Первый слайд презентации: Оқуға құштар мектеп» жобасы-оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру жолдарының бірі
С.Л.Турсункулова Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Слайд 2
Оқу сауаттылығы – жазба мәтіндерді түсіну, өз мақсатына жету үшін оның мазмұнын қолдану, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен мүмкіншіліктерін дамыту қабілеті. « Оқу сауаттылығы » термині кең мағынада қарапайым оқу біліктілігін емес, мәліметтерді айқындай білу қабілеттімен анықталады. Мектеп жасындағы балалардың тек оқу техникасын меңгеруі қазіргі таңда қабілеттілік болып есептелмейді. Оқу сауаттылығы туралы түсінік білім алушылардың әртүрлі форматтарда берілген мәтіндерді түсіне білуі, олардың мәні мен мазмұнын түсініп тұжырымдауы және білім алушылардың мектептен тыс уақыттарда, әртүрлі өмірлік жағдаяттарды шешуде оқығанын қолдана білу іс-әрекеттеріндегі қызметтерін бағалауға негізделген.
Слайд 3
Телевизия, компьютер және бейне ойындар басым болған ғылымитехникалық ғасырда балалар оқуға қызығушылықтарын жоғалтып алды, бірақ, әлемдегі ақпарат көлемі әр онжылдықта екі еселеніп отырады. Осыған байланысты дұрыс, саналы және көркем (мәнерлеп) оқуды қалыптастыру мәселесі пайда болды. Ол әр мұғалімді алаңдатады, себебі, оқылым бала тұлғасының дамуы мен білім алуында өте маңызды рөл атқарады, мағыналық оқуды қалыптастыру, Қазақстан Республикасының МЖМБС жүзеге асырудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Бағдарламаны іске асыру білім беру кеңістігінің қарқынды дамып келе жатқандығына, мектептен тыс және оқудан тыс ақпарат көздерінің кеңеюіне, инновациялық сандық технологиялар пайдаланылуына әкелді. « Кітап оқу – мұның өзі әлі ештеңені білдірмейді, нені оқу және оқығанды қалай түсіну – басты нәрсе міне осында» К. Д. Ушинский
Слайд 4
Мұғалім міндеті – балалардың мәтіндегі барлық ақпаратты қабылдауын, терең және толыққанды түсінуін ұйымдастыру, автормен бейнеленген суретті өз ойында салуына көмектесу, автор мен кейіпкердің сезімдеріне эмоционалды жауап қайтару, автордың оқырмандарға бергісі келген ойын мүмкіндігінше көре білу. Басқаша айтқанда - оқу біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, маңыздылары: • шығарма авторымен суреттелген бейнені өз алдына елестету білігі; • кейіпкерлер мен авторға қолдау көрсету; • шығарманың негізгі ойын, оның идеясын түсіну; • өз көзқарасын түсіну және ауызша немесе жазбаша түрде оны жеткізу Мектепте оқу іс-әрекетін ұйымдастыру процесі тұтастай алғанда білім беру қызметін қалыптастыруда және оқушылардың шығармашылық әлеуетін барынша ашуда жетекші рөл атқарады. Оқушылардың оқу іс-әрекетінің жүйесін ұйымдастыру үшін оқырмандардың күнделіктерін жүргізу, «Кітап апталығы» (жылына 1 рет), оқырмандар конференциялары, оқырмандар сайысы, театр қойылымдары, «Кітап апталығы», «Кітапқа бару», «Менің достарым оқыды», «Менің отбасым және кітап», «Кітапхананың керемет әлемі», «Адамдар мен кітаптар» атты фото-акциялар. «Менің отбасымның сүйікті кітаптары», «Біздің мектеп электронды кітапханасы» және т.б іс-шаралар ұйымдастырылуы керек..
Слайд 5
Алғашқы қадам оқырман құзіреттілігін қалыптастыру бағытында, әрине, бастауыш мектеп болуы тиіс. Жаңа стандарттарда бастауыштағы оқушының оқу құзыретін қалыптастыру үшін әдеби оқу үйрену басымдық болып табылады. Әрине, адамның кітапқа деген қатынасы бастауыш мектеп жасында қалыптасады. Бастауыштан кейін оқырманның кітапқа деген көзқарасы белсенді немесе әлсіз бе деген сұрақтың жауабын айта аламыз. Мектеп баланың жадын дамытуға қайта бағытталған бұл күндері кітаптардың рөлі өзгеріссіз қалып отыр. Осы орайда, балалар оқуының теоритиктері оқырмандар құзыреттілігін қалыптастырудың төрт кезеңін көрсетеді : дайындық 1-ші сынып ; бастауыш 2-ші сынып ; - негізгі 3 - сынып ; - қорытынды 4- сынып Оқырман сауаттылығын дамыту үшін мұғалім оқушыларға оқулықтан, көркем әдебиетті және басқа да ақпараттың көздері арқылы кітап оқу өнерінен жүйелі түрде білім беруі керек. Кітап оқу әрекетін үйрету - бұл оқырманның кітап оқуды дәйекті, қызықты, тұрақты және өз бетінше оқып шығуға үйретуді білдіреді. Баланың кітап оқу іс-әрекетін ұйымдастыру оның шығармашылық қиялы мен оның құрылымына сүйенуді қажет ететінін ескеру керек. Заманауи оқушыны интерактивті тақталар, ақпараттық электронды кітаптар, онлайн- кітапханалар қанағаттандырады. Бұл тізім күн сайын толығып келеді. Монитор экранынан оқу - кітап оқудан мүлдем өзгеше, бүгінде оқудың жаңа түрі болды.
Слайд 6
Оқушының оқырмандық дағдысының қорытындысы бойынша «Менің жетістігімнің парағын» толтыруға ұсынуға болады. Икем мен дағдылар 1 сынып 2 сынып 3 сынып 4 сынып Буын бойынша оқу Буын бойынша және сөзді толыққанды оқу Қатесіз ( орташа мөлшердегі қателікпен ) Мәнерлеп оқу Мәтін сұрақтарына жауап беру Мәтін мазмұнын айту Оқылған кітаптар туралы пікір қалдыра білу ( ауызша және Ескерту : параққа бағалау сандарынн немесе шартты белгілерін қоюға болады ( оқушы мен мұғалім ұйғарған )
Слайд 8
Оқушыны өз жұмысын тәжірибесімен салыстыруға және жадынама құрастыруға, оқушыларға жадынаманы ескертуді жалғастырамыз. Жадынамаға пайдалы кеңестерді қосуға болады. Мұндай жоспарға мысал ретінде : ЖАДЫНАМА Өзіндік білім алу жұмыстарының негізгі түрі жүйелі оқу болып табылады. Оқу барысында мыналарды есте сақтау керек : Дұрысы аздап оқысаң да, дұрыстап оқы. Кітапқа « беріліп оқу » - ең нәтижелі жұмыс. 2. Кітап таңдау үлкен маңызға ие. Егер кез-келген мәселе бойынша оқығыңыз келсе, ең алдымен білетін адамдармен кеңесу керек немесе осы мәселе бойынша ұсынылатын кітаптар тізімдерін жинақтау қажет. Ең жақсы, ең қажетті кітаптарды таңдап алыңыз және ал оларды әліне қарай оқуды бастау керек. Өз қалауымен оқылған кітаптарды дәптерге тізіп жазып отырған дұрыс. 3. Оқи отырып кідіріс жасаңыз, оқығанын бойынша өзіңізге есеп беріңіз. Таныс емес сөздердің мәнін түсіндірме сөздіктен оқып алу, мағынасын және қай кезде қолдануға болатынын біліп алып, сөйлемге мысал келтіріп, жеке дәптеріңізге жазып қойыңыз. Кідірістеуге мәжбүр болатын әрі түсінуге қиын тұстарды жаймен және бірнеше рет қайталап оқып шығыңыз. Оқи отырып, ненің шын, ал ненің ойдан шығарылғанын аңғару. Содан кейін түсініксіз жерді, оның ішінде нақты ненің түсініксіз екенін жазып алу. Түсінбеген жерді жауапсыз қалдыруға болмайды : оны біреуден сұраңыз, немесе қандай да бір кітаптан жауабын табу керек. 4. Әрбір тарауды оқығаннан кейін, жадыда қалған мазмұнын дәптеріңізге жазып алыңыз. Оқырман мұндай жазуға дағдыланбаса, алдымен газет мақалаларының мазмұнын жазуға тырыссын. 5. Егер оқылған кітапта қандай да бір ой таңғалдырса немесе ұнайтын болса, оны жазу кітапшасына жазуы керек. Жады бойынша жазу өте жақсы, оны мәтінмен салыстырыңыз, содан кейін нақты мәтінді жады бойынша тағы бір рет жазыңыз. Ол басқа адамдардың ойларын дәл жеткізе білу дағдысын дамытады және бұл дағды өте маңызды. 6. Сондай-ақ, дәптеріңізге есте сақтау қажет барлық нәрселерді жазыңыз : оқиғалардың жылдары, атаулары, сандары.Тек қана сандарды жазу ғана емес, сонымен қатар мәселені жақсы бейнелейтін оларға сәйкес диаграмма жасау да көбіне пайдалы болады. 7. Кітапты оқығаннан кейін сіз жаңа кітаптың не бергенін білуіңіз керек - олай болмаса, сол тақырып туралы тағы не білуіңіз керек, оқырман автормен неге келіседі немесе неге келіспейтіні білуіңіз керек
Слайд 9
Оқырманның күнделік үлгісі Кітаптың атауы, автор Басты кейіпкер Қысқа мазмұны (3-4 сөйлем ) Сенің шығармаға деген көзқарасын Тақырыпқа қатысты мақал
Слайд 13
Қорытынды Оқу іс-әрекетін қалыптастыру қазіргі заманғы оқу-тәрбие үдерісінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінде оқу іс-әрекеті жеке бір қасиет, ол мектеп оқушыларының оқудағы негізгі мақсаты мен объективті көрсеткіші болып табылады. Оқырман қызметі оқуға арналған материалды саналы түрде таңдауда, алынған білім, білік пен дағдыларды оқу процесінде тиімді пайдалану мүмкіндігінде үнемі қажеттілікке ие. Оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда тиімді болады. Қазіргі оқушылар жиі оқуға, соның ішінде көркем әдебиетке, прагматикалық қарым-қатынастарға ие болған жағдайда, «іскерлік» әрекетін жасайды, мұғалімнің негізгі міндеті - баланың ішкі, жеке бастамаларын ояту, автормен сұхбаттасуға саналы көзқарас, оқушылардың шығармадан өмірлік маңызды сұрақтарға жауап іздеуіне жағдай жасау. Бұл эстетикалық оқырмандардың белсенділігіне ынталандыру бола алады
1. А лғашқы өңдеу - тақырыбы - идеясы - кейіпкерлері 2. Ақпараттық ізденіс - Неге? Қалай? Не себепті? Кім кінәлі?деген сұрақтарға мәтіннен жауап іздейді 3. Ақпаратты өңдеу - интерпретация /талдайды, түсіндіреді, өзгертеді/
Слайд 16: М. П. Воюшина көркем шығарманы қабылдаудың төрт деңгейін көрсетеді. І. Фрагментарлық деңгей:
Артықшылығы - Үзіндіні оқиды - Кейіпкерлерді біледі - Себебін айта алады - Оқиғаны айтқанда да шатастырады Кемшілігі - Оқиғаның салдарын түсіндіре алмайды - Шығарманы қайтып толық айтып бере алмайды. - Кейіпкерді талдай алмайды
Слайд 17: М. П. Воюшина көркем шығарманы қабылдаудың төрт деңгейін көрсетеді ІІ. Айқындауыш деңгей
Артықшылығы Зейіннің дамуының негізінде балалар фабуланы еске сақтайды, Кейіпкерлердің істерін қалпына келтіре алады, Мәтінді қайта айтып бере алады. Әдетте ол кейіпкерлердің жекелеген іс-әрекеттерінің себептерін түсіндіре алады Қабылдау деңгейіндегі баланың эмоциялары дәл және жарқын, ө йткені ол шығармадағы көңіл-күйдің ауысуын көреді.. Кемшілігі Білім алушы кейіпкердің қандай екенін айту орнына оны сипаттай бастайды, оқиғаларға арасындағы байланысты әрдайым түсіне бермейді. барлық мән-жайларды ескеру ол ү шін қиынға соғады.
Слайд 18: М. П. Воюшина көркем шығарманы қабылдаудың төрт деңгейін көрсетеді ІІІ. Кейіпкерлік деңгей
Артықшылығы мәтіннің егжей-тегжейіне баса назар аудара алады, оны тек оқиғалар ғана емес, кейіпкерлердің бейнелері де қызықтырады. кейіпкерлер қылықтарының себептері мен салдарын дұрыс анықтайды, кейіпкерлердің іс-қимылына өз-көзқарастарын білдіреді. ЕСКЕРТУ!!! Бастауыш мектепте оқуды аяқтаған оқушы үшін кейіпкер деңгейі ( аналитикалық ) норма болып табылады. Егер бала көркем шығарманы өз бетінше қабылдау деңгейі төмен болса,онда ол әдеби дамуды артта қалдырады. Артта қалу себептері әртүрлі : - оқу бағдарламаларының жетілмегендігі, - нашар оқыту - дамудағы жалпы артта қалу
Слайд 19: М. П. Воюшина көркем шығарманы қабылдаудың төрт деңгейін көрсетеді ІҮ. Идеялар деңгей
Артықшылығы Шығарма идеясының деңгейіне жеткен білім алушылар шығарманың оқиғалы жағына ғана емес, оның көркемдік түріне де эмоционалды түрде жауап береді. Осындай оқушылардың эмоциялары нәзік, реңге бай және балалар оларды сөзде білдіруге және олардың пайда болу себептерін түсіндіруге тырысады. Батырға және оның іс-әрекетіне деген көзқарас әрдайым саналы болып келеді. Балалар шығармадағы эмоциялар динамикасын ұ стап, эмоционалдық атмосфераның ө згеру себептерін көреді. Мұндай балалардың ө з бетінше қиялдарына емес, жеке тәжірибесіне сүйене отырып, оны талдайды. ө
Слайд 20: Оқудың 4 түрі
Көз жүгіртіп оқу \Сканирование/ Нақты ақпараттарды ғана қарап шығамыз Көз жүгіртіп оқу барысында нені ескеруіміз керек? Мақсатым : Мәтіннен қандай ақпарат табу керек ? Материалы: Мен қайдан қажетті апараттарды алуым керек? Макеті : Бұл ақпарат қайда орналасқан? Қандай формада берілген?
Слайд 21: Оқудың 4 түрі
Маңыздысын айқындап оқу, Кілегейді алу \ Скимминг (снятие сливок) \ Ауқымды материалды аз уақытта оқуға арналған түрі. Материалдың негізгі идеясын түсінуге арналады. Бұл зерттеу дағдысын қалыптастыруға бағыттайды. Маңыздысын айқындап оқу барысында нені ескеру керек? Мақсаты : Бұл материалдан маған не қажет ? Басты идеясы : Қайсысы негізгі ойы мен басты ақпарат ? Қосымша ақпарат : Бұл негізгі ойы екеніне мен қалай сенімді боламын ? Қай уақытта скимминг жасауға болады? Тауар алатын кезде, фильм көретін кезде пайдалан ; Аяқ асты презентация жасайтын уақытта ;. Жедел зерттеу жүргізу барысында. Бірнеше ақпараттың бірнеше абзацын оқып шығып, негізгі ойды анықта. Таныс материалдарды қайта шолу кезінде Өте көп ақпараттарды а уақытта қарап шығу кезінде
Слайд 22: Оқудың 4 түрі
ІІІ. Жедел оқу \Интенсивті оқу\ Мақсаты: Ақпаратты ұзақ есте сақтау. Маңызды ақпараттарды түртіп отырып оқу. - академиялық оқу - қайталап оқу - астын сызып оқу / маңызды ойлардың астын сызу/
Слайд 23: Оқудың 4 түрі
Рахаттана оқу \ Экстенсивті оқу\ Материалды өзің таңдайсың. Әр ойды талдап оқисың. Салыстыра оқисың Ұнаған жеріне өзің пікір жазып оқисың Уақыт шектелмейді
Слайд 24: Әдебиетті талдау негізінде оқытудың толыққанды уәждемесін қалыптастыруға жағдай жасау шарттары
- барлық білім алушыларға адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру - оқытудың инновациялық технологияларын қолдану арқылы балалардың қызметін жандандыру ; - мазмұнды жеке тұлғаға бағытталған және қызықты материалдармен байыту ; - оқу кезінде педагогпен және сыныптастармен қарым-қатынас жасау қажеттілігін қанағаттандыру ; - педагогтың білім алушылармен фасилитациялық / шектен шықпау / өзара іс - қимылын жүзеге асыру ; - білім алушының нәтижелеріне педагогтың объективті бағалау қарым-қатынасын қолдану ; - танымдылық пен танымдық қызығушылықты қалыптастыру ; - білім алушылардың проблемалық жағдайларды шешу және оқу қызметіндегі қиындықтарды жеңу үшін жағдай жасау ; - өз мүмкіндіктерін барабар өзін-өзі бағалауды қалыптастыру ; - өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылдыру ; - білім алушының табысты болуының алғышарты ретінде табысқа жету жағдайын жасау ; - оқу саласына жауапты қарым-қатынасты тәрбиелеу, борыш сезімін қалыптастыру қарастырылады.
Слайд 25: МӘТІНДІ ОҚУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ӘДІСТЕР:
І. Мәтіналды жұмыс 1. Анонс –жарнама / мұғалім де, оқушы да жасауы мүмкін/ 2. Мәтінді оқудың нұсқаулығы / оқушымен бірге отырып жазылады/ ІІ. Мәтінмен жұмыс 1. Мәтінді оқу түрін таңдау 2. Мәтіндегі кейіпкерлер әлемі 3. Эмоционалды картаны толтыру 4. Графикалық органайзерлермен жұмыс ІІІ. Мәтіннен кейінгі кезең 1. «Бұл кейіпкерді қалай өзгертуге болады? 2. Мәтіннен репортаж/ подкастинг 3. Монолог
Последний слайд презентации: Оқуға құштар мектеп» жобасы-оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру жолдарының: Мәтінмен жұмыстың 4 ресурсы» әдісі
Ұсынылып отырған әдіс артықшылықтары : Тыңдаушының мәтінмен жеке жұмыс жасауына мүмкіндік береді ; Мәтіннен алған білімін ө збетінше бағалай алады ; Мәтінмен ө мірді байланыстыруына мүмкіндігі бар сыни ойлауын дамытады. Мәтін Мәтін бойынша туындаған сұрақтар Мәтіндегі маған ұнаған/ұнамаған үзінділері. Себебі... Бұл мәтін де қандай мәселе көтеріліп тұр? Туындаған мәселені мен қалай шешер едім?