Первый слайд презентации: Жүкті әйелді тексеру әдістері
Ерте және кеш жүктілікті диагностикалау.
Слайд 2: Жүктіліктің белгілері
Жүкіліктің күмән белгілері. Жүктіліктің айқын белгілері Жүктіліктің негізгі белгілері
Слайд 3: Жүкіліктің күмән белгілері
Тәбеттің(ет.балыққа тәбеттің болмауы.ащы және борға тәбеттің ашылуы)таңертеңгі уақытта лоқсу, құсу. Иіс сезу мүшесінде өзгерістер ( әтір және темекі иістеріне ) Жүйке жүйесінің өзгерісі: ұйқысыздық,мазасыздық,көңіл-күйдің түсуі. Беттің терісінде, іштің ақ сызығында,көкіркте қара дақтардың пайда болуы.
Слайд 4: Жүктіліктің айқын белгілері
Етеккірдің тоқтауы ; Сүт безін басқанда сүт өту жолдарында уыздың ; Көгерулер (цианоз) жатыр мойнында ; Жатырдың тығыздалуы,көлемінің өзгеруі,мөлшерінің ұлғаюы ; Лаборраториялық тексерулер ( зәр және нәжістегі хорионикалық гормон ды анықтау ).
Слайд 5: Негізгі белгілері
Ішті сипап сезу(пальпация) арқылы ( Леопольд бойынша). Сипап сезу кезінде ұрықтың қимылын: УДЗ және сипап сезу кезінде ұрықтың қимылын анықталады. Ұрықтың жүрек тондарын зерттеу. Жүктілік диагнозын қоюда -ұрықтың жүрек соққысын тыңдау арқылы анықтаймыз,120/140 мин. Жүрек соғуын 5-7 жұмада мына аспаптар көмегімен анықтаймыз : ЭКГ, фонокардиография, кардиотокография,УДЗ. 17-19 жұмада – аускультация ( тыңдаумен ) анықталады.
Слайд 6: Әйелдер кеңесі
Жүкті әйелдер тұңғыш рет кеңес орнына келген мезетте, оларға арнаулы № ІІІ формалы карта толтырылады. Бұл картаға әйелден алынған барлық мәліметтер (паспорт, тұрмыс, еңбек, етеккір, бұрынғы жүкті болған шақтарына мінездеме ) жазылады. Сонымен қатар жүкті әйелдің бойы, толықтылығы, жамбас қуысының өлшемдері, қан қысымы, қынапты тексеру мәліметтері түгел түсіріледі.
Слайд 7
Әрбір жүкті әйел екі рет (жүктіліктің бірінші және екінші жартысында ) терапевт, тіс, құлақ дәрігерлерінің тексерулерінен өтуі қажет. Бірінші рет кеңеске келген жүкті әйелдің жатыр мойнын арнаулы айнамен мұқият қарайды, жүктіліктің мезгілін есептейді. Жүктіліктің бірінші және екінші жартысында қан мен несеп анализін, қанның тобын, резусын, Вассерман реакциясын анықтайды. Кеңес орнына келген сайын, әрбір жүкті әйелдің дене салмағын, жатыр деңгейін, іш айналымын, қан қысымын, қан және несеп анализін қайталап отыру қажет.
Слайд 8
Жүктілік кезеңі дұрыс өткен жағдайда, әйел кеңес орнына 5- 6 рет келу қажет. I келуі – (12 наптаға дейін ) – УЗИ 10-14 аптада II келуі - 16-20 апта - Скрининг УЗИ (20- 21 апта ) III келуі - 24-25 апта IV келуі - 30-32 апта - УЗИ 30- 34 аптада V келуі - 36 апта VI келуі - 38-40 апта Әрбір жүкті әйелдің қолына № 113 алмасу картасы толтырылып беріледі. Бұл картада жүкті әйелдің барлық денсаулық мәліметтері жазылып, босану үйіне толғақпен немесе алдын ала түскенде осы анықтама картасы дәрігердің қолына тапсырылады.
Слайд 9: Сыртқы және ішкі акушерлік тексеру
Негізгі акушерлік тексеру үш негізгі бөлімнен тұрады : сыртқы акушерлік тексеру, ішкі акушерлік тексеру және қосымша тексеру әдістері.
Слайд 10: Сыртқы акушерлік тексеру Жамбасты тексеру :
Distantia spinarum – Мықынсүйектің алдынғы жоғарғы қырлары ( spina iliaca anterior superior) - 25-26 см.
Слайд 11
Distantia cristarum – мықын сүйегі қырларының ең алшақ нүктелерінің арақашықтығы ( crista ossis ilei ) - 28-29 см.
Слайд 12
Distantia trochanterica – сан сүйектерінің ең ұлкен ұршықтарының арақашықтығы ( trochanter major) - 31-32 см.
Слайд 13
Conjugata externa ( сыртқы конъюгата ) – ү бел омыртқа мен қасаға үсті арақашықтығы - 20-21 см.
Слайд 14: Соловьев индексі
Жамбас сүйектерінің қалың-жұқалағын анықтау үшін жүкті әйелдің білезігін өлшейді, орта шамамен ол 14 см тең ; бұл Соловьев индексі. Егер Соловьев индексі 14 см артық болса, онда жамбас сүйегінің қалыңдығынан оның қуысы тарылады, ал 14 см кем болса, жұқалығына байланысты оның қуысы кеңиді.
Слайд 15: Қынапты айнамен тексеру
Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерін толық қарап болғаннан кейін, сол қолмен жыныс еріндерін ашып, қасық тәріздес айнаны қынаптың артқы қабырғасына енгізіп, артқы күмбезіне дейін жеткізеді. Екінші қолмен көтергішті қынаптың алдыңғы қабырғасына енгізіп, артқы күмбезіне дейін жеткізеді. Екінші қолмен көтергішті қынаптың алдыңғы қабырғасына енгізіп, жатыр мойны мен қынап қабырғаларын тексереді. Бұл әдіс жатыр мойнының, қынаптың ауруларын және жүктіліктің кейбір ерте белгілерін анықтауға көмектеседі.
Слайд 16: Қынапты саусақпен тексеру
Ол үшін сол қолдың ІІ және І саусақтарымен жыныстың үлкен және кіші еріндерін ашып, қынапқа біртіндеп оң қолдың әуелі ІІІ саусағын, содан кейін ІІ саусағын енгізеді. Бас бармақ шат сүйегіне қарап, IV және V саусақтар алақанға бүгіліп, ал қолдың сыртқы бұтаралыққа тіреледі. Содан кейін саусақтарды қынаптың алдыңғы күмбезіне жеткізіп, жатыр мойнын шамалы төмен басады. Сол қол құрсақтың сыртынан жамбас қуысына қарай біртіндеп жылжып, қынаптың алдыңғы күмбезінде орналасқан оң қол саусақтарымен түйіседі. Бұл әдіспен жатырдың пішінін, орнын, өлшемін, тығыздығын анықтайды. Осыдан кейін жатырдың қосалқы бөліктерін және кіші жамбас қуысынан тексеріп, сегізкөз мүйісін анықтайды. Жүктіліктің 5-6 жұмалық мерзімінде ( шамамен бір жарым айлық мезгілде ) жатыр көлемі ұлғаяды. Екі айлық мезгілде оның көлемін үйрек жұмыртқасымен, ал үш айлық мезгілде әйел жұдырығымен салыстыруға болады.
Слайд 17: Психо-профилактикалық дайындық
Әйелдер кеңес орнының негізгі мақсаттарының бірі – жүкті әйелдер арасында, бірінші есепке алынған күннен бастап психо-профилактикалық дайындық жүргізу. Бұл дайындықтың негізгі мақсаты – босану алдындағы қорқынышты азайту, босану кезеңіндегі ауру сезімін жеңілдету. Ол үшін 32-35 жұма аралығында дәрігер жүктілермен кеңес ретінде 5-6 сабақ жүргізеді.
Слайд 19: Босану уақытын анықтау
Соңғы етеккір арқылы анықтау Нәрестенің алғашқы қимылы арқылы Соңғы етеккірдің бірінші күнінен – 3 ай + 7 күн. Жатырдағы нәресте қимылын аналар өздері сезінеді, тұңғыш босанатын әйелде нәресте қимылы 20 аптадан кейін, ал босанып жүрген әйелдерде 18 аптада байқалады. Нәрестенің алғашқы қимылын байқаған күнге тұңғыш босанатын әйелде 20 апта қосу, ал босанып жүрген әйелдерде 22 апта қосу арқылы.
Слайд 20: Леопольд тәсілдері
Бірінші Леопольд тәсілі – екі қолды алақан жағымен жатырдың түбіне жайғастырады. Бұл жағдайда жатырдың биіктігін, оның түбінде нәрестенің қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Әдетте, жатыр түбінде нәрестенің құйрығы орналасады. Ол нәрестенің басымен саластырғанда ірілеу, жазықтау, жұмсақ болып келеді және қозғалысы шамалы.
Слайд 21: Екінші Леопольд тәсілі
Екі қолды жатыр түбінен кіндікке қарай төмен ығыстырып, жатыр бүйіріне қояды. Бұл әдістің көмегімен нәрестенің арқасын, ұсақ ағзаларының орнын анықтайды. Қолмен сипаған кезде жатырдың жазықтау сезілген қабырғасында нәрестенің арқасы, ал бұдырлау болған қабырғасында оның майда ағзалары орналасқанын анықтауға болады. Нәрестенің арқасы мен ағзаларының орналасу бағытына қарай, оның позициясы мен түрін анықтайды.
Слайд 22
Нәрестенің арқасы оң жақта - 2 позиция Нәрестенің арқасы сол жақта – 1 позиция
Слайд 23: Үшінші Леопольд тәсілі
Жүкті әйелдің оң жағынан бетпе-бет тұрып, оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойса, бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Баяу қимыл жасай отырып, сол жерде нәрестенің қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Тығыз, дөңес, қозғалмалы болса, ол нәрестенің басы.
Слайд 24: Төртінші Леопольд тәсілі
Бұл үшіншіні жалғастырады және де оны толықтырады. Дәрігер жүкті әйелдің оң жағынан, аяғына қарап тұрады. Ол үшін екі алақанды жатырдың төменгі бөлігіне қойып, қолдың екі ұшын шатқа ( симфизге ) тірейді. Саусақтар ұшын жамбас қуысына қарай тереңдете отырып, сол жерге орналасқан нәресте бөлігін анықтаумен бірге, оның кіші жамбас қуысына қатысын да біледі Егернәрестенің басы, кіші жамбас қуысынан жоғары тұрса, саусақ ұштары бастың төменгі жағында түйіседі, ал бас жамбастың кіреберіс жазықтығына кіші сегментімен орналасса, саусақ ұштары бір-бірімен параллель болады, үлкен сегментімен орналасса, саусақ ұштары қолды кейін жылжытқанда ұштасады.
Слайд 25: Нәрістенің әр түрлі орналасуындағы жүрек соғысын анық тыңдаудың орындары
1 - басымен орналасқанда бірінші позиция 2 - басымен орналасқанда екінші позиция 4 - жамбаспен жатқанда бірінші позиция 5 - жамбаспен жатқанда екінші позиция
Слайд 29: Бактериоскопиялық зерттеу
Бактериоскопиялық зерттеуге уретрадан, қынаптан, жатыр мойнының өзегінен мазок аламыз.
Слайд 30: Жүкті әйелдің жалпы тәртібі
Егер әйелдің өмір сүру қалпы дұрыс бағытта болса, жүктілік кезінде ерекше өзгерістер енгізудің қажеті жоқ. Қалыпты ағымдағы жүктілік кезінде әйел әдеттегі жұмыстарын орындайды. Орташа салмақты және ой еңбегі әйел ағзасына жағымды әсер етеді. Еңбек ету жүкті әйел ағзасының жүйке, жүрек қан-тамыр, қан жасау, тыныс алу және басқа да жүйелерінің қызмет етуіне дұрыс ықпал жасайды, зат алмасуын жақсартады. Іс-әрекетсіз отыру, ұзақ уақыт жату немесе бос отыру семіздікке, іш қатуға, бұлшық ет жүйесінің және босану күшінің әлсіреуіне әкеледі.
Слайд 31
Дегенмен, жүктілік кезінде шапшаң қозғалыстардан, ауыр көтеруден және шаршаудан аулақ болу керек. Заң бойынша жүктілерді түңгі және жоспардан тыс жұмысқа тартуға, ана және нәресте ағзасына кері әсерін тигізетін ауыр көтеру және қозғау, дірілді, ағзасыны ыстық-салқын жұмыстарды, химиялық заттардың, электромагнитті жүйе, қарқынды шуылдың әсері бар жұмыстарда қолдануға тиым салынады. Жүктілер әйелдерге аяқ тігін мәшинесінде жұмыс істеу, велосипедте және дене қозғалысын тудыратын басқа да көліктерде тебу, шаршау туғызатын барлық спорт түрімен, әсіресе секірумен және күрт қозғалыстармен байланысты спорт түрлерімен айналысу рұқсат етілмейді.