Иммундық жүйе — презентация
logo
Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жуйенің жалпы сипаттамасы
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйенің ерігіш медиаторлары
  • Антиденелер
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Антидене молекуласының құрылымы
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Антиденелердің қызметі
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жауап
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Гуморалды иммундық жауап
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Жасушалық иммундық жауап
  • Иммундық жүйе
  • Клеткалық иммундық жауап
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
  • Иммундық жүйе
1/53

Первый слайд презентации: Иммундық жүйе

Негізгі сұрақтар Иммундық жуйенің жалпы сипаттамасы Иммундық жуйенің негізгі элементтері Иммундық жүйе мүшелері, Иммундық жүйенің жасушалары, Иммундық жүйенің ерігіш медиаторлары Иммундық жауап Гуморальды иммундық жауап, Жасушалық иммундық жауап

Изображение слайда

Иммундық жүйе ағзаның жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы туру қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Бактерияларды, вирустарды, сол сияқты бөлшектерді және бөтен заттарды иммундық жүйе танып жояды да, ағзаны дерттен сақтап қалады. Иммундық жүйенің қызметі қалпынан өзгергенде адам ауруларға тез ұшырайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды танып зиянсыздандыру қасиеті иммунитет деп аталады. Адам мен жануарларда екі түрлі иммунитет болады: - іштен туа біткен иммунитет жүре пайда болған иммунитет, Иммундық жуйенің жалпы сипаттамасы

Изображение слайда

Слайд 3

Іштен туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге қарсы ағзада ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады. Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді. Іштен туа біткен иммунитеттің негізгі жасушалары : макрофагтар, моноциттер нейтрофилдер. Ағзаға бөтен зат түскенде аталған жасушалар мембраналардың сыртқы жағында орналасқан рецепторлармен оларды байланыстырып жұтып алады да ыдыратады. Іштен туа біткен иммунитеттің реакцияларын қалыптастырады: сулы ортада еритін факторлар, цитокиндер, мысалы, интерферондар, интерлейкиндер т.б. қосылыстар. - комплемент жүйені активтендіретін қосылыстар.

Изображение слайда

Слайд 4

Жүре пайда болған иммунитет - бөтен заттардың, аурулар қоздырғыштардың әсерінен қалыптасады, бөтен заттардың, аурулар қоздырғыштардың түріне жоғары ерекшелігін көрсетеді. Жүре пайда болған иммунитеттің : негізгі жасушалары  лимфоциттер. қасиеттері: - бөтен заттың түріне жоғары ерекшелігі иммунологиялық есте сақтау. Ағзаға бөтен зат түскенде иммундық жүйе активтенеді де иммундық жауап қалыптасады. Иммундық жауаптың түрі: - гуморалдық - жасушалық иммундық жауап. Иммундық жүйе жауабының кезеңі: - иммундық жүйе бөтен затты таниды, ботен заты жою үшін біртізбекті көптеген реакциялар іске асады.

Изображение слайда

Слайд 5

Иммундық жүйенің қызметі: - ағзаның бөгде заттар мен бөлшектерге (бактериялар, вирустар, ақуыздар, гликолипидтер т.б.) қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді; - ағзанын генетикалық тұрақтылығын сақтайды; - ағзаны жұқпа аурулардан қорғайды, қатерлі ісіктердің түзілуін бақылайды; - ауыстырып отырғызған мүшеге қарсы ағзаның жауабын қалыптастырады және басқа қызметтер атқарады; Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара әрекеттеседі.

Изображение слайда

Слайд 6

Иммундық жүйенің қасиеттері: Иммундық жүйенің ерекшелігі жоғары, бөгде қосылыстар мен бөтен микроорганизмдерге қарсы ерекше реакцияларды қалыптастырады. 2. Иммундық жүйе ағзаның өзінің қосылысын танып, бөтен заттан айыру қабілеттілігіне ие. Өте сирек кездесетін құбылыс – иммундық жүйенің әсері ағзаның өзінің қалыпты ұлпаларының жасушаларына қарсы бағытталады,нәтижесінде адамда аутоиммундық аурулар дамиды. Иммундық жүйенің жауабы есте сақталады, Антигенмен организм қайта кездескенде иммундық жүйенің реакцияларының жылдамдығы және тиімділігі жоғары болады, антиденелердің деңгейі тез жоғарылайды. Антигендердің ең бірінші акцепторлары ретінде лимфоциттер қызмет атқарады. Лимфоциттер лимфалық түйіндерінде орналасады.

Изображение слайда

Слайд 7

Иммундық жүйе мүшелері: орталық иммундық жүйе мүшелері: тимус (айырша без), сүйек кемігі; перифериялық иммундық жүйе мүшелері: көкбауыр, лимфа түйіндері, әр түрлі ішкі мүшелердегі лимфоидті ұлпа жиынтықтары. Сүйек кемігі – діңгек жасушалар түзілетін мүше. Діңгек жасушалар иммундық жүйе жасушаларының, оның ішінде лимфоциттердің негізгі көзі. Тимус – Т-лимфоцитер дамиды, жіктеледі және жетіледі. Көкбауыр – қанағымына түскен бөгет ақуыздар, бұзылған формалық элементтер, микроорганизмдер үшін күшті фильтр ретінде қызмет атқарады. Лимфа түйіндері – лимфоциттер түзілетін шеткі қантүзу мүшесі. Лимфа түйіндерінде фагоцитоздың көмегімен бөгде заттар залалсызданады, Т- және В-лимфоциттер, антиденелер түзіледі. Лимфа түйіндері қорғаныш және қантүзу қызметтерін атқарады.

Изображение слайда

Слайд 8

Иммундық жүйенің жасушалары : лимфоциттер, фагоциттер, базофилдер, бағана жасушалар, тромбоциттер, басқа жасушалары, мысалы ұлпа жасушалары. Барлық жасушаларының тегі – плюропотентті бағана жасушалары.

Изображение слайда

Слайд 9

Изображение слайда

Слайд 10

Лимфоциттер - жүре пайда болған иммунитетті қалыптастырады. Иммундық жүйеде қызмет атқаратын лимфоциттердің түрі: Т-лимфоциттер, В-лимфоциттер, NK жасушалар (лимфоциттердің 15%–ға жуығы).

Изображение слайда

Слайд 11

В-лимфоциттер – кішкене ядерлік жасушалар, диаметрі – 8,5 мкм, сүйек майының қызыл кемігінде дамиды да жіктеледі, гуморалды иммундық жауаптың негізгі жасушалары, ағзаны бактериялар мен вирустардан қорғайды. Сүтқоректелірде В-лимфоциттер алдымен ұрық бауырында, туғаннан кейін қызыл сүйек кемігінде жіктеледі. Құстарда В-лимфоциттер Фабрициус қалтасында (Bursa Fabricii) жіктеледі. В-лимфоциттердің цитоплазмалық мембранасымен иммуноглобулиндер байланысады да, антигеннің ерекше рецепторы ретінде қызмет атқарады.

Изображение слайда

Слайд 12

Т-лимфоциттер клеткалық иммундық жауапты қалыптастырады, В-лимфоциттердің репродукциясы (ұрпақтануы) мен оларда антиденелер түзілуіне мүмкіндік туғызады, вируспен жұқтырылған және қатерлі ісік жасушаларды жояды. Т-лимфоциттердің түрі: Т-киллер, цитотоксикалық Т-жасушалар, (Т-өлтіруші), вируспен жұқтырылған, бөтен немесе ісік жасушаларды ыдыратып өлтіреді. Т-супрессор (Т-тежегіш), реттегіш қызмет атқарады, ағзаға түскен бөтен зат немесе бөлшек жойылғаннан кейін оған бағытталған иммундық жүйе компоненттерінің белсенділігін тежейді. Т-хелпер (Т-көмекші), бөтен затты танығаннан кейін иммундық жүйенің компоненттерін стимулдейді.

Изображение слайда

Слайд 13

НК-жасушалар (NK - natural kіllers, табиғи Өлтіргіштер) – табиғи киллер-жасушалар, цитотоксикалық Т-жасушалардан басқа киллер-жасушаның түрі. Қан лимфоциттердің жалпы популяциясының 15% шамасындайы НK-жасушалар болады. НK-жасушалар ағзаның вирустарға қарсы ең бірінші реакциясына қатысады, ісік жасушаларына қарсы қорғаныш қызмет атқарады, кейбір ісік жасушаларды және вируспен жұқтырылған жасушаларды танып жояды.

Изображение слайда

Слайд 14

В- және Т-жасушалардың активтенуі В-лимфоциттер бөтен қосылыстарды, антигендерді, өздері таниды, делдалсыз антигендермен әрекеттеседі. В-жасушалар нативті, яғни өзгермеген антигендермен байланысады, бірақ белсенді түріне Т-жасушалардың көмегімен айналады. Т-лимфоцитер бөтен жасушаларды (антигенді) басқа жасушаларының қатысуымен таниды. Көмекші жасушалары: - дендритті жасушалар (көкбауыр мен лимфалық түйіндердегі ерекше жасушалар) В-лимфоциттер. Көмекші жасушалары Т-лимфоциттерге МНС ақуыздарымен байланысқан антигендерді өзгерген түрінде ұсынады. Т-лимфоциттер үшін антигеннің формасы маңызды болмайды.

Изображение слайда

Слайд 15

Фагоциттер – іштен туа біткен иммунитетке жауапты, ағзаға түскен антигендерді, патогенді микроорганизмдерді жұтып алады да ыдыратады. Фагоцитозға қабілеті бар жасушаларының тобына жатады: - мононуклеарлы фагоциттер көпядерлі нейтрофилдер. Қан құрамындағы фагоциттер моноциттер деп аталады. Қанның құрамынан олар ұлпаларға көшеді де ұлпалық макрофагтарға дейін өзгереді. Ұлпалық макрофагтар бөтен затты жұтып алып ыдыратады, 2-ші кластың МНС ақуыздарымен ассоциацияланған өзгерген антигендерді Т-лимфоциттер таниды.

Изображение слайда

Слайд 16

Көмекші жасушалар: Антигенді ұсынатын жасушалар - Т- және В-лимфоциттерге антигенді ұсынады. Т-лимфоциттер өзгерген антигендерді ғана таниды. Антигенді ұсынатын жасушалар антигендерді ерекше химиялық өзгерістерге ұшыратады, ұлпа сәйкестігінің негізгі ақуыздармен, МНС ақуыздарымен байланыстырады. Тромбоциттер қан ұю және қабыну реакцияларына қатысады. Бағаналы жасушалар қабыну реакциялардың бір түріне қатысады. - Эндотелиалды жасушалар қанағымындағы лейкоциттерді таниды, олардың адгезиясы мен тарауын қамтамасыздандырады.

Изображение слайда

Слайд 17

МНС ақуыздары - ұлпа сәйкестік комплекстің ақуыздары, гендері иммундык жауаптың гені ретінде қызмет атқарады. Антиген ағзаға енгенде иммундық жауап даму үшін Т-лимфоцттер екі затты тану керек: өзгерген антигенді, ағзаның жасушаларына тән «өзінің» МНС ақуызын. Антигенмен бірге «өзінің» МНС ақуызын қажет етуі МНС-рестрикция деп аталады. Т-жасушаларының рецепторлары антигендер мен МНС ақуыздардың ерекшелігін таниды, МНС ақуызы мен антигеннен құралған комплекспен байланысады. Т-лимфоциттердің осы комплекспен байланысуы иммундық жауаптың маңызды кезеңі. Нысана-жасушалардың сыртында орналасқан МНС ақуыздың бір молекуласымен байланысқан антигенді ғана Т-лимфоциттер танып әрекеттеседі. МНС-рестрикция механизмі эволюция барысында Т- лимфоциттердің қызметіне бейімделген.

Изображение слайда

Слайд 18

МНС ақуыздардың І, ІІ, ІІІ (немесе 1,2,3) класы белгілі. Иммундық жүйенің реакцияларына 1, 2- кластың МНС ақуыздары қатысады. НК-жасушаларының рецепторлары МНС ақуыздарына тәуелсіз.

Изображение слайда

Иммундық жауап қалыптасу үшін медиаторлар қызмет атқарады. Медиаторлардың тобына жатады: антиденелер, жүре пайда болған иммунитеттін компоненті; цитокиндер, жүре пайда болған иммунитеттін компоненті; қан сары суының ақуыздары: жеделфазаның ақуыздары, комплемент жүйенің ақуыздары, туа біткен иммунитет қалыптасу үшін қызмет атқарады.

Изображение слайда

Слайд 20: Антиденелер

Антиденелер - иммуноглобулиндер, барлық сүтқоректілерде қан плазмасы мен ұлпа сұйықтарындағы гликопротеиндер. Қан плазмасы ақуыздардың жалпы мөлшерінің 20%-ын иммуноглобулиндер құрайды. Иммуноглобулин кейбір молекулалары В-лимфоциттердің плазмалық мембраналарымен байланысқан, ерекше антиген рецепторы болады, басқалары қан плазмасы мен лимфаның құрамында орналасады да, антиденелер ретінде қызмет атқарады.

Изображение слайда

Слайд 21

Жоғары сүтқоректілердің иммуноглобулиндердің 5 класы: ІgG, ІgА, ІgМ, ІgD, ІgЕ. Иммуноглобулиндер түрлерінің айырмашылығы байланысты : молекулалық салмағына, жалпы зарядына, аминқышқылдарының құрамына, көмірсуларының құрамына.

Изображение слайда

Слайд 22

ІgG – адам қан сары суының иммуноглобулиндердің негізгі түрі. Қан сары суының иммуноглобулиндердің жалпы мөлшерінің 70-75%-ын ІgG құрайды. Молекуласы төрт полипептидтік тізбектен құрылған, молекулалық салмағы  146 кДа.

Изображение слайда

Слайд 23

Изображение слайда

Слайд 24

ІgG: антиген ақзаға қайта түскенде көп мөлшерде (белсенді) түзіледі, - комплемент жүйесін активтендіреді, - антигеннің фагоцитозына мүмкіндік туғызады. Адамдарда ІgG баланың жолдасы (плацента) арқылы ұрықтың ағзасына енеді де, неонаталды кезеңінде пассивті иммунитеттің қалыптасуына жауапты.

Изображение слайда

Слайд 25

ІgM – қан сары суының иммуноглобулиндерінің 10%-ы, антиген ағзаға енгенде ең алдымен түзіледі. Молекуласы - пентамер 5 суббірліктен құрылады, әр суббірлігі 4 полипептидтік тізбектен турады, жалпы молекулалық салмағы  900 кДа.

Изображение слайда

Слайд 26

ІgA – шырышты секреттерінің, соның ішінде сілекей, уыз және сүттің иммуноглобулиннің негізгі түрі, қан сары суының иммуноглобулиндерінің жалпы мөлшерінің 15-20%. ІgA бір жердің иммунитеттің қамтамасыздандырады.

Изображение слайда

Слайд 27

ІgE – қан сары суындағы концентрациясы өте төмен, барлық адамдардың базофил және бағаналы жасушаларының сыртқы мембраналарында орналасады. ІgE қызметі көбінесе аллергия реакцияларымен, мысалы, бронх демікпесі мен сенная лихорадкамен (сендік қызбамен ) байланысты. ІgD – плазма иммуноглобулиндердің жалпы мөлшерінің 1%-ы ІgD. В-лимфоциттердің цитоплазмалық мембранасының сыртымен байланысқан түрінде кездеседі. ІgD-дің қызметі толық анықталмаған, болжам жасалған ІgD лимфоциттердің антиген тәуелді жіктелуіне қатысады.

Изображение слайда

Слайд 28: Антидене молекуласының құрылымы

Барлық иммуноглобулиндердің құрылымдық негізгі төрт полипептидтік тізбегінен құрылған молекула: 2 тізбегі L-тізбек, молекулалық салмағы  25 кДа, 2 тізбегі Н-тізбектер, молекулалық салмағы  50-77 кДа. Екі Н-тізбегі және Н-тізбек пен L-тізбек дисульфидтік байланыс арқылы байланысады. Н-тізбекте 4 молекулаішілік дисульфидтік байланыстары, L-тізбектің 2 молекулаішілік дисульфидтік байланыстары бар.

Изображение слайда

Слайд 29

L-тізбегінің екі түрі табылған - κ (каппа) және λ (лямда), H-тізбегінің бес түрі кездеседі: γ, α, μ, δ, ε. L-тізбегінің κ немесе λ түрі ІgG, ІgА, ІgМ, ІgD, ІgЕ кездеседі, H-тізбегінің белгілі бір түрі ғана иммуноглобулин бір кластың молекулаларының құрамына кіреді: ІgG - γ -тізбегі, ІgА - α -тізбегі, Іg М - μ -тізбегі, ІgD - δ -тізбегі, ІgЕ – ε -тізбегі.

Изображение слайда

Слайд 30

Антиденелер молекуласының пішіні Y-түрінде. 4 полипептидтік тізбектері нековаленттік байланыстар мен дисульфидтік (S-S) байланыстары арқылы байланысады. а ә б а ) Иммуноглобулин G (ІgG) –дің жалпы құрылымы; ә) VH доменнің құрылымы; б) VH мен VL байланысып антиген байланысатын қалтаны құру.

Изображение слайда

Слайд 31

А нтиденелердің L- мен Н-тізбектерінде N-соңында құбылмалы (V, вариабельді) бөліктері, басқа бөліктері константты (С) бөліктері. Вариабельді бөліктерінде антигенді байлайтын орталығы орналасады. Вариабельді бөлігінің 20-30 аминқышқылы қалдықтарынан құралған соңғы учаскісінің құрылымы ерекше, антигенмен тікелей байланысатын гипервариабельді бөлігі, бір антигенді ғана танып байланыстырады.

Изображение слайда

Слайд 32

Иммуноглобулин молекуласының Н-тізбектеріндегі ортасына жақын бір пептидтік байланысы папаин деген ферменттің әсерінен үзілгенде 3 бөлік түзіледі: 2 Fab-фрагмент және 1 Fс-фрагмент. Папаин әсерінен үзілетін пептидтік байланыс Папаин әсерінен үзілетін пептидтік байланыс Fab -фрагменттер F с-фрагмент

Изображение слайда

Слайд 33

Fab-фрагмент антидененің иммунологиялық ерекшелігіне жауапты. Әр Fab-фрагментте бір антигенді байлайтын орталығы орналасады. Ағзаға микроб түскенде оның антигендерімен антиденелер Fab-фрагменттер арқылы байланысады да микробты толық бүркейді. Fс-фрагмент антиген-антиденелер комплексінің сыртына қарап орналасады. Fс-фрагменттерден құрылған сыртқы қабықшасы микробтардың лейкоциттерімен сіңіруіне көмектеседі. Лейкоциттердің мембранасының сыртқы жағында Fс-фрагменттер үшін ерекше қабылдағыштар орналасады. Fс-фрагмент антигенмен байланыспайды, антиденелердің барлығында ұқсас.

Изображение слайда

Слайд 34: Антиденелердің қызметі

Иммуноглобулиндердің қызметті: - антигендерді байланыстыру, эффекторлық қызметі. Иммуноглобулиндердің негізгі қызметі - антигендерді байланыстыру. Ig -дің қорғаныш әсері антигендермен байланысқаннан кейін: - бактерия токсиндерін бейтараптандырады, - вирустардың жасушаның ішіне енуіне қарсы әрекет жасайды. Көбінесе бөтен заттың зиянды әсерін Ig екі қызметтің қосып атқарғанан кейін жойяды.

Изображение слайда

Слайд 35

Иммуноглобулиндердің эффекторлық қызметі : комплемент жүйені активтендіреді. Антигенмен байланысқаннан кейін ІgG және ІgМ комплемент жүйенің протеолитикалық реакцияларының каскадының басталуын стимулдейді. ІgА, ІgD және ІgЕ комплемент жүйені активтендірмейді. ІgG баланың жолдасы (плацента) арқылы өтіп кетуі. ІgG стафилококтардың А, G ақуызымен,ревиатоидты фактормен б. заттармен байланысады. Лимфоциттер, базофилдер, эозинофилдер, моноциттер, макрофагтар, нейтрофилдердің, табиғи киллер клеткалардың Fc-рецепторларымен байланысады да клеткаларға тәң эффекторлық механизмдерді ынталандырады (биогенн аминдерді шығару, антиделерге тәуелді цитоулылығы т.б.). иммунологиялық процестердің ретелуіне, иммуноглобулин молекуласының катаболизм процестеріне қатысады.

Изображение слайда

Слайд 36

Иммуноглобулин молекуласының әр қызметіне жауапты ерекше орталықтары бар, бір орталығы антигендерді байланыстырады, екінші ерекше орталығы эффекторлық қызметіне жауапты. Антигенді байланыстыратын орталығы Fab-фрагментінде орналасады. Эффекторлық қызметіне жауапты орталығы Fс-фрагментінде орналасады.

Изображение слайда

Слайд 37: Иммундық жауап

Ағзаға бөгде зат түскенде иммундық жүйе активтенеді де, иммундық жауап қалыптасады. Иммундық жауабының қалыптасу сатылары: - иммундық жүйе бөгде затты немесе жұқпалы аурудың қоздырғышын таниды. біртізбекті көптеген реакциялар жүзеге асады. Иммундық жауап қалыптасады : - цитотоксикалық Т-жасушаларының активтендіруі нәтіжесінде; - макрофагтарды активтендіру арқылы; антиденелердің синтезін ынталандару арқылы. Иммундық жауаптың барлық механизмдері Т-хелпер жасушаларымен және 1, 2- кластың МНС ақуыздарымен реттеледі.

Изображение слайда

Слайд 38

Иммундық жауаптың түрі: гуморалды иммундық жауап, негізгі клеткалар – В-лимфоциттер жасушалық (клеткалық) иммундық жауап, негізгі клеткалар – Т-лимфоциттер. Қалыптасатын иммундық жауаптың түрі бөтен заттың түрі мен оның әсеріне, ауру қоздырғыштың түріне және жұқпа орналасатын орнына байланысты. Жасушалық иммундық жауап: Вирустар, кейбір бактериялар мен паразит қарапайымдылар жасушаның ішіне енеді. Бактериялардың көбісі және аурудың үлкен қоздырғыштары жасушаның сыртында, ұлпаларда, ерітінділерде немесе ағзаның қуыстарында көбейеді. Иммундық жүйе жұқтырған жасушаны, зақымданған ұлпаны тауып, оны өлтіреді. Гуморалдық иммундық жауап: Бөтен қосылыс (ақуыз, полисахарид, т.б. заттар) ағзаға түскенде В-жасушалар активтенеді, олар антиденелерді көп мөлшерде түзеді де, қан құрамына шығарады. Антиденелер бөгде антигендермен байланысып, оларды бейтараптандырады,

Изображение слайда

Слайд 39

Гуморалды иммундық жауап - бірқатар жасушалалардың және әр түрлі қосылыстардың молекулаларының әрекеттесуі нәтижесінде денеге енген бөгде заттарға қарсы В-лимфоциттердің қатысуымен антиденелердің түзілуі. Ағзаға түскен бөтен затты бейтараптандыру үшін В-лимфоциттер антиденелерінің қорын жасау міндетті. Ағзаға сырттан енген бөгет бөлшектің, мысалы, бактерия клеткаларында, көптеген антигендер орналасады. Әр антигенге қарсы ерекше антидене түзіледі. Бір бактерия антиденелерінің бірнеше мың түрінің түзілуіне себеп болады. Бір В-лимфоцит бір антигенге қарсы антидененің түзілуіне маманданған. Антигенмен контактіден кейін антиденелері түзетін жасушалардың саны экспоненциалды өседі, нәтижесінде антиденелердің мөлшері экспоненциалды көбейеді.

Изображение слайда

Слайд 40

Гуморалды иммундық жауап келесі процестер арқылы қалыптасады: Ағзаға түскен антиген ерекше жасушалармен (макрофагтармен) ұсталады да, процессинг арқылы кішкентай фрагменттерге дейін ыдырайды. Өзгерген антигендер ерекше ақуыздармен, 2 кластың МНС-ақуыздарымен бірге макрофагтардың мембранасының сыртқы жағында орналасады. Антигенді жұтып алған макрофагтар  -интерферонды және 1-интерлейкинді синтездейді де ортаға шығарады.  -интерферон мен 1-интерлейкиндің әсерінен Т-хелпер клеткалар активтенеді. Макрофактардың сыртында орналасқан 2-кластың МНС ақуыздарымен байланысқан антигенді белсенді Т-хелпер жасушалары танып байланысады.

Изображение слайда

Слайд 41

Белсенді Т-хелпер жасушалар 2-интерлейкинді синтездейді де ортаға шығарады, В-лимфоциттер активтенеді. Белсенді В-лимфоциттер жетіледі де пролиферацияланады. В-лимфоциттердің ұрпақтары плазмалық жасушаларына дейін дамиды. Кейбір В-лимфоциттердің ұрпақтары есте сақтау жасушаларына айналады. Плазмалық жасушалардың негізгі қызметі - антиденелерді түзу. Плазмалық жасушалар бірнеше ғана күн өмір сүреді. Осы күннің ішінде өте көп иммуноглобулиндердің молекулаларын синтездейді.

Изображение слайда

Слайд 42: Гуморалды иммундық жауап

Изображение слайда

Слайд 43

- Плазмалық жасушалар қатысуымен түзілген антиденелер антигенді байлайды, антиген-антидене комплекс түзіледі. Антиген-антидене комплексті иммундық жүйенің басқа компоненттері таниды да ыдыратып жібереді. Антиденелер антигенмен байланысқан кезде: токсиндер бейтараптанады, тұнбаға шөгу арқылы немесе басқа жолмен; антиген бөтен жасушаның сыртында орналасқан болса, онда антигеннің антиденелермен байланысуы ерекше реакцияларға себеп болады. Бұл реакцияларға қан сары суының комплемент жүйесінің ақуыздары қатысады. Комплемент жүйе ақуыздарының әсерінен нысана-жасуша мембранасында саңылау түзіледі де клетканың ішіндегісі ағып кетеді. Осы реакциялардың нәтижесінде жасуша өлімге ұшырайды.

Изображение слайда

Слайд 44

Гуморалдық иммундық жауап 4 кезеңінен құрылады. Бірінші кезеңі – антиген ағзаға енгеннен кейін иммундық жауап қалыптасады, қан сары суында антиденелер жоқ. Екінші кезеңі - антиденелердің мөлшері экспоненциалды өседі. Бұл екі фаза лаг фаза деп аталады. Үшінші кезеңі (плато фаза) - антиденелердің титрі (мөлшері) максималды деңгейіде ұсталады. Төртінші кезеңі (иммундық жауаптың сөндіру фазасы) - антиденелердің мөлшері төмендейді, яғни иммундық жауап жойылады

Изображение слайда

Слайд 45

Ағзаның біріншілік және екіншілік гуморалдық иммундық жауабы болады. Біріншілік және екіншілік гуморалдық иммундық жауаптың айырмашлығы: екінші иммундық жауаптың лаг фазасы қысқарған, ал антиденелердің мөлшері тұрақты және ақырғы сөндіру фазалары ұзарған; антиденелердің титрі екінші жауаптың плато фазасында, бірінші жауаппен салыстырғанда, 10 есе жоғары; бірінші иммундық жауапта, көбінесе IgM түзіледі, ал екінші жауапта көбінесе IgG түзіледі, IgM-нің мөлшері өте төмен; екінші иммундық жауапта антиденелердің аффиндік деңгейі жоғары. Ағзада екінші гуморалды иммундық жауаптың қалыптасу қабілеттілігі иммундық жүйенің «иммунологиялық есте сақтауына» байланысты. Бұл иммундық жүйенің қасиетіне вакциналардың әсері негізделеді.

Изображение слайда

Т-жасушалық иммундық жауаптың қалыптасуы. Ағзаға түскен бөтен зат антигенді ұсынатын жасушаларымен, мысалы, макрофагтарымен, жұтылады да ыдырайды. Өзгерген антигендерді Т-хелпер жасушаларға ұсынады. Т-хелпер жасушалар 2 кластың МНС ақуыздармен ассоциацияланған өзгерген антигендерді таниды да, ерекше қабылдағыштары арқылы байланысып активтенеді. Белсенді Т-хелпер 2-интерлейкинді синтездеп, ортаға секреттейді. 2-интерлейкин цитотоксикалық Т-жасушаларының активтенуі мен клондануын қамтамасыздандырады. Цитотоксикалық Т-жасушалар вируспен жұқтырылған жасушаларды таниды да жояды, өлімге ұшыратады.

Изображение слайда

Слайд 47

Вирустық жұқпа пайда болғанда 1-кластың МНС ақуыздары экзогенді-антигенді цитотоксикалық Т-жасушаларға ұсынады. Цитотоксикалық Т-жасушалар вируспен жұқтырылған жасушаларға 1-кластың МНС ақуыздарымен ассоциацияланған антигеннің қатысуымен байланысады. Кейбір вирустар, мысалы, герпес вирусы, Т-киллер жасушалардың әсерінен өздерін қорғау үшін жасушаның сыртына 1-кластын МНС ақуыздарының экпрессиясын тежейді. МНС ақуыздардың синтезін немесе экспрессиясын тежейтін вирустарды жою үшін ағза НК клеткаларын пайдаланады. иммундық қорғаныш жүйенің табиғи киллер клеткаларын

Изображение слайда

Слайд 48: Клеткалық иммундық жауап

Иммундық жүйенің Т-киллер, НК-клеткалар вируспен жұқтырылған жасушаларды тауып алады да өлтіреді. Қалыпты жасушалар Т-киллердің әсеріне түспейді, өлімге ұшырамайды.

Изображение слайда

Слайд 49

Цитотоксикалық Т-лимфоциттер мен НK-жасушалардың жұқтырылған жасушаларды өлтіретін әсерінің бір механизмі бойынша вируспен жұқтырылған жасуша Т-киллер және НK-клеткалардың грануланың әсеріне түседі. Грануламен ассоциацияланған перфорин (ақуыз) және гранзим ( фермент) процеске қатысады.

Изображение слайда

Слайд 50

Гранзимдер - цистеиналық протеазалар, полипептидтік тізбегінде аспарагин қышқылы қатысуымен түзілген пептидтік байланыстарды ыдыратады және каспазаларды (ядерлік протеиназаларды) активтендіреді. Каспазалар ядерлік ДНҚ-азаны активтендіреді де, апоптоздың басталуына себеп болады. Перфорин – мономерлі ақуыз, молекулалық салмағы  70 кДа, жасушаға әсер еткенде мембраналарда саңылаулар түзілуін қамтамасыздандырады.

Изображение слайда

Слайд 51

Т-киллер лимфоциттер перфорин молекуласын ортаға бөліп шығарады. Вируспен жұқтырылған жасуша мембранасының құрылымына перфорин енеді де, Са 2+ -иондарының қатысуымен полимерленеді, Перфорин полимерлері нысана-жасушаның сыртқы мембранасының құрамында трансмембраналық каналдар түзеді. Нәтижесінде осмотикалық шок, жасушаның ішіндегі құрылымдарының шығып кетуі іске асады да, жасуша өлімге ұшырайды, сонымен бірге енген вирус өледі.

Изображение слайда

Слайд 52

Перфорин молекулаларының полимерленуі мембранаға енгеннен кейін жүзеге асуы керек. Полимерлеу реакция ерітіндіде іске асса, перфорин полимері мембрананың ішіне енбейді де, вируспен жұқтырылған жасуша өлімге ұшырамайды.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Иммундық жүйе

Изображение слайда

Похожие презентации