Первый слайд презентации: БИЗНЕС-ЖОСПАР « EduCore » атты білім орталығын ашу
Орындаған: Тулемисова Дильназ, АН-19-12, ФД Тексерген: Тобылов Куаныш Тобылович (э.ғ.к. ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасы Қостанай, 2020
Слайд 2: Қызметтердің сипаттамасы
EduCore орталығында үш түрлі қызметтер көрсетіледі: 1)Тест сынақтары. Мұнда халықаралық тестті(IELTS,TOEFL, HSK, SAT, т.б.) тапсыруға дайындалып жатқан адамдар өздерін сынап көре алады. 2)Неміс тілі курстары. Сабақтар аптасына 3 рет 1 сағаттан өткізіледі. Егер қалаушылар саны 8 адамнан асып жатса, екінші топ ашылады. Осылайша әр түрлі деңгейдегі бірнеше топтар пайда болады. 3)Консультациялар. Консультациялар шетелге оқуға түсу туралы өткізіледі. Мұнда қызметкерлер клиентке сәйкес келетін оқу орнын табуға, құжаттарды жинауға, виза жасауға т.б. процесстермен көмектеседі, кеңестер береді.
Слайд 3: Нарықты талдау
Халықаралық тесттер сынақтары, консультациялар мен шетел тілі не үшін қажет? Біріншіден, бүгінгі таңда көптеген адамдар шетел елдерінде білім алуды көздейді, ал бұл қиын процесспен көмектесетін адамдар жоқ. Екіншіден, шетелде оқу үшін, шетелде тұру үшін шет тілін білу қажет. Неге неміс тілі? Германиядағы оқу орындары АҚШ, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдердегі оқу орындарымен бәсекелестікте, сонымен қатар Германия шетел студенттерінің саны бойынша әлемде 3-інші орында. Үшіншіден, шетел оқу орындарына түсу үшін белгілі бір халықаралық тесттер сертификаттары қажет. Бұл тесттерге дайындайтын орталықтар бар, бірақ та сынақ тесттері өткізілмейді. Талапкерлер тесттің структурасын түсіну үшін сынақ тесттерін өтуі қажет. Жуықтағанда, адамдар тесттерге 1 жылдай дайындалады. Осы уақыттың ішінде бір адам бірнеше рет сынақты өтеді.
Слайд 4
IELTS ең жиі тапсыратын елдерге Қазақстан кіреді. (ielts.org статистикасы бойынша)
Слайд 6: Бәсекелестік және бәсекелестік артықшылығы
Қазіргі таңда Қостанай қаласында неміс тілін оқыту қызметін көрсететін 2 маған белгілі орын бар: TopEnglish және SLZ Kostanay.
Слайд 7
Біріншіден, Қостанай қаласында сынама тесттерді өткізетін орталықтар мүлдем жоқ. Ал бұл тесттердің өзіне дайындайтын орталықтар көп, бұдан шығатын қорытынды: қалада бұл қызметті қажет ететін адамдар бар, ал қызметтің өзі көрсетілмейді. Бұл жағынан ешқандай бәсекелестік те болмайды. Екіншіден, қалада неміс тілі курстары бар болса да, ағылшын тілі курсатарымен салыстырғанда, халық арасында белгілі бір курстар жоқ. Германия жетекші оқу орындарына түсу үшін, неміс тілін білу қажет екені түсінікті. Және де неміс тілін оқитын адамдар тек осыны мақсат етпейді, яғни хобби ретінде және т.б. себептеріне байланысты оқиды. Үшіншіден, бүгінгі таңда көптеген адамдар шетел елдерінде білім алуды көздейді, ал бұл қиын процесспен көмектесетін адамдар жоқ. Мұнда да бәсекелестік болмайды. Бұл орталықта Қостанай қаласында сирек кездесетін, не мүлдем кездеспейтін қызметтер көрсетіледі. Сондықтан бұл бизнес сапалы қызмет көрсетіп, сапалы жылжытылатын болса(маркетинг), ең аз дегенде, шығындарға әкелмейді, ең көп дегенде, үлкен табыстарға жете алады.
Слайд 8: Маркетинг стратегиясы
Сонымен қатар, орталықты жарнамалау үшін түрлі оқу орнындарында конкурстарды өткізіп, сертификаттар беруге болады. Осылайша қызметкерлер потенциалды клиенттермен байланысқа шығып, өздерін көрсетеді.
Слайд 10: Өндіріс жоспары
Жиһаз және техника Саны Құны, тг Жалпы құны Ноутбук 2 90000 180000 Проектор 1 70000 70000 Колонка 2 6000 12000 Орындық 10 2000 20000 Үстел 2 7000 14000 Тақта 1 10000 10000 Принтер 1 40000 40000 Канцелярия 1 7000 7000 Кітап 8 5000 40000 Интернет модем 1 6000 6000 Барлығы 393000
Слайд 11: Ұйымдастыру жоспары және менеджмент
Жобаны іске асыру үшін, ең алдымен, осы әрекеттерді орындау қажет: -лицензия мен патентті алу; -қызметкерлерді(менеджер, мұғалімдер) табу; -жарнаманы дайындау; -серіктестерді табу; -қосымша жоспар(план Б) құрастыру. -қажетті қаражат табу; -жұмыс орнын табу және орны жабдықтау; -оқу программасын құрастыру.
Слайд 12
Қажетті жұмысшылар Саны Неміс тілі мұғалімі 1 Менеджер 2 Сынама тесттерді өткізетін мұғалім 1 Неміс тілі мұғалімі сабақтарды өткізеді. Жұмыс уақыты сабақ сағаттарына байланысты. Осыған байланысты айлық төлемі 80000-150000 теңге аралығында өзгеріп тұрады. Екі менеджер өз арасында міндеттерін бөліп алады. Бұл міндеттерге бухгатерлік отчет, маркетинг, консультация беру, тіркеу жұмысын жасау, басқа қызметкерді жалдау сияқтылар жатады. Бірінші менеджер жетекші болады, ал екіншісі 90 000 теңге көлеміндегі айлық төлемді алады. Сынама тесттерді өткізетін мұғалім сынама тесттерді өткізіп, оларды тексереді. Жұмыс уақыты жұмыс сағаттарына байланысты өзгереді. Осыған байланысты айлық төлемі 50000-80000 теңге аралығында өзгеріп тұрады.
Слайд 13: Сатудан кейінгі қызмет және кепілдік саясаты
Неміс тілі курстары бойынша: - егер тұтынушы 1 жыл бойы кешігусіз айылық төлемді төлеп тұрса, ол сынама тестті 2 рет тегін тапсыра алады; - өз тобында қорытынды деңгейлік тестті ең үздік жазған студент бірнеше консультациядан тегін өте алады; - тұтынушы өзінің досын шақырса, бір айға 10% жеңілдік алады. Әрбір студент белгілі деңгейді бітірген соң, оны дәлелдейтін сертификатты алады. Сынама тесттер бойынша: - тұтынушы өзінің досын шақырса, бір айға 10% жеңілдік алады; -сынақтан 5 рет өткесін, тұтынушы алтыншы сынақтан тегін өте алады. Әрбір сынақтан кейін тұтынушы тек өзінің баллдарын ғана көре қоймай, өзінің жіберген қателерін де көре алады. Оны тестті өткізетін мұғалім тұтынушының электронды почтасына жібереді.