Первый слайд презентации: 8 - дәріс Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра : Қазақстан тарихы,мәдениеттану,философия,саясаттану,әлуметтану
Слайд 2: Жоспар
Демократия: ұғымы, принциптері; Тура және өкілетті демократия; Саяси модернизация ұғымы; Қазақстандағы саяси жүйені модернизациялау кезеңдері.
Слайд 3
Демократиялық режимде – халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және сол үшін қажетті жағдай жасалған биліктің түрі Демократиялық режим Билікті бөлу Саяси плюрализм Мемлекеттік билікке сайлау арқылы келу Азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі Саяси шешім қабылдауға жеке тұлғалардың араласуына кең мүмкіндіктер жасалған Мемлекеттік емес саяси ұйымдардың құқықтарының мемлекеттік ұйымдардың құқықтарымен тең құқықта болуы
Слайд 4
Биліктің негізгі органдарын сайлау арқылы өту; Билікті бөлу; Саяси плюрализм; Бостандықтың және жауапкершіліктің бірлігі; Заңның жоғары тұруы; Қоғамның пікірімен санасу; Айқындық; Халықты биліктің қайнар көзі деп мойындау; Азаматтардың тең құқықтығы, кіші топтың көпшілікке бағынуы; Сайлау, есеп беру, таңдалғандардың сөйлеуі; Жобаларды талқылау; Референдумдар, сұрау жүргізу; Митинг, жиналыстар, симпозициумдар; Съездер, конференциялар; Демонстрация, шеру, сұрау; Сессиялар, отырыстар; Шеруге шығу, келіссөз жүргізу; Азаматтық бағынбаушылық; Қоғамдық қарым қатынастың саяси демократиялық негізі: Поцедуралар Принциптері
Слайд 5
Саяси режимдерді салыстыру кестесі: Критерии Демократиялық Авторитарлық Тоталитарлық Заң шығару Саяси плюрализм. Демократиялық заңдардың даму жүйесі. Заң шығару жүйесі аса дамымаған. Заң жүйесі минималды. Мемлекет басшысының билігі Қатаң шектелген Шектелмеген Шектелмеген Жоғарға билік органдары Билік ету көлемі үлкен Билік көлемі шектелген Мүлдем жоқ не шектелмеген Билікті бөлу принципі Бар Мойындалған Жол берілмейді Жергілікті билік ұйымдастыру құқығы Максималды Кең көлемде Жол берілмейді не минималды Партия Көппартиялық 1 ғана саяси партия Билік етуші партия Идеологиясы Саяси плюрализм 1 ғаға идеология 1 идеология Құқық және бостандық Бәріне рұқсат етілген Саясатқа қатысы жоқтың бәріне рұқсат Билік рұқсат еткенде ғана рұқсат Карателді органдар Қатаң шектелген Жасырын жағдайда жүзеге асады Жалпы саяси репрессия болады Оппозиция Заңды түрде Мойындалмайды Тиым салынған
Слайд 6
Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түрі Афины республикасы. Ол б.з.б. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік үнемі шақырылып тұратын халық кеңесінің қолында еді.
Слайд 7
Афинылық демократия Периклдың (б.з.б. 490-429) басшылығы кезінде гүлденіп, өркендеді. Афинылық демократияның бұл алтын ғасыры болды.
Слайд 8
Б.з.б. 322 жылы Афинылық демократия құлап, қала Македонияға тәуелді болып қалды.
Слайд 9: Демократияның тарихи формалары:
Антикалық; Классикалық; Қазіргі; Индивидуалистік; Коллективстік; Плюралистік
Слайд 10: Демократияның классикалық теориялары:
Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салған Ж. Ж. Руссо, мәні- адамдар жиналып ортақ игілік идеясын ойлап табады және бұл идея саясаттың басты принципіне айналады.
Слайд 11
Шумпетерлік теория. Негізін салған австриялық Иозеф Шумпетер (1883-1950) Мәні- басқаратын халық емес жеке адамдардың арасында бәсекелес күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді.
Слайд 12: Демократияның алуан түрлік теориясы
Өкілдері: Дж. Локк пен Ш. Л. Монтескье,американдық Дж. Мэдисон (1751-1836), Артур Бэнтли. Дж. Локк Монтескье Дж. Мэдисон Артур Бэнтли
Слайд 13: Демократияның төбе топ теориясы
Өкілдері италияндық В. Парето және Г. Моска, неміс ғалымы Роберт Михельс. Мәні- саяси шешімдерді аз ғана, санаулы адамдар қабылдайды.
Слайд 14: Демократияның түрлері:
Тура демократия- халық маңызды саяси шешімдер қабылдауда,билік жүргізуге тікелей қатысады.Тура демократияға референдум, плебисцит жатады. Өкілдік демократия- халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі.
Слайд 15
Референдум-маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушылардың көңілін білідіруі. Плебисцит-ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтың пікірін сұрау, анықтау.
Слайд 16
Модернизация ( фр. сөзінен- қазіргі) дәстүрлі қоғамдардың артта қалушылықта арылу және қазіргі қоғамға өту үрдісі. Саяси модернизация-саяси жүйенің саясатқа халықтың түрлі топтарының қатысуының өсуімен сипатталатын өзгерісі және саяси жаңа институттарардың қалыптасуы.
Слайд 17: Саяси модернизация критерийлері:
Саяси биліктің плюралистік ұйымдастырылуы; Адам құқығының сақталуы; Саяси институттардың өзара қарым-қатынастарының дамуы; Әлеуметтік серіктестік; Саяси шешімдердің саяси күштер консенсусы негізінде қабылдануы және жүзеге асуы.
Последний слайд презентации: 8 - дәріс Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару: Қазіргі модернизациялық үрдістердің негізгі үлгілері:
Модернизациялауда дәстүрлі құрылым жойылып, түбірімен өзгеруге бағытталады (Ататүрік, Сингапурдағы Ли Куан Ю); Оқшауланушылық модернизацияда жаңару толқыны жаһандану ағымын негативті түрде қабылдау нәтижесі.( Куба, солт. Корея) Бейімделушілік модернизацияда қажеттілік синтезі динамикалық ұлттық даму мен әлемдік қауымдастыққа үйлесімді ену арқылы жүзеге асады.( Жапония, Оңт. Корея)