесіне көшу деп санайды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жедел де- ректері бойынша 2010 жылы ЖІӨ-нің көлемі ағымдық баға- лармен есептегенде 21 513 473, 3 млн. теңгені құрады жəне ол 2009 жылмен салыстырғанда, салыстырмалы бағалармен есепте- генде 7,0%-ға өсті. Ал биыл 2011 жылдың бірінші кварталында ЖІӨ өткен жылдың бірінші кварталымен салыстырғанда 7,0%-ға өсті. 2010 жылы тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулердің ЖІӨ-гі үлестері сəйкесінше 44,2% жəне 52,8% болды. 2009-2010 жылдардағы ЖІӨ-нің экономикалық қызмет түрлері бойынша құрылымы туралы толығырақ мəліметтерді төмендегі кестеден көруге болады.
Слайд 24
Қорытынды Ұлттық есепшоттар жүйесі – ұлттық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу жəне соңғы пайдалану үрдістерін сипаттайтын бухгал- терлік есепшот нысанындағы кестелер кешені. ҰЕЖ-нің негізгі мақсаты болып ұлттық өнімнің (ұлттық табыс- тың) қалыптасуы мен пайдалану үдерістерін кешенді, əрі жан-жақты талдау үшін, экономикалық саясатты жүргізу мен үлгілерді құру жəне болжау үшін, қажетті мəліметтермен қамтамасыз етіп отыру табылады. Қазіргі ҰЕЖ экономикалық үрдістер мен экономикалық операцияларды бейнелейтін көрсеткіштер жиынтығын құрайды. Ұлттық есепшоттар жүйесіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мыналар: жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс жəне қолда бар табыс. Жалпы ішкі өнім мынадай əдістермен есептеледі: қосылған құн бойынша, шығындар бойынша жəне табыстар бойынша. Сонымен қатар, жалпы ішкі өнімге баға деңгейі маңызды түрде əсер еткендіктен, оның екі түрі ажыратылады: атаулы жалпы ішкі өнім жəне нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индекстерінің макроэкономикалық көрсеткіштері тұ- тыну бағаларының индексі жəне өндірушілер бағаларының индексі болып бөлінеді. Жалпы ішкі өнім дефляторы атаулы жалпы ішкі өнімнің нақты жалпы ішкі өнімге қатынасын білдіреді. Тұтыну бағаларының индексі Ласпейрес индексімен есептеледі, жалпы ішкі өнім дефляторы Пааше индексімен есептеледі, ал Фишер индексі Ласпейрес индексі мен Пааше индескінің кемшіліктерін жояды. Ұлттық экономикада жасырын немесе көлеңкелі экономиканың болуы ЖІӨ-нің жəне ҰЕЖ-нің басқа да көрсеткіштерінің ақиқат ша- маларын айқындауда қиыншылықтар тудырады. Экономикалық стати- стикада көрсетілмейтін экономикалық іс-əрекеттер жасырын жасалады. Көлеңкелі экономика – мемлекетке салық төлеуден жалтаратын жəне заңсыз түрде пайда табуды көздейтін экономикалық қызмет.
Последний слайд презентации: 2 тақырып. ҰЛТТЫҚ ЕСЕПШОТТАР ЖҮЙЕСІ. НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР: Бақылау сұрақтары:
Жалпы аймақтық өнім дегеніміз не? Жалпы ішкі өнімді есептеудің қандай əдістері қолданылады? Атаулы жəне нақты жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық қандай? Жалпы ішкі өнім дефляторы дегеніміз не? Бағалар индексінің қандай түрлері бар? Ұлттық есепшот жүйесіндегі негізгі макрокономикалық көр- сеткіштер арасындағы өзара байланыстар қандай? Негізгі макроэкономикалық теңдестіктің түрлері қандай? Макроэкономикадағы шеңберлі айналым үлгісінің түрлері қалай құрылады? «Жылыстау» жəне «қуат беру» көрсеткіштеріне не жатады? Таза экономикалық əл-ауқат көрсеткішін есептеудің қажеттілігі неден туындайды? Елдің ұлттық байлық көрсеткіштеріне не жатады?