Үлкен деректер үш дереккөзден тұрады Интернет Құжаттардың корпоративтік мұрағаттары Датчиктер, аспаптар, камералар және т.б.
Слайд 3
Үлкен деректер түсінігінің нақтылы бір анықтамасы жоқ. Оларға 10 терабайт немесе 10 мегабайт деп шектеу жасай алмаймыз. Жалпы атаудың өзі субъективті. Алайда қалыптасқан түсінік бар, үлкен деректер — үш операция орындауға арналған технологиялар жиынтығы Біріншіден, ауқымды деректердің «қалыпты» сценариймен салыстырғанда үлкен деректерді өңдеу. Екіншіден, өте үлкен ауқымда түсетін ақпараттармен өте тез жұмыс істеу. Себебі деректер үнемі өсіп отырады. Үшіншіден, олар әртүрлі аспектіде құрылымдық және әлсіз құрылымдық ақпаратпен параллель жұмыс істей алу қажет. Үлкен деректер алгоритмге кіргенде үнемі құрылымды ақпарат алмайды және одан бір идеядан көп идея не ақпарат алуға болады
Слайд 4
Үлкен деректер ( Big Data) дегеніміз - ақпаратты талдауға, жүйелі түрде шығаруға немесе деректерді өңдеудің дәстүрлі қолданбалы бағдарламалық жасақтамасымен өңделуге тым үлкен немесе күрделі деректер жиынымен жұмыс істеуге арналған тәсілдерді зерттейтін саласы. Деректерді талдағанда көптеген кейстерді зерттеу, немесе кейстердің аттрибуттерді көбею, зерттеудің жоғары анықтығына жеткізеді. Үлкен деректер деректерді талдау, деректерді сақтау, ақпаратты іздеу, визуалдауда және тағы басқа салаларында қолданылады. Үлкен деректердің негізгі концепті volume ( деректердің үлкен көлемі ), variety ( әртүрлі ақпараттың түрлерін талдау ) және velocity ( жылдам өсетін деректердің көлемі ).
Слайд 6
Үлкен деректердің қарапайым мысалы — әртүрлі физикалық тәжірибе қондырғыларынан алынатын ақпарат, — мысалы, Үлкен адрондар соқтығыстырушысы үнемі үлкен көлемде ақпарат шығарады. Қондырма үзіліссіз үлкен көлемде ақпарат көрсетеді, соның арқасында параллельді көптеген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Қоғамдық кеңістікте үлкен көлемді деректер пайда болуына байланысы, бұл деректер барлық адамдарға қатысты болды. Бұрынғыдай тек ғалымдар емес, кез келген адам үлес қосады. Қоғамдық технология салаларына Big Data планетамызда адамдар санына нақты келгенде қолданыла бастады. 7 миллиард адамды әлеуметтік желі және басқа жобаларда кездесетін жерлер жинайтын болды. YouTube, Facebook, ВКонтакте, адам саны миллиардтап есептелді, ал алар орындайтын операциялар өсе берді. Бұл жерде деректер ағыны — бұл қолданушы қызметтері. Мысалы, YouTube хостингінің ақпараттары, өңдеу түсінігінде тек интерпретация емес сонымен бірге әрбір әрекетті дұрыс өңдеуді болжайды – ақпаратты дұрыс жерге орналастырып әрбір қолданушыға тез жетімді ету, себебі әлеуметтік желілірде ақпарат алмасу өте тез жүреді. Алайда үлкен деректер түсінігі, және оларды сараптауда тәсілдер бұрыннан бері бар