Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді — презентация
logo
Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
  • Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді
1/31

Первый слайд презентации

Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді салыстыру. Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. 11.2.1.1 – адам гаметогенезінің сызбасын талдау 11.2.1.2 - сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру

Изображение слайда

Слайд 2

Гамета - бұл жыныс жасушалары. Жыныс жасушалары жыныс бездерінде дамып жетіледі.

Изображение слайда

Слайд 3

1. Аналық жыныс жасушасы аталық жыныс жасушасынан көлемі жағынан үлкен болады. Себебі неде? 2. Аталық жыныс жасушасына құйрық не үшін қажет? 3. Адамның жыныс гаметаларында хромосома саны қанша? 4. Жыныс жасушалары қай жерде түзіледі? Ойланайық. Жауап берейік.

Изображение слайда

Слайд 4

Гаметогенез - жыныс жасушаларының түзілу процесі. Аталық жыныс жасушаларының түзілу процесі « сперматогенез », ал аналық жыныс жасушаларының түзілуі « овогенез » деп аталады.

Изображение слайда

Слайд 5

Көбею кезеңі деген не? Жыныс жасушаларының бастамасы болатын диплоидты жасушалардың көбею кезеңі. Қандай жасушалар көбейеді? Сперматогониялар – аталық безде Оогониялар – аналық безде Екеуі де көбею кезеңінде диплоидты (2 n2c) Көбею кезеңде (І) не болады? Жасушалар митоз арқылы көп рет бөлінеді Жасуша саны тез артады Қысқа есте сақта Көбею кезеңі → Митоз → Сперматогония/оогония → 2 n2c → Жасуша саны артады

Изображение слайда

Слайд 6

Өсу кезеңінде (2) не болады? Жасушалардың көлемі үлкейеді. Өсу кезеңі нәтижесінде → 1-реттік сперматоцит / 1-реттік овоцит түзіледі. Жасушалардың генетикалық формуласы 1-реттік сперматоцит → 2 n4c 1- реттік овоцит → 2 n4c Өсу кезеңінде (2) жүретін маңызды үдеріс ДНҚ редупликациясы жүреді (ДНҚ екі еселенеді). Интерфазаға сәйкес келеді. Хромосома саны өзгермейді ( 2 n ), бірақ ДНҚ мөлшері 4 c болады. Қысқа есте сақта: Өсу кезеңі → көлемі артады → ДНҚ екі еселенеді → 1-реттік жасушалар түзеді → формула 2 n4c

Изображение слайда

Слайд 7

Жыныстық жетілу кезеңде не жүреді? Жыныс жасушалары мейоз арқылы бөлінеді: Редукциялық бөліну (Мейоз I) – хромосома саны екі есе азаяды Эквациондық бөліну (Мейоз II) – хроматидтер ажырап, гаплоидты жасушалар түзіледі Мейоз I нәтижесі 2-реттік сперматоцит ( n2c) 2- реттік овоцит ( n2c) Мейоз II нәтижесі Сперматидтер ( nc ) Жетілген жұмыртқа жасушасы ( nc ) Ерекшелігі (аналық жасушада) Жұмыртқа сарыуызының негізгі бөлігі тек бір жасушада сақталады Басқа 3 жасуша → редукциялық денешіктер, көбеюге қатыспайды

Изображение слайда

Слайд 8

Түзілу кезеңде не болады? Сперматид → Сперматозоид Жетілмеген жасуша толық жетілген сперматозоидқа айналады Генетикалық формуласы: nc ( гаплоидты) Аталық жасушаларда жүретін өзгерістер 1. Ядроның өзгеруі Хромосомалар қатты ширатылып → ядро тығыздалады 2. Акросома түзілуі Гольджи кешені ядроның алдыңғы полюсіне келіп, акросомалық аппаратты құрайды (жұмыртқаны тесуге қажет ферменттер) 3. Құйрық (жұмыртқаға жетуге арналған қозғалтқыш) Центриоль ядроның артқы полюсіне өтеді,бір центриольден құйрық талшық өсіп шығады 4. Энергетикалық бөлік Құйрық түбіне митохондриялар жиналады,б ұл сперматозоидтың қозғалысы үшін энергия береді

Изображение слайда

Слайд 9

Кезең Үдерістер Генетикалық формула 1. Көбею Оогониялар мен сперматогониялар түзіледі және митоз арқылы көбейеді. 2n2c 2. Өсу Жасушалар көлемі ұялғаяды. ДНҚ екі еселенеді. 1-реттік овоциттер мен 1-реттік сперматоциттер түзіледі. 2n4c 3. Пісіп-жетілу Мейоз I → 2-реттік овоцит, 2-реттік сперматоцит n2c Мейоз II → аналық және аталық жыныс жасушалар nc 4. Түзілу Бұл кезең тек сперматогенезде болады. Сперматидтен сперматозоид түзіледі. nc Кезеңдерді тағы бар қайталайық

Изображение слайда

Слайд 10

Суретте 1 санымен көрсетілген кезеңде жүретін үдеріс A) оогониялар митоз арқылы көбеюі B) ДНҚ редупликациясының жүруі C) 2- реттік жыныс жасушаларының түзілуі D) сперматидтердің сперматозоидқа айналуы

Изображение слайда

Слайд 11

2. Суретте 1 санымен берілген жасушаның генетикалық формуласы A) 2n4c B) nc C) 2n2c D) n2c

Изображение слайда

Слайд 12

3. Суреттегі Б кезеңінде жүретін үдеріс A) митоздың бірнеше рет қайталануы B) жасушадағы ДНҚ редупликациясы C) 2-реттік жасушалардың түзілуі D) спермиеогенездің басталуы

Изображение слайда

Слайд 13

4. Суретте 2-реттік сперматоцитті көрсеткен сан A) 2 B) 8 C) 6 D) 3

Изображение слайда

Слайд 14

5. Суретте берілген гаметогенез түріне ғана тән сипаттама A) гаметада хромосома жиынтығы гаплоидты B) мөлшері бірдей гаметалар түзіледі C) интерфаза кезінде ДНҚ еселенбейді D) өсу кезеңі ұзағырақ жүреді

Изображение слайда

Слайд 15

Сперматогенез Овогенез Аталық жыныс жасушаларының пісіп-жетілуі Бір жасушадан көлемі әртүрлі төрт гаплоидты жасушалар пайда болады Жетілу кезеңінде бірдей төрт гамета пайда болады Аналық жыныс жасушаларының түзілуі Жасушаның түзілуі төрт кезеңнен өтеді Мейоздық бөліну құрсақта ұрықтық дамудан басталып, алғаш реті жыныстық жетілу кезінде аяқталады Энергиямен қамтамасыз ететін митохондрияларға бай жасушалар түзіледі Жасушаларының көлемі кішкентай және қозғалғыш

Изображение слайда

Слайд 16

Сипаттамалар A. Оогониялар диплоидты (2 n2c) жасушалар, митоз арқылы көбейіп санын арттырады. B. Жасуша көлемі ұлғаяды; жұмыртқа ішінде сарыуыз және нәруыз түйіршіктері жиналады. C. ДНҚ редупликациясы жүреді, 1-реттік овоцит түзіледі (2 n4c). D. Мейоз I нәтижесінде 2-реттік овоцит пайда болады ( n2c). E. Мейоз II нәтижесінде жетілген жұмыртқа жасушасы түзіледі ( nc ). F. Мейоздың нәтижесінде тек бір үлкен, толық функционалды жұмыртқа жасушасы түзіледі. G. Жұмыртқа сарыуызы ең көп мөлшерде аналық жасушада сақталады. Төмендегі сипаттамаларды овогенездің тиісті кезеңдерімен сәйкестендіріңіз. Кезеңдер тізімі Көбею кезеңі Өсу кезеңі Пісіп-жетілу кезеңі (Мейоз I) Пісіп-жетілу кезеңі (Мейоз II) Дескриптор: Овогенездің кезеңдерін дұрыс анықтайды Генетикалық формулаға сүйеніп кезеңдерді ажыратады Мейоз I және Мейоз II нәтижесін ажыратады Аналық жыныс жасушасына тән ерекшелікті көрсетеді

Изображение слайда

Слайд 17

Диагностикалық зертханада 4 түрлі жасушаның генетикалық формуласы анықталды: 2 n2c 2. 2n4c 3. n2c 4. nc Зертханадағы жаңа қызметкер формулаға қарап, қай жасушаны қай кезеңге жататынын анықтауы керек. Тапсырма Берілген формулаларды қолдана отырып, жасушаларды тиісті кезеңмен сәйкестендіріңіз. Кезеңдер: Көбею Өсу Пісіп-жетілу Түзілу Дескриптор: Формуланы дұрыс кезеңге сәйкестендіреді

Изображение слайда

Слайд 18

Жалған – Ақиқат Берілген тұжырымдардың дұрыстығын анықтаңыз. № Тұжырым Ақиқат ( A) Жалған (Ж) 1 Сперматогониялар мен оогониялар - диплоидты (2n2c) жасушалар. 2 Көбею кезеңінде жыныс жасушалары мейоз арқылы бөлінеді. 3 Өсу кезеңінде 1-реттік сперматоциттер мен 1-реттік овоциттер түзіледі. 4 Өсу кезеңінде ДНҚ редупликациясы жүреді, бірақ хромосома саны өзгермейді. 5 Өсу кезеңінің соңында 1-реттік жыныс жасушаларының генетикалық формуласы 2 n2c болып қалады. 6 Мейоз I нәтижесінде 2-реттік сперматоциттер мен 2-реттік овоциттер ( n2c) түзіледі. 7 Мейоз II нәтижесінде сперматидтер мен жетілген жұмыртқа жасушалары ( nc ) пайда болады. 8 Жыныстық жетілу кезеңінде аналық жасушада сарыуыз мөлшері азаяды. 9 1-реттік овоцит (2 n4c) тек бір ғана толық жетілген жұмыртқа жасушасын түзеді. 10 Түзілу кезеңі (спермиеогенез) овогенезде де болады.

Изображение слайда

Слайд 19

ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ТАПСЫРМАЛАР

Изображение слайда

Слайд 20

1-тапсырма [3] Төмендегі тұжырымдар қай кезеңге сәйкес келетінін анықта: Жасушалар митоз арқылы бірнеше рет бөлінеді, саны айтарлықтай артады. 1-реттік жыныс жасушаларынан 2-реттік жыныс жасушалары түзіледі. Жасушалар көлемі ұлғайып, ДНҚ молекуласы редупликацияға ұшырайды. Кезеңдер: A) Көбею кезеңі B) Өсу кезеңі C) Пісіп-жет i лу кезеңі Дескриптор: Тұжырымды дұрыс кезеңмен сәйкестендіреді.

Изображение слайда

Слайд 21

2-тапсырма [4] Гаметогенездегі 2 n2c → 2n4c → n2c → nc формулаларын кезеңдермен сәйкестендір. Кезеңдер: Көбею 2. Өсу 3. I мейоз аяқталған соң 4. II мейоз аяқталған соң Формулалар: A) nc B) n2c C) 2n4c D) 2n2c Дескриптор: Кезеңдердегі ДНҚ және хромосома мөлшерінің өзгерісін дұрыс байланыстырады.

Изображение слайда

Слайд 22

3-тапсырма [ 3 ] Төмендегі үдерістер бойынша гаметогенез кезеңдерін анықта Үдерістер: A) жасушалар көлемі ұлғайып, ДНҚ редупликациясы жүреді; 1-реттік жыныс жасушалары түзіледі. B) мейоз I және мейоз II өтіп, гаплоидты жасушалар пайда болады. C) митоз арқылы жыныс жасушаларының саны көбейеді.

Изображение слайда

Слайд 23

4 - тапсырма Овогенез және гаметогенез кезеңдерінде жүретін үдерістерді сәйкестендіріңіз [ 3 ] 1 ________________ 2_________________ 3_________________ Үдерістер:интерфаза, мейоз І, митоз, мейоз ІІ

Изображение слайда

Слайд 24

СИПАТТАМА | СПЕРМАТОГЕНЕЗ КЕЗЕҢІ А) митоздық бөлінулердің жүруі B ) II реттік сперматоциттердің түзілуі C ) үдеріс жетілу аймағында өтуде D ) хромосома санының редукциялануы E ) алғашқы жыныс жасушаларының көбеюі F ) диплоидты жасушалардың артуы 1. ______________ 2.______________ 5-тапсырма Суреттегі 1 және 2 сандарымен көрсетілген сперматогенез кезеңдері мен сипаттамалардың сәйкестігін анықтаңыз [6]

Изображение слайда

Слайд 25

Сипаттама Үдеріс A. Жатырішілік дамудың 2–5 айларында қарқынды жүреді Овогенез 2. Сперматогенез B. Әрбір жетілмеген сперматид жетілген гаплоидты жыныс жасушасына айналады C. Нәтижесінде бір ғана толық жетілген жыныс жасушасы және редукциялық денелер түзіледі D. Бір 1-реттік жыныс жасушасынан төрт жетілген жыныс жасушасы түзіледі E. I мейоз профазасында ұзақ уақыт тоқтап тұрады 6-тапсырма Овогенез және сперматогенез кезеңдерін салыстыру [5] Төмендегі сипаттамаларды оң жақтағы дұрыс үдерістермен сәйкестендір. Дескриптор: Әр сипаттаманы дұрыс үдеріспен сәйкестендіреді.

Изображение слайда

Слайд 26

СИПАТТАМА ГАМЕТОГЕНЕЗ ТҮРІ А) Бір ірі жыныс жасушасы түзіледі B ) Редукциялық (бағыттаушы) денешіктер түзіледі C ) Көп ұсақ гаметалар түзіледі D ) Төрт жасушаның біреуінде ғана қоректік заттар жиналады E ) Қозғалғыш гаметалар түзіледі 7-тапсырма Гаметогенез сипаттамасы мен оның түрі арасындағы сәйкестікті анықтаңыз. [5]

Изображение слайда

Слайд 27

ҮЙГЕ ТАПСЫРМАЛАР

Изображение слайда

Слайд 28

Үйге тапсырма Төмендегі кестені мәтіндегі ақпаратқа сүйене отырып толтыр. Овогенез бен сперматогенездің кезеңдерін, генетикалық формулаларын, нәтижесінде түзілетін жасуша санын, және уақытының ерекшелігін салыстыр. Салыстыру көрсеткіші Овогенез Сперматогенез Көбею кезеңіндегі жасушалар Көбею кезеңіндегі процесс Өсу кезеңіндегі өзгерістер Өсу кезеңіндегі генетикалық формула I мейоздан кейін түзілетін жасуша I мейоздан кейінгі формула II мейоздан кейінгі жасушалар Нәтижесінде түзілетін жасуша саны Процестің басталу уақыты Қосымша кезең (бар болса) Дескриптор: Кестені мәтіндегі деректерге сүйеніп толықтырады. Овогенез бен сперматогенездің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын дәл көрсетеді. Генетикалық формулаларды дұрыс қолданады.

Изображение слайда

Слайд 29

Тапсырма Төменде гаметогенездің әр кезеңіне тән сипаттамалар берілген. Осы сипаттамаларды төрт кезеңге бөліп, дұрыс реттілікпен жазыңыз. Сипаттамалар: A) Жасушалардың ДНҚ молекуласы екі еселеніп, 1-реттік жыныс жасушалары түзіледі. B) Сперматогониялар мен оогониялар митоз арқылы көбейіп, саны артады. C) Мейоз I және II нәтижесінде гаплоидты жасушалар ( n2c → nc ) түзіледі. D) Сперматидтен сперматозоид түзіледі (аналық жыныс жасушасында бұл кезең болмайды). E) Жасуша көлемі ұлғайып, жұмыртқа ішінде сарыуыз жиналады. F) 1- реттік овоциттен тек бір ғана жетілген жұмыртқа жасушасы түзіледі. G) Хромосома саны тұрақты қалады, тек ДНҚ редупликациясы жүреді. Кезең Тиісті әріптер ( A–G) 1. Көбею кезеңі ______ 2. Өсу кезеңі ______ 3. Пісіп-жетілу кезеңі ______ 4. Түзілу кезеңі ______

Изображение слайда

Слайд 30

Тапсырма: Төмендегі екі жасушаны салыстырыңыз: 1-реттік овоцит (2 n4c) 2- реттік овоцит ( n2c) Талдауға бағыт беретін сұрақтар: Қай кезеңде түзіледі? ДНҚ мөлшері қалай өзгереді? Бұл өзгерістердің биологиялық маңызы қандай? Дескриптор: Екі жасушаны 3 критерий бойынша салыстырады Формуласына сүйеніп талдау жасайды

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді

Гаметогенез түрлерінің ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттау

Изображение слайда

Похожие презентации