тас дәуіріндегі қазақстан — презентация
logo
тас дәуіріндегі қазақстан
  • тас дәуіріндегі қазақстан
  • тас дәуіріндегі қазақстан
  • тас дәуіріндегі қазақстан
  • тас дәуіріндегі қазақстан
  • тас дәуіріндегі қазақстан
  • тас дәуіріндегі қазақстан
  • тас дәуіріндегі қазақстан
  • тас дәуіріндегі қазақстан
1/8

Первый слайд презентации: тас дәуіріндегі қазақстан

Изображение слайда

Слайд 2

Адамзат тарихының бастапқы кезеңі тас дәуірі болып табылады. Тас дәуірі – археологиялық кезеңделу бойынша алғашқы тас құралдардың пайда болуынан бастап, қоладан жасалған құралдардың шығуына дейінгі кезеңді қамтитын көне дәуір. Тас дәуірі б.з.б. 2,5 млн. жыл бұрын басталып, б.з.б. ІІІ мыңжылдықта аяқталды, яғни 2 млн. жылдан астам кезеңді қамтиды.

Изображение слайда

Слайд 3

Изображение слайда

Слайд 4

Изображение слайда

Слайд 5

Ең ежелгі адамның қалдықтары Шығыс Африкадағы Олдувай шатқалынан табылды. Оны  « homo habilis »  - « епті адам» деп атады. Археологиялық ескерткіштердің табылған жері бойынша ежелгі мәдениет олдувайлық деп аталды. Олдувай мәдениеті уақыты жағынан б.з.б. 2,5 млн. жыл – 700 мың жыл кезеңді қамтиды. Одан кейінгі шель және ашель мәдениеттері б.з.б. 700 мың жыл – 140 мың жыл кезеңді қамтиды.

Изображение слайда

Слайд 6

Бұл аталған мәдениеттер ерте палеолит кезеңіне жатады. Ал б.з.б. 140 мың – 40 мың жыл аралығындағы кезеңді қамтитын соңғы ашель және мустье мәдениеттері орта палеолит кезеңіне жатады. Кейінгі палеолит ориньяк, солютре, мадлен деп аталатын кезеңдерге жіктеледі.

Изображение слайда

Слайд 7

Ерте палеолит кезеңінде алғашқы адамдардың   питекантроп, синантроп  сияқты түрлері өмір сүрді. Орта палеолит кезеңінде   неандерталь   адамы тіршілік етті. Кейінгі палеолит кезеңінде физиологиялық жағынан қазіргі адамға ұқсас   кроманьон   адамы немесе   « homo sapiens»  - « саналы адам» түрі қалыптасты. Тас дәуірінде алғашқы адамдар тастан жасалған, формасы, көлемі және қолдану қызметі жағынан әр түрлі еңбек құралдарын пайдаланды. Алғашқы еңбек құралдарына тас шапқы, үшкір таяқша, чоппер, чоппинг, қол қашау, кескіш, бифас, үшкір тас, қырғыш және т.б. жатады. Тас құралдармен бірге сүйектен жасалған еңбек құралдары – біз, ине, гарпун, найза, сүңгі қолданылды.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: тас дәуіріндегі қазақстан

Палеолит   дәуірінде алғашқы адамдар бірігіп аң аулады және жабайы жемістерді жинап, терімшілікпен айналысты. Алғашқы адамдардың баспанасы ретінде үңгірлер мен жертөлелер пайдаланылды. Палеолит дәуіріндегі адамдар бірігіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау үшін   алғашқы тобырға   бірлесті. Алғашқы тобырға қоғамдық қатынастар жетілмеуі, реттелмеген неке байланыстары тән болды. Қазақстан аумағында алғашқы адамдардың пайда болған іздері, тастан жасалған еңбек құралдары – шапқы, кескіш, қырғыш, т.б. – ерте палеолитке, шамамен 1 млн. жыл бұрынғы кезеңге жатады. Қазақстанды мекендеген ең ежелгі адамдар питекантроп пен синантроптың замандастары болған деп есептеледі. Өзінің даму барысында адамның бұл түрі   « homo erectus »  - « тік жүретін адам» деңгейінде тұрды және ол отты пайдалана білді, аң аулаумен және терімшілікпен айналысты.

Изображение слайда

Похожие презентации