Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік өзара әрекет — презентация
logo
Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік өзара әрекет
  • Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік өзара әрекет.
  • Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік өзара әрекет
  • Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік өзара әрекет
  • Масс- медия түрлері. Медиялық жаһандану
  • Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік өзара әрекет
  • Жаңа медиа" деп суреттелетін көптеген технологиялар әдетте манипуляциялайтын, желіде жұмыс істейтін, сығымдалған, интерактивті сандық форматта болады. Оның
  • Медиа – көп ақпараттар тарату құрылғысы, ұйымдастырылған техникалық кешен, кез-келген мәліметті ғаламтор, теледидар, газет, журналдар арқылы оқып, көріп,
1/7

Бердалы Берік Олжабаев Дамир Қойшыбай Ақан (Тарих-құқық негіздері 2 курс)

Изображение слайда

Слайд 2

Қазіргі уақытта көптеген елдерде цифрландыру дамудың стратегиялық басымдығы болып табылады. Әлемдік жетекші сарапшылардың болжамдарына сәйкес, 2020 жылға қарай әлемдік экономиканың төрттен бір бөлігі цифрлық болмақ, және мемлекетке, бизнеске және қоғамға тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін экономиканы цифрландыру технологияларын енгізу ауқымды және динамикалық үдеріске айналып келеді.

Изображение слайда

Слайд 3

Әлемнің 15-тен астам елі цифрландырудың ұлттық бағдарламаларын іске асыруда : Дания, Норвегия, Ұлыбритания, Канада, Германия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Аустралия, Жаңа Зеландия және Қазақстан. Қытай өзінің «Интернет плюс» бағдарламасында цифрлық индустрияларды дәстүрлімен ықпалдастырады. Сингапур « Ақылды экономиканы » қалыптастырады, Канада Торонтода АКТ- хаб құрады. Ал, Оңтүстік Корея « Креативті экономика» бағдарламасында адами капиталды дамытуға, кәсіпкерлікке және АКТ жетістіктерін таратуға бағыт алады, ал Дания мемлекеттік секторды цифрландыруды көздейді.

Изображение слайда

Масс медиа және бұқаралық коммуникация саласының қолданыс аясы күн өткен сайын қанатын кеңге жайып келеді. Сондықтан да осы саладағы орныққан тіркестер мен күнделікті қолданыстағы терминдер әрі кезеңге сай ана тілімізге өзге тілдерден еніп, тұрақтап жатқан сөздер де белгілі лексографиялық және лингвистикалық заңдылықтарға бағынады. Себебі, қазіргі таңда кез келген салада БАҚ- тың араласпайтын не қолданылмайтын саласы жоқ. Осыған орай, бүгінгі ақпарат ғасырында ауызекі және тілдік қолданыс аясын түрлі лексикалық топтар мен терминологиялық бірліктер нәтижесінде еселей толықтырып отырғанда, сан миллиардтаған аудиториямен қарым-қатынастағы масс медиа және коммуникация тілінің маңызын арта түсуі де заңдылық болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 5

Масс медиа және коммуникация қызметі – әлем халықтарының күнделікті бір-бірімен тілдесулері және өзара түсінісулеріне негіз қалай отырып, қазақ елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік мәдени және өзге де салалардағы тамаша табыстары мен жетістіктерін миллиондаған аудиторияға паш етуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған үш тілді меңгеру, яғни қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін – ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілін қазіргі заманғы « lingua franca» – халықаралық қарым-қатынас тілі ретінде күнделікті қолданысқа енгізу бағытындағы тілдің үштұғырлығы қағидатын орнықтыру міндеті – Қазақстанның әлемдік аренадағы саяси және экономикалық бағыттағы үдерістерге еркін кірігуіне де негіз қалауда. Әрі әлемдік аренадағы көшбасшы елдердің тәжірибелері мен жүріп өткен жолдарын саралай отырып, тың идеяларға негіз қалау да мемлекетіміздің серпінді дамуына жетелейтіні анық аксиома. Сондықтан да заман талабы мен уақыт сұранысына орай үш тілді анықтамалық сөздіктер шығару да қазіргі кезеңнің талап-тілегі екені ақиқат.

Изображение слайда

Сонымен қатар жаңа медиада контент онлайн режимде де қарқынды түрде әзірленуімен ерекшеленеді. Сондықтан да жоғары сапалы сандық тәсілмен плазмалы теледидардан бағдарламаның көрсетілу әлі де дәстүрлі медиа болып саналады да, ал қарапайым рок әншілердің интернеттегі сайттарынан тыңдармандардың әндерді жүктеп алып, пікірталқы ұйымдастыра алатын болса " жаңа медиаға " жатады

Изображение слайда

Жаңа медиа XX ғасырдың соңында фильм, сурет, музыка, ауызекі және жазбаша сөз тәрізді дәстүрлі медианы қамтитын компьютер мен коммуникациялық технологиялардың, компьютермен лайықталған құрылғылар мен Интернеттің интерактивті қызметтерін танытатын медиа ғылымда пайда болған термин. Бұл ұғымның ауқымы өте кең. Мысалы, жаңа медиа медиа контентке жатататын барлық мәліметтерге кез келген уақытта, әртүрлі компьютерлі құрылғылардың көмегімен қол жеткізіп, пікірлесуге, жаңа мәлімет енгізуге және бірнеше адамның бірігіп, ақпарат түзуіне мүмкіндік беруді де сипаттайды. Жаңа медианың келесі бір қыры медиа контентті жариялау, тарату, тұтыну және әзірлеудегі еркіндіктің берілуімен құнды. Жаңа медианың дәстүрлі медиадан айырмашылығы контенттің сандық форматта бит өлшемдеріне дейін ұсақталуында жатыр.

Изображение слайда

Похожие презентации