Есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық — презентация
logo
Есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық
  • Есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы
  • Жоспары:
  • Мақсаты:
  • Есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық
  • Есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық
  • Есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық
  • Есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық
  • Есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық
  • Есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық
  • Есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық
  • Есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық
  • Есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық
  • Бекіту сұрақтары:
  • Пайдаланған әдебиеттер:
  • Назарларыңызға рахмет!
1/15

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Педагогика факультеті Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспары:

1. Есту қабілеті бұзылған балалардың клиникалық -психологиялық мінездемесі ; 2. Есту қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері; 3. Сөйлеу бұзылыстары бар балалар. Сөйлеу бұзылыстарының биологиялық және әлеуметтік себептері, психологиялық-педагогикалық сипаттамасы; 4. Нашар еститін және сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытуды ұйымдастыру.

Изображение слайда

Слайд 3: Мақсаты:

1. Есту қабілеті бұзылған балалардың клиникалық -психологиялық мінездемесі туралы түсінік беру; 2. Есту қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айту 3. Сөйлеу бұзылыстары бар балалар. Сөйлеу бұзылыстарының биологиялық және әлеуметтік себептері, психологиялық-педагогикалық сипаттамасын қарастыру; 4. Нашар еститін және сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытуды ұйымдастыру түрлері туралы түсінік беру

Изображение слайда

Слайд 4

Есту қабілетінің бұзылу себеептеріне медициналық тексерулер инфекциялық аурулар, механикалық, акустикалық немесе контузиялық соқырлар, тұқымқуалаушылық аурулар,туа пайда болған жағымсыз әсерлер құрайды. Қазіргі уақытта есту қабілетінің жағдайын дамудың ерте кезеңінде анықтаудың мүмкіндігі артуда. Есту қабілетінің бұзылу орны, деңгейі аудиометрияның көмегімен анықталса, сөз арқылы тексеруестудің жағдайын анықтауда қолданылады. Саңырауқұлақ 500-ден 4000 Гц аралығында: I д еңгейі- 50 Дб аспайды, II д еңгейі – 50-70 Дб III деңгейі – 70 Дб-ден артық Есту арнасының ерекшелігіне қарай: І топ – 125-250 Гц ІІ топ – 125-500 Гц ІІІ топ – 125-1000 Гц VI топ - 125-2000 Гц-тен жоғары Халықаралық классификация (1988ж) бойынша естудің орташа деңгейіндегі жоғалуына қарай : 500, 1000,2000 Гц-пен 4 ке бөледі: I деңгейі- 26-40Дб II деңгейі –41-55Дб III деңгейі – 56-70Дб VI деңгейі – 71-90 Дб Есту қабілеті бұзылған балалар классификациялауда 1961 жылы ұсынылған Л.В. Нейман әдісі қолданылады. Мұнда «саңырауқұлақ» диагнозы 75-80 Дбкезіндегіестудің жоғалуына қойылады.

Изображение слайда

Слайд 5

Есту қабілеті ерте бұзылса және ауыр болса баланың сөйлеу тілінің мүкістігі жәнеде психткалық тежелуі айқын. Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілеті нашар балалардың психологиялық процестерінің дамуына теріс әсер етеді, олардың танымдық қызметінің өзгеруіне алып келеді Тілдің лексикалық қорын, оның грамматикалық заңдылықтарын меңгеру, қарым-қатынас құралы ретінде тілді меңгеру естімейтін әлемдегі өмірдің әлеуметтік проблемаларын кеңінен шешуге мүмкіндік береді. Оқытудың әрбір кезеңіндегі нақты психологиялық-педагогикалық міндеттерді нақты шешуге мүмкіндік беретін жағдайлар естімейтіндерді бейімдеуге және әлеуметтік оңалтуға мүмк i нд i к туғызады.

Изображение слайда

Слайд 6

Нашар еститін балалар Нашар еститіндердің ішінара естуі сөйлеуді қалыптастыруға мүмкіндік туғызады, бірақ сөйлеу қоры және сөзді түсінуі бұрмаланған. Бала қоршаған ортадағы бірқатар ұғымдарды біріңғай біріктіре қабылдай алмайды. Танымдық іс-әрекеттерде көрініс табады:салыстыру, талдау, жинақтау әрекеттерінде ерекшеленіп тұрады. Нашар еститін балалар 75 дБ аспайтын сөйлеу жиілігінің аймағында (500 ден 2000 Гц) есту қабілетінің төмендеу дәрежесінің тәуелділігіне қарай дыбысты ажыратады. Арнайы оқыту нәтижесінде оларда ойлау, сөзд i есте сақтау қабілеті, сөйлеу тілі дамиды, компенсаторлық және потенциалдық мүмк i нд i ктері кеңейетін қажетті жағдай жасалады.

Изображение слайда

Слайд 7

Нашар еститін және кейіннен естіми қалған балаларды оқыту ұзақтығы: - Бастауыш деңгейі – 0-4 сынып, - Негізгі деңгей – 5-10 сынып Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту ұзақтығы бастауыш және негізгі мектепте – 11 жыл : «0»- дайындық сыныбы; бастауыш деңгей (1-4 сынып) 1-ші негізгі деңгей- (5-7 сынып) 2- ші негізгі деңгей (8-10 сынып ) Бастауыш мектепте оқытудың мазмұны қалдық есту қабілетін дамытуға, сөйлеу тілін қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға және оқушылардың танымдық қызметін дамытуға бағытталған. Естімейтін және нашар еститіндер оқушылар оқуын жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында немесе кәсіптік колледждерде, жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім беруді арнайы мектептің кешкі бөлімде 11-12 сыныптарында жалғастыра алады.

Изображение слайда

Слайд 8

Изображение слайда

Слайд 9

Биологиялық: негізінен құрсақішілік дамуы және босану кезеңінде (ұрықтық гипоксиясы, босану кезіндегі зақымдар және т.б.). Әлеуметтік-психологиялық: қоршаған ортаның жағымсыз әсерлері - педагогикалық салақтық, баланың сөйлеу қабілетінің дамуының шектен тыс стимуляциясы, айналасындағы адамдардың сөйлеу қабілетінің бұзылуы және т.б. Сөйлеу қабілетінің бұзылу себептері :

Изображение слайда

Слайд 10

Сөйлеу тіл бұзылыстарының жіктелуі қазіргі уақытта Клиникалық-педагогикалық Психологиялық-педагогикалық жіктеу сөйлеу қабілеті бұзылыстарының барынша дифференциялайтын белгелеріне негізделіп жасалған жіктеу сөйлеу қабілеті кемшілігінің біліну орталығына негізделген

Изображение слайда

Слайд 11

Изображение слайда

Слайд 12

Ауызша сөйлеуді дамыту жұмысы кешенді зерттеу негізінде анықталған мүмкіндіктер мен есту-көру резервтерін дамыту, ауызша сөйлеуді естіп қабылдау, оқушылардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін, сөйлеуді дамыту деңгейін ескере отырып айтылу дағдыларына саралап құрылады Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар оқушылар үшін зейіннің тұрақты болмауы, алаңдаушылық, тілдік құбылыстарға байланысты байқағыштықтың жеткіліксіз болуы тән. Олар ауызша материалды есте сақтау барысында қиындық көреді, өз бетінше орындаған оқу тапсырмаларында көптеген қателер жібереді. «Ым-ишараттық сөйлеу тілі» оқу курсы тек құлағы естімейтін балалар үшін, оның қалауы бойынша естімейтіндердің шағын әлеуметтік ортасына кіруіне негізделіп 4-11-сыныпқа енгізілген және оқушы үшін сол ортадағы коммуникативтік қызметті атқарады. Қазақстан Республикасында естімейтіндерді оқыту үдерісі есту-көру негізінде жүзеге асырылады, ал білім беру үдерісінде ым-ишараттық сөйлеу тілі көмекші тәсіл ретінде қолданылады. Ым-ишараттық сөйлеу тілін сауатты меңгерудің нәтижесінде оқушылар бағдарлама материалын сапалы игереді.

Изображение слайда

Слайд 13: Бекіту сұрақтары:

«Естімейтін», «есту қабілеті нашар», «кеш саңыраулық» ұғымдарына анықтама беріңіз. Сурдопедагогтың міндетін анықтаңыз. Есту қабілеті нашар балаларды оқытудағы қиыншылықтары мен ерекшеліктерін айтыңыз Логопед қызметін талдаңыз Сөйлеу картасына анықтама беріңіз Есту қабілеті бұзылған балаларда сөйлеу тілі кемістігі болады ма? Болып немесе болмау себебін түсіндіріңіз

Изображение слайда

Слайд 14: Пайдаланған әдебиеттер:

Молдаханова М.М. Инклюзивті білім беру. Дәрістер жинағы. – Шымкент, 2018. -124 б (20-28 бет, 34-37 бет) Заркенова Л.С., Омарова Н.Н., Ильясова Б.И. Арнайы педаагогика. –Алматы, 2014. – 180 б. (135-137 бет, 141-124 бет) Абаева Ғ.Ә., Төребаева К.Ж., Оразаева Г.С., Қартбаева Ж.Ж. Арнайы педагогика. –Алматы, 2018. – 324 б. (157-173бет, 190-195 бет) Оспанбаева М.П. Инклюзивті білім беру мазмұны және әдістемесі : оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. – 232 бет. https://repository.apa.kz/bitstream/handle/123456789/150/%D0%9E%D1%81%D0%BF%D0%B0%D0%BD%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2%D0%B0-%D0%98%D0%9D%D0%9A%D0%9B%D0%AE%D0%97%D0%98%D0%AF.pdf?sequence=1&isAllowed=y (64-68 бет, 180-183 бет) . Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқытуын ұйымдастыру. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016.–64б. https://special-edu.kz/normativno-pravovaya%20baza/4/mat005.pdf (13-20 бет, 30-33 бет)

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық: Назарларыңызға рахмет!

Изображение слайда

Похожие презентации