Слайд 3
Жай сөйлемнің түрлері Жақты Толымды Толымсыз Жалаң Жайылма Атаулы Жай сөйлемнің түрлері Жақсыз
Слайд 4
Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем және жақсыз сөйлем болып бөлінеді.
Слайд 5
Жай сөйлемнің құрылысы және көлемі әрқашан бір сипатта бола бермейді. Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді. деген сөйлемде тұрлаулы мүшелері ( күмбезі бой көтерді ) түгел қатысып тұр. Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді деген сөйлемде бастауышы жоқ,тек баяндауыш қана ( соға кеткісі келді ) қатысып тұр. Үскірік.Аяз.Тұлданған күн деген сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды,тек атап қана қояды.
Слайд 6
Жақты сөйлем дегеніміз – бастауышы бар,жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем. Мысалы: Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.Кенет отқа көзі түсіп кеткен Апақ таң қалып отыра кетеді: қара тастар жалын шашып жанып жатыр! Бұл сөйлемдердің бәрінде де бастауыш қатысқан: уақыт,Апақ,тастар. Кейде бастауыш айтылмай,түсіп те қалады.Бірақ оны баяндауыш арқылы оңай табуға болады. Дос жүрегіне сенеді... Басқаны ауызға да алдырмаймын. Бұл сөйлемдерде бастауыш айтылмағанмен,баяндауышына қарап,бірінші сөйлемде бастауыш – ол, екінші сөйлемде – мен деген жіктеу есімдігі екенін табуға болады. Ол дос жүрегіне сенеді.мен басқаны ауызға да алдырмаймын. Сонымен,құрамында бастауышы қатысқан жай сөйлемнің түрін жақты сөйлем дейміз.
Слайд 7
Кейбір жай сөйлемдерде бастауыш мүлдем болмайды.Ондай жағдайда баяндауыштың өзі сөйлемге негіз болып тұрады. Менің айтқаным келді.бір жерде көргенім бар. Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем дейміз.
Слайд 8
Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары -қы,-ғы,-кі,-гі жұрнақтары қалау райлы етістіктен болады Барыс септік жалғауы тұйық етістіктен соң бол,жара,тура,кел деген көмекші етістіктердің келуі арқылы жасалады Атау немесе барыс септік тұлғалы тұйық етістіктен соң керек,жөн,мүмкін деген бейтарап сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалады -ып,-іп,-п жұрнақтары көсемшеден кейін бол деген көмекші етістіктің болымсыз тұлғада келуі арқылы жасалады Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомдар жақсыз сөйлем болады Абайдың ұғына түскісі келді Енді сізге айтуға тура келді. Біздің ашық сөйлесуіміз керек. Нені айтып отырғанын түсініп болмайды Енді біраздан кейін көз байлануға айналады.
Слайд 9
Жақты ма, жақсыз ба? 1. Мәскеуге барып келді. 2. Бізге өнер – білім керек. 3. Ертең серуенге шығамыз. 4. Оның айтқанын түсініп болмайды. 5. Менің қарап отырғым келмейді. 6. Оның іші пысты.
Слайд 11: Семантикалық картамен жұмыс
Р/с Сөйлем Жай сөйлем түрлері Жақты Жақсыз 1 2 Мен ауылға бардым. Қарлығаштар тағы келді. 3 4 Менің оқығым келеді. Абайдың ұғына түскісі келді. 5 6 Кітап – білім бұлағы. Алтын кездік қап түбінде жатпайды. 7 8 Енді бірге оқымасқа болмайды. Едіге ұзақ жол жүрді. 9 10 Сен ертең мұнда кел. Біздің ашық сөйлесуіміз керек. 11 12 Қыс. Жаңбыр сіркіреп тұр. 13 14 Қара бұйра жер. Ол шиті мылтықпен киік атып әкелді.
Слайд 13
89-жаттығу Жыр үзіндісінің мазмұнын жай сөйлемнің түрлерімен жазып шығыңдар
Слайд 14
Сөйлемдерді айналдырып жазамыз 1.Қазақстан көптеген мөлшерде астық, ет, жүн және басқа өнімдерді экспортқа шығарады. 2.Қазақстанда ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. 3. Әлемдік тәжірибе қолданылады. 4. Мақта өңдейтін кәсіпорындар шоғырланған. 5. Қазақстанда аса ірі металлургия компаниялары жұмыс істейді. 6. Қазақстанның оңтүстік аймағында мақта егіледі. 7. Қазақстанда қой шаруашылығы бұрыннан дамыған. 8. Республикада энергетика өнімдері мол.
Слайд 15
Ажалды қарға бүркітпен ойнайды. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай: Лепті, сұраулы, хабарлы, бұйрықты Құрылысына қарай: 1. Жай сөйлем 2.Құрмалас сөйлем. Сөйлем мүшелері: а)Бастауыш;ә) Баяндауыш;б) Пысықтауыш; в) Толықтауыш;Е) Пысықтауыш Жай сөйлемнің түрлері: а) Жақты, жақсыз; Сөздердің байланысу түрлері: а)қиысу; ә)меңгеру; б) матасу; в) қабысу; г)жанасу. Сөздердің байланысу тәсілдері: а) интонация;ә)жалғаулар;б) септеулік шылаулар; в) орын тә ртібі. 7 6 5 4 3 2 1 Сөз тіркестері: а) еркін тіркес (есімді, етістікті) ә) тұрақты тіркес 8 І топ
Слайд 16
Достық Құрамына қарай: Тұлғасына қарай: а) Негізгі түбір ә) Туынды түбір Құрылысына қарай: а) Дара ә) Күрделі Грамматикалық мағынасы: а) Жалпы –грамматикалық мағына; ә) Категориялық-грамматикалық мағына; б) Қатыстық-грамматикалық мағына. Сұрағы 7 6 5 4 3 2 1 Мағынасына қарай: а) Жалпы, жалқы; ә) Деректі, дерексіз; б) Жанды, жансыз; в) Нақты, нақсыз. ІІ топ
Слайд 17
6 5 4 3 2 1 3. Тасымал 4. Екпін 5. Буын үндестігі 6. Дыбыс үндестігі а) ілгерінді ықпал ә) кейінді ықпал б) тоғыспалы ықпал Қарға Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай: жуан, жіңішке, аралас буынды сөздер 2. Буын: а) ашық (а.б.) ә) тұйық (т.б.) б) бітеу (б.б.) ІІІ топ