Тәрбие психологиясы — презентация
logo
Тәрбие психологиясы
  • Тәрбие психологиясы
  • Жоспар :
  • Тәрбие психологиясы
  • Тәрбие психологиясы
  • Тәрбие психологиясы
  • Тәрбие психологиясы
  • Тәрбие психологиясы
  • Тәрбие психологиясы
  • Тәрбие психологиясы
  • Тәрбие психологиясы
  • Тәрбие психологиясы
  • Тәрбие психологиясы
  • Тәрбие психологиясы
  • Тәрбие психологиясы
  • Тәрбие психологиясы
  • Тәрбие процесінің заңдылықтары
  • Тәрбие психологиясы
  • Тәрбие принциптері
  • Тәрбие психологиясы
  • Тәрбие функциялары:
  • Тәрбие парадигмасы
  • Тәрбие процесі құрылуға тиіс бірнеше прогрессивті идеялар:
  • Тәрбие психологиясы
  • Тәрбие түрлері
  • Тәрбие процесінің аспектілері бойынша:
  • Тәрбиенің әдіс тәслілдері құралдары:
  • Әр жылдарда тәрбие әдістері әр түрлі критерийлер бойынша жіктеледі:
  • Тәрбие психологиясы
  • Гуманизациялау мен демократияландыру деңгейіне қарай: Авторитарлы педагогика әдістері:
  • Гуманистік педагогика әдістері:
  • Оқыту және тәрбие беру құралдары :
  • Тәрбие психологиясы
  • Оқушының тәрбиелігіне жалпы баға берудің жеке көрсеткіштері :
  • М оральдік тәрбиелілік-моральдік тәрбиелілік деңгейімен анықталатын жеке тұлға қасиеті
1/34

Первый слайд презентации: Тәрбие психологиясы

Орындаған: ППХ-31 студенті Дауренбекова Гүлден Тексерген: Кукубаева Асия Хайрошқызы

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспар :

Тәрбиенің психологиялық және педагогикалық мәселелері; Тәрбие парадигмасы; Тәрбие түрлері; Тәрбие әдістері, құралдары.

Изображение слайда

Слайд 3

Тәрбиесіз адамзат тіршілігін елестету мүмкін емес, тіпті тәрбие жинақталған білімнің, тәжірибенің келер ұрпаққа тасымалдануы. Тәрбиесіз адамзат прогрессі мүмкін емес. Тәрбиесіз онтогенезде адамның дамуыда мүмкін емес. Сондықтан да тәрбие жалпыадамзаттық, мәңгілік категориялар құрамына енеді.

Изображение слайда

Слайд 4

«Тәрбие – адам жанының жетілуі. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ұлы құпиясы жатыр» (Кант). « Тәрбие – кімді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне әсер ету. Тәрбие – бір адамның тәрбиеленушілерге белгілі адамгершілік әдеттерін меңгерту мақсатында әсер ету» (Л.Н. Толстой)

Изображение слайда

Слайд 5

«Тәрбиелік әрекет адамның ақылды, саналы әрекет аймағына жатады, ал тәрбие ұғымы тарихтың жемісі, табиғатта ол жоқ...» ( К.Д. Ушинский) «Тәрбие – кең мағынада үнемі толығу мен жаңарудың көпқырлы процесі » (В.А. Сухомлинский)

Изображение слайда

Слайд 6

«Тәрбие – мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлескен жеке басты және ұжымды қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін іс-әрекет процесіндегі қарым-қатынас» (Н.И. Болдырев) «Тәрбие – өскелен ұрапққа қоғамдық – тарихи тәжірибені, диалектикалық – материалистік көзқарасты, жоғары моральды, терең идеялықты, қоғамдық белсенділікті, ақиқатқа шығармашылық қатынасты, жоғары еңбек және мінез-құлық мәдениетін тасымалдау әрекеті» (Қысқа психологиялық сөздік)

Изображение слайда

Слайд 7

«Тәрбие» – адамдарды еңбекке және қоғамға пайдалы әрекетке, әр түрлі әлеуметтік функцияларды орындауға даярлайтын объективті заңды процесс. (Пропагандистің қысқа педагогикалық сөздігі) « Тәрбие – қоғамдық маңызы бар әлеуметтік тәжірибені меңгеру» (Г.Нойцер)

Изображение слайда

Слайд 8

«Тәрбие – мақсатты түрде жеке бастың дамуын басқару процесі » (Х.Й. Лийметс) «Тәрбие – кәсіби машықтанған педагог тарапынан баланы қәзіргі қоғам мәдениетінің ұшар басына шығару, оның қоғамда өмір сүруге қабілеттілігін дамыту» (Н.Е. Щюркова)

Изображение слайда

Слайд 9

«Тәрбие - педагогтың оқушының базалық қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған психологиялық – педагогикалық жағдай жасаудағы іс-әрекеті» (В.П. Созонов) «Тәрбие – жек тұлғаның дамуын мақсатты басқару процесі» (Л.И. Новикова)

Изображение слайда

Слайд 10

Бүгінде педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде тәрбиеге 5 түрлі түсінік беріледі: Адамға әлеуметтік құрылыммен қоршаған ортаның әсері. Ұрпаққа жинақталған қоғамдық - тарихи тәжірибелерді тасымалдаушы. Білім беру мекемелеріндегі оқу – тәрбие процесі. Белгілі сенім мен көзқарас жүйесін қалыптастырудағы арнайы тәрбие жұмыстары. Адамы сапалардың қалыптасуы.

Изображение слайда

Слайд 11

Тәрбиені қарастыратын ғылым салалары Әлеуметтану – әр түрлі тәрбие функцияларын орындайтын әлеуметтік топтар мен институттардың әрекет мазмұны мен құрылымын қарастырады. Философия - қоғамның тәрбие мен білім беру жүйесіндегі орнын қарастырады.

Изображение слайда

Слайд 12

Педагогика – тәрбие мақсатын, міндеттерін, мазмұнын қарастырады. Психология – тәрбиені психикалық дамудың жалпы формасы ретінде қарастырады. Тарих – тарихи кезеңдеріндегі тәрбие мақсаты, мазмұны сондай-ақ оқу-тәрбие институттарының қалыптасуын қарастырады.

Изображение слайда

Слайд 13

Тәрбие психологиясы проблемалары: Адамгершілік нормаларын, мектептегі оқу-тәрбие процесінде көзқарас, сенім қалыптастыру проблемасы. «Тәрбие», «оқыту» ұғымдарының ара-қатынасын ашу проблемасы. Жеке тұлғаның қасиеттерінің қалыптасуы және дербес ерекшеліктерімен байланыс проблемасы. Оқушының мотивациялық сферасы проблемасы.

Изображение слайда

Слайд 14

Тәрбие процесінің ерекшеліктері: Тәрбие – мақсатқа сәйкес жеке басты қалыптастырушы процесс. Мұнда оқытушы мен оқушының арасындағы бірлескен әрекет екеуінің де мақсатының бірлігімен ерекшелінеді. Тәрбие процесі – көп факторлы, ол объективті және субъективті факторлардың жиынтығынан тұрады. Субъективті факторларға жеке бастың ішкі қажеттіліктері жатса, объективтіге жеке бастың тіршілік е.тетін ортасы жатады.

Изображение слайда

Слайд 15

Тәрбиенің тәрбиешінің әрекетіне, ерекшеліктеріне, мінезіне олардың, тәрбиеленушілерге қарым-қатынасына байланыстылығы Тәрбие процесінің нәтижесін оқыту процесіндегі сияқты тез арада көре алмау Тәрбие процесінің қозғалмалылығы (динамикалылығы) Тәрбие процесінің ұзақтығы. Тәрбие процесі адамның өмір бойына созылады. Тәрбие процесінің кешенділігі мен үздіксіздігі. Комплекстілік дегеніміз – жеке басты дамыту мақсатында мақсаттың, міндеттін, мазмұн, формалардың бірлігі

Изображение слайда

Заңдылық – қоғамдық өмір сферасында объективті түрде тіршілік ететін, қайталанатын, құбылыстар арасындағы мәнді байланыс Тәрбиелік қатынасқа байланыстылық заңдылығы. Тәрбие процесіндегі баладағы көзқарас, өмірлік позиция, мінез-құлық мотивтері – тәрбиеге қатынас деп аталады. Мақсатқа жету барысындағы іс-әрекет пен, ұйымдастыру заңдылығы.

Изображение слайда

Слайд 17

Объективті және субъективті факторлардың бірлескен әрекеті заңдылығы. Субъективті факторларға: тәрбиеші, оқушы, олардың арасындағы қарым-қатынасын, психологиялық климат жатады. Объективті факторларға тәрбие жағдайлары Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеуді интенсивтілігі заңдылығы Педагогикалық әсер ету барысында процеске қатынасушылардың белсенділік заңдылығы Даму, оқыту процестерінің тиімділігі заңдылығы Тәрбиеленушілердің арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту заңдылығы.

Изображение слайда

Тәрбие принциптері – жаңа адамның тәрбиесінің мазмұны мен ұйымдастырылуының негізгі бағыттарын анықтауға арналған идеялардың жиынтығы.

Изображение слайда

Слайд 19

Тәрбие процесінің қоғамдық бағыттылығы принципі; Тәрбие процесінің өмірі мен еңбек пен бірге байланыстылығы принципі; Тәрбие процесінің баланың жағымды сапаларына тірек ету принциптері; Тәрбиенің адамгершілікке негізделу принципі; Жеке басқа ықпал ету принципі; Тәрбиеге әсер ету бірлігі принципі.

Изображение слайда

Слайд 20: Тәрбие функциялары:

Мәдениетті сақтау, ұрпаққа жеткізу; Жеке басты әлеуметтендіру; Жеке бастың шығармашылық потенциалын дамыту, баланы қорғау.

Изображение слайда

Слайд 21: Тәрбие парадигмасы

Парадигма – шындық болмыстын сипаттарын білдіретін ұғымдар жүйесінде тұлғаланған қатаң ғылыми теория. Жаңа парадигманың теориялық негіздемесі көптеген ғылым салалары туралы білім жүйесінің болуында: тәрбие философиясы, педагогикалық мәдениеттану, аксиология, синергетика, антропология, психология, педагогика.

Изображение слайда

Бала қазіргі гуманистік тәрбие парадигмасында ең жоғарғы құндылық ретінде қарастырылады. Оның тәрбие процесінде өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі жоғары. Тәрбие мақсаты ұжымдық шығармашылық әрекет жағдайында жеке тұлғаны үйлесімді дамытуға негізделеді. Тәрбие мәні – тәрбиеленушінің қоршаған ортаға көзқарасы. Тәрбие мазмұны, оның негізгі педагог тарапынан ұйымдастырылатын тәрбие әрекетінде тәрбиеленушінің белсенді позициясы: танымдық, құндылық – бағыт-бағдарлық, қоғамдық, еңбек, ерікті қарым-қатынас әрекеті.

Изображение слайда

Слайд 23

Білім беру жүйесінің жеке тұлғалық бағытқа негізделуі. Мұндағы педагог позициясы – бала өміріне жауапкершілік. Тәрбие процесіндегі педагог позициясының нәтижесі – педагогикалық қолдау. Педагог пен тәрбиеленушінің диалогтық қарым-қатынасы Тәрбиешінің тағайындалуы мен оның позициясы.

Изображение слайда

Слайд 24: Тәрбие түрлері

Мазмұны бойынша: Еңбекке тәрбиелеу Ақыл-ой тәрбиесі Дене тәрбиесі Институттық белгісі бойынша: Отбасылық Мектептегі Мектептен тыс Діни Балалармен жасөспірімдер ұйымындағы тәрбие

Изображение слайда

Слайд 25: Тәрбие процесінің аспектілері бойынша:

Дене Әскери – патриоттық Құқықтық Адамгершілік Экологиялық Интернационалдық Эстетикалық Жыныстық Экономикалық Еңбекке тәрбиелеу

Изображение слайда

Слайд 26: Тәрбиенің әдіс тәслілдері құралдары:

Қазіргі тәрбие теориясында тәрбие әдістері – тәрбие мақсатына жету жолы. Тәрбие тәсілдері – жалпы әдістің бір бөлігі, жеке әрекет, кезең, мақсатқа жету қадамы.

Изображение слайда

Слайд 27: Әр жылдарда тәрбие әдістері әр түрлі критерийлер бойынша жіктеледі:

Т.Е. Конникова, Г.И. Щюркова - Баланы жете түсіну және мінез-құлқы бойынша; - Іс-әрекеттің басты бағыттары бойынша; - Баланың іс-әрекетін ұйымдастыруға деген қатынас бойынша; В.А. Караковский: -Тәрбие құралдары бойынша;

Изображение слайда

Слайд 28

Баланың жеке тұлғасын өзіндік анықтау бойынша: Өзін-өзі тану бойынша; Өзін-өзі тәрбиелеу. Іс-әрекетті және қарым-қатынасты ынталандыру бойынша: Жарыс; Мадақтау; Жазалау.

Изображение слайда

Слайд 29: Гуманизациялау мен демократияландыру деңгейіне қарай: Авторитарлы педагогика әдістері:

Ақпараттандыру; Педагогикалық талап; Жаттығу; Сендіру; Жазалау; Еліктеу; Айыптаушылық; Күштеу.

Изображение слайда

Слайд 30: Гуманистік педагогика әдістері:

Талап қою; Үлгі; Оқу ситуациясын құру; Ойын; Сендіру: Жекелей үлгі; Дәріс; Мадақтау; Құптау; Коррекция; Диспут; Мақтау; Жарыс; Тәрбие беруші жағдаят.

Изображение слайда

Слайд 31: Оқыту және тәрбие беру құралдары :

Сөз : Жанды сөз; Аудиожазба; Басылымды сөз. Оқыту және тәрбиелеу құралдары: Бейне: Иллюстрация: Макеттер; Видеоөнім; Табиғи объектілер.

Изображение слайда

Слайд 32

Құрал-жабдықтар: Құрылыс орны; ЭВМ аудио-видео техника; Лабораториялық-техникалық құрал-жабдықтар; Материалдар, инструменттер.

Изображение слайда

Слайд 33: Оқушының тәрбиелігіне жалпы баға берудің жеке көрсеткіштері :

Отбасындағы мінез-құлық; Мектептегі мінез-құлық; Үлкендерге деген қатанас; Құрбыларына деген қатынас; Өзәне деген қатынас.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Тәрбие психологиясы: М оральдік тәрбиелілік-моральдік тәрбиелілік деңгейімен анықталатын жеке тұлға қасиеті

Жеке тұлғаның моральдік тәрбиелілік деңгейі: Тәрбиесіздік. Психологиялық құрылымы: адамгершілік нормасы туралы бұлыңғыр түсініктін болуы. Тәрбиелілігі төмен. Психологиялық құрылымы: адамгершілік нормасы туралы білім болғанымен, оларды орындауға дағдыланбау. Ситуациалық тәрбиелілік. Психологиялық құрылымы: адамгершілік нормасы туралы білім болғанымен оларды пайдаланбаған жағдайда қолайсыздыққа ұшырағанда ғана ерікті түрде қолдану.

Изображение слайда

Похожие презентации