Первый слайд презентации: Қазақ ойшылдарының әлеуметтанулық көзқарастары
Қабылдаған: Юсупов Қуанышбек Орындаған : Зайдин Ақниет Тобы : ЖБТ 911
Слайд 2: Жоспар
I. Кіріспе 1. А. Құнанбаевтың әлеуметтанулық көзқарастары. 2. Ә. Бөкейхановтың әлеуметтанулық ой-пікірлері. II. Негізгі бөлім 1. Ы. Алтынсаринның әлеуметтанулық тұжырымдамалары. 2. Ш.Уәлихановтың әлеуметтанулық ой-тұжырымдамалары. 3. А.Байтұрсыновтың әлеуметтану жөнінде көзқарастары. III. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абайдың страта туралы ой-пікірлері Қазақ қоғамының әлеуметтік таптық құрылымын қарастырып, оның байлар мен кедейлерге бөлінгенін, бұл бөлінудің теңсіздіктен туындағанын, мүліктік теңсіздік бай мен кедей арасындағы алшақтығын қалыптастырып, әлеуметтік қарамақайшылыққа соқтыратынын түсіндіреді.
Слайд 4
Қоғамдағы келеңсіз құбылыстармен, әлеуметтік әділетсіздікпен күрескен, будда нормаларын өз дүниетанымдай қарастырды: 1. Өмірді өлтірме, қор қылма, сыйла; 2. Ұрлама, тонама, еңбегіңнің пайдасын әркімге тигіз; 3. Армандықтан сақтан, әйелден аулақ бол; 4. Өтірік айтпа, шындықты айтуға қорықпа, бірақ ақиқатпен айт; 5. Жаныңнан өсек шығарма, біреудің айтқанын біреуге айтпа; 6. Ант ішпе; 7. Бос сөзге уақыт бөлме, орынды сөйле, әйтпесе үндеме; 8. Мақтан қума, күндеме, жақыныңның жақсылығына қуан; 9. Жүрегіңді ашудан тазарт, дұшпаныңды жек көрме; 10. Сенімсіздіктен құтыл, ақиқатты ұғуға тырыс.
Слайд 5: Тәрбие туралы ой-пікірлері:
19-қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарына қосылады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді» -деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңмен өзің есеп ал»-дейді. Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық»-дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді.
Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим ) Алтынсарин (1841-1889) болды. “Мақтубат”, “Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” атты төл шығармалары – бүгінде қолға алынып, жарыққа шығып жатқан ұлттық оқулықтарды қалыптастырудың үлгісі болатын құнды туындылар. Оқу-ағартушылық ой-пікірлері. Жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады, қазақ балаларына арнап оқулықтар, оқу құралдарын және әдістемелік кітаптаржазды. Ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат, ауылшаруашылық және қолөнер училищелерін ашады. Өйткені Ы.Алтынсарин қазақ халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен, білім-ғылыммен байланыстырған. Ол: “Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз – қазақ халқының келешегі осында, тек осы мектептерде ғана” деп жазған болатын. Ұлы ағартушы қазақ жастарына кәсіптік білім беретін, қолөнер, ауылшаруашылығы училищелерін ашуды қолға алып, оны бітірген мамандар қазақ халқының экономикалық өркендеуіне зор үлес қосады деген сенімде болды. Соның негізінде Торғайда қолөнер училищесін іске қосты.
Слайд 7: Ш.Уәлихановтың әлеуметтанулық ой-тұжырымдамалары
Шоқан Уәлиханов (1835-1865 ) екі халықтың – орыс және халықтарының –достығы мен араласуының нәтижесінде ағартушы болып қалыптасады. Ол сұлтандар әулетінен шыққан. « Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы», «Сот реформасы жайлы жазбалар», «Баянауыл округы туралы », «Өлкенің үкімет басқару жүйесі мен саяси жағдайы», «Сахарадағы мұсылмандық туралы» және т.б. шығармаларында қазақ қоғамындағы көкейтесті әлеуметтік мәселелер зерттеледі.
Слайд 8
Реформалар туралы тұжырымдамалары. Қоғамда жасалатын бетбұрыстардың халыққа ұнамдысы, пайдалысы экономикалық және әлеуметтік реформа, олар “халықтың маңызды мұқтаждарына тікелей қатысы бар реформа деп саналады, ал саяси реформалар қажетті экономикалық реформаларды іске асырудың құралы ретінде қолданылуы тиіс. Ұлтаралық қатынастар туралы Шоқан ұлтаралық қатынастар мәселесінің өршуін қазақтардың өз жерінен ығыстырылып, материалдық жағдайының күрт құлдырауынан, керісінше, орыс казактарының қазақтардан тартып алынған құнарлы жерлерге орналасуын, олардың тұрмыстық жағдайларының тез көтерілуінен деп есептейді. “Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы” деген мақаласында Шоқан : “Қазақтар ұлан-байтақ жер кеңістігін иеленгенімен, қазіргі уақытта тек оның шамалы ғана бөлігін пайдаланып отырса да жерге әрдайым зәру”, - деп құнарлы жерлерден айырыла бастағанын жазады. Жерді ұлтаралық қарым-қатынастағы негізгі мәселе етіп қояды.
Слайд 9: А.Байтұрсыновтың әлеуметтану жөнінде көзқарастары
Ахмет Байтұрсынұлы (1872 – 1937) – қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Еңбектері: « Тағыда народный сот хақында», «Қазақтың өкпесін», «Қазақ һәм 4-ші Дума», «Қазақ жерін алу тұрғысындағы низам », «Қазақша оқу жайынан», «Оқу жайы», «Мектеп керектері», «Соғысушы патшалар», « Қаза қ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан уақытша положение», «1891 жылы 25-ші мартта шыққан степной положение, яғни осы күнгі положение. Сайлау һәм партия пәлесі», «Осы күнге соттың тәртібіндегі кемшіліктер» және т.б.
Слайд 10
Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919 жылдың басы) Ахмет Байтұрсынов жаңа өткел, соны өріс іздейді. Ұлт азаттығы жолындағы күрес басшыларының бірі болады. Азапты толғаныс, күрес эволюциясынан өтіп барып, 1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт интеллигенциясының кейбір өкілдерін өзімен бірге алып, қазақ халқының мүддесі үшін қызмет етеді деген үмітпен Кеңес өкіметі жағына өтеді. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық Комитеттің мүшесі ретінде оның жұмысына белсене араласады. «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған. « Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды.
Слайд 11: Әлихан Бөкейхановтың әлеуметтанулық ой-пікірлері
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым,аудармашы. Әлихан Бөкейхановтың әлеуметтанулық ой-пікірлері «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері», «Қазақтар», «Сұлтан Кенесары Қасымов тарихына материалдар», «Би һәм билік», «Далалық өлкенің ортасындағы орыс қоныстары», «Екі жол», «Төртінші Дума һәм қазақ»және т.б. монографиялары мен мақалаларында көйкесті проблемалар ретінде қарастырылып зерттелді.
Слайд 12
Жер мәселесі жөнінде ойлары: Жер мәселесі төңірегінде жүргізіліп жатқан саясаттың әлеуметтік-экономикалық сырын ашып, қазақ халқына тигізетін оның ауыр салдарын әшкерелеп отырды. Егіншілікке көшудің қазақтар үшін жағымды жақтарын жоққа шығармады. Бұл процестің эволюциялық жолмен жүруін қолдады. Ол өзінің осы көзқарасын былайша түсіндірді: “біздің ақылымызша, адам баласының шаруасы бірте-бірте қиыншылықпен, көп жылдарға созылады. Мал бағып, шаруа қылып келе жатқан жұрт, патша 15-тен жер берді деп, егінші бола қоймады. Мал шаруасы тымақ емес, төре келе жатыр деп қолға жұлып алатын. Мал шаруасын тіршілік үшін ұстап жүрген жұрт 15-тен жер алса, үлкен аяққа тар етік киген болды. Біз қазақ-ау, 15-тен жер алмай тұрып жан-жағыңа қара дегеніміз содан, қазақ 15-ті алып, осы алақандай жерге мал бақпақ, бұған мал бағылмайды”. Осы ой-пікірі арқылы Ә.Бөкейханов қазақтарға отырықшы норманың өздері үшін тиімсіз екенін ескертеді.