Первый слайд презентации: Жеті Жарғы ”
Орындаған:Рахат Гүлназ Факультет:ЖМ Топ:023-1 Тексерген : Бейсембина Роза
Слайд 2: Мазмұны
1. Тәуке ханның “ Жеті Жарғы ” заңын қабылдауы 2.“Жетi Жарғы”заңын құырылымы мен құрамы Пайдаланған әдебиеттер
Тәуке хан кезiндегi (1680-1718) құжатта : “хан Тәуке Күлтөбеде жетi бидi жинап, Қасым және Есiм ханнан қалған ескi әдет-ғұрыптардың басын бiрiктiрген... Сөйтiп олардан жаңа Жетi жарғы аталатын құқықтық-заңдық әдет-ғұрып жүйесiн қалыптастырды”, — деп көрсетiледi. “ Жетi жарғы” нормалары қазақтың әлеуметтiк теңсiздiгi принциптерiне негiзделiп жасалды. Одан сол кездегi экономикалық және саяси жағдайдың қаншалықты болғандығын байқауға болады. Жетi жарғы және әдет-ғұрып құқық нормалары би-сұлтандардың және хандардың төрелiк ету қызметi барысында жаңарып-толықтырылып отырды..
Слайд 7
Билер шешiмi (бидiң билiгi) күнделiктi әдет-ғұрып құқық нормаларына ендi. Ол тергеушi би қызметiндегi iс-әрекеттер мен жағдайларға және қабылданған шешiмдерге орай Ереже деп аталды. Ереже негiзгi қағида есебiнде саналып, құқықтың көзi болды. Оның құқықтық-материалдық жаңа түрi де өмiрге келдi. Қазақ билерi бұл тұста мұсылмандық-шариғат жолын да қолданып отырған. Қазақ билерi бұл тұста мұсылмандық-шариғат жолын да қолданып отырған.
Слайд 8
Тәуке хан алғаш рет қазақ қоғамының құқықтық жүйесiн қалыптастырды. Ол билiк құрған кезеңде мемлекеттi нығайтып, белгiлi тәртiп орнату үшiн тиiмдi, халық мүддесiне сай, ал орындалуы, арнаулы тетiктермен қамтамасыз етiлетiн заң жүйесi керек едi. Бұл қағиданы жете түсiнген Тәуке хан жаңа құқық жүйесiн қалыптастыру үшiн қазақтың қара қылды қақ жарған, өздерiнiң әдiл шешiмдерiмен елге танымал болған билерiн қызметке тарта бiлдi.. Олардың қатарында Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке би бар едi. Соның негiзiнде қазақ қоғамының “ұлттық Хартиясы” дүниеге келдi. Ол — “ Жетi Жарғы” деп аталды.
Слайд 9: 2.“ Жетi Жарғы”заңын құрылымы мен құрамы
Жер дауы; Онда меншiк құқығы мен нормалары реттелiп жайлаулар мен су қорларын пайдалану бiр жүйеге салынып отырды Жесiр дауы; Онда жесiрлер мен жетiм қалғандардың жеке бастарының құқық және олардың мүлiктерiне иелiк реттелiп отыруымен бiрге ағайындармен қарым-қатынастары қалыпты жүйеге түсiрiлдi. Отбасы-неке құқығының нормалары.
Слайд 10
Сот процесiн жүйеге түсiрушi нормалар. Мемлекеттi басқару және әскери iстерге байланысты құқық нормалары. Айып төлеуге байланысты қылмыстық құқық нормалары. Құн төлеуге байланысты қылмыстық құқық нормалары.
Слайд 12: Екінші жарлығы : « Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына (« ақсүйектің, пірдің тұқымы деп ) екі кісінің құны төленуі тиіс »
Слайд 15: Бесінші жарлығы : « Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін ( қол тигізбесе ) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек »
Слайд 16: Алтыншы жарлығы : « Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін »
Слайд 17: Жетінші жарлығы : « Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді »
Слайд 18
Осының бәрi Кiшi Орда қырғыздарының (қазақтарының) айтуына қарағанда қазақ халқы бiр жылдары тыныштықта өмiр сүрiп, өз заңдары мен құқықтық және соттық тәртiбi болып, әрi атақты Тәуке ханның билiк жүргiзу кезеңiн “Алтын ғасырға” балаған да кезең болғанын көрсетедi. Тарихи құжаттар деректерiне назар аударсақ, Хақназар хан (1538-1580) және Есiм хан (1598-1628) билеген кезеңдерде қазақтың әдет-ғұрып салтына едәуiр мемлекеттiк дәреже (статус) берiлгенi белгiлi. Ал, Тәуке хан кезiндегi (1680-1718) құжатта: “хан Тәуке Күлтөбеде жетi бидi жинап, Қасым және Есiм ханнан қалған ескi әдет-ғұрыптардың басын бiрiктiрген... Сөйтiп олардан жаңа Жетi жарғы аталатын құқықтық-заңдық әдет-ғұрып жүйесiн қалыптастырды”, — деп көрсетiледi.
Слайд 19
“Жетi жарғы” бойынша кiм сұлтанды немесе қожаны өлтiрсе, оның ағайындары өлген адамның туысқандарына жетi адам үшiн құн төлеген. Егер әйелi күйеуiн өлтiрсе, онда оған өлiм жазасы кесiлiп, оны ешбiр құнмен құтқара алмайтын болған. Ал, өзiне-өзi қол салғандар болса, олар басқа өлгендермен бiрге жерленбеген. Мiне, осындай заңдылықтардың қалыптасуы Тәуке ханның хандық құрған кезiн “Алтын ғасырға” теңейдi. Абай Құнанбаевтың “Бұл билiк деген бiздiң қазақ iшiнде әрбiр сайланған кiсiнiң қолынан келмейдi. Бұған бұрынғы “Қасым ханның қасқа жолын”, “Есiм ханның ескi жолын”, әз Тәукенiң “Жетi жарғысын” бiлмек керек”,— деп айтуы Ресей патшалығының қазақтарға таңған жолының дұрыс еместiгiн, билердi еш уақытта да сайлап қоюға болмайтындығын көрсетедi.
Последний слайд презентации: Жеті Жарғы ”: Пайдаланған әдебиеттер :
1.Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары. Құраст. З.Кенжалиев және т.б. — Алматы : Жетi жарғы, 1996. 2.Зиманов С., Өсеров Н. Қазақ әдет-ғұрып заңдарына шариаттың әсерi (Монография). — Алматы : Жетi жарғы, 1998. 3.Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. Алматы, Жеті Жарғы, 1997 ж. 4.Созақбаев С. Тәуке хан. Жетi жарғы. — Алматы, «Санат», 1994. 5.Нұралы Өсерұлы. Жетi жарғы — Алматы : “ Жетi жарғы” баспасы, 1995