Первый слайд презентации
Дайындаған: МК231 тобының студенті Копжасар Ғани email : k.gani.kz@mail.ru Қазіргі қоғамдағы ғылымның функциялары: дүниетаным, танымдық, білім беру, мәдени, өндірістік
Слайд 2: Ғылым деген не?
Ғылым деген не деген сүраққа бір ғана жауап жеткіліксіз болады. Сондықтан, бірнеше жауаппен толықтырып көрейік. Ғылым – табиғат, коғам және ой жуйесі туралы жана білім жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын, әдістерін жене ғ ылыми апарат жуйесін, түгел қамтитьн зерттеу кызметінің саласы. Ол шынайы ақикатқа жетуге, заңдылыктарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде кұрылган білімнің жоғары нысаны. Ғ ылым – коғамдық сананын ерекше формасы ( күрделі, жан жакты ). Ғ ылым – білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жуйелі турде қ олдану нәтижесінде алынған негіздер. Ғ ылым – тек білімнің, фактілердін және т.б. жиынтығы ғана емес ол сондай-ак, коғамның мәдени-әлеуметік маңызды құбылыстарының бірі. Яғни ғылым дегеніміз бұл : 1 ) мәдениеттің бір саласы, 2 ) дуниетанымдық әдістің бірі ; 3 ) адамды жоне табиғатты қайта өңдеуші өндіргіш күш ; 4 ) арнаулы институт.
Слайд 3: Қазіргі қоғамдағы ғылымның маңызы
Қазіргі заманның ғаламдық мәселелерін шешуде ғылымның әлеуметтік күш ретіндегі функциялары өте маңызды. Оған мысал ретінде экология мәселесін келтіруге болады. Ғаламшардағы табиғи ресурстардың сарқылуы, ауаның, судың, топырақтың ластануы сияқты қоғам мен адамға қауіпті құбылыстардың негізгі себептерінің бірі – ғылыми-техникалық прогресстің қарқындылығы екені белгілі. Демек, бүгінгі күні адам ортасында болып жатқан түбегейлі және зиянсыз өзгерістердің факторларының бірі – ғылым. Мұны ғалымдардың өздері де жасырмайды. Қоршаған ортаның қауіптілігінің масштабы мен параметрлерін анықтауда ғылыми деректер жетекші рөл атқарады.
Слайд 4: Дүниетанымдық функция
Дүниетанымдық функция, әрине, біріншісімен тығыз байланысты, оның негізгі мақсаты – ғылыми дүниетаным мен дүниенің ғылыми бейнесін дамыту, адамның дүниеге қатынасының рационалистік аспектілерін зерттеу және оны негіздеу, ғылыми дүниетанымның негіздемесін беру: ғалымдар дүниетанымдық әмбебаптар мен құндылық бағдарларды дамытуға шақырылады, дегенмен, әрине, бұл мәселеде философия жетекші рөл атқарады.
Слайд 5: Танымдық функция
Танымдық функция ғылымның өз мәнімен беріледі, оның негізгі мақсаты – табиғатты, қоғамды және адамды тану, дүниені рационалды-теориялық тұрғыдан түсіну, оның заңдылықтарын ашу, құбылыстар мен процестердің алуан түрлілігін түсіндіру, болжамдық қызметті жүзеге асыру, яғни жаңа ғылыми білім шығару.
Слайд 6: Білім беру функциясы
Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі. Бұл қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты ; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі. Ж үйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі.
Слайд 7: Мәдени-ағартушылық функциясы
Мәдени-ағартушылық функциясы негізінен ғылымның мәдени құбылыс, адамдардың мәдени дамуы және білім беру факторы екендігінде жатыр. Ғылым жетістіктері, идеялары мен ұсыныстары бүкіл оқу процесіне, бағдарлама жоспарларының, оқулықтардың мазмұнына, оқыту технологиясына, формалары мен әдістеріне айтарлықтай әсер етеді. Бұл жерде жетекші рөл педагогика ғылымына тиесілі екені сөзсіз.
Слайд 8: Өндірістік-технологиялық функция
Өндірістік-технологиялық функция өндіріске инновацияларды, жаңа технологияларды, ұйымдастыру нысандарын және т.б. енгізуге арналған.