Слайд 2
Алаш партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен Бірінші бүкілодақтық съездің шешіміне байланысты құрылған еді. Бұл съезге Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана, облыстарынан және Бөкей ордасынан делегаттар қатысқан. Съезде қаралған 14 мәселенің ішіндегі ерекше маңыздысы қазақ қоғамының сол кездегі алдында тұрған мақсаттарына сәйкес қазақтың дербес саяси партиясын құру болатын. Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде партияны Ұйымдастыруға арналған Құрылтай Жиналысына айналады. Құрылуы
Слайд 3
Жаңадан құрылған партия қазақ атауының синонимі " Алаш " деген атқа ие болды. Оның құрамына қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері - М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов тағы басқалар кіреді Құрамы
Слайд 5
Әлихан Бөкейханов (1866—1937) Міржақып Дулатов (1885—1935) Ахмет Байтұрсынов (1872-1937)
Слайд 6
Әлихан Бөкейханов (1866—1937) ( 5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі — 27 қыркүйек 1937, Мәскеу ) – қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
Слайд 7
Ахмет Байтұрсынұлы (1872-1937) ( 5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш -Орда өкіметінің мүшесі.
Слайд 8
Міржақып Дулатұлы (1885—1935 ) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі.
Слайд 9
Жалпы алғанда « Алаш » партиясы бағдарламасының жобасы ол 10 бөлімнен тұрды : I. Басқару түрі Ресей демократиялық Федерациялық Республикасы, демократиялық Республиканы белгілі бір уақытқа парламент сайлайтын президент басқарады, министрлер кабинеті соның ( парламенттің ) алдында жауап береді.
Слайд 10
II. Автономия. Барлық қырғыз облыстары бір автономиялы өлшемге енгізілуге, соңғысы федерациялық өлшем құқығымен Ресей федерациясына енуге тиіс.Бұл орайда, мүмкін болған жағдайда Қырғызстан Ресейдің көршілес облыстарымен ( өлкелерімен ) бірігеді, ол мүмкін болмаған жағдайда, Қырғызияның езі ғана жекелеген қырғыз губернияларында Земство енгізіліп, автономиялы бір өлшем болады.« Алаш » партиясы халық мүдделерін көздеп шын жүректен жұмыс істегісі келетін адамдар арсынан белгілі бір қызметті атқаруға әбден жарамды қызметкерлер іріктеу жолымен ауыл және болыс әкімшілігінің қызметін жақсартуды өз мақсаттарының бірі етіп органдарының қызметкерлері жөнінде де нақ осыны ұсынады. « Алаш » партиясы бар күшімен әділдікті қолдайды, ол барлық жәбір көргендер мен жарлы - жақыбайларды жақтайды. Халықтың жалпы мәдени деңгейін көтеруге бар күшін салады.
Слайд 11
III. Азаматтың негізгі құқықтары Дініне қарамастан және жынысына қарамастан,барлық халықтар өз құқықтар ( жиналыстар бостандығы, сайлау,оларды ашуда бірігу бостандығы сөз, баспасөз, адамның жеке басына тиіспеу бостандығы ) жөнінен теңестіріледі. Сот тәртібімен болмаса, қамауға алу жүргізілмейді. Сот органдары бар жерлерде қамауға алынғандарға айып 24 сағат ішінде тағылады, ал ондай органдар жоқ жерлерде 7 күн ішінде тағылады, олай болмаған ретте уақытша ұсталған адамдар дереу босатылады. Сонымен бірге жеке хат алысуға ешкімнің тиіспеуі белгіленеді. IV. Дін ұстану туралы мәселе. Шірекудің мемлекеттен бөлінуі. Заң алдында барлық дін тең, яғни ешқандай діни ілімнің басқа діндерден артықшылығы болмайды. Қандай діни ілімнің болса да таралу бостандығы, діни наным таңдау бостандығы. Қырғызия үшін татарлардан бөлек жеке муфтиат құру. Неке, ажырасу, туу мен өлуді тіркеу молдалардың ( діни адамдар ) қарауында қалады, ал қалыңмалға байланысты істер сот органдарында қаралады.
Слайд 12
V. Соттар туралы. Заң алдында барлық азаматтар тең және заңның қорғауын бірдей пайдаланады. Сот — тергеу органдары қырғыз халқының тұрмыс - жағдайларына сәйкес құрылады. Сот ісі, сотта сөйлеу қалықтың көпшілігі сөйлейтін тілде жүргізілсін. VI. Қорғаныс. Тұрақты әскер халық милициясымен алмастырылуға тиіс. Әскери өнерді үйрету жергілікті жерлерде жүргізілуге тиіс. Қырғыздар әскери қызметті - атты милиция қатарында атқаруға міндетті. VII. Салықтар. Салықтар саласында үдемелі табыс салығы салынады.
Слайд 13
VIII. Жұмысшы мәселесі. « Алаш » партиясы жұмысшы мәселесінде социал демократтардың ( меньшевиктердің ) бағдарламасын қолдайды. IX. Халық ағарту. Ана тілінде жаппай, тегін оқыту. Қырғызияда қырғыз тілінде оқытатын орта және жоғарғы оқу орындарын ашу, ағарту саласы автономиялы болуға тиіс ; оқушылар өзі қалаған мамандығы бойынша білім алады. Кітапханалар, оқу үйлері ашылуға тиіс.
Слайд 14
Х. Жер мәселесі. Жерге алғашқы кезекте байырғы халық орналастырылуға және алдағы уақытта қырғыздар біржола орналастырылып болғанша, қырғыз өлкесіне сырттан әкеліп қоныстандыру тоқтатылуға тиіс. Қоныстандырылмай бос жатқан және осап қалған учаскелер байырғы халыққа берілсін. Жерді пайдалану нормасын жер алқаптарының сапасын және ауыл шаруашылығы жерінің құрамына қарай жергілікті жер комитеттері белгілейді, ал жерге орналастырылғаннан кейін алған артық жер жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ( земстволар ) қорына түседі. Халықтың көбею шамасына ( өсуіне ) қарай аталған жер қорынан жерсіз немесе жері аз батырақтарға жер беріледі.
Слайд 15
Ә.Бөкейханов басқарған қазақ зиялылары 1905 жылы кадеттер үлгісіндегі қазақтың ұлттық саяси партиясын құруға әрекет жасағанда оның ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанды буржуазиялық қатынастарға бейімдеуге жетекшілік жасайтын ұлттық-либералдық типтегі ұйым құруды ойластырды. Ал Ә.Бөкейханов пен оның серіктестерінің 1905-1917 жылдардағы көзқарас эволюциясы 1917 жылғы шілдеде ұлттық-демократиялық мақсат-мүдделерді көздейтін Алаш саяси партиясын құруға алып келеді. « Алаш » шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегеніне, іс жүзінде саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту « кезеңін » бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғанына қарамастан, қоғамдық-саяси өмірге араласа бастаған кезден түбірлі екі ұлттық мақсатты – қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамының өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгіледі. Қорытынды