Первый слайд презентации: Әлемнің қара металлургия өнеркәсібі
Слайд 2
Қара металлургия – ең алдымен ҒТП деңгейін анықтайтын машина жасау үшін ең массалық конструкциялық материал, өнеркәсіп үшін шикізат, халық тұтынатын материал өндіретін кешенді базалық сала.
Слайд 3
Қара метеллургия машина жасау өнеркәсібінің шикізаттық іргесін қалайтын сала болып есептеледі. Оның құрамына темір, хромит, марганец рудаларын өндіру, байыту менагломерация, шойын қорыту, болат балқыту, прокат дайындау, қара металдарды екінші рет қайта қорыту, көмірді кокстеу, отқа төзімді қосымша материалдар ( флюстік ізбес, отқа төзімді балшық т.б ), темірге хром, марганец қосу арқылы әр түрлі қасиеті бар ферроқорытпа және металлургиялық бұйымдар шығару кіреді. Бұл күрделі технологиялық процестің негізгі тірегі - « шойын - болат - прокат» металлургиялық өндіру циклі.
Слайд 4
Қара металлургия – ауыр өнеркәсіптің базалық саласы. Құрамы : темір рудасын өндіру, шойын мен болат балқыту, түрлі профильдегі прокат пен темірдің өзге металдармен қорытпасын өндіру.
Слайд 5
ХХ және ХХІ ғасырларда шетелдегі халықаралық экономикалық қатынастарды дамытудың негізгі бағыттары металлургия өнеркәсібінде толығымен пайда болған экономиканың ғаламдығы болып табылды.
Слайд 6
Халықаралық шаруашылық байланысы ғаламдық масштабтағы ресурстарды қайта бөлу және өндірістің тиімділігін көтеру құралына айналды, яғни бұл дүние жүзілік металлургия дамуының мынадай тенденцияларына әкелді : • дүние жүзілік нарығында ірі біріктірілген компаниялардың рөлін көтеруге ; • өнімнің нарығында жоғары қосылған құн бәсекелестігінің шиеленісуіне және ішкі саудада ұлттық қорғаныс шараларын қолданудың таралуына ; • металл өнімдерін өндіру шығындарының төмендеуі бойынша жұмыстарын активизациялау, осы жағдайда өндірістің анағұрлым шығын түрлері аз мөлшердегі салық пен көліктік шығынды қамтамасыз ететін, анағұрлым арзан табиғи және энергетикалық ресурстары, жұмыс күші бар елдерге ауысады.
Слайд 7
Дүние жүзілік экономиканың көтерілуі және металл өнімдеріне сұраныстың өсуі, әсіресе барлық материалды қажетсінетін экономика жағынан, бірінші кезекте Қытайда (2003 ж. оның экономикасының өсуі 9 пайызға, ал болатты тұтыну 34 пайызға өсті ), сондай-ақ Индияда және басқа азия елдерінде металл салалары үшін, болат пен шикізатқа дүние жүзілік бағасының елеулі өсуіне әкелді.
Слайд 8
АҚШ-та ыссы соғылған болаттың тоннасы 2001 ж. 230-249 доллар, 2004ж. қаңтарда оның құны 330 долларды құраса, ал мамырда - 550-600 доллар болды. Францияда 2004 жылдың қаңтарынан болаттың бағасы 60 пайызға көтерілді. Тіпті, 2001 жылы шойынның тоннасы дүние жүзілік нарығында 100 доллар болса, ал қазір ол 300 долларға жетті.
Слайд 9
Металл өнімдері бағасының өсуінің тағы да бір себебі, теңіз тасымалдары тарифінің қарқынды өсуі фонында жетекші дүние жүзілік жеткізушілердің темір рудалық шикізатына босату бағасының көтерілуінен болды.
Слайд 10
Бағаның өсуі, сонымен қатар шикізаттың маңызды бір түрі – қара металл сынықтарына да қатысты. Қара металл сынықтарының нарығы 2003 жыл ішінде бірнеше рет бағасының өсуін басынан өткізді, және қазір оның бағасы бірқатар өңірлерде тоннасы 300 долларға көтерілді. Бүгінгі таңда темір рудасына жоғары бағасынан басқа қара металлургияда, келешекте қара металл сынықтарының жетіспеушілігіне байланысты, бірқатар проблемалар туындайды. Экологиялық талаптардың және аса тиімділігінің әсерінен дүние жүзілік металлургия үшін шикізаттың осы түрлеріне құндылығы әрқашан өсуде. Батыста соңғы кездері сынықтардан барлық болаттың 70 пайызға жуығы күйдіріледі ( Ресейде әзірше тек үштен жуығы ).
Слайд 11
Американ валютасына айырықша әлсіреуі, сонымен бірге металлға құнының көтерілуіне әкелді. Ірі тұтынушылардың бірі болып табылатын американдықтар үшін еуропалық импорттың құны көтерілуде, бұл АҚШ-ң ішкі өндірушілері бағасының көтерілуін ынталандырады, яғни өзінің жағдайын құнының есебінен қалпына келтіруге тырысады. Шойын мен болат халықаралық институттың статистикасы бойынша ( IISI) 2004 жылы болаттың ғаламды өндірісі 8,8 пайызға көтерілді және 1,05 млрд. тонна рекордтық деңгейге дейін жетті, оның тұрақты өсу жылдамдығы - 2-3 пайыз. IISI мәліметтеріне сәйкес, болатты шығару Жапонияда 2004 ж. 2 пайыздан 112,7 млн.т., АҚШ – 5,2 пайыздан 98,5 млн. т., Ресей – 2,5 пайыздан 65,3 млн.т., Оңтүстік Корея – 2,6 пайыздан 47,5 млн.т., Германия – 3,6 пайыздан 46,4 млн. т., Украина – 4,9 пайыздан 38,7 млн.т. дейін, Бразилия – 5,7 пайыздан 32,9 млн. т. дейін, Индия – 2,7 пайыздан 32,6 млн.т., Италия - 5,6 пайыздан 28,3 млн. т. көтерілді.
Слайд 12
Азия елдерінде болатты өндіру 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 13,2 пайыздан 499,3 млн.т. өсті. Егер Қытайды санамағанда, өсу көрсеткіші 3 пайызды құрады. Ең ірі болатты өндіруші Қытай болып қалуда, ол 2004 ж. 272,5 млн.т. болат өнімдерін (2003 ж. салыстырғанда -23,2 пайызға көтерілген ) балқытты. Жалпы дүние жүзілік болатты өндіруде Қытайдың үлесі 2004 жылы 25,8 пайызды құрады. Бұл ұлттық экономиканы салқындату бойынша ел басшылығымен қабылданған шаралар болатқа ішкі сұранымының көлеміне ғана әсер етті. Сонымен қатар, өркендеп келе жатқан қытай өндірісі дүние жүзі нарығындағы бағалық дүрлікпені төмендетуге қабілетті.
Слайд 13
Қара металлургияның ірі кәсіпорындары ішкі технологиялық байланысының түрі бойынша металлургия- энергохимиялық комбинаттарын ұсынады. Болатты тоқтаусыз құюуы қазіргі кездегі металлургияның бірден-бір ірі жетістіктері болып табылады. Оны пайдалану өндірістік процессті айырықша жеңілдетеді және құю процессінде толық механизациялау және автоматтандыру үшін жағдай жасайды.
Слайд 14
Қара металлургияда қазіргі кездегі материалдарды алудың жаңа технологиясын құру көмірсутекті төмен легірленген, легірленген, таттанбайтын және болаттың басқа маркаларынан жоғары төзімді және икемді сұрыптап қақтауды алудың технологиясын әзірлеуге жағдай жасайды. Мұндай өнімдерді шығару сұрыптап қақтау импортының көлемін қысқартуға жағдай жасайды және болашақта оны экспорттау, инновациялық дамуды қамтамасыз ету үшін негіз болуы мүмкін.
Слайд 15
Өңдеуші өнеркәсіптің бұл саласы күрделі технологиялық сатылардан т ұрады: кен өндіру бастапқы металды бөліп алу алынған металдың сапасын жақсарту және т.б.
Слайд 16
Қара металлургия өндірістің басқа салаларымен (тау- кен, көмір, энергетика, түсті металлургия, химия) тығыз байланысты. Бұл белгілі дәрежеде оның орналасуына да ықпал етеді. Қазіргі кезде қара металлургия кәсіпорындары : 1) кокстелетін көмір алаптарына ; 2) темір кен орындарына ; 3) теңіз порттарына жақын орналасуымен ерекшеленеді.
Слайд 17
АҚШ- тағы, Ресейдегі, Қытай мен Украинадағы, Германиядағы байырғы металлургия орталықтары алғашқы фактордың ықпалымен қалыптасқан. Шойын қорытудағы негізгі отын — таскөмірден алынатын металлургиялық кокстың дүниежүзінде өндірілу көлемі 350 млн т-дан асады. Кокстелетін көмір қоры шектеулі, қазіргі кезде оны өндіруден Қытай алдыңғы орында.
Слайд 19
Бұрын-соңды темір кеніне бай аудандардың барлығында да қара металлургия дамыған сала болып табылады. Соңғы жылдары дамушы елдердің салыстырмалы түрде арзан, құрамындағы темір үлесі 60%- ға жететін "бай" кендері айрықша сұранысқа ие болып отыр. Қазіргі кезде байырғы кен орындарының қоры таусылуға жақын, оның басты шоғырлану ауданы Шығыс Еуропа болып отыр.
Слайд 20
Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша жылына 0,85—1 млрд т темір кені өндіріледі. Темір кенін сыртқа шығаруда оның қоры мол Бразилия мен Аустралия, Қытай мен Үндістан айрықша көзге түседі. Дүниежүзінде жылына шамамен 800 млн т болат балқытылады, оның 80%-ы дамыған елдер үлесіне тиесілі.
Слайд 21
Темір кені мен кокстелетін көмірді сырттан сатып алатын Жапония болат өндіруден дүниежүзінде жетекші орын алады. Тайвань мен Корея Республикасының металлургия өнеркәсібі де импорттық шикізатқа негізделген. Бұл елдердегі металлургия орталықтары жағалауда шоғырланған. Жалпы алғанда, Азия елдерінің үлесіне дүниежүзінде өндірілетін болаттың 2/5 бөлігі тиесілі.
Слайд 22
Шойын балқытудан шикізат қоры жеткілікті Қытай 1-орынға, болат өндірісінен 2-орынға шықты. Қытайдағы металлургия комбинаттары аса қуаттылығымен көзге түседі, мұнда жылдық қуаты 5 млн т-дан асатын бірнеше кәсіпорын бар.
Слайд 23
Жергілікті темір қоры таусылған және таусылуға жақын Батыс Еуропа елдерінде қара металллургияның теңізге ығысуы байқалады ; аймақ әлі де болса болаттың 20%- ын береді. Шығыс Еуропадағы Польша мен Чехияның қара металлургиясы әлемдік нарықта өзіндік орынға ие.
Слайд 24
FTP қара металлургиядағы байырғы технологияларды ығыстыруда ; болат алудың ескі мартендік әдісін негұрлым жедел, шағын кәсіпорын жағдайына лайықталған электрлік, оттек- конверторлық тәсілдер алмастырды, қазіргі кезеңде металл сынықтарын қайта балқытып, пайдалануға да айрықша көңіл бөлінеді ; әлемдегі болаттың 2/5 бөлігі осы әдіспен алынады. Бұл технология экономикалық жағынан тиімді болумен қатар, металлургия комбинаттарының қоршаған ортаға зиянды әсерін де едәуір азайтады.
Слайд 25
Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі.
Слайд 26
Қазақстанның қара металлургиясы өз шикізаты мен отын ресурстарына негізделді, КСРО- ның оңтүстік-шығыс аудандарын қара металл өнімдерімен қамтамасыз етті. Қара металлургия тәуелсіз егеменді Қазақстанның экспорттық маманданған басты өнеркәсіп салаларының бірі, оның өнеркәсіптің жалпы өніміндегі үлесі 2003 ж. – 8,0%(1997 ж. –5,8%).
Слайд 27
Елдер 1999 2000 2001 2002 Қытай 1320,7 1247,8 1122,3 1650,6 Иран 292,8 770,4 925,5 681,7 Ресей 98,2 241 469,4 355,9 Вьетнам 88,1 33,7 87,2 180,6 Корея Республикасы 27,8 39,4 54 89,9 Таиланд 250,1 89,9 15,8 61 Украина 1,9 19,9 33,7 53 Түркия 116,9 159,8 45,6 36,3 Өзбекстан 5,1 16,7 45,4 42,2 Ұлыбритания 4,6 30,5 15,3 32,9 Сирия 15,3 28,4 36,4 32,4 Индонезия 23,9 25 21,1 26,9 Испания 7,7 9,9 - 25,1 Перу 8,9 14,4 44,7 14,1 Қазақстанның болат прокатын сатып алушы елдер, мың т * * Стратегическое сырые в разрезе рынка // Казахстанская правда. - 2004. – 30 апр.
Слайд 28
Қарағанды облысы Қазақстанның бірегей, темірді марганецті, барит- полиметалды, сирек металды және көмірді аймақ болып табылады. Оның аумағында Республиканың 100% марганецті рудалардың балансты қорлары, 80%-дан астым – триоксид вольфрам, 63,9% - молибден, 54,2% - қорғасын, 38,8% - мырыш, 36% - мыс, 31,9% - көмір ( оның ішінде кокс көмірдің барлық 100% қоры ), 100% волластонит пен родусит – астбест, 70%-дан астым барит және т.с.с. топталған. « Испат-Кармет » ААҚ. Кәсіпорын қара металл және шойынның барлық республикалық көлемін өндіреді.
Слайд 29
Ірі болатты балқыту зауыттары біртұтас өңірлердің экономикалық әл-ауқатын анықтайтын кәсіпорындар болып табылады. Яғни, бар жоғы үш конверторлық болатты балқыту пешінде жылына 5 млн.т жуық болатты балқытатын « Миттал Стил Теміртау » АҚ ( бұрынғы Қарағанды металлургиялық комбинаты) тұрақты жұмысы жоғары білікті он мың мамандарға қызмет көрсететін бірқатар ірі кәсіпорындардың қауыртты және келісілген жұмыстарын талап етеді. Электро энергиялық өндірушілері мен жеткізушілерді, сондай-ақ темір жол және автокөлік жолдарының жүктемесін есепке ала отырып, Қарағанды көмір шахтасының, руда кенін және Қостанай, Қарағанды, Ақмола және Қазақстанның басқа облыстарының флюстық қосындыларының қызметін үйлестіруді талап етеді.