Первый слайд презентации
Презентация XIV-XVIII, бас кезіндегі Қазақстан қалалық мәдениеті Орындаған: Өмірзақ Н.Б. Тобы: ФҚА-101-22 Қабылдаған: Шымкент 2022 ж.
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес,адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді.Мәдени кеңістік оқшау,мәңгіге берілген енші емес.Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті—оның тылсымдық сипаты. Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.).[1] Мәдениет[2] – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет – тарихи құбылыс.
Слайд 4
Ислам дінінің таралуы мен Араб халифатының күшеюі нәтижесінде 9–14 ғ-ларда араб саяхатшылары мен ғалымдары Қазақстан мен Орт. Азияны мекендеген түркі ұлыстары жөнінде толып жатқан жазба деректерін қалдырды. Атап айтқанда, ат-Табари (9 ғ.) Жетісу мен Оңт. Қазақстан, Тамим ибн Бахр (9 ғ.) Ертіс аңғарындағы қимақтар, ибн Хордадбех (9 ғ.) Жібек жолы бойындағы қалалар мен қоныстар жөнінде құнды деректер береді. 10 ғ-да өмір сүрген әл-Якуди, ибн әл-Факих, әл-Истахри, ибн Хаукал, ибн Фадлан, т.б. еңбектерінде Қазақстанның тарихы мен географиясына қатысты мол деректер кездеседі. 13–14 ғ-ларда араб ғалымдары Якут, ибн әл-Асир, ибн Баттута, ибн Халдун, т.б. қарахан әулеті, қарлұқтар, оғыздар, қыпшақтар, хорезмдіктер, қарақытайлар, Дешті Қыпшақ, Шыңғыс ханның жорықтары, Алтын Орда, т.б. ұлыстар мен тайпалар, олардың саяси-экон. жағдайы жөнінде жазды. 13–14 ғ-лардағы А.Жуайни, Ж.Қарши, Рашид әд-Дин, т.б. авторлардың және Батыс Еур. саяхатшылар П.Карпини, В.Рубрук, М.Полоның шығармаларында 12–13 ғ-лардағы Қазақстанды мекендеген ұлыстардың этн. құрамы мен саяси тарихы, Орда Ежен ұлысы тарихы, Жошы ұрпақтарының генеалогиясы, Шағатай ұлысында болған қырқысулар, Сыр бойы қ-ларының қиратылуы жайында, т.б. деректер беріледі. 14–15 ғ-ларда бір топ авторлардың (Шараф әд-Дин Йезди, Му’ин әд-Дин Натанзи, т.б.) шығармаларын Әмір Темір ұрпақтарының тапсырмасымен парсы тілінде жазды. Бұл еңбектерде Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан мемлекеттері және олардың Әмір Темір мемлекетімен қарым-қатынастары жөнінде жан-жақты мәлімет берілген.
Слайд 5
Араб философиясы — орта ғ-ларда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философиялық ілімдерінің жүйесі. А. ф-ның шығу тарихы мутазилиттер (“ерекшеленушілер”) қызметімен байланысты. 9 ғ-да арабтар антикалық дәуірдегі жаратылыстану және филос. ілімдеріне қатысты мұралармен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель филос-сы болды. А. ф. кейде мұсылман филос-сы немесе араб тіліндегі филос. деп те аталады. Себебі, бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі т.б. халықтар өкілдерінің филос. көзқарастары да енеді. Мыс., түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық ибн Сина — оқулықтарда “араб философтары” болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда “араб философиясы” деуден гөрі “араб тіліндегі философия” деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, 10-13 ғ-ларда араб тіліндегі филос-ның мынадай бағыттары болған: 1). Шығыс перипатетизмі; 2). “Таза ағайындар” ілімі; 3). Сопылық ілім; 4). Мұсылман философиясы. Шығыс перипатетизмі Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау жасаған филос. мектеп. Мұның басында әл-Кинди (9 ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. “Таза ағайындар” ілімі — оқу жүйесіне арнап жазылған 51 томдық энциклопед. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу әрі оны оқыту мәселесіне арналған. Сопылық ілім — Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері: Иасауи, Ибн Араби т.б. Мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі — әл- Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен.
Слайд 6
Ислам Философиясы – ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “араб-мұсылман философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі – ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. Ислам философиясының даму кезеңі үшке бөлінеді: Ислам философиясының классикалық кезеңі (8 – 15 ғасырлар); кейінгі (15 – 19 ғасырлар)
Слайд 7
IX-XIV ғ.ғ. билік жүргізген философия схоластика, орта ғасырлық діни философия деген атқа ие болды, оның негізгі мақсаты – діни дүниетанымға теориялық негіздеме беру, дәлелдердің логикалық әдістерімен діни догмаларды ұтымды дәлелдеу. Атауы «схола» деген (мектеп) сөзден шыққан, бұл оның мектептік-дидактикалық сипатын көрсетеді. Схоластиканың ішінде бірнеше бағыттар дамыды. Олардың арасындағы дау алдымен жалпы ұғымдар проблемасына шоғырланды. Бағыттардың бірі – реализм жалпы ұғымдар заттардан тыс өз бетімен болады және әлем мен танымда оның алдында болады деп тұжырымдаған. Номинализм деп аталған басқа линия жалпы ұғымдардың өз бетімен өмір сүруін теріске шығарды және тек жалғыз заттарды ғана мойындады. ХІІІ ғ. схоластиканы жүйелендіруші белгілі философ Фома Аквинский болды.
Слайд 8
Ислам дінінің таралуы мен Араб халифатының күшеюі нәтижесінде 9–14 ғ-ларда араб саяхатшылары мен ғалымдары Қазақстан мен Орт. Азияны мекендеген түркі ұлыстары жөнінде толып жатқан жазба деректерін қалдырды. Атап айтқанда, ат-Табари (9 ғ.) Жетісу мен Оңт. Қазақстан, Тамим ибн Бахр (9 ғ.) Ертіс аңғарындағы қимақтар, ибн Хордадбех (9 ғ.) Жібек жолы бойындағы қалалар мен қоныстар жөнінде құнды деректер береді. 10 ғ-да өмір сүрген әл-Якуди, ибн әл-Факих, әл-Истахри, ибн Хаукал, ибн Фадлан, т.б. еңбектерінде Қазақстанның тарихы мен географиясына қатысты мол деректер кездеседі. 13–14 ғ-ларда араб ғалымдары Якут, ибн әл-Асир, ибн Баттута, ибн Халдун, т.б. қарахан әулеті, қарлұқтар, оғыздар, қыпшақтар, хорезмдіктер, қарақытайлар, Дешті Қыпшақ, Шыңғыс ханның жорықтары, Алтын Орда, т.б. ұлыстар мен тайпалар, олардың саяси-экон. жағдайы жөнінде жазды. 13–14 ғ-лардағы А.Жуайни, Ж.Қарши, Рашид әд-Дин, т.б. авторлардың және Батыс Еур. саяхатшылар П.Карпини, В.Рубрук, М.Полоның шығармаларында 12–13 ғ-лардағы Қазақстанды мекендеген ұлыстардың этн. құрамы мен саяси тарихы, Орда Ежен ұлысы тарихы, Жошы ұрпақтарының генеалогиясы, Шағатай ұлысында болған қырқысулар, Сыр бойы қ-ларының қиратылуы жайында, т.б. деректер беріледі. 14–15 ғ-ларда бір топ авторлардың (Шараф әд-Дин Йезди, Му’ин әд-Дин Натанзи, т.б.) шығармаларын Әмір Темір ұрпақтарының тапсырмасымен парсы тілінде жазды. Бұл еңбектерде Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан мемлекеттері және олардың Әмір Темір мемлекетімен қарым-қатынастары жөнінде жан-жақты мәлімет берілген.
Слайд 11
Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.
Слайд 14
X-XII ғ. Қалаларындағы басты бір жаналық – жаңадан салына бастаған қала құрылысының ерекше бір жүйесі – мұсылман дінінің енуі байланысты мешіттердің пайда болуы. Осы кездегі қалалардың құрылыс жүйесінің тағы бір жаңа түрі – шығыс моншасы. Отырар қаласының екі жерінен шығыс моншасының орны табылған. Мұндай моншалар Тараз, Йасы, тағы басқа қалалардан да белгілі болған. Тараз, Отырар моншаларына су қыш құбырлармен тартылған. Мұның өзі орта ғасыр мәдениетінің даму дәрежесін көрсетеді. Зерттеу жұмыстары қалалардың бекінісітері жайлы да мәлімет береді. Отырар қаласының дуалы да мәлімет береді. Отырар қаласының дуалы табанының қалындығы 6,2 м болса, ол жоғарылаған сайын сүйірленіп, 1,5 м-ге дейн жұқарған. Қалалардың қорғаныс жүйелері олардың үлкен-кішілігіне байланысты әрқалай болған. Мәселен, Х ғасырдағы Баба-Ата қаласының шахристанының дуалы екі қатар етіп кірпіштен тұрғызылған. Дуалдың жиегіне кірпіштен кемер жасалған. Ол жерге қарауыл немесе қаланы немесе шабуылдан қорғаушылар тұрған. Жетісу аймағындағы қалалардың қорғаныс жүйелері, ішкі құрылыс жүйесі де өзгеше болған. Жергілікті ру-тайпалардың отырықшылануына байланысты, Талғар қаласының ішіндегітұрған үйлердің жанында малға арналған қора-жайлар да салынған.
Последний слайд презентации: Презентация XIV-XVIII, бас кезіндегі Қазақстан қалалық мәдениеті Орындаған:: Құйрықтөбе қаласы
ХІ-ХІІ ғасыр тұрғын үйлері құрылысында да өзгерістер болған. Мәселен, Құйрықтөбе қаласын қазғанда қатар жасалған үш бөлмелі, бір-бірімен байланысты үйлер аршылған. Қазақтар ондай үйлерді “қоржын үй” деп атаған. Ондай үйлер қазақ қыстауларында көптеп кездеседі. Олардың сәкілері бөлмелердің тең жартысын алып жатады. Сәкілердің үстіне, еденге орналасқан ашық ошақтар соқпақша, дөңгелек, таға тәрізді болып келеді. Бөлмелердің көлемі әртүрлі болған. 30 шаршы метрден 40-50 шаршы метрге дейін жететіндері кездеседі. ХІІ ғасырдың тұрғын үйлеріндегі тағы бір ерекшелік – еденге орнатылған дөңгелек немесе тік бұрышты темір ошақтар. Олар өсімдік және геометриялық өрнектермен безендірілген. Бұл ошақтар Орта Азия тұрғын үйлері бөлмесінің ортасындағы сандалдарға ұқсас. Бірақ тардың кигіз үй ортасындағы ошақтарынан ешбір айырмашылығы жоқ. Мұндай ошақтардын маңызы өте зор болған Олар үйге әрі жылу, әрі жарық берген. Ошақ айналасына отырған отбасы мүшелері әңгіме-дүкен құрған, тәлім тәрбие мәселелерін талқылаған.