Первый слайд презентации: Балалық шақ
Орында ған: Азимбаев Алмат, 329топ ЖМ Тексерген : Астана медицина университеті кафедрасы Нұр- Сұлтан, 2019ж
Слайд 2: ЖОСПАР
I. Кіріспе II. Негізгі бөлім Балалық шақ кезеңдері Нәрестелердегі жүйке-жүйесінің ерекшеліктері Перкуссияның диагностикалық маңызы Перкуссия түрлері III. Қорытынды IV. Қолданыған әдебиеттер
Слайд 3: Кіріспе
Балалық шақ — адам өмірінің туғаннан бастап жасөспірімдік (13 — 14 жас ) кезеңге дейінгі атауы. Педагогикада Балалық шақ негізгі кезеңдерге ажыратылады. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың өзі нәрестелік, бөбектік, сәбилік, естияр-балдырғандық деп бөлінеді. Бұлар балабақшадағы топтарға сәйкес : үш жасқа дейін бөбектік, үш пен бестің арасы сәбилік, бес пен жеті жас арасы естиярлық, бүлдіршіндік болып бөлінеді. Оқыту мен тәрбие процесінің негізгі кезеңдеріне және балалардың даму ерекшеліктеріне сәйкес жеті мен он жеті жастың аралығы мектептік шақ деп аталады.
Слайд 4
Мұның өзі үш кезеңге бөлінеді : а) бастауыш сынып оқушылары (1—4-сынып); ә) ортаңғы ( негізгі ) сынып оқушылары (5—9-сынып); б) жоғары сынып оқушылары (9—11-сынып). Бір жас тобындағы балалардың мінез-құлқында елеулі айырмашылықтар болады, сондықтан жас психологиясының сипаттамасы шамамен ғана белгіленеді. Баланың жан дүниесі бір қалыпты дамымайды, ол кейде баяу, кейде секірмелі түрде өтеді. Балалық шақтағы психология даму процесі баланың отбасымен, өскен ортасымен тығыз байланысты ;
Слайд 5: БАЛАЛЫҚ ШАҚ кезеңдері :
Жатыр ішіндегі даму кезеңі: Эмбрион (концентрациядан 11-12 аптаға дейін). Феталь (туылудан 11-12 апта бұрын) Жаңа туған нәрестенің туған күнінен бастап 28 күнге дейін өмір сүреді: Ерте неонаталь - өмірдің алғашқы аптасы Өмірдің 7-нен 28-не дейін созылған жаңа туған нәресте Емізулі кезеңі - 28 күн - 1 жылға өмір Мектепке дейінгі кезең (балабақша) алды кезеңі - 1 жылдан 3 жылға дейін Мектепке дейінгі кезең - 3 жылдан 6 жылға дейін Бастауыш мектеп жасындағы кезеңі - 6 жылдан 12 жылға дейін Мектеп жасындағы немесе жыныстық жетілу кезеңі 12-ден 18-ге дейін Жасөспірімдер 10 - 18 (20) жыл
Баланың дүниеге келуі – күрт өзгеріс болып табылады. Біршама тұрақты ортадағы тіршіліктен ( ана организмдегі ) ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын сан алуан тітіркендіргіштерге толы, ауалы ортадағы мүлдем жағдайға, яғни бұрынғы дәрменсіз тірі жан дәрежесінен ақыл – есті адам болып өсетің дүниеге шығады. Жаңа туған бала ( туған сәттен 1-2 айға дейін ). Өмірге бала шыр етіп келетіні белгілі. Бірақта, баланың дүниеге келуіндегі шыр етіп қалуын әр түрлі пікірлермен ғалымдар түсіндіргісі келеді. Мәселен З.Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр ете қалуын ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептеді. Фрейд бойынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл қақтығыстың психикалық өмірді қандай үздіксіз драмаға айналдыратын пессимистік тұрғыда суреттейді.
Слайд 7: Емізулі кезеңнің ерекшеліктері :
Дене және ақыл-ой дамуының жоғары қарқыны, атап айтқанда: Дене салмағы жылына үш есе, Бойы 25 см-ге артады бас айналымы 12 см-ге артады Шартты рефлекстер белсенді дамып келеді және жылдың соңына дейін – сөйлеу дамиды Алғашқы 3-4 ай. инфекцияларға төзімділік (аналар иммунитеті) Вирустық бактериялық инфекциялардың жоғары сезімталдығы Қабыну реакциясын генерализациялауға, кез-келген әсерге ортақ жауап беруге бейім.
Слайд 8
Шартты рефлекстердің пайда болуы өте қиын, бiрақта екінші-үшінші өмiр айынан кейін олар тездеу пайда болады. Бала алты айға толғаннан кейін шартты рефлекстер барлық сезім мүшелерінің дамуына байланысты пайда бола бастайды ( есту, көру, дәм айыру, иіс тану, түйсіну сияқты рефлекстер ).
Слайд 9
Бала туғанда үш түрлі шартсыз рефлекстермен туады, олар : - тұрақты, өмiр бойы болатын автоматизмдер ; - туғаннан кейiн жойылатын ; өтпелi ( транзиторлы ) рефлекстер, - туғаннан кейiн пайда болмай, өсе келе дамитын рефлекстер. Бiрiншi топ рефлекстерiне жататын рефлекстер : мүйiзгек рефлексi, конъюнктивтiк рефлексi, жұтыну рефлексi, орбикулопальпебралді рефлекс, аяқ-қолдың сiңiрлiк рефлексi. Осы шартсыз рефлекстердің негізінде қоршаған орта әсеріне байланысты шартты рефлекстер пайда бола бастайды.
Слайд 10
Шартсыз рефлекстердің екінші тобына келесі өтпелі рефлекстер жатады : Б а у э р р е ф л е к с і – баланы ішіне жатқызып, бүктетілген аяқтарының табандарына алақанды жолатса, бала еңбектегендей қозғалыс жасайды ; М о р о ( құлаштау ) р е ф л е к с і - бала басынан 15-20 см қашықтықта үстөл үстін соқса, бала әуелі қолдарын екі жаққа жаяды да, сосын оларды бұрынғы қалпына келтіреді ; Ж е л к е б ұ л ш ы қ е т т е р і н і ң р и г и д т ы ғ ы – арқасында жатқанбала желкесіне қолды салып, бала иегімен кеудесіне жетсін деген мақсатпен басын алға бүккізу, жауабы оң болса – желкесінде ауырсыну сезім пайда болады ;
Слайд 11: Танымдық өрісінің дамуы
Туғаннан көру және есту анализаторлары әлі де болса аяқталмаған, ол белсенді түрде қалыптасады. 2-3 апта да қабілеті көрінсе, ал 3-4 апта да көру тұрақтылыққа ие болады.
Слайд 12
Сәби жасының ерекшелігі 1-3 жасқа дейін сәбилік кезең деп аталады. Осы кезде баланың денесі де, психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. Бала өмірінің алғашқы жылында басы біршама үлкен, кеудесі ұзын, аяғы қысқа болады. Осы кезде бұлшық еті де баяу дамиды. Бала өмірінің алғашқы жылында көбінесе сұйық тамақпен тамақтанады. Алғашқы жылмен салыстырғанда бойы 1,5 салмағы 3 есе артады. Екі жасқа келгенде салмағы 200-250 грамм қосады. Бойы ай сайын 1 см өсіп, балаларда 20 сүт тісі болады. Бұлшық еттері дамиды. Тыныс алуы баяулап бірқалыпты ырғаққа келеді. Бір жастың соңында баланың бас миының салмағы 780-800 г болады. Осы кезде ай сайын 30 грамнан қосылып отырады. Үш жаста миының салмағы 1100-1200 дейін болады. Осыдан кейін мидың салмағының артуы баяулайды : 7 жасқа келгенде 1250 г болады 8-9 жасқа келгенде 1300 г бболады 15 жасқа келгенде 1350 г болады 21 жасында мидың салмағының артуы тұрақталады. Баланың жоғарғы жүйке жүйесінің алғашқы үш жыл бойында өте тез дамиды.
Слайд 13: Сәби дамуының басты белгілері
Сәбилік шақта (1-3 жас ) бала қарқынды дами бастайды. Психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл – ойы едәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады. Бірінші себеп - баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан кейін өз бетімен тік жүріп, түрлі заттардың қасиеттерін үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң заттардың кеңістіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте бағдарлану қабілеті дамиды. Екінші себеп - әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада заттық әрекеттің дамуы Үшінші себеп - баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі. Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала психикасының дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне мән береді. Баланың бойы бірінші жылына қарағанда 1,5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады.
Слайд 14: Мектепке дейінгі кезең ерекшеліктері
Өсу үрдістері баяулайды, бірақ функционалды мүмкіндіктер жақсарады Имитацияның жасы ерекше дағдыларды белсенді дамыту кезеңі Процестерді генерализациялау үрдісі елеулі түрде төмендетілді Жиі балалар инфекциялары Жиі балалар аурулары көрінеді
Слайд 15
3 жас дағдарысының 7 сипаттамалары : Негативизм- бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы да болуы мүмкін, ол отбасы мүшесінің біреуінің тілін ғана алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні тыңдамайды, ал басқаларымен қалыпты қатынаста болады. Әрекеттің басты мотиві - барлығын керісінше жасау. Қыңырлық ( упрямство)- бұл баланың өзі қалаған нәрсесін жасауға ұмытылуы. Өтпелі кезеңде қырсықтық ( строоптивость ) көрініс беруі мүмкін. Бұл нақты бір адамға емес, ерте балалық шақта қалыптасқан қатынастар жүйесіне бағытталған. Дербестілік тенденциясы байқалады: бала барлығын өзі жасап өзі шешкісі келеді. Негізінен бұл жақсы құбылыс, дегенмен дағдарыс кезінде бұл өз еріктілікке алып келуі мүмкін. Наразылық – бүлікші ( қасарыспалық )- кейбір балаларда ата-аналарымен конфликтілі жағдай жиі кездеесуі мүмкін, олар үлкендермен үнемі соғыс күйінде болады. Деспотоизм ( шексіз билеушілік )- отбасында бір ғана бала болса көрініс береді. Бала қоршаған адамдарға өзінің билігін көрсетеді. Бағасыздану (обесценивание)- 3 жас дағдарысының ең қызық сипаттамасы. 3 жасар бала ұрыса бастайды, сүйікті ойыншығын лақтырып тастауы мүмкін, бұл құбылыстың барлығы баланың басқа адамдарға деген өзіне деген қатынасының өзгеруі жайында хабар береді. Бала 3 жасқа келгенде көптеген жаңа әрекеттердің түрі пайда бола бастайды. Осы кезде психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. Мұндай жаңа әрекеттерге сәбидің ойнайтын ойынының түрленуі, сурет салуы, жапсыру, құрастыруы жатады. Бейнелеу әрекетінің әр түрі мен шұғылданып, қарандашпен қағазға өзінше жазу жазып, шимайлап, түзу таяқшалар сыза бастайды. Бұлар сурет салу дегеннің өзі бір заттың бейнесін қағазға түсіру екенін түсінеді. Баланың алғашқы сурет салуы үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Слайд 16
Ерте сәбилік шақтың соңында ( 3 жасқа аяқ басқанда ) кейінірек неғұрлым кең өркен жаятын және психикалық дамуды анықтайтын іс-әрекеттің жаңа түрлерін игере бастайды. Бұл ойын және іс-әрекеттің өнімді ( сурет салу, жапсыру, құрастыру ) түрі. Заттық іс-рекетінің дамуына байланысты ерте балалаық шақта сурет селуды игерудің алғы шарттары қалыптасады, ол мектепке дейінгі шақта іс-әрекеттің ерекше түріне – бейнелеу іс-әрекетіне ауысады. Баланың бейнелеуге дейнгі кезеңнен бейнелеуге көшуі бірінен бірінің айқын айырмашылығы бар екі сатыға бөлінеді : әуелі сызықтардың кездейсоқ ұштасуынан бір затқа ұқсастық, сонан соң әдейі бейнелеу пайда болады. Сәбилік шақтағы баладан графикалық бейнелерді пайдалатынын көреміз. Мысалы,екі жасар қыз бала дөңгелетіп салған қисық сызықтардың бірін « апаайым », екіншісін « ағайым », үшінісін «шар» деп атайды. Дегенмен де баладан күрделі графикалық бейнені жүзеге асыру баладан көптеген күш жұмсауды талап етеді.
Слайд 17
Баланың әлеуметтік-эмоционалдық дамуы өзара тығыз байланысты екі негізгі үдерісті қамтиды : ересектермен және құрдастарымен әртүрлі байланыс орнату қабілетін дамыту ; баланың ересек адамның көмегі қажет толық тәуелділіктен бірте-бірте дербестікке көшуі. Жаңа туылған нәрестенің алғашқы әлеуметтік әрекеттері физиологиялық қажеттіліктерімен байланысты ( тамақ, сусын, температура жайлылығы, қозғалыс, еш жерінің ауырмауы, жатыс-тұрысының жайлылығы ). Бастапқыда ересекпен эмоционалдық қарым-қатынасының арқасында баланың тілдесуге деген қажеттілігі туындайды, физиологиялық эмоционалдық әрекеттер бірте-бірте әлеуметтік маңызды әрекеттерге айналады ( мысалы, сәби ересек адам қолына алғанда, оның жылы терісімен әрекеттеседі ).
Слайд 18: Бастауыш мектеп жасындағы кезеңі ерекшеліктері
Тіндердің құрылымдық дифференциациясы аяқталады Күш, жылдамдық, төзімділік артады(бұлшықет массасы өседі, онтогенез күшейтіледі) сүт тістердің тұрақты тістерге ауысуы Аллергиялық және иммунокомплекс ауруларының жоғары жиілігі
Последний слайд презентации: Балалық шақ: Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Дүйсенова Ж.Қ., Нығметова Қ.Н., Балалар психологиясы, Алматы, 2012 2. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Мектеп 1986ж. 3. Түсіпқалиев Б.Т. Балалар ауруларының пропедевтикасы. Алматы 2009