Первый слайд презентации: әлеуметтану теорияларына кіріспе
Слайд 2
Жоспар 1. Әлеуметтану ғылым ретінде. 2. Әлеуметтанудың қалыптасуы және даму кезеңдері. 3. Қазіргі әлеуметтану теориялары. 4. Әлеуметтанулық зерттеулердің әдіснамасы.
Слайд 3
Әлеуметтану ғылым ретінде Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19-шы ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. « Әлеуметтану » түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.
Слайд 4
Әлеуметтану Әлеуметтану ғылымының объектісіне Әлеуметтану пәніне Байланыстар мен қатынастар жатады Зерттеу үрдісінің бағыты
Слайд 6
Әлеуметтану пәніне Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарамақайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні объект қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады. Әлеуметтік танымның пәнің белгілеу үрдісінде шешуші әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен үрдістер және т.б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін құрайды.
Слайд 7
Атақты ағылшын ғылымы ДЖ.Херд « Әлеуметтануға кіріспе » еңбегінде, әлеуметтану адамзат қоғамы жөнінде ғылым ретінде белгіленеді. Оның отандасы Э.Гидденс қоғамды әлеуметтік кеңістікте, әлеуметтік уақытта айқындалу формаларында қарастырады. « Әлеуметтану – бұл адамның әлеуметтік өмірі, топтар мен қоғам жөнінде оқу ».
Слайд 8
Макросоциология қоғамдық дүние жүзілік жүйелермен және олардың әртүрлі мәдениет түрлерімен өзара әрекетімен, әлеуметтік институттармен, ауқымды үрдістермен байланысты. Макросоциология қоғамды, оның құрылымын, әлеуметтік институттарды тұтас әлеуметтік ағза ретінде қарастырады. Микросоциология әлеуметтік тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа, тұлғаның әлеуметтенуі мен жекелендіруіне көңіл аударады
Слайд 11
Бірінші теологиялық немесе жалған сатыда ( адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін ) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады. Ол « абсолюттік білімге ұмтылады ». Теологиялық ойлау өз кезегінде дамудың үш кезеңінен өтеді : фетишизм, политеизм, монотеизм. Екінші метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300-1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың мән-мағынасын қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға, абстракциялар жолымен түсінуге тырысады. Олар сын тұрғысынан өткізіліп қаралады. Бұл кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады. Үшінші позитивті немесе шынайы ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап ) негізгі белгісі – мұнда ақыл -ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни « бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға » жүгінеді.
Последний слайд презентации: әлеуметтану теорияларына кіріспе
Г.Спенсер эволюция деп аталатын үдеріске жалпы мынадай анықтама берді. Эволюция дегеніміз – қозғалыстың барысында зат белгісіз, байланыссыз әртектілік күйінен белгілі, өзара байланысқан әртекті күйге өтетін заттар интеграциясы. Кез келген эволюция материяны соның алдындағы тепе – теңдік, біртекті күйінен шығарып әртекті бөлшектердің жиынтығына айналдырудан басталады. . Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттей келе, әлеуметтік институттардың алты тұрпатын анықтап көрсеткен : туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік деп көрсеткен. Ол әлеуметтанушылардың ішінен ең алғаш болып жаңа терминдер енгізді. Олар : әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция.