5 дәріс. Шығындарды басқару және күнделікті шығын есебі — презентация
logo
5 дәріс. Шығындарды басқару және күнделікті шығын есебі
  • 5 дәріс. Шығындарды басқару және күнделікті шығын есебі..
  • Жоспары: (қаралатын сұрақтар тізімі)
  • 5 дәріс. Шығындарды басқару және күнделікті шығын есебі
  • 5 дәріс. Шығындарды басқару және күнделікті шығын есебі
  • 5 дәріс. Шығындарды басқару және күнделікті шығын есебі
  • 5 дәріс. Шығындарды басқару және күнделікті шығын есебі
  • 5 дәріс. Шығындарды басқару және күнделікті шығын есебі
  • 5 дәріс. Шығындарды басқару және күнделікті шығын есебі
  • 5 дәріс. Шығындарды басқару және күнделікті шығын есебі
  • 5 дәріс. Шығындарды басқару және күнделікті шығын есебі
  • Өнімнің өзіндік құнын талдау объектісі болып келесі көрсеткіштер табылады:
  • 5 дәріс. Шығындарды басқару және күнделікті шығын есебі
  • Өнеркәсіпте негізгі калькуляциялық баптардың келесі номенклатурасы қолданылады:
  • 5 дәріс. Шығындарды басқару және күнделікті шығын есебі
  • 5 дәріс. Шығындарды басқару және күнделікті шығын есебі
  • Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары. Шығындарды жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады.
  • 5 дәріс. Шығындарды басқару және күнделікті шығын есебі
  • 5 дәріс. Шығындарды басқару және күнделікті шығын есебі
  • Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
  • Ұсынылған әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
1/20

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспары: (қаралатын сұрақтар тізімі)

Изображение слайда

Слайд 3

Өнімнің өзіндік құны-бұл кәсіпорынның өнімді өндірумен және өткізумен байланысты барлық шығындарын ақшалай нысанда білдіретін, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен бірлестіктердің қызметінің маңызды экономикалық көрсеткіштерінің бірі. Өнімнің өзіндік құны кәсіпорынға олардың шығаратын өнімі қаншаға түсетінін көрсетеді. Өнімнің өзіндік құнына өнімге өткізілген еңбектің шығындары (негізгі қорлардың амортизациясы, шикізаттың, материалдық, отынның және басқа да материалдық ресурстардың құны) мен кәсіпорындардың жұмысшыларының еңбек ақысына шығындар енгізеді.

Изображение слайда

Слайд 4

Толық өзіндік құн өнімді өндіруге ғана емес, сонымен қатар оны өткізуге де барлық шығындарды сипаттайды. Цехтік өзіндік құн өнімді өндіру осы цехтың шығындарын қамтиды. Салық өзіндік күн жекеленген кәсіпорындардың жұмыс нәтижелеріне, сол сияқты бүкіл сала бойынша өндірісті ұйымдастыруға байланысты. Жалпы, зауыттық өнімді өндіруге кәсіпорынның барлық шығындарын көрсетеді. Өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құнының төрт түрін ажыратады.

Изображение слайда

Слайд 5

Өнеркәсіптік өнімді өндіруге шығындар алғашқы экономикалық элементтер және шығындар баптары бойынша жоспарланады және есепке алады. Алғашқы экономикалық элементтер бойынша топтау кәсіпорынның материалдық ресурстарға жалпы қажеттіліктерді, негізгі қорлардың амортизацияға сомасын еңбек ақы төлеуге шығындарын және кәсіпорынның басқа да ақшалай шығындарды анықтайтын, өндірістік шығындар сметасын жасауға мүмкіндіктер береді. Мұндай топтау өзіндік құн бойынша жоспардың техпромфин жоспардың басқа бөлімдерімен келістірілуі үшін, айналым құралдарын жоспарлау үшін олардың пайдалануын бақылау үшін қолданылады.

Изображение слайда

Слайд 6

Өнеркәсіпте экономикалық элементтер бойынша шығындардың келесі топтамасы қабылданған:

Изображение слайда

Слайд 7

Экономикалық элементтер шығындарды топтау кәсіпорының шығындарын жеке өнім түрлері мен басқа шаруашылық қажеттіліктерді бөлусіз материалдық және ақшалай шығындарды көрсетеді. Өзіндік құнды нақты төмендетуді білдіретін үнемдеу факторлардың келесі құрамы бойынша есептеледі : Өндірістің техникалық деңгейін арттыру. Бұл жаңа, прогресивті технологияларды енгізу, өндірістік процестерді механизациялау және автоматизациялау; шикізаттар мен материалдардың жаңа түрлерін пайдалануды және қолдануды жақсарту; өнімдердің конструкциясы мен техникалық сипаттамаларын өзгерту; өндірістің техникалық деңгейін арттыратын басқа да факторлар. Осы топ бойынша өнімнің өзіндік құнына ғылыми-техникалық жетістіктер мен алдыңғы қатарлы тәжірибенің ықпалы талданады. Әрбір іс-шара бойынша өндіріске кеткен шығындарды төмендету мен сипатталатын экономикалық тиімділік сипатталады.

Изображение слайда

Слайд 8

Іс-шараларды іс жүзіне асырудан болатын тиімділік (үнемдеу) өнім бірлігіне шығын мөлшерлерін іс шараларды енгізуге дейін және одан кейін салыстыру және алынған айырмашылықты жоспарланатын жылдағы өндіріс көлеміне көбейту арқылы анықталады: Э - тікелей ағымдық шығындардың үнемделуі, С с - іс-шараларды енгізуге дейінгі өнім бірлігіне тікелей ағымдық шығындар, А н - іс шараларды енгізуден бастап жоспарланатын жылдың соңына дейін өнімнің натуралды бірлігіндегі көлемі. Өнімнің көлемін және құрылымын өзгерту арқылы жағдайлы-тұрақты шығындарды, амортизациялық төлемдерді азайтуға болады және өнім номенклатурасы мен ассортиментін өзгертуге, оның сапасын жоғарылатуға болады және ол өнімнің өзіндік құнын азайтады. Э = (С с -С н )* А н

Изображение слайда

Слайд 9

Жағдайлы -тұрақты шығындар арқылы үнемдеу мөлшері келесі формула арқылы анықталады : Мұндағы Э п - жағдайлы-тұрақты шығындардың үнемдеу мөлшері; П с - базис жылындағы жағдайлы тұрақты шығындар сомасы; Т- базис жылымен салыстырғандағы тауар өнімдерінің өсу деңгейі. Табиғи ресрстарды пайдалануда жақсарту. Мұнда келесі жағдайлар қарастырылды: шикізат сапасы мен құрамының өзгерісі, табиғи ресурстарды жер қойнауынан алу әдістері және оларды дайындау; басқа табиғи жағдайлардың айнымалы шығындардың мөлшеріне әсерін көрсетеді. Олардың өзіндік құнды азайтуға әсерін талдау өңдеуші өндіріс салаларының әдістерін негізге ала отырып жүргізіледі. Салалық және басқа да факторлар, олар: жаңа өндірісті, цехтарды, өндіріс бірлігін енгізу және жүзеге асыру; Жұмыс істеуші өндірістен жаңа өндірісті дайындау және жүзеге асыру; басқа да факторлар. Ескі цехтарды ликвидациялау және жаңа цехтарды енгізу, өндірістерді жоғары техникаландыру нәтижесінің ең жоғарғы көрсеткіштерін пайдалана отырып, өзіндік құнды азайту үшін резервтерге талдау жасалуы қажет. Э Я =(Т*Я С )/100

Изображение слайда

Слайд 10

Резевтерде сонымен қатар жаңа өнімдерді дайындау және өндіру, жаңа технологиялық процестерді қолдану, жаңа цехтарды енгізу уақытысына шығындарды азайту арқылы өзіндік құнды азайту қарастырылады. Шығындарды өзгеру сомасын есептеу формуласы келесі түрде көрсетіледі: Мұндағы, Э п - өндірісті дайындау және іске қосу шығындарының өзгерісі; С 0,С } - базисті және есепті жылдағы шығындар соммасы; Д 0,Ді - базисті және есепті жылдағы тауар өнімінің көлемі. Э п = (С х / Д 1 - С 0 / Д 0 )*Д 1

Изображение слайда

Слайд 12

Экономикалық элементтер шығындарды топтау кәсіпорының шығындарын жеке өнім түрлері мен басқа шаруашылық қажеттіліктерді бөлусіз материалдық және ақшалай шығындарды көрсетеді. Экономкалық элементтер бойынша өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтау мүмкін емес. Сондықтан экономикалық элементтер бойынша шығындарды топтаумен қатар өндіріске шығындар шығындардың баптары (калькуляция баптары) бойынша жоспарланады және есепке алынады. Шығындар калькуляциялық баптар бойынша топтау шығындарды оларды орны мен қолданысы (мақсаты) бойынша көру, кәсіпорынға жеке өнім түрлерін өндіру және өткізу қаншаға түсетінін білу мүмкіндігі. Калькуляция баптары бойынша өнімнің өзіндік құнын жоспарлау және есепке алу өзіндік құнның осы деңгейі кандай факторлардың ықпалымен қалыптасқан, оны төмендету үшін күресті қандай бағыттарда жүргізу қажет екендігін анықтауға мүмкіндіктен береді.

Изображение слайда

Слайд 14

Шығындардың алғашқы жеті бабы фабрикалық – зауыттық өзіндік қ ұ нды қ ұ райды. Толық өзіндік қ ұ н фабрикалық – зауытты қөзіндік қ ұ ннан ж ә не өндірістік емес шығындардан қалыптасады. Өнімнің өзіндік құнына енгізілетін кәсіпорынның шығындары жанама және тікелей болып бөлінеді. Тікелей шығындарға өнімді шығарумен тікелей байланысты және оның жеке түрлері бойынша тікелей жолмен есепке алынатын шығындар жатады: негізгі материалдардың, техникалық мақсаттарға, отынның, энергияның құны, негізгі өндірістік шығындардың еңбекақысы және т.б. жатады. Жанама шығындарға өнімнің нақты түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызу мүмкін емес немесе тиімсіз болып табылатын шығындар жатады: цехтік, жалпы зауытттық, құралдарды сақтау және пайдалану бойынша шығындар. Өнімнің өзіндік құны (ӨӨҚ) тауарға баға тағайындаудың базасы және пайданың болашақ мөлшерін айқындайтын инструмент. ӨӨҚ өндіру сатыларына байланысты: цехтық, зауыттық немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөлінеді. Өнімнің цехтық өзіндік құн - бүған өндірілетін өнімге цехта, учаскелерде, бригада да шыққан шығын кіреді. Өндірістік өзіндік құн - бұл цехтық шығындар + жалпы зауыттық, өндірістік шығындар. Жалпы өндірістік шығын (Ә жөш ) коэффициент арқылы беріледі. Мысалы, цехтың шығындарға шаққандағы жалпы өндірістік шығынның коэфициенті 0,5 болса, ӨӨҚ = 1+ 0,5=1,5 ЦӨҚ ӨӨҚ=ЦӨҚ(1+Ә жөш )

Изображение слайда

Слайд 15

Өнімнің толық өзіндік құны. Өзіндік қүн + өнімді өткізуге кететін шығындар. ТӨҚ = ӨӨҚ (1+0,03) мұндағы 0,03 коэфициенті өндіріспен байланысы жоқ шығындар мөлшері. ӨӨҚ қолдану мақсатына қарай (жоспарлау, есептеу, талдау, т.б) бірнеше түрге бөлінеді: өнімнің жалпы, тауарлы немесе сатылған өнімнің өзіндік кұны, салыстыратын өнімнің өзіндік құны, өнім бірлігінің өзіндік құны болып және т.б. болып бөлінеді. Сонымен бірге өнімнің өзіндік құны жоспарлы, болжамды, (есеп) нақтылы деп бөледі. Жоспарлы өзіндік құн - бүл қажетті шығындар, ғылым мен техника жетістігіне ұйымдастыру жағдайына баланысты. Болжамды есеп өзіндік құн - бұл техникалық - экономикалық есептер ескерілуі, қандай жаңалықтар енгізілгенін т.б ғылыми жетістіктерді ескереді. Нақтылы өзіндік құн - барлық өнімге шаққандағы нақты шығындар және өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құн.

Изображение слайда

Слайд 17

Ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын – энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру. Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын, бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек. Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. өндіріс тиімділігін, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттыру.

Изображение слайда

Слайд 18

Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбекің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық – техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми – техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады. Өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысанын, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.

Изображение слайда

Слайд 19: Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:

Изображение слайда

Последний слайд презентации: 5 дәріс. Шығындарды басқару және күнделікті шығын есебі: Ұсынылған әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:

Узакбаева А. Понятие заработной платы как правовой категории // Фемида. - Алматы, 2014. - № 6. Управление персоналом организации/ Под ред. Кибанова А.Я.: М., Инфра,2012 Сейдахметов Ж. Эволюция тарифных систем оплаты труда в Казахстане// Труд в Казахстане. - Алматы, 2018. - № 2.

Изображение слайда

Похожие презентации