Первый слайд презентации: Демократия және оның түрлері
Дайындаған: Жубанова М. Баетова Т. Қазбөлек А. Садет А. Кенжегулова А. Айтенова М. Хамет А Демократия және оның түрлері
Слайд 3: Демократияның жалпы белгілері
Слайд 5: Демократияның түрлері
Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген. Демократияның түрлері
Слайд 6: Демократияның түрлері
Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді ( ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі ). Демократияның түрлері
Слайд 7: Демократияның түрлері
Тікелей демократия - халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін ( көбінесе сайлаушы азаматтармен ) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум. Демократияның түрлері
Слайд 8: Демократияның түрлері
Плебисцитарлық демократияда – азаматтардың саяси ықпалы кемиді.Оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды.Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі өте аз. Оны біраз жағдайларда екі ұшты сұрақтар қою және т.с.с. а рқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады. Демократияның түрлері
Слайд 9: Демократияның түрлері
Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі ( екінші түрі тікелей демократия ). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады Демократияның түрлері
Слайд 11: Экономика саласында
Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы ; Меншік түрлерінің әркелкілігі; Ауқымды өндіріс демократиясы қажет; Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы; Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы ; Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау ; Экономика саласында
Слайд 12: Әлеуметтік салада
Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы ; Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы; Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы; Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы; Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы ; Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу ; Әлеуметтік салада
Слайд 13: Саяси салада
Саяси пікірдің әр алуандығы; Көппартиялылықтың болуы ; Демократиялық сайлау жүйесінің болуы ; Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы ; Оларды іс жүзінде қолдану; Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы ; Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы ; Оппозицияның болуы ; Саяси салада
Слайд 14: Рухани салада
Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің болуы ; Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы ; Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы ; Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы ; Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу ; Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатының шектелу ; Рухани салада