Первый слайд презентации: Әбу Насыр әл-Фараби
Орындаған: Қарасаев Асқарали Қаржы13-01 Тексерген:Абдрасилова Гауһар
Слайд 2
Тарихымыздағы ұлы тұлғалардын бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі " екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фараби. Ол- ұлы ойшыл, философ, социолог, математик, физик, ботаник, лингвист, логик, музыка зерттеушісі.
Слайд 3
Данышпан Әбу Насыр әл-Фараби Түркістан тарапындағы Отырар шаһарында 870 жыл шамасында туған. 950 жылы Шам (Дамаск) шаһарында ұлы ұстаз дүние салды. Бұл мәлімет ерте заманғы арабша жазылған шежіре кітаптарында берілген.
Слайд 5
Отырар сол кездегі үлкен шаһарлардың бірі болды. Бұл жерде көптеген төбелер жатыр. Сол төбелердің барлығы да бір кездегі Отырар қаласының орны.
Слайд 6
Оның т олық аты-жөні әл Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан, яғни әкесінің аты - Ұзлағ, ал арғы атасының аты - Тархан. Оның туған жері - ежелгі қазақ қаласы Отырарды арабтар Барфа, Фараб деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы.
Слайд 7
Әл Фарабиді неміс шығыстанушылары ұлы, бірегей тұлға деп атап көрсетеді. Ғалым-энциклопедист, Ренессанс дәуірінің қайнар бастауында тұрған ғұлама көзі тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі " Екінші ұстаз " атанған. Жаратылыстану ғылымын, білімін Бағдатта, Халебте ( Алеппода ) алған. Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқық қызықтырды. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған.
Слайд 9
Әл-Фараби алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде алған. Өйткені көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, «Мәуереннахрда балаларды түрлі қолөнері мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту, олардың бес жасар кезінен басталатын болған ». Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбунасырды ата-анасы Таяу және Орта Шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Бірақ Әбунасыр Бағдатқа бармастан, жолай Шаш пен Самарқан, Бұхара шаһарларында білімін толықтырады. Әбудің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежірешілері ештеңе айтпайды. Кейін ол Иран еліндегі Мешһед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді, халқының мәдениетімен танысады. Содан соң әрі қарай Бағдатқа аттанады. Әл-Фараби логика, әуез (музыка), астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. Ибн Хаукаль өз еңбегінде әл-Фараби жайлы : « Ол — аса ірі мұсылман философтарының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ. Әбу әли ибн Сина да (980—1037 жылдары ) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын, сол арқылы мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады », — деген.
Слайд 10
Әл-Фараби өздігінен оқып-жетілген ғалым. Ол, ең алдымен, грек ғылымын, оның философиясын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халиканның айтуына қарағанда, Әбунасыр Аристотельдің « Me т o физик ac ын » қырық, «Жан туралы » еңбегін жүз, ал « Риторикасын » екі жүз рет оқып шығыпты. Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген.
Слайд 11
Исламмен, араб халифатымен байланысты барлық қалаларда болған. Ол сарайлық әбігершіліктен алыс өмір сүруді жөн көріп, ғұмырының соңғы жылдарын Сайф ад-Дауль Хамиданың қамқорлығымен Алеппо мен Шамда ( Дамаскіде ) өткізеді. Ол 80 жасында Шам шаһарында қайтыс болады. Сүйегі Кіші қақпалардың ар жағына қойылады. Ол жалпы теориялық ойлар әлемін жасап, өзіндік философиялық тұжырымдама ұсынды. Оның бұл көзқарастары қоғамдық пікірлерімен белгілі бір қақтығыстарға да ұшырады. Фараби өз шығармаларында араб, парсы, грек, үнді, түрік мәдениетінің жетістіктерін талдап, жақындастыра білді. Мұны "Үлкен музыка кітабы " атты еңбегінен де байқауға болады. Ол өз заманының ғылымын жүйелеуге ұмтылды.
Слайд 12
Бұл ойын "Ғылым жігі жөніндегі сөз" атты трактатында көрсете білді. Фараби халыққа білім беруді армандады. Адамзат бойында ағарту мен дамуды біріктіргісі келді. Ұлы баба ұстанған мұраттың бір парасы мынадай : ғылымның қайнар көзіне ұмтылған адам өнегелі де жақсы тәрбиеленген болуы керек. Ең алдымен Құран, заң ғылымдарын оқуы керек. Адал, шыншыл болу керек. Бұзақылық, өтірік, алдау, арбаудан аулақ болу керек. Заңды тағайындарға жақындай отырып, заңдық негіздердің тірегін, сүнне мен шариғат ережелерін бұзбай, қажетті мүдделер арқылы еркін ойлы болуы керек.
Слайд 13
Саяси этика мен философияның арқасында шынайы бақытқа жетуге болатынын тапқан Фараби ізгілікті қала мен надан қаланы салыстырады. Бақыт пен лайықты өмірге барар жол, адам табиғаты, зиялы және этикалық кемелділік, нағыз әмірші жайындағы талдаулар әлі терең зерттеле қоймаған " Мемлекет қайраткерінің афоризмдері ", " Азаматтық саясат ", " Бақыттың жетістіктері " атты еңбектерінде өрбиді. Фарабише, бақыт - абсолюттік игілік. Адам кейбір заттарды ( ақша, даңқ, қажеттілік және т. б.) өмірдің негізі деп ойлайды. Бірақ бақыттың не екенін танып-білу, оны мақсат етіп көздеп, сол мақсатқа жету үшін, үздіксіз соған қарай жүру үшін жанның теориялық жағын әбден жетік білу керек. Бұған тек ақылгөйлер ғана бара алады.
Слайд 14
Фарабидің этикалық тұжырымдамасында негізгі орынды жақсылық санаты алады. Ойшыл "Әлеуметтік-этикалық трактатында ": "Жақсылық негіздің атрибуты бола тұра, материяға кіреді, жақсылықтан жамандық болмысының жоқтығымен ажыратылады " - деп есептейді. "Музыка туралы үлкен трактатында " музыка ғылымының мәселелерін зерттейді ( музыкалық дыбыстардың құрылысынан музыка мен поэзияның байланысына дейін ). Музыканың жақсы жақтары мен оның тәрбиелік мәнін жан-жақты ашып көрсетеді. Музыканың әр түрлі жанрын жетілдіруде пайда болатын адам дарындылығының дәрежелерін талдайды. Әлеуметтік өмірдің шындығына тән кереметтілік тұрмыстық құбылыстардың шындығын көрсете білуде екенін дәйектейді.
Слайд 15
Фараби адамзат құрметі үшін интеллект өте қажет нәрсе деп есептейді. Ақыл халықтар арасындағы тартыстың (соғыстардың ) мағынасыздығын көрсетеді. Содан олар "ең биік игілікке ", яғни жер бетіндегі бақыт пен бейбітшілікке жету үшін " келісімге көшуіне тура келеді ". Шынайы бақытқа жету үшін үнемі іздену мен оқу керек дейді. Өзінің "Әлеуметтік-этикалық трактатында " ғалым: "Үлгі-өнегенің арқасында бұзақылық та, керемет істер де шығады ", - деп жазды. Фараби "Ғылымды жіктеу және анықтау туралы кітап " деген еңбегінде орта ғасырлық ғалымдардың ақырғы жігін ашып береді. Бұл кітап ғылым салаларының өзіндік жікке бөлінуімен ерекшеленеді. Сайып келгенде, Әл-Фараби "Қайырлы қала тұрғындарының кітабы ", "Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы", "Музыканың үлкен кітабы ", "Өлең сөз және шешендік туралы ", "Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат", "Логика", т. б. еңбектері - ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер.
Слайд 16
Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын жеті шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді : Бірінші шарт —философиялық ағымдарды тану ( аты-жөнін білу ) жеті нәрседен тұрады : 1 — философиялық бағытқа ( ағымға ) бас болған ұстаздың аты-жөні ; 2 — оның шыққан қаласы ; 3 — философияға мекен (медресе) болған орынның аты ; 4 — философиялық ағымды тудырған басты себеп ; 5 — философиялық талдауға түскен мәселелер ; 6 — философияның алға қойған мақсаты туралы ; 7 — философияның практикалық мәні, нәтижесі.
Слайд 17
Әбу Нәсір әл-Фарабидің нақыл сөздері Сұлу саз жан сергітеді. Тән ауырса – жан да ауырады. Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетеді. Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш. Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту. Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл-күйдің ісі. Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу. Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу. Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді. Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті қара адамға лайық іс. Бейқамдық сәтсіздікке бастайды. Жүргендер көп достық атын малданып, Қалмағайсың сен де бірде алданып.
Слайд 18
«Философияның мағынасы туралы » «Ақылдың мағынасы» «Субстанция туралы сөз » «Сұрақтың заты » «Айғақтың кітабы » және т.б Еңбектері