1 Дәріс. Жас ерекшеліктер физиологиясы пәніне кіріспе. Балалар мен жас — презентация
logo
1 Дәріс. Жас ерекшеліктер физиологиясы пәніне кіріспе. Балалар мен жас
  • №1 Дәріс. Жас ерекшеліктер физиологиясы пәніне кіріспе. Балалар мен жас өспірімдердің өсуі мен дамуының физиологиялық заңдылықтары.
  • Дәрістің жоспары:
  • Жас ерекшеліктер физиологиясының міндеттері:
  • 1 Дәріс. Жас ерекшеліктер физиологиясы пәніне кіріспе. Балалар мен жас
  • Жатырдағы (пренатальды) онтогенез:
  • Постнальды (туғаннан кейінгі) онтогенезге келесі кезеңдер жатады:
  • Даму негізінен 3 процессті қамтиды:
  • Дамудың негізгі заңдылығы:
  • Ағзаның өсіп дамуында өмірдегі қажеттіктен ауытқушылықтар
  • “Биологиялық жас”
1/10

Жас ерекшіліктер физиологиясының мақсаты мен міндеттері Дене шыңықтыру және спорт саласындағы мамандар үшін «Жас ерекшеліктер физиологиясының» маңызы «Өсу» және «даму» ұғымдары Даму кезеңдері және гетехрондылығы Сенситивті кезеңдер Акселерация және ретардация Дәрістің жоспары:

Изображение слайда

Дене шыңықтыру және спорт саласында еңбектенетін келешек мамандарды балалар мен жас өспірімдер ағзасының анатомиялық, физиологиялық ерекшелектерімен таныстыру; Өсу мен дамудың негізгі заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру ; Дене шыңықтыру және спорт саласындағы келешек мамандарды балалар мен жас өспірімдер ағзасының ерекшеліктерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету. Жас ерекшеліктер физиологиясының міндеттері:

Изображение слайда

Слайд 4

Ағзаның, жүйелердің мүшелердің, ұлпалардың, жасушылардың өсіп, дамуының негізін анаболизм және катаболизм, яғни зат алмасуы құрайды. Ағзаның өсуі дегеніміз ондағы жасушалар санының көбеюі, салмағының артуы; денесінің ұзаруы; кеуде шеңберінің ұлғаюы т.б. Ағзаның дамуы дегеніміз сан корсеткіштерінің сапалық көрсеткіштеріне айналуы; ұлпалардың жекешеленуі арқылы мүшелердің белгілі бір қызмет атқаруы. Ағза дамуының екі түрі болады. Сандық – мүшелердің ұзындығы, ені, көлемі, аумағы, салмағы, ағзада алып жатқан орны т.б. Функционалды – мүшенің атқаратын қызметі.

Изображение слайда

Слайд 5: Жатырдағы (пренатальды) онтогенез:

Адам ағзасы қызметтерінің әртүрлі кезеңдердегі жеке дамуы яғни онтогенез (грекше онтогенезис - даму). Онтогенез ұғымы ағзаның барлық кезеңдерін: ұрықтан бастап адамның өлгеніне дейінгі аралықты қамтиды. Ағзаның онтогенезде дамуын екі кезеңге бөлуге болады: Эмбриональды кезең (2 айға дейін) Фетальды кезең (2-9 ай аралығындағы іштегі нәресте) Жатырдағы (пренатальды) онтогенез:

Изображение слайда

Жаңа туған нәресте (туғаннан 10 күнге дейін) Емшектегі кезең – 10 күн – 1 жас Ерте балалық шақ – 1-3 жас (бала-бақша кезеңі) Алғашқы балалық шақ – 3-7 жас Бастауыш мектеп жасы 7-13 ұлдар, 7-11 қыздар Жас өспірім кезеңі, ұлдар – 13-17 жаста, қыздар – 11-15 жас Жастық кезең - ұлдар – 17-21, қыздар – 16-20 Бірінші ересек кезең – 21-35 жас Екінші ересек кезең 35-60 ерлер, 35-55 әйелдер Егде жас (кексе, мосқал) кезең3 – 60-74 Кәрілік кезең – 75-90 Ұзақ өмір сүрушілер – 90 жастан жоғары (Хрипкова А.Т., Антропова М.В., Фабер Д.А., 1990 т.б.) Постнальды (туғаннан кейінгі) онтогенезге келесі кезеңдер жатады:

Изображение слайда

Слайд 7: Даму негізінен 3 процессті қамтиды:

Өсу – жасушалар санының (сүйекте, өкпеде, басқа мүшелерде) және көлемінің (бұлшық етте, жүйкеде) көбеюі, яғни сандық процесс; Мүшелер мен ұлпалардың айқындалуы ; Пішіннің пайда болуы – яғни сапалық өзгерістер. Бұл процесстер бір-бірімен өте тығыз байланыста, мысалы дене өте тез өссе, ондағы пішін, ұлпалардың айқындалуы, екінші жыныстық белгілер кешігеді, ал жыныстық дамуы күшейсе денесінің өсуі, бұлшық етінің жетілуін кемітеді. Даму негізінен 3 процессті қамтиды:

Изображение слайда

Слайд 8: Дамудың негізгі заңдылығы:

Кезеңділігі және гетерохрондылығы (әртүрлі) яғни өсу мен дамудың біркелкі еместігі: мысалы, дененің өсуі бір жасқа дейін және жыныстық даму кезеңінде: қыздар – 12-13, ұлдар 14-15 жаста. Сөйлеу қабілеті 2-3 жаста, ал сөз арқылы қозғалысты реттеу 4-5 жастан басталады; 6-7 жаста сүтті тістер ауыса бастайды. Өсу мен дамудың гетехрондылығына сырты орта әсері жынысы; оқу, еңбек, спорт жұмыстары; тамақтану ерекшелікткрі т.б. әсерін тигізеді. Дамудың негізгі заңдылығы:

Изображение слайда

Слайд 9: Ағзаның өсіп дамуында өмірдегі қажеттіктен ауытқушылықтар

Акселерация дегеніміз дамудың жылдамдауы, үдеуі. Оның заманалық (дәуір) эпохальды және жеке басының түрлері болады. 19 ғасырдың аяғынан бастап 20 ғасырларда өткен жылдармен салыстарғанда балалар ағзасының өсуі, дене бітімінің дамуы, жыныстық жетілуі, психикасы дамуының тездеуін – дәуірлік акселерация деп аталады. Балалардың өсуінде акселерация мен қатар өсіп дамудағы кешігу - ретардация байқалады, мысалы бір жастағы топтың 13-20% өсуі мен дамуында кешігу кездеседі, сондықтан мектепке берерде бұл ерекшелектер есте болуы қажет. Ағзаның өсіп дамуында өмірдегі қажеттіктен ауытқушылықтар

Изображение слайда

Последний слайд презентации: 1 Дәріс. Жас ерекшеліктер физиологиясы пәніне кіріспе. Балалар мен жас: Биологиялық жас”

Адам ағзасының даму деңгейі оның куәліктегі жасына сәйкес келмейді, яғни өмір сүрген жасына, сондықтан « биологиялық жас » деген термин пайда болды. Биологиялық жас денесінің көлемін, сүт тістерінің ауысына, қанқа сүйектерінің дамуына, екінші жыныс белгілерінің дамуы т.б. белгілері бойынша сипатталады. Биологиялық және куәліктік жастың ара-қатынасы дәрежесіне сәйкес балалар мен жас өсіпірімдерді келесі топтарға бөледі: Акселераттар – өсіп дамуы үдеген, жылдам, яғгни биологиялық жасы куәліктегі жасынан озып кеткен; Медианттар – биологиялық жасы куәліктегі жасына сәйкес; Ретарданттар – биологиялық жасы куәліктегі жасынан қалып қою. “Биологиялық жас”

Изображение слайда

Похожие презентации