Первый слайд презентации: Екпін және оның түрлері
Орындаған: Касенова Талшын,Тайболатова Саружан
Слайд 2
Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы. Екпіннің ғылыми атауы ацентуация Екпін өзара 3-ке бөлінеді ; Сөз екпіні Ой екпіні Тіркес екпіні
Слайд 3
Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады. Динамикалық екпін фонациялық ауаның қарқыны,буынның күшімен байланысты болады да,басқа буындардың ішінде бір буынның айрықша көтеріңкі айтылуына негізделеді. Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленіп,дауыс шымылдығының дірілінің жиілеуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады. Екпіннің бұл түріне ие тілдер: корей, дүнген, япон, серб, литва және тағы басқа тілдер Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстының созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті екпін деп аталады.
Слайд 4
Тілде екпіннің түрлері араласып келеді де, оның бір түрі басым болады. Кейбір тілде динамикалық екпінге квантативті екпіннің қосылуы да мүмкін. Орыс тілінде сөз құрамындағы екпін түскен буын, біріншіден, жоғары қарқынмен, көтеріңкі айтылса, екіншіден, ондағы дауысты дыбыс басқа буындардағы дауыстыға қарағанда созылыңқы айтылады. Неміс тілі де – лебізді екпінге ие тілдің бірі. Мұнымен бірге, неміс тіліндегі екпіннің музыкальды сипаты бар. Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады
Слайд 5
Екпіні жылжымалы тілдерде екпіннің грамматикалық та, семантикалық та қызмет атқаруы мүмкін. Бірде екпін сөздің семантикалық жігін ажыратса, бірде грамматикалық жігін ажыратып тұрады. Мысалы, орыс тілінде замок (қорған)- замок ( құлып ), мука ( азап ) – мука ( ұн ) деген сөздер мағыналары жағынан бір-бірінен екпіннің қай буынға түсуіне қарай ажыратылады Түркі тілдері екпіні тұрақты тілдердің тобына енеді және оларда екпін көбінесе сөздің соңғы буынына түседі дедік. Түркі тілдерінде де екпіннің кейде соңғы буынға түспей, алдыңғы буынға түсу құбылысы кездеседі. Логикалық екпін дегеніміз басқа сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Н.А Баскаков пен А.Н Кононовтың пікірінше, түркі тілдерінде түбір сөздердің мынандай түрлерінде екпін бірінші буынға түседі :
Слайд 6
1. Атап-атап санаумен байланысты айырықша интонациямен айтылған есептік сан есімдерде ( екі,алты,жеті,сегіз,алпыс,жетпіс,тоқсан ), егер есептік сан есімдер атап-атап санаумен байланыспай,айырықша интонациясыз айтылса, жеке қолданылғанда да, басқа сөздермен тіркесіп айтылғанда да, әдеттегідей, екпін соңғы буынға түседі ; 2. Логикалық жақтан айрықша интонациямен айтылатын сұрау есімдіктеріне ( қайсы ?, қайдан ?, қайда ?, қанша ?, қашан ?); 3. Бұйыру интонациясымен айтылатын етістіктің ІІ жақ түрінде ( отыр,ойла,сөйле,тыңда ); 4. Айрықша интонациямен айтылатын қаратпа сөздердің кейбір түрлерінде ( жаным !, сәулем ! т.б ). Түркі тілдерінде сөз тудырушы аффикстер мен сөз түрлендіруші аффикстердің басым көпшілігі екпінді өз бойына тартады. Ал екпінді өз бойына тартпайтын аффикстер санаулы ғана.
Слайд 7
Алайда түркі тілдерінде екпіннің жоғарыдағыдай сөздің морфологиялық тұлғасы мен жігін ажырататын құрал ретінде жұмсалуы және екпіннің соңғы буынға емес, алғашқы буынға түсуі өте сирек кездесетін құбылыс. Көп буынды сөздерде негізгі екпіннен басқа оған қосымша көмекші екпін де пайда болады. Көмекші екпін түскен буынға қарағанда,негізгі екпін түскен буын күштірек, қарқындырақ айтылады. В.В. Радлов көп буынды сөздерде негізгі екпін соңғы буында, көмекші екпін әрдайым бас буында болады деп есептесе, Н.А. Баскаков, И.А.Батманов, А.Н. Кононов үш буынды сөзде негізгі екпін соңғы буынға, көмекші екпін алғашқы буынға түседі ; ал төрт -бес буынды сөздерде көмекші екпін негізгі екпіннен араға бір буын салып қашық тұрады деп есептейді. Алты және одан да көп буынды сөздерде көмекші екпін негізгі екпіннен араға буын салып қашық тұрады. Мысалы : адамгершілік деген сөзде негізгі екпі соңғы буында да (- лік ), көмекші екпін үшінші (- гер ) буында.
Слайд 8
Кейбір тюркологтар бірен-саран жағдайда түркі тілдеріндегі екпін де омонимдес формалардың жігін ажырататын морфологиялық тәсілге айналады деп есептейді. Олардың пікірінше, мынандай омоформалар бір-бірінен екпіннің алмасып түсуіне қарай ажыратылады: 1. зат есім тудыратын –ма (ме), -ба (-бе), -па (-пе) жұрнағы екпінді өз бойына таратады да, онымен омоформалас етістіктің болыпсыз түрінің жұрнағы екпінді өз бойына таратпайды. Мысалы: баспа-баспа, шығарма – шығарма. 2. тәуелдік жалғауына екпін түседі де, жіктік жалғауына түспейді. Мысалы: оқушымыз (біздің) оқушымыз, басшымыз (біздің) басшымыз т.б Екпін - сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынның ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы. Қазақ тілінде екпін тұрақты, көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар: 1. Жіктік жалғауына екпін түспейді: оқушымын, барамыз. 2. Болымсыз етістіктің жұрнағына (-ма,-ме, ба,-бе, па,-пе) екпін түспейді: отырма, келме, жазба, жүзбе, айтпа, кетпе. 3. Көмекші сөздерге екпін түспейді: ғой, шейін, соң, арқылы т.б. Түркі тілдерінде бұл аталған аффикстерден басқа жедел өткен шақтың жұрнағы мен қалау райдың жұрнағына, сын есімнің –дай (-дей) жұрнағына да екпін түспейді.
Слайд 9: Қорытынды
Тілдің сөйлеу нормасына тән екендігі бір фонетикалық котегория – екпін. Екпін де бір тілде сөйлейтін халықтың бәріне бірдей ортақ қалыптасқан құбылыс. Ә.Жүнісбеков «Просодика слова в казахском языке» деген еңбегінде, сол сияқты 1998 жылы шыққан «Лингвистикалық түсіндірме сөздіктің» авторлары түркі тілдерінде екпіннің қызметін сингармонизм атқарады дей келіп, қазақ тілінде бунақ екпіні немесе фразалық екпін, тіркес екпіні ғана бар деген тұжырымға келеді. Сонымен қатар А.Байтұрсынов “ Қазақ тілінде екпін сөздің я аяғында келеді, не аяғына таяу буын болып келеді ” деген болатын.
Слайд 10: Бекітпе сұрақтар:
1. Эмфразалық екпін дегеніміз қандай екпін? 2. Екпіннің ғылыми атауы қалай? 3. Ой екпіні мен логикалық екпіннің айырмашылығы неде? 4. Сөйлемдегі сөздер тізбектеліп бір екпінге ие болуын қалай айтамыз? 5. Сөз екпінінің маңызы қандай?