Первый слайд презентации: Спиральді оқу бағдарламасы
Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Джером Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды: белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу); бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу); таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).
Слайд 2
Джером Брунердің жұмысына негізделген спиральді оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері: оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды; әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады. Спиральді оқу бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтарына назар аударады: оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады; спиральді оқу бағдарламасы қарапайым идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді; оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады
Слайд 3
Жаңартылған оқу бағдарламсылары спиральді оқу бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқын көрінуі үшін, оқу мақсаттары бөлімдер мен бөлімшелерге топтастырылған. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында өздерінің дағдыларын меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі. Спиральді білім беру бағдарламасының құрылымы оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарын салыстырып қарастыру барысында айқын байқалады. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға ілгерілеуіне орай, олар өздерінің 4 тілдік дағдыны меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі. Мысалы, «Қазақ тілі» пәні бойынша «Оқылым» бөлімінің «О1: Ақпаратты түсіну» бөлімшесі бойынша және «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша «Түсіну және жауап беру» бөлімінің «Т/Ж1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні» бөлімшесі бойынша оқу бағдарламасының спиральділігі, яғни оқушылардың алға ілгерілеуі айқын көрінеді, себебі сыныптан сыныпқа жоғарылаған сайын оқу материалы күрделене береді.
Слайд 4
Оқушыларды оқу бағдарламасының түрлі тақырыптары бойынша өз дағдыларын қолданып, одан әрі дамытуға ынталандыратын бірнеше әдістер бар. Мысалы: шеберліктің жоғары деңгейін талап ететін мәтіндермен қамтамасыз ету. Бұл анағұрлым көлемді мәтін, жаргон немесе арнайы лексика қолданылған мәтін немесе өзекті және басы артық ақпарат ұсынылған мәтін болуы мүмкін; оқушыларды модельденген мысалдармен қамтамасыз ету немесе тапсырманы орындауда қолдау көрсету; мәтін құру кезінде пайдалануға арналған жазылым құрылымдарын ұсыну. Оқушылар белгілі бір дағдыларды қайта-қайта қолданған кезде олардың бұған дейін меңгерген білімі мен дағдыларын естен шығармай, соларды қолдануы маңызды болып табылады. Бұл оқушыларға өз жетістіктерін жинақтап, қазақ тілі бойынша түрлі сыныпта және түрлі тақырып аясында меңгерген білімдерінің арасындағы байланысты көруге көмектеседі..
Слайд 5
Осы жағдайда көмек болатын бірқатар тәсілдер: Оқушылардан нақты бір тақырыпқа қатысты білімін жетілдіру үшін жеке жетістіктерін көрсететін бағамдау немесе рефлексия жазуды сұрай аласыз. Бұл бағамдау/рефлексияны олар осы тақырыптың келесі деңгейін меңгеру кезінде есепке алу қажет. Нәтижесінде оқушылар өз үлгерімдерін бақылауға мүмкіндік алады, сондай-ақ жетілдіру мақсатында өзгеріс енгізіп, келесі оқу кезеңіне дайындалуға негіз етіп алады. Оқушыларға алдыңғы білімі мен қазіргі тапсырманы байланыстыруға көмектесетін мақсатты сауалнама пайдалана аласыз. Оқушылардан алдыңғы тарау немесе сыныптағы жұмыстың бір бөлігін қарастырып, жаңа білімдерін қолдана отырып, осы жұмысты қалай жақсартуға болатыны жөнінде ойлануды сұрай аласыз. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын жоспарлаудың тағы бір маңызды аспектісі оқушылардың зияткерлік қабілеті мен тәжірибесін дамытуға көмектесетін әртүрлі педагогикалық тәсілдерді таңдау болып табылады. Бұл кезде оқушылардың өзіне деген сенімі соншалықты артпаған күннің өзінде де, сіз жай ғана сырттан бақылаушы болмай, оқуға «ынталандырушы» болуыңыз маңызды екенін ұмытпаған жөн.
Слайд 6
(АКТ) дегеніміз – арнайы техникалық ақпараттық технологиялар (ЭЕМ, аудио-, бейне -,кино). Компьютерлік немесе жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім алушыларға білім мазмұнын компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып даярлау және жеткізу жолдары. Қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын АКТ құрамында түрлі бағдарламалық-техникалық құралдар болады, олар алға қойылған педагогикалық мақсатты шешуге бағытталады. Педагогикалық мақсат қазақ тілін оқытудың белгілі бір саласына байланысты болады және оқушылардың белгілі бір өзара ынтымақтасқан оқу-танымдық әрекетін дамыту көздейді.
Белгілі бір педагогикалық міндеттерді шешуге байланысты қолданылуы : қазақ тілінен базалық білім беруді мүмкін ететін құралдар – электрондық оқулықтар мен оқу құралдары, оқыту жүйелері, білімді бақылау мен тексеру жүйелері ; практикалық тұрғыдан дайындалуға арналған құралдар - электрондық жаттығулар, виртуалды қазақ тілі сабақтары, тілдік тренажерлер ; қосымша оқу құралдары - электрондық энциклопедиялар, хрестоматиялар, компьютерлік тілдік ойындар, қашықтан оқыту жүйесі. 2. Қазақ тілін оқыту барысында атқаратын функциясы бойынша : ақпараттық -білім берушілік қызмет - электрондық кітапханалар, электрондық кітаптар, электрондық басылымдар, сөздіктер, анықтамалықтар, қазақ тілін оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалар ; интерактивтік қызмет атқарады – электронды пошта, электронды телеконференциялар ; іздеу қызметін атқарады - электрондық каталогтар, іздеу жүйелері.
Слайд 8
3. Ақпарат алмасу мен жеткізудің белгілі бір түрін қолдану бойынша : мәтіндік ақпарат – оқулық, оқу құралдары, жаттығулар жинағы, тестілер, сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, баспасөз, оқу-әдістемелік материалдар ; көру / визуалды / арқылы ақпараттар алу - сурет коллекциялары, иллюстрациялар, бейнесаяхаттар, заттар, оқиғалар мен жағдаяттар туралы бейне үзінділер ; есту-тыңдау / аудиоақпараттарды қолдану - сөйленген сөздер, әндер мен музыка, табиғаттағы жан-жануарлар дауыстары ; аудио және бейне ақпаратты қолдану ; аралас ақпаратты қолдану - электронды оқулықтар, оқу құралдары, сөздіктер, қазақ тілінен компьютерлік сабақтар.
Слайд 9
Қазақ тілін оқытуда қолданылатын ақпараттық – коммуникациялық құралдары жүйесін былайша жіктеуге болады : Қазақ тілінен базалық білім беру құралдары (электрондық оқулықтар мен оқу құралдары, оқыту жүйелері, білімді бақылау мен тексеру жүйелері). Практикалық тұрғыдан дайындалуға арналған құралдар (электрондық жаттығулар, виртуалды қазақ тілі сабақтары, тілдік тренажерлер). Қосымша оқу құралдары (электрондық энциклопедиялар, хрестоматиялар, компьютерлік тілдік ойындар, қашықтан оқыту жүйесі). Ақпараттық-білім берушілік қызмет (электрондық кітапханалар, электрондық кітаптар, электрондық басылымдар, сөздіктер, анықтамалықтар, қазақ тілін оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалар). Интерактивтік қызмет (электронды пошта, электронды телеконференциялар). Іздеу қызметі (электрондық каталогтер, іздеу жүйелері) Мәтіндік ақпарат (оқулық, оқу құралдары, жаттығулар жинағы, тестілер, сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, баспасөз, оқу-әдістемелік материалдар). Көру/ визуалды/ арқылы ақпараттар алу (сурет коллекциялары, иллюстрациялар, бейнесаяхаттар, заттар, оқиғалар мен жағдаяттар туралы бейне үзінділер). Есту-тыңдау/ аудиоақпараттарды қолдану (сөйленген сөздер, әндер мен музыка, табиғаттағы жан-жануарлар дауыстары) Аралас ақпаратты қолдану (аудио және бейне ақпаратты қолдану, электронды оқулықтар, оқу құралдары, сөздіктер, қазақ тілінен компьютерлік сабақтар).
Последний слайд презентации: Спиральді оқу бағдарламасы
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыста, бос уақытында және қарым-қатынаста технологияларды біліктілікпен және шығармашылықпен пайдалануын қамтиды. Бұл АКТ-ны пайдаланудың дағдылары арқылы қалыптасады. Оқушылар жалпы білім беретін негізгі мектеп бағдарламасындағы барлық пәндерді оқу барысында ақпаратты табу, құрастыру және басқару, мәліметтер және идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмысын жетілдіре және бағалай отырып, АКТ-ны қолдану дағдыларын дамытады. Бұл «Қазақ тілі» бағдарламасында төмендегідей көрініс табады: онлайн сабақтар арқылы инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолданады; АКТ арқылы презентация жасайды, салыстырады, жетілдіреді, зерттейді, бағалайды және бірлесе отырып, пікірлерін дәлелдейді; АКТ арқылы қажетті ақпаратты таңдай алады.