Слайд 2
Тәуелсіздік күні 27 қазан 1991 жыл (КСРО-дан) Ресми тілі түрікменше Астанасы Ашғабат Ірі қалалары Ашғабат, Ташховуз, Түрікменабад Үкімет түрі Президенттік республика Президенті Гурбаноғлы Бердымұхаммедов Мемлекеттік діні Ислам Жер аумағы 53-ші Барлы ғ ы 491 200 км² Жұрты 5 176 502 адам (114-шы) Тығыздығы 10 адам /км² Валютасы Манат ( m.) Уақыт белдеуі +5
Слайд 5
Түрікменстан — жер көлемі 488,1 мың км² алып жатқан, батыстан шығысқа 1100, солтүстіктен оңтүстікке 650 км созылып жатқан Орталық Азиядағы мемлекет.
Слайд 6
Жерінің 80 % артығын аптап шөл ( Қарақұм шөлі ), құм көшкіндері, тасты таулар мен ащылы алаптар басып жатыр.
Слайд 7
Түркіменстанның ең үлкен өзені Әмудария. Оның ұзындығы 1415 км болса, соның 1000 км осы елдің аумағында.
Слайд 8
Осы өзеннен бастау алып, Түркіменстанның Ашғабат, Мары, Бүзмейін, Балқанабат (Небит-Даг), Түркіменбашы (Красноводск) сияқты ең үлкен қалаларына ауыз суын жеткізіп жатқан Қарақұм арнасы. Сонымен бірге, канал 1 млн ha жерді суландырады. Оның ұзындығы 1100 км.
Слайд 9
Түркіменстан 5 әкімшілік-экономикалық аумаққа бөлінген. Олар уелаят ( уәлаят ) деп аталады. Ахал, Балқан, Дашоғұз, Лебап, Мары уалаяттарын және Ашғабат қаласын президент тағайындаған хакимдер басқарады. Уеллаяттардың құрамына 46 этрап ( атырап ) және 528 генгеши ( кеңес ) енеді.
Слайд 11
Түркімен халқының жалпы саны қазір 20,0 млн артық деген дерек бар. Түрікмендер Ауғанстан, Иран, Түркия, Ирак, Сирия секілді елдерге де жайылған. Елдегі түркіменнен кейінгі көп халық өзбектер, одан кейін орыстар. Қазақтардың саны бұрын 120,0 мыңнан асқан екен. Қазір соның жартысына жуығы атажұртқа көшіпті. Қазір 60,0 мыңға жетер-жетпес қазақ бар көрінеді. Бұлардан басқа армяндар, әзірбайжандар, түріктер, иран халықтары, т.б халықтардың өкілдері де тұрады. Солардың ішінде ирандықтар мен түріктердің ғана ұлттық орталықтары бар. Түркіменстанда ТМД халықтарының ұлттық-мәдени орталықтары жоқ.
Слайд 12
Түркіменстанда ең үлкен лауазым иесі, әрі атқарушы биліктің басшысы — елдің президенті. Ал Халық маслахаты елдегі халық билігінің ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Оның құрамы 2 мың адамнан артық. Осы органның да төрағасы президент.
Слайд 13
Елдегі заң шығарушы орган Меджилис деп аталады. Оның құрамында 5 жыл мерзімге сайланатын 50 депутат бар. Түркіменстанда азаматтық қоғамның да атрибуттары бар. Кәсіподақ, ақсақалдар кеңесі, Мақтымқұлы атындағы жастар одағы, Горбансолтан әже атындағы әйелдер одағы, дін жөніндегі кеңес және т.б. мемлекеттік бюджеттің есебінен жұмыс істейді. Елде бір-ақ саяси партия тіркелген. Демократиялық партия деп аталатын оның құрамында 100 мыңнан артық мүше бар.
Слайд 14
Экономика Экономиканың барлық саласында мемлекет үстемдік етіп отыр. Мемлекеттік бюджет кірісінің қомақты бөлігін мұнай мен газды сыртқа шығарудан басқа мақта иіру кәсіпорындарының тізбесінен түсетін салық та құрайды.
Слайд 15
Мұнда Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі де бар. Жерінің 80 % мұнай мен газ бар. Осы уақытқа дейін олардан 144 кен орны табылған. Газдың болжамды қоры 21-23 трлн м³, ал мұнайдікі 12 млрд тоннаға жуық делінеді. Жыл сайын бұл елде 158 млн м² мақта -мата бұйымдары мен 82 мың тонна жіп иіріледі. Осы өнімдерін Түркіменстан әлемнің жоғары дамыған 30-дан артық еліне шығарып тұрады.
Слайд 16
Жалпы, бұл ел әлемнің 80-нен артық елмен белсенді сауда-экономикалық байланыстар жасайды. Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы құрлықтағы шекараның ұзындығы 426 км. Ол 2001 ж. шілденің 5-інде ратификацияланған екіжақты келісім-шартпен толығымен шегенделген. 2006 ж. екі елдің арасындағы тауар айналымы $153,3 млн көлеміне жетті. Бұл 2005 ж. салыстырғанда 2,2 есе артық. Соның ішінде экспорт $20,7 млн, ал импорт $132,6 млн құрады.
Слайд 17
Түркіменстан жағы Қазақстаннан негізінен өсімдік өнімдерін, темекі, ұн және химия өнеркәсібі өнімдерін импорттайды, ал Қазақстан минералды және химиялық өнімдер алады.