Первый слайд презентации: ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ФОРМАЛАРЫ
Слайд 2
Жеке адамды жан – жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғи қозғалыстың түрлері : жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика, снарядта жаттығу. Дене тәрбиесі саласында ырғақ және гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Сабақтар мен сыныптан тыс дене тәрбие жұмыстарында күн ырғағы, дене жаттықтыру, организмді шынықтыру, тамақтану гигиенасы, ұйқы т.б. жөнінде оқушылар нақты білім алуы тиіс.
Слайд 3
Мектепте дене тәрбисін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың істейтін жұмыстарының мазмұнына кіретін негізгі мәселелер : Шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау. Мектеп ғимаратына, жұмыс жабдыттарын спорт өткізілетін орындарға қойылатын санитарлық – гигиеналықталаптарды орындау, оқушыларды жеке және қоғамдық гигиенаға дағдыландыру. Оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту дене шынықтыру және суықтыру жұмыстарын тиімді өткізуді қажет етеді.
Слайд 4
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында, спорттықө базаларда іске іске аыру үшін төмендегі талаптарды – міндеттерді еске алған жөн : Оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу. Шәкірттердің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру. Спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
Слайд 5
Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына : дене шынықтыру сабақтары, сыныптан тыс жаппай спорт жұмыстары мектептен тыс жаппай спорт жұмыстары Дене шынықтыру сабақтары мемлекеттік оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Онда жаттығулардың тізімдері, түрлері,сонымен қатар теориялық білімді меңгерудің мазмұны берілген. Дене тәрбиесі сабақтарында оқушылардың қозғалу белсенділігін, ақыл-ой іс-әрекетіне жүзеге асырудың негізгі педагогикалық талаптары қарастырылған.
Последний слайд презентации: ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ФОРМАЛАРЫ
Сыныптан тыс жаппай жаттығу жұмыстарында оқушылар сабақтан алған теориялық білімдерін практика жүзінде жүзеге асырады және толықтырады. Мектеп ұжымында спорт секциялары жұмыс істейді, спорттың түрлерінен жаппай жарыстар өткізіледі, қоғамдық нұсқаушылар мен төрешілер дайындауда жоспарлы түрде жұмыс ұйымдастырылады, оқылар спорт жұмысының көптеген түрлеріне қатысады. Мектептен тыс спорт жұмыстары оқушылардың тұрғын уйлерінде, балалар және жасөспірімдердің спорт мектептерінде, балалардың туристік станцияларында, мәдениет практикаларының балалар секторларында, спорттық базаларда( стадион, жүзу бассейндері, мұз айдыны,т.б.)ерікті спорт қоғамдарында, қала және қаладан тыс лагерьлерінде өткізіледі.