Слайд 2
Тақырыбы: Телефон байланыс құралы Мақсаты: Ұялы телефонның пайдалы жақтарын зерттей келе оқушылардың пайдалануға етілуіне ұсыныс білдіру. Жоспар 1 ) Ұялы телефонды алғаш кім ашты және қашан пайда болған. 2) Телефонның түрлері. .
Слайд 3
Ертедегі байланыс құралы Әр түрлі техникалық құралдар арқылы ақпарат беру және қабылдау; Почта, телефон, телеграф, радио, т.б. хабарын таратуды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының бір саласы. Ерте кезде хабар жаяу жүргінші немесе салатты кісі арқылы ауызша, сондай-ақ, от, дабыл, қада, белгі арқылы жеткізілген. Қоғамдағы өзгерістер мен дамуға, техникалық жетістіктерге орай б айланыс құралдары жетіле түсті. 18 ғасырдың аяғында оптикалық телеграф пайда болды. Техника құрал-жабдықтарының сипатына қарай б айланыс почта және электрлік Байланыс болып бөлінеді.
Слайд 4
Қазіргі телефон байланысы: Халықаралық, қалааралық және жергілікті болып келеді. Қаларалық телефон-телеграф Байланысы көбінесе, симметриялық және коаксиальдық кабельдерден тұратын магистралдық желілер арқылы жүргізіледі. Жергілікті жердегі (қаладағы) телефон байланысы автоматты телефон стансалары (АТС) арқылы жұмыс істейді. Онда бір абонентті екінші абонентке стансадағы автомат-аспаптар жалғайды. Қалааралық байланыс телеграф, фототелеграф, телевизия және радиорелелік желілері арқылы да беріледі. Радиобайланыс қазіргі заманда өте кең тараған. Байланыс құралдары қазіргі кездегі ең басты қажеттіліктің бірі болып табылады. Ол өте маңызды эканомикалық және әлеуметтік қызмет атқарады. Осы заманғы байланыс құралдарының көмегімен Жер шарының ең шалғай орналасқан аудандарымен, тіпті ғарышпен де байланыс жасалады. Бірақ дүниежүзінде байланыс жүйесі біркелкі таралмаған, тіпті адамзатың тең жартысына жуығы «телефон» дегеннің не екенін білмейді. Байланыс жүйесі өте күшті дамыған ел – АҚШ. Оның үлесіне дүниежүзіндегі телефон жүйелерінің 2/5-сі, ең жаңа байланыс жүйелерінің 9/10-ы тиесілі. Оған нақты мысал ретінде мынаны айтуға болады. Нью-Йорктің Манхаттен ауданындағы телефон желісінің саны бүкіл Африка материгіндегі желілер санымен бірдей.
Слайд 5
Телефон қашан пайда болды және кім ашты?! Ұялы телефон – радиожелі арқылы байланыс жасауга арналған құрал. 1875 жылы Бостон университетінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естіді. Бұл жаңалық тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді. Арада 1ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы пайда болған. Ұялы теефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1673жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонның салмағы яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмнан тартатын. Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.
Слайд 6
Ұялы телефондардың түрлері Ұялы телефондар пішініне қарай бөлінеді: Мноблокты, Жайылмалы, Сырмалы сенсорлық. Жай ұялы телефон/смартфон Ұялы бейнетелефон Жай ұялы телефонда қоңырау шалу/қабылдау, SMS, соңғы кездері фото/бейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады. Смартфон ( ағылш. smart — білімді, ақылыды ) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т.с.с. Сол с ебепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы. Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады. Ұялы телефондар пішініне қарай: Моноблокты, Жайылмалы, Сырмалы сенсорлық болып бөлінеді.