Первый слайд презентации: Қазақстан саяси ойларының тарихы
Орындаған: Бейсенбек Бекболат, Гаппаров Баглан Топ: СИк-21-2 Тексерген: Бисенова А.
Слайд 2: Ж оспар :
1. Казахстан саяси ойларының қалыптасу мен дамуы 2. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси козқарастары 3. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар
Ахмет Яссауидің көзқарастары. Фольклор – қазақ халқының саяси ой- пікірлерінің қайнар көзі. Тәуке хан заңдары. « Жеті жарғы » – маңызды саяси құқықтық құжат. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. ( Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев ). ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси ойлар. Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, М.Шоқайдың, М.Тынышпаевтың, Х.Досмұхамедовтың, Т.Рысқұловтың, М.Жұмабаевтың, С.Сейфулиннің және т.б. саяси идеялары.
Слайд 4: Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан Әл-Фараби
Қазақтың бірінші философы, әлеуметтанушысы, математигі, астрономы, физигі, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан Әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрді. Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Азаматтық саясат”, “Бақытқа жету жолдары”, “Саясат туралы” деген еңбектері бар. Әл-фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөлді.
Слайд 5
Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал, қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды.Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.
Слайд 6: Қожа Ахмет Ясауи (1093-1157)
Қожа Ахмет Ясауидің (1093-1157) басты еңбегі “Диуани Хикмет” (“Даналық жайындағы кітап)” көне қыпшақ тілінде жазылған, 4 мың 400 жолдан тұратын әдеби-философиялық мұра. Осы шығармасында ол әділдік, шапағаттық, мейірімділік, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге, яғни, Абай айтқандай “бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық” болуға шақырады.
Бұл кезде қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, Орта Азияның, Қазақстанның, Батыс қытайдың тарихы мен мәдениетін зерттеуші Шоқан Уалиханов (1835-1865) өмір сүрді. Шоқан өз өмірінің негізгі мақсаты- халыққа қызмет ету, оның мақсат-мүддесін патша шенеуніктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылығынан қорғау, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасау деп білді.
Слайд 8
Шоқан Азия мен Қазақстан жағдайында халықты аяусыз қанап, соның нәтижесінде билеп-төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нәрсе-олардың қолындағы шексіз билік деп ұқты.Сондықтан халықты қанаудан құтқару үшін бай- манаптардың билігін жою немесе тым болмаса олардың саяси үстемдігін шектеп, бұқара халықтың демократиялық құқығы мен бостандығын кеңейтпек болды.
Слайд 9: Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)
Бұл кезде қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) де өмір сүрді. Ол тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым-қыспағынан құтқара алады. Адамдардың ойындағы бос қиялдардан арылып, дүниенің ақиқатына көздерін ашып, шын мәнінде алға жылжитын, прогрестік жолға түсіруге тырысты. Ыбырай “Қазақ даласындағы жұт” деген еңбегінде халқының болашағы отырықшылыққа көшу және егін шаруашылығымен айналысуда деп атап көрсетті. Бірақ оны өз еркімен, ықтиярымен біртіндеп істеуге тиіс. Сондықтан көшпелі қазақтарды күшпен отырықшылыққа айналдыруға болмайды деп, үзілді-кесілді қарсы шықты.
Слайд 10: Абай Құнанбаев (1845-1905)
Бұл кезде қазақтың кемеңгер данасы, заңғар ақыны, асқан ағартушысы, жазба әдебиетіміздің негізін салушы Абай Құнанбаев (1845-1905) та өмір сүрген еді. Абай қазақ даласында барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Абай қазақ даласында барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Ол адамды “ақыл, білім, ерік” жоғары дәрежеге көтеріп, асқақтататындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Игілікті, парасатты қоғам орнату Абай еңбектерінің басты бағыттарының бірі болды. Сондықтан ол барлық адамдарды өзіңді өмірде қалай ұстадың, игілікке, ақылға сыйымды іс істедім бе деп күніне немесе аптасына, тым болмаса, айына бір рет өз-өзіне есеп беруге шақырады.
Последний слайд презентации: Қазақстан саяси ойларының тарихы: ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар
Қазақ халқының саяси санасының дамуына ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында пайда болған алғашқы интеллегенттік топ та зор ықпал етті. Оларға: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан тынышбаев, Мағжан Жұмабаев, Бақытжан Қаратаев, Халел және Жаханша Досмұхамедовтар және т.б. жатады. Олар ресейдің отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын басқарып, қазақ халқының ұлттық бірлесуін мұрат етті. Алаштың білімді де білікті асыл азаматтары қызыл империяның құрбаны болып кетті. Бірақ олардың ісі, саяси мұраты өлген жоқ.