Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар — презентация
logo
Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
  • Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
  • Халықаралық қатынас
  • Қазіргі халықаралық қатынастар
  • Сыртқы саясат
  • Сыртқы саясат
  • Сыртқы саясат
  • Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар
  • Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар
1/8

Изображение слайда

Халықаралық қатынас – бұл экономикалық, саяси, диполматиялық, әлеуметтік, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыс пен әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы қатынастар жиынтығы. Халықаралық қатынастарға ықпал ететін факторлар: әлемдік экономикалық жағдай; әскери стратегиялық жағдай; жеке мемлекеттердің ықпалы, табиғи ортаның әсері; шикізат және табиғи ресурстар жағдайы. Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері: халық; мемлекет; мемлекетаралық ұйым; әлемдік, регионалдық саяси үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар.

Изображение слайда

Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастың дамуының негізгі тенденциялары: әлемнің тұтастығы мен өзара тәуелділіктің артуы; халықаралық қатынаста көпұлтты жүйенің пайда болуы; әлемдегі әлеуметтік әр тектіліктің сақталуы; қарама - қайшылықтар мен шиеленістерді шешуде саяси құралдардың ролінің артуы; проблемаларды шешудің дәстүрлі жолдарымен әлемдік дамудың шынайылығы арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуі; бірдіндеп геосаяси кеңістіктің капитал, тауар, қызмет түрлері бар біріккен аймақты құруы.

Изображение слайда

Слайд 4: Сыртқы саясат

Сыртқы саясат – бұл халықаралық аренада өз мүддесі мен қажеттіліктерін іске асырудағы мемлекет пен басқа да қоғамның саяси институттарының қызметі. Сыртқы саясаттың мақсаты: саяси курстың өткізілуі мен елдің сыртқы экономикалық дамуын қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету; сыртқы саяси міндеттерді жүзеге асырып, халықаралық байланыс жүйесін қамтамасыз ету.

Изображение слайда

Слайд 5: Сыртқы саясат

Сыртқы саясатты жүзеге асырудың формалары: мемлекеттер арасында дипломатиялық қатынастар орнату; халықаралық ұйымдар негізінде немесе соған мүше ретінде мемлекеттік өкілдіктердің ашылуы; мемлекет, партия өкілдерімен әр түрлі дәрежеде жиі және үнемі байланысты жүзеге асыру.

Изображение слайда

Слайд 6: Сыртқы саясат

Мемлекеттің сыртқы саясатындағы әдіс - тәсілдер: үнемі информация алмасуды іске асыру; әр-түрлі дәрежеде ресми түрде қарым қатынас пен алмасу, екі жақты және көпжақты шарттар мен келісімдер дайындау; мемлекеттердің ішкі және сырқы саяси іс-әрекеттерін немесе олардың одақтасуының даму мүмкіндіктеріне көмектесу; толық немесе жартылай блокадаға дайындалу және жүзеге асыру; сырқы саяси жағдайда қолайлы әскери іс - әрекет жүргізумен қамтамасыз ету және соғысқа дайындық.

Изображение слайда

Слайд 7: Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар – бұл адамзаттың әлеуметтік дамуымен байланысты, өмірлік қажетті проблемалар жиынтығы. Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың айрықша белгілері - барлық мемлекеттердің, адамзаттың өмірлік қажеттіліктері қозғалады; адамзаттың позитивті дамуына қатер төндіреді; өз шешіміне барлық мемлекет пен халықтың ұжымдық күш салуын талап етеді.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар: Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың негізгі топтары: Халықаралық қатынас саласымен байланыстылар: бейбітшілікті сақтау мәселесі, әлсіз дамыған мемлекеттердің экономикалық артта қалу қиындықтарын жеңу, халықаралық терроризммен күрес. Қоғам мен жеке адамның өзара қарым – қатынасымен байланысты: аштық пен күрес, білім мен денсаулық саласының маңызды мәселелерінің шешімі, адамзат өмір сүруінің рухани саласын қорғау. Табиғат пен адамның өзара қарым – қатынасымен байланысты: экологиялық, энергетикалық, шикізаттық, азық – түліктік және дамографиялық.

Изображение слайда

Похожие презентации