Слайд 2: ЖОСПАР
1.Білім беру философиясы 2.Ғылым философиясы 3.Техника философиясы 4.Т ехнология
Слайд 4: Білім беру философиясы
Білім беру философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелер талқыланады. Білім беру философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуының себептері : 1)білім беру технологияларының өзгеруі ; 2) білім көлемінің өсуі; 3) қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі.
Слайд 5: Б ілім беру – адам мен қоғам үшін құндылық
Сократ: «б ірден-бір ізгіліік - білім, б ірден-бір зұлымдық - надандық» Ф. Бэкон: « Білім – күш »
Джон Дьюи өзінің «Мектеп және қоғам» (1899), «Болашақ мектептері» (1915), «Демократия және білім беру» ( 1916) атты енбектерінде прагматизмге, әсіресе, оның инструментализм деген тармағына сүйеніп, білім беру философиясының негізін қалаған. Дж. Дьюи бихевиоризм психологиясына сәйкес интеллектті қоршаған ортаға бейімделудің және аман қалудың басты құралы, ол біздің қажеттіліктерімізге сәйкес шындықты өзгертуге бағытталған деп сипаттайды. Дж. Дьюидің білім беру философиясының түйінді ұғымдары: коммуникация, ғылыми ойлау, тәжірибе. Дж. Дьюи пікірінше, білім беру – қоғамды демократияландырудың басты құралы. Сондықтан мектеп баланың ойлау қабілетін дамыту үшін, оны еңбекке үйретуі тиіс. Дьюи тарих, география, физика т.б. ғылыми мәліметтерді хабарлайтын оқу пәндерді шеберлікке дағдыны дамытатын іс тігу, ағаш бұйымдарды жасау ісі, слесарь ісі, кулинария сияқты тәжірибелік оқу сабақтардың айналасында топтастыруды ұсынды. Мысалы, кулинария сабағында қолданған технологиялық процестердің және азық-түліктердің физикалық, химиялық, биологиялық т.б. қасиеттерімен оқушыларды таныстырып өту керек. Джон Дьюи (1859—1952), ағылшын-американдық философ, прагматизмнің өкілі, білім философиясының негізін қалаушы
Білім беру философиясының объектісі – бұл мәдениетті трансляциялаудың және адамды әлеуметтендірудің біртұтас жүйесі ретіндегі білім берудің өзі. Білім беру философиясының п әні – бұл білім берудің мәні, негіздері және қызмет етуінің детерминанттары ( себептер і )
Слайд 8: Білім беру философиясының мәселелері және зерттеу бағыттары
Білім беру философиясының мәселелері: - білім берудің детерминанттары ( себептері ) - білім берудің қозғаушы күші және білім беру мазмұнының көзі - білім беру жүйесінде мұғалім мен оқушының рөлі - білім берудің генезисі - білім беру жүйесіндегі әрекет (оқыту, тәрбие беру, технологиялары Білім беру философиясының бағыттары: білім берудің онтологиясы білім беру логикасы білім беру аксиологиясы білім беру этикасы білім беру әдіснамасы білім беру идеологиясы
Слайд 9: Білім беру философиясының екі негізгі проблемалары
1) адам өміріндегі білім берудің алатын орны мен рөлі 2) қоғам өміріндегі білім берудің алатын орны мен рөлі
Слайд 10: Қазіргі қоғамда « б ілімді адам » моделі
1) функционалдық және шығармашы-лық білімді қолдану; 2) сыни тұрғыдан ойлау; 3) зерттеу жұмыстарын жүргізу; 4) ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану; 5) коммуникацияның әр түрлі тәсілдерін қолдану, соның ішінде тілдік дағдылар; 6) жеке және топта жұмыс істеу қабілеті Қазіргі білімді адам - әлемді игеріп, ондағы өзінің орнын таба алатын, заман сұранысына сай өзегін өзгерте алатын, іскер адам. Яғни білімді тек білдіру үшін ғана емес, соған сүйеніп, тез жол табуға икемді, ішкі қуаты мобильді, білікті тұлға пісіп-жетілуіне бағыттау қажет.
Слайд 11: Ғылым
Ғылым ( араб. — білім, тану ; лат. scientia — білім ) : 1) жаңа білімге жеткізетін әрекет; 2) ғылыми зерттеу арқылы ашылған білім; 3) білімді өндірумен айналысатын әлеуметтік институт Ғылымның негізгі міндеттері – өзі тауып ашқан заңдардың негізінде дүниенің құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау
Слайд 12: Ғылыми әрекеттің белгілері
- ғылыми зерттеу әдістерін жасап шығару және пайдалану, - арнайы жабдықтарды (приборларды, инструменттерді, лабораторияларды және т. б.) пайдалану - кең көлемдегі ақпаратты (кітапхананы, мәліметтер базасын т.б.) игеріп алу және өндіру.
Слайд 13: Ғылымдардың бөлінуі
- жаратылыстану ғылымдары - әлеуметтік ғылымдар - гуманитарлық ғылымдар -техникалық ғылымдар
Слайд 14: Аристотель іліміндегі ғ ылымдар классификациясы
Аристотель ғылымдарды үш топқа бөлді: 1) теориялы қ ғылымдар (философия, физика, математика). 2) практикалық ғылымдар (саясат, этика, экономика). 3) шығармашылық ғылымдар (риторика және поэтика). Аристотель (б.д.д 384-322жж.)
Слайд 15: Ә л-Фараби іліміндегі ғ ылымдар классификациясы
I. Тіл ғылымы II. Логика ғылымы III. Ақылмен танылатын ғылымдар (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, салмақты өлшеу туралы ғылым, механика IV. Жаратылыстану ( физиканың 8 бөлімдері - прогностика, медицина, нигромантия, бейнелер туралы ғылым, агрикультура, навигация, алхимия, оптика) және метафизиканың 3 бөлімі – заттардың бар болу принцип- тері туралы; нақты теориялық ғылымдардың бастаулары мен қағидаттары туралы; денеден тыс тіршілік ететін тәнсіз денелер туралы V. Азаматтық басқару ғылымы (юриспруденция және қалам) Абу Насыр ибн Мухаммед әл -Фараби (870-950) « Ғылымдар энциклопедиясы »
Слайд 16: Ғылым философиясы
Ғылым философиясы - ғылыми-танымдық қызметінің қасиеттерін зерттейтін философиялық п ə н, сонымен катар, ғылым феноменіне қатысты философиялық ілімдердің жартысын қамтиды. Өзгеше философиялық п ə н ретінде ғылым философиясы ХІХ ғ. бастап қалыптасты, философияның қосымша ілімі ретінде одан ə рі дамыған.